Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қазанда № 12134 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-274/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 693 бұйрығымен
бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2020 № ҚР ДСМ-27/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 176-бабының 3-тармағына, 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) маман - медициналық бiлiмi бар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде білім алған жеке тұлға;

      2) мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;

      3) маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – жеке тұлға біліктілігінің клиникалық мамандыққа және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған белгіленген үлгідегі құжат;

      4) үміткер - осы Қағидаларға сәйкес маман сертификатын алуға үміткер маман.

2-тарау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

      3. Үміткерлерден өтініштерді қабылдау www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – қызмет беруші) жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған үміткерлер олардың білімі және (немесе) біліктілігі "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес танылғаннан кейін сертификаттауға жіберіледі.

      Клиникалық практиканы жүзеге асыратын жоғары, орта және орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар үміткерлер үшін сертификаттау кезінде соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша жалпы 108 сағат көлемінде біліктілікті жоғарылатудан өту қажет.

      4. Сертификат алу үшiн үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      3) 2015 жылға дейін оқуды бітірген үміткерлер үшін жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімі туралы диплом;

      4) мәлімдеген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (олар болған жағдайда);

      5) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық алған үміткердің білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжат;

      6) мәлімдеген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса);

      7) мәлімдеген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы куәліктің электрондық көшірмесі (сертификат алуға өтініш берген сәтте 5 жылдан кешіктірмей оқуды аяқтаған интернатура, резидентура, орта оқу орнының түлектерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады).

      Үміткерлер сертификат алуға құжаттарды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тізбе бойынша қолда бар сертификаттың қолданыс мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын тапсырады.

      Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) медицина және фармацевтика мамандықтарының Номенклатураның (бұдан әрі - Номенклатура) 1-тарауында көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшін интернатурада және (немесе) клиникалық ординатурада, резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін интернатураны, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.

      Үміткерлер Номенклатураның 3 және 4-тарауларында көрсетілген мамандықтар бойынша сертификаттарды алу үшін орта (техникалық және кәсіптік), ортадан кейінгі медициналық білімді және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды (мамандануды) не "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Стоматология", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімді, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.

      Мамандығы бойынша еңбек қызметінде 5 жылдан артық үзілісі бар мамандар сертификатты алу үшін жалпы 216 сағат кем емес көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті жоғарылатудан өтеді.

      1998 жылдан кейін "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша және 2006 жылдан кейін "Шығыс медицинасы" және "Стоматология" мамандықтары бойынша медициналық жоғарғы оқу орнын бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 5-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру туралы құжатты ұсынуы болып табылады.

      "Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын 2014 жылға дейін аяқтаған, "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) Номенклатурада көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар интернатура, клиникалық ординатура немесе резидентура мамандығы мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеген кезде Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларына (бұдан әрі – Біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары) сәйкес оқу сағатының ұзақтығын көрсете отырып, мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ұсынады.

      Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдарға осы мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.

      Жоғары медициналық білім беру ұйымдарында оқуды 2013 жылдан кейін бітірген, "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжат ұсыну болып табылады.

      Орта медициналық білім беру ұйымдарын бітірген және атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар сертификат алу үшін мындай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжат;

      "Емдеу ісі" мамандығы бойынша "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжат;

      "Акушериялық іс" мамандығы бойынша "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы дипломды, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Акушериялық іс" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжат;

      2) 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар "Зертханалық диагностика", "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы дипломды, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады.

      "Гигиена және эпидемиология", "Стоматология" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі, "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-лаборант", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар, медициналық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдар құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша сертификаттауға жіберіледі.

      Үміткерлер осы тармақта көрсетілген құжаттарды электрондық көшірмелер түрінде береді .

      Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма данасы қосымша ұсынылады.

      Үміткер барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті "жеке кабинетінде" тапсырған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      5. Қызмет беруші келесі мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады:

      - 2015 жылдан кейін жоғары медициналық білімін бітірген үміткерлердің білімі туралы;

      - 2015 жылдан кейін орта (техникалық және кәсіптік), орта білім бітірген үміткерлердің білімі туралы;

      - білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғаны немесе некеге отырғаны туралы немесе некені бұзу туралы;

      - мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      7. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген), уәкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлықты бағалауды және мамандар біліктілігіне сәйкестікті растауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін кәсіптік даярлықты бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау негізінде жүргізіледі.

      8. Біліктілік санаты берілмейтін және берілетін сертификаттар, сондай-ақ мамандарға 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген мерзімсіз сертификаттар клиникалық практикаға жіберуге арналған сертификатқа теңестіріледі және онда көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданыста болады.

      9. Тиісті мамандық бойынша сертификат осы құжаттарды ұсынған кезде және осы Қағидалардың 4- тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде беріледі.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Сертификат беру туралы шешім осы Қағидалардың 4- тармағында көзделген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады және осы Қағидаларға 4- қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      11. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында қызмет берушінің басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн сертификаттың қолданыс мерзімі тоқтатылады.

      Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесі үміткерінің "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      12. Сертификатты беруден бас тартуға:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үміткердің ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) үміткердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) үміткерге қатысты мәлімделген мамандығы бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі болса;

      4) үміткерге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса негіз болып табылады.

      13. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің, денсаулық сақтау саласындағы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі уәкілетті органдары басшысының атына шағым беріледі.

      Шағымдарды қарау мерзімдері тіркелген күннен бастап:

      1) қызметті берушімен – 5 (бес) жұмыс күн ішінде;

      2) денсаулық сақтау саласындағы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі уәкілетті органмен- 15 (он бес) жұмыс күн ішінде.

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды сертификаттауды
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  нысаны

      Басшыға ________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ___________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты( бар болса), ЖСН)

      Жері_____________________

Өтініш

      Медициналық қызметті жүзеге асыру үшін маман сертификатын беруіңізді сұраймын. мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберу

      _________________________________________________________________________.

                              (мамандық атауы)

      Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауап беремін.

      Үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін. мемлекеттік қызметтер.

      ____________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      ____________________________

      (Толтыру күні)

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды сертификаттауды
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Мәліметтер нысаны

      1. Кәсіби даярлығын бағалау нәтижесі мамандар үшін мамандардың біліктілік сәйкестігін растау медициналық білімі бар, клиникалық практикамен айналысатын, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарды қоспағанда (бағалау нәтижесінің электрондық көшірмесі қоса беріледі).

      1.1. Мәлімделген мамандықтың атауы_____________________

      1.2. Бағалау қорытындысын берген Орган__________________________

      1.3. Бағалау қорытындысын алған күні, айы, жылы_____________

      2. Медициналық білім_____________________________________

      2.1. Білім (орта медициналық білім, ортадан кейінгі Медициналық Білім, Жоғары медициналық білім) (дипломның сканерленген көшірмесі))

      2.2. Диплом нөмірі_____________________________________________

      2.3. Диплом сериясы_____________________________________________

      2.4. Білім беру ұйымының толық атауы_______________

      2.5. Оқу елі___________________________________________

      2.6. Түскен жылы___________________________________________

      2.7. Аяқталу жылы_____________________________________________

      2.8. Диплом бойынша мамандығы__________________________________

      2.9. Диплом бойынша біліктілігі___________________________________

      2.10. Дипломды нострификациялау және тану Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім) (нострификациялау туралы құжаттың сканерленген көшірмесі))

      Оқу елі________________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы____________________

      Нострификациялау туралы куәлікті берген Орган___________________

      Нострификациялау бұйрығының нөмірі____________________________________

      Нострификацияның тіркеу нөмірі____________________________

      Нострификациялау куәлігінің берілген күні________________________

      3. Интернатура, клиникалық өтініш берілген мамандық бойынша ординатуралар, резидентура (мамандар үшін) (құжаттың сканерленген көшірмесі))

      3.1. Интернатура мамандығы_________________________________

      3.2. Түскен жылы___________________________________________

      3.3. Аяқталу жылы_____________________________________________

      3.4. Оқу ұзақтығы________________________________

      3.5. Оқу көлемі сағат____________________________________

      3.6. Ұйымның толық атауы___________________________

      3.7. Интернатураның өту орны_____________________________

      3.8. Клиникалық ординатура мамандығы______________________

      3.9. Түскен жылы___________________________________________

      3.10. Аяқталу жылы____________________________________________

      3.11. Оқу ұзақтығы_______________________________

      3.12. Оқу көлемі сағат___________________________________

      3.13. Ұйымның толық атауы__________________________

      3.14. Резидентураның өту орны____________________________

      3.15. Резидентура мамандығы________________________________

      3.16. Түскен жылы__________________________________________

      3.17. Аяқталу жылы____________________________________________

      3.18. Оқу ұзақтығы_______________________________

      3.19. Оқу көлемі сағат___________________________________

      3.20. Ұйымның толық атауы__________________________

      3.21. Өту орны________________________________________

      4. Бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік туралы мәліметтер (құжаттың сканерленген көшірмесі))

      4.1. Қайта даярлау бойынша куәліктің нөмірі_____________________

      4.2. Қайта даярлау мамандығы______________________________

      4.3. Оқыту ұйымының атауы____________________________

      4.4. Оқу көлемі сағат____________________________________

      4.5. Оқудың басталуы___________________________________________

      4.6. Оқытудың аяқталуы________________________________________

      5. Қолданыстағы куәліктің (сертификаттың) мәліметтері өтініш берілген мамандық бойынша Санат бере отырып болуы)

      5.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі______________________________________

      5.2. НИКАД нөмірі / тіркеу нөмірі_________________________

      5.3. Берген Орган____________________________________________

      5.4. Куәліктің (сертификаттың) қолданылу мерзімі)_________________

      5.5. Мамандығы_____________________________________________

      5.6. Біліктілік санаты________________________________

      6. Рұқсат беру үшін қолданыстағы маман сертификатының мәліметтері мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практика)

      6.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі______________________________________

      6.2. НИКАД нөмірі / тіркеу нөмірі_________________________

      6.3. Берген Орган____________________________________________

      6.4. Сертификаттың қолданылу мерзімі_________________________________

      6.5. Мамандығы_____________________________________________

      7. Осы жұмыс орны туралы мәліметтер___________________________

      7.1. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн)____

      7.2. Жалпы медициналық өтілі (жыл, ай, күн)_______________

      7.3. Қазіргі уақытта жұмыс орны____________________________

      7.4. Лауазымы______________________________________

      7.5. Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі

Қабылдау күні

жұмыстан босатылған күні

жұмыс орны

атқаратын қызметі

бұйрықтың №

бұйрық шығарылған күні













      8. Бойынша соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру мамандықтар:

      1) біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер;

      мәлімделген мамандық_____________________________________________

      2) біліктілігін арттыру туралы куәліктің нөмірі________________

      3) цикл атауы__________________________________________

      4) оқытушы ұйымның атауы______________________________

      5) оқудың басталуы_____________________________________________

      6) оқуды аяқтау__________________________________________

      7) оқу көлемі сағат______________________________________

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды сертификаттауды
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

"Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Төлеу көлемі

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) қызмет беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш;
2) мәліметтер нысаны;
3) 2015 жылға дейін оқуды бітірген үміткерлер үшін жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімі туралы диплом;
4) мәлімдеген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (олар болған жағдайда);
5) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық алған үміткердің білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжат;
6) мәлімдеген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса);
7) мәлімдеген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы куәліктің электрондық көшірмесі (сертификат алуға өтініш берген сәтте 5 жылдан кешіктірмей оқуды аяқтаған интернатура, резидентура, орта оқу орнының түлектерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады).
Үміткерлер сертификат алуға құжаттарды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тізбе бойынша қолда бар сертификаттың қолданыс мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын тапсырады.
Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика мамандықтарының Номенклатураның (бұдан әрі - Номенклатура) 1-тарауында көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшін интернатурада және (немесе) клиникалық ординатурада, резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін интернатураны, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.
Үміткерлер Номенклатураның 3 және 4-тарауларында көрсетілген мамандықтар бойынша сертификаттарды алу үшін орта (техникалық және кәсіптік), ортадан кейінгі медициналық білімді және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды (мамандануды) не "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Стоматология", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімді, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.
Мамандығы бойынша еңбек қызметінде 5 жылдан артық үзілісі бар мамандар сертификатты алу үшін жалпы 216 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті жоғарылатудан өтеді.
1998 жылдан кейін "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша және 2006 жылдан кейін "Шығыс медицинасы" және "Стоматология" мамандықтары бойынша медициналық жоғарғы оқу орнын бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 5-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру туралы құжатты ұсынуы болып табылады.
"Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын 2014 жылға дейін аяқтаған, "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) Номенклатурада көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар интернатура, клиникалық ординатура немесе резидентура мамандығы мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеген кезде Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларына (бұдан әрі – Біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары) сәйкес оқу сағатының ұзақтығын көрсете отырып, мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ұсынады.
Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдарға осы мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
Жоғары медициналық білім беру ұйымдарында оқуды 2013 жылдан кейін бітірген, "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжат ұсыну болып табылады.
Орта медициналық білім беру ұйымдарын бітірген және атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар сертификат алу үшін:
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"Мейірбике ісі" мамандығы бойынша "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
"Емдеу ісі" мамандығы бойынша "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
"Акушериялық іс" мамандығы бойынша "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы дипломды, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Акушериялық іс" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
2) 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар "Зертханалық диагностика", "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы дипломды, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады.
"Гигиена және эпидемиология", "Стоматология" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі, "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-лаборант", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар, медициналық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдар құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша сертификаттауға жіберіледі.
Үміткерлер осы тармақта көрсетілген құжаттарды электрондық көшірмелер түрінде береді.
Шет тілінде берілген құжатқа мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма данасы қосымша ұсынылады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үміткердің ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) үміткердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) үміткерге қатысты мәлімделген мамандығы бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
4) үміткерге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Үміткердің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның www.gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8- 800- 080-7777.

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды сертификаттауды
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Маман сертификаты

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      шын мәнінде осы маман сертификатын алды

      медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық

      мамандығы бойынша практика (пациенттермен жұмыс)

      __________________________________________________________________.

                  (номенклатура бойынша мамандық)

      Шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының бұйрығы

      беру "____" ___________ 20 ____ Қазақстан Республикасы ________

      Сертификат дейін жарамды"____" ___________ 20____ жыл

      Тіркеу № ____

      Берілген күні "____" ___________ 20 ___ жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрiнiң
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 693 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5884 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы № 1 жарияланған).

      2. "Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 457 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7844 болып тiркелген, "Егемен Қазақстан" газеті 2012 жылғы 24 қазандағы № 696-701 (27773), "Заң газеті" 2012 жылғы 23 қарашадағы № 178 (2186) басылымдарында және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2012 жылғы 19 қазанда № 18 жарияланған).

      3. "Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 381 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9631 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 тамызда, "Егемен Қазақстан" 14.08.2014 ж. № 157 (28381) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады