Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 27.04.2023 № 135 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы автокөлік құралдарымен;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 8 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына 1-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Арнайы автокөлік құралының атауы* | Арнайы автокөлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы автокөлік құралының пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер | Арнайы автокөлік құралының саны |
Арнайы автокөлік құралы | Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар | |
Алматы қаласы бойынша Экология департаменті | 3 | ||
Алматы облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Атырау облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Павлодар облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Қостанай облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Астана қаласы бойынша Экология департаменті | 3 | ||
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті | 4 | ||
Ақмола облысы бойынша Экология департаменті | 4 |
Ескертпе: * арнайы автокөлік құралы - жеңіл автомобиль базасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыру үшін арналған көлік құралы.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына 2-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Арнайы су көлік құралының атауы* | Арнайы су көлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы су көлік құралының пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер | Арнайы су көлігінiң саны | |
Теңiз | Өзен | |||
Арнайы су көлік құралы | Каспий теңізі бассейнінде, Ертіс өзенінде және трансшекаралық өзендерде қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы су көлігінде бақылауды жүзеге асыру (судың, түп шөгінділерінің және атмосфералық ауаның ластануын талдамалық бақылау) | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар | ||
Атырау облысы бойынша Экология департаменті | 1 | 1 | ||
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті | 1 |
Ескертпе: * арнайы су көлік құралы - ішкі су жолдарда және өзге су қоймаларда бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме.