"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 409 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 16105 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 27.04.2023 № 135 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12138 болып тіркелген, 2015 жылы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы автокөлік құралдарымен;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 28 қараша

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 409 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Арнайы автокөлік құралының атауы*

Арнайы автокөлік құралының функционалдық мақсаты

Арнайы автокөлік құралының пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер

Арнайы автокөлік құралының саны

Арнайы автокөлік құралы

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар


Алматы қаласы бойынша Экология департаменті

3

Алматы облысы бойынша Экология департаменті

4

Атырау облысы бойынша Экология департаменті

4

Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті

4

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті

4

Павлодар облысы бойынша Экология департаменті

4

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті

4

Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті

4

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті

4

Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті

4

Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті

4

Қостанай облысы бойынша Экология департаменті

4

Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті

4

Астана қаласы бойынша Экология департаменті

3

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті

4

Ақмола облысы бойынша Экология департаменті

4

      Ескертпе: * арнайы автокөлік құралы - жеңіл автомобиль базасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыру үшін арналған көлік құралы.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 409 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Арнайы су көлік құралының атауы*

Арнайы су көлік құралының функционалдық мақсаты

Арнайы су көлік құралының пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер

Арнайы су көлігінiң саны

Теңiз

Өзен

Арнайы су көлік құралы

Каспий теңізі бассейнінде, Ертіс өзенінде және трансшекаралық өзендерде қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы су көлігінде бақылауды жүзеге асыру (судың, түп шөгінділерінің және атмосфералық ауаның ластануын талдамалық бақылау)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар





Атырау облысы бойынша Экология департаменті

1

1



Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті


1

      Ескертпе: * арнайы су көлік құралы - ішкі су жолдарда және өзге су қоймаларда бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады