"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қазанда № 12139 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.01.2023 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы

      9-бабының 1-тармағына сәйкес, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12000 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 13 қыркүйектегі № 172 (28650) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережесінде 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Магистратурада, докторантурада оқуға мамандық және шет тілі бойынша түсу емтихандарының сомасы бойынша 150-ден кем емес балл (әр пәннен осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша) жинаған үміткерлер қабылданады.".

      2. Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұ.С. Байжанов осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады