"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысын іске асыру мақсатында және жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы комиссия отырысының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2015-2016 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М.Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Экономика және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) жоғары оқу орындарын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған дайындық бөлімдері тыңдаушыларының контингентіне сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі А.Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 558 бұйрығына
қосымша
2015-2016 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Жоғары оқу орнының атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын) |
---|---|---|
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар |
||
1 |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
100 |
2 |
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік |
100 |
3 |
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан |
80 |
4 |
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік |
100 |
5 |
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік |
100 |
6 |
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік |
100 |
7 |
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік |
100 |
8 |
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік |
150 |
9 |
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік |
50 |
10 |
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан |
100 |
11 |
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік |
100 |
12 |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан |
100 |
13 |
Х.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік |
100 |
14 |
О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті |
80 |
15 |
"Сырдария" университеті |
40 |
Барлығы |
1400 |
|
Шетел азаматтары |
||
Ауған Ислам Республикасының азаматтары |
||
1 |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
50 |
Қытай Халық Республикасының азаматтары |
||
2 |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
50 |
Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары |
||
3 |
Х.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік |
200 |
Тәжікстан Республикасының азаматтары |
||
4 |
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық |
100 |
Барлығы |
400 |