"Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 131 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 559 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 қазанда № 12164 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 шiлдедегі № 250 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.07.2021 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10025 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 12 ақпандағы 2015 жылы № 28 жарияланған (28506)) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      көрсетілген Қағидалардың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 9 қыркүйек


Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
7 қыркүйектегі 2015 жылғы
№ 559 бұйрығына қосымша


Каспий теңізінің қазақстандық
секторында мұнай операцияларын жүргізу
кезінде фондық экологиялық зерттеулерді
ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына қосымша

Фондық экологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде анықталатын қоршаған ортаның компоненттері мен көрсеткіштерінің тізбесі

      1) метеорологиялық байқаулар.

      Желдің бағыты мен жылдамдығына, ауа температурасына, ауа райының жай-күйіне (бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) байқау жүргізіледі.

      Байқау кезеңділігі: ауа сынамаларын алу уақытында;

      2) атмосфералық ауа.

      Күкірт қос тотығына, азоттың тотығына және қос тотығына, көміртегі тотығына, көмірсутегілерге, күкіртті сутегіне байқау жүргізіледі.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      3) теңіз сулары.

      Гидрологиялық және гидрофизикалық параметрлер: су температурасы, тұздылығы, электр өткізгіштігі, мөлдірлігі, тереңдігі, лайлылығы, толқынның биіктігі мен бағыты, теңіз ағыстарының жылдамдығы және басқа да байқаулар (су бетінің шаңдануы, әсіресе теңіз жұмыстары кезінде; жоғары лайлылық, көбіктің, өлі организмдердің (өсімдіктердің/балықтардың) болуы;

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      Гидрохимиялық параметрлер: сутегі көрсеткіші, еріген оттегі, оттегіні биохимиялық тұтыну, оттегіні химиялық тұтыну, аммоний азоты, жалпы азот, жалпы фосфор.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      Теңіз суының сапасы: көмірсутегінің жалпы шоғырлануы, полиаромат көмірсутегілер, синтетикалық беткі белсенді заттар (анионды беткі белсенді заттар), фенолдар, ауыр металдар (Al, As, Ba, Cd, Cr, Cu, Fe, Hg, Ni, Pb, V, Zn).

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      4) су түбі шөгінділері.

      Гранулометрлік құрамы, тотықтырғыш - қалпына келтіргіш әлеует, бір және төрт сантиметр тереңдіктегі су түбі шөгінділерінің температурасы, органикалық көміртегінің құрамы, ауыр металдар (Al, As, Ba, Cd, Cr, Cu, Fe, Hg, Ni, Pb, V, Zn), фенолдар, көмірсутегінің жалпы шоғырлануы, полиаромат көмірсутегілер енгізіледі.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      Микробиологиялық байқаулар: микрооганизмдердің жалпы саны, сопрофиттердің, актиномицеттер мен саңырауқұлақтардың жалпы саны, микроорганизмдер биомассасы, мұнайды тотықтыратын микроорганизмдер.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      5) бентос.

      Организмдердің жалпы саны, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), жалпы биомассасы, түрлердің саны және биомассасы (зообентостың сандық басым түрлерінің құрамы) бойынша үстем негізгі топтар мен түрлердің саны.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      6) фитопланктон.

      Фитопланктон жасушаларының жалпы саны, жалпы биомассасы, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), сапробтық деңгейі.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      7) зоопланктон

      Организмдердің жалпы саны, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), жалпы биомассасы, сапробтық деңгейі, негізгі топтардың саны және түрлері, негізгі топтар және түрлер биомассасы.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      8) су өсімдіктері.

      Қоғамдастықтардың флористикалық құрамы, қоғамдастықтардағы түрлердің таралу пайызы, су түбі шөгінділерін өсімдіктермен проекциялық жамылғысы пайызбен, өсімдіктердің құрылымы (тігінен, көлденеңінен), өсімдіктердің өзгеру дәрежесі.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      9) ихтиофауна.

      Ихтиологиялық зерттеулер бойынша балық аулары қондырғылары қойылған ФЭЗ сынама алу нүктелерінің саны ФЭЗ сынама алу нүктелерінің жалпы санының отыз пайызынан кем емес, ал тралдыққондырғылары кемінде елу пайыз болуы қажет.

      Барлық балықтардың түрлеріне: ауланатын балық түрлері, аулау жабдықтарымен және ауланатын балықтардың түрлі құрамы, балықтардың сирек түрлерінің болуы, өлшемдік құрылымы енгізіледі.

      Балықтардың кәсіпшілік түрлері (жергілікті ихтиологиялық қоғамдастықтардың көптеген, тұрақты өкілдері) балықтардың жеке биологиялық сипаттамасы (Q-дененің жалпы массасы, q-ішек-қарынсыз дене массасы, L-балықтың жалпы ұзындығы, ?-құйрық жүзу қанатынсыз балықтың ұзындығы, жынысы, жас шамасы, жетілу сатысы), жетілудің IV сатысында аналығын ұстау кезінде абсолютті жеке өсімталдығы, сызықты өсу қарқыны, түрдің типтік морфологиялық әлпетінен ауытқуларының (кемтарлықтар) болуы, сыртқы паразиттердің болуы, оларды оқшаулау және саны (тек қана жай көзбен көрінетін паразиттер екенін есепке алу керек), қуыс паразиттерінің болуы, олардың саны мен салмағы анықталады.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      10) орнитофауна.

      Түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), саны, тұратын орнының сипаттамасы мен зерттелетін аумақта орналастыру ерекшелігі; осы көрсеткіштердің маусымдық және көпжылдық көрсеткіштер динамикасы.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

      11) итбалықтар.

      Саны, тұратын орнының сипаттамасы мен бақыланатын аумақта орналастыру ерекшелігі; табиғи және антропогенді (техногенді) факторлардың әсерімен бұл көрсеткіштердің маусымдық және көпжылдық динамикасы. ФЭЗ орындайтын кемелердің бағыттарындағы жылдың барлық маусымдарында итбалықтардың (кездесулер) қонысы, олардың саны, тұруы мен жүру сипаты, фото-бейне түсірулер жүргізу GPS көмегі арқылы белгіленеді.

      Байқау кезеңділігі: Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік қызмет кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады