"Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 15-05/831 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 қазанда № 12187 болып тіркелді

      «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7967 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 802-806 (27877) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидаларын бекіту туралы»;
      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Нысанды киім (погонсыз) үлгілері» деген 2-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды (погонсыз) киіммен (бұдан әрі - нысанды киім) қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11638 болып тіркелген) бекітілген өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының негізінде жүзеге асырылады.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесі» деген 3-қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібін айқындайды.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады