Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 569 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 қазанда № 12188 болып тіркелді

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 25 қазандағы № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8926 тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 14 (28238) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) «Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 252-Ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8685 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

                                             Қазақстан Республикасы
                                             Энергетика министрінің
                                          2015 жылғы 18 қыркүйектегі
                                                 № 569 бұйрығымен
                                                    бекітілген

    Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және
            жеткілікті дербес деректердің тізбесі

Р/с

Дербес деректердің атауы

1.

Тегі, аты, әкесінің аты

2.

Жеке сәйкестендіру нөмірі

3.

Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы мәліметтер

4.

Туған күні, айы, жылы және жері

5.

Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы,
құжаттың нөмірі,
құжаттың берілген күні,
құжаттың қолданылу мерзімі,
құжатты берген орган

6.

Азаматтығы (бұрынғы азаматтығы), Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан күні

7.

Тұрғылықты жерінің мекенжайы, тұрғылықты немесе тұратын жері бойынша тіркелген күні

8.

Электрондық пошта мекенжайы

9.

Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні туралы мәліметтер

10.

Қызметтік, азаматтық-құқықтық шарттың деректемелері

11.

Жеке табыс салығы мен мүлік бойынша декларация тапсырылғаны туралы мәліметтер

12.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрметті және арнайы атақтар, көтермелеулер туралы мәліметтер (оның ішінде награданың, атақтың немесе көтермелеудің атауы, наградтау немесе көтермелеу күні туралы нормативтік актінің түрі және күні)

13.

Еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы мәліметтер

14.

Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, жеңілдіктер және мәртебені беру үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы)

15.

еңбек қызметі туралы мәліметтер (лауазымын, құрылымдық бөлімшені, ұйымды және оның атауын, жалпы және үздіксіз жұмыс өтілін, мекенжайын және телефонын толық көрсете отырып, ағымдағы уақытқа дейінгі еңбек қызметі туралы деректер, жалпы және үздіксіз еңбек стажы, мекенжайлары мен телефондары, сондай-ақ басқа да ұйымдардағы, бұрынғы лауазымдарын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын толық көрсете отырып, осы ұйымдардың деректемелері)

16.

Білімі, біліктілігі және арнайы білімі немесе арнайы дайындығының болуы туралы мәліметтер (дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргендігі туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, оның ішінде білім беру мекемесінің атауы мен орналасқан жері, факультеті немесе бөлімі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі мамандығы мен біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, білетін шет тілдері)

17.

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, білім беру мекемесін бітіргендігі бойынша мамандығы және біліктілігі)

18.

Әскери міндетті адамдар және әскери қызметке шақырылатын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті берген органның атауы, әскери-есептік мамандығы, әскери атағы, есепке алу/шығару туралы деректер)

19.

Отбасылық жағдайы туралы мәліметтер (некеде тұру, неке қию туралы куәліктің деректері, жұбайының тегі, аты, әкесінің аты, жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, туысқандық дәрежесі, басқа да отбасы мүшелерінің, асыраудағылардың тегі, аттары, әкелерінің аттары және туған күндері, балаларының бар болуы және олардың жас шамасы)

20.

Соттылығы бар (жоқ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады