Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қарашада № 8926 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 569 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 18.09.2015 № 569 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Кадр қызметі басқармасы (Б.Н. Дүзкеева):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді және оны кейіннен белгіленген заңнамалық тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми басылымға жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Б. Ақшолақов

Қазақстан Республикасы 
Мұнай және газ министрінің
міндетін атқарушының 
2013 жылғы 25 қазандағы
№ 190 бұйрығымен   
бекітілген     

Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі

      Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер:
      1) тегі, аты, әкесінің аты;
      2) жеке сәйкестендіру нөмірі;
      3) тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы мәлімет;
      4) қолы;
      5) туған күні, айы, жылы және жері;
      6) тұлғаны куәландыратын құжаттың мәліметі: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжатты беру күні, құжатты қолдану мерзімі, құжат берген орган;
      7) азаматтығы (бұрынғы азаматтығы), Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату күні;
      8) тұратын жерінің мекенжайы, мекенжайы немесе тұру жері бойынша тіркелген күні;
      9) электрондық пошта мекенжайы;
      10) байланыс телефондарының нөмірлері;
      11) еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні туралы мәліметтер;
      12) қызметтік, азаматтық - құқықтық шарттың реквизиттері;
      13) мүлік туралы мәлімет (мүліктік жайы): авто көліктің маркасы және тіркелген орны, жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан мекенжайы;
      14) мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрметті және арнайы атақтар, көтермелеулер туралы мәліметтер (оның ішінде награданың, атақтың немесе көтермелеудің атауы, наградтау немесе көтермелеу күні туралы нормативтік актінің түрі және күні);
      15) аттестациялау материалдары;
      16) ішкі қызметтік тексеру материалдары;
      17) белгіленген нысандағы медициналық қорытынды;
      18) уақытша еңбекке жарамсыздық туралы мәлімет;
      19) әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік статус туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, жеңілдік және статус беру үшін негіз болатын құжатты берген органның атауы);
      20) еңбек қызметі туралы мәлімет (қазіргі уақытқа дейінгі еңбек қызметі туралы мәліметтер, лауазымын, құрылымдық бөлімшені, ұйымның және оның атауын, жалпы және үздіксіз жұмыс өтілін, мекенжайын және телефонын толығымен көрсету, сонымен қатар басқа да ұйымдардың атауын, бұрынғы лауазымдарын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын толық көрсету);
      21) білімі, мамандығы және арнайы білімі туралы немесе арнайы дайындығының болуы туралы мәлімет (дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім мекемесін бітіргендігі туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, оның ішінде білім мекемесінің атауы мен мекенжайы, білім мекемесін бітіргеннен кейінгі факультет немесе бөлім, мамандығы немесе кәсібі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, білетін шет тілдері);
      22) біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәлімет (біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, оқу мекемесінің атауы және мекенжайы, білім беру мекемесін бітіргендігі бойынша мамандығы және кәсібі);
      23) жалақысы туралы мәлімет (соның ішінде еңбекақы, үстеме ақы, салық бойынша мәлімет);
      24) әскери міндетті адамдар және әскери қызметке шақырылатын адамдарды әскери есепке алу туралы мәлімет (сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті берген органның атауы, әскери-есептік мамандығы, әскери атағы, есепке қабылдау/алу туралы мәлімет);
      25) отбасылық жағдайы туралы мәлімет (некеде тұру, неке қию туралы куәліктің мәліметі, жұбайының тегі, аты, әкесінің аты, жұбайының жеке куәлігінің мәліметі, туысқандық дәрежесі, басқа да отбасы мүшелерінің, асыраудағылардың тегі, аттары, әкелерінің аттары, балаларының бар болуы және олардың жас шамасы);
      26) сотталғандығы (сотталмағандығы) туралы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады