Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2020 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет–ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет–порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2–тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылық министрі
__________________А. Мамытбеков
2015 жылғы 23 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 17 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
__________________И. Тасмағамбетов
2015 жылғы 8 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________Е. Досаев
2015 жылғы 3 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________________В. Школьник
2015 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығымен бекітілген |
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2020 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Өнімнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Эспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру" және өнімнің транзитіне рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Егер межелі елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөнінде міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынса, осы Қағидалардың күші қолданылмайды және өнімнің транзитіне рұқсат (бұдан әрі - Рұқсат) берілмейді.
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, шет мемлекеттердiң және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне жол берiлмейдi.
3. Рұқсат сыртқы сауда келiсiмшартында (шартта) өнімнің саны мен номенклатурасына қарамастан, кемінде он белгі деңгейінде кодын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодына сәйкес тауардың бір түріне беріледі.
4. Рұқсат жеке және заңды тұлғаларға оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге беріледі.
Рұқсаттың қолданылу мерзімі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының және экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың қолданылу мерзімімен шектеледі.
Егер өнімнің транзиті көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда рұқсат автоматты түрде жойылады.
Берілген рұқстақа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.
5. Берiлген рұқсат басқа заңды немесе жеке тұлғаға берiлмейдi.
6. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
7. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы:
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін:
1) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz (бұдан әрі-портал);
шетелдік заңды тұлғалар үшін:
1) Мемлекеттік корпорацияға;
2) порталға;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін шетелдік заңды тұлғалар кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынады, олардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Шетелдік заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз құжат нысанында беріледі.
Құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай - ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызметті көрсету стандартында жазылған.
12. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын, дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнімді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің алдын алу және жолын кесу мақсатында оларды "Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысымен көзделген тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өнімнің транзитіне рұқсат беру келісілген болып есептеледі.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Орындаушы құжаттарды қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты не көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне не беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – қолма-қол;
2) портал арқылы - электронды.
18. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларына | |
1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Экспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Өнімнің транзитіне рұқсат беру не көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық қужат нысанда мемлекеттік өызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметі көрсету орындарының мекенжайлары: |
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті алушының ұйымдары)
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) _______________________________.
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден жасалды.
ТАӘ (бар болса) ("Азаматтарға арналған үкімет"
Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)
Орындаушы: ТАӘ (бар болса) _________________
Телефоны _________________________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (бар болса)/қолы
20__ ж. "___" _________
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидарларына 3-қосымша |
|
Нысаны |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті | Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан | |
Нұр-Сұлтан қ. | Нұр-Сұлтан қ. | |
Нөмір:[Құжаттың нөмірі] |
Берілген күні: | |
[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН] | ||
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ | ||
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: | ||
[Қол қоюшының лауазымы] | [Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)] |
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Өнім транзитіне берілетін рұқсат
1. Рұқсат № | |||
2. Көрсетілетін қызметті алушы (толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны): | |||
3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi , заңды мекенжайы, телефоны): | |||
4. Баратын ел: | |||
5. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны): | |||
6. Тағайындау елі: | |||
7. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi: | |||
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті | 9. Көлiк түрi: | ||
10. Келiсiмшарттың валютасы: | |||
11. Өнімнің атауы: | 12. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды: | 14. Өлшем бiрлiгi: | 16. Өнімнің келісімшарт валютасындағы жалпы құны: |
13. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды: | 15. Саны: | ||
17. Сыртқы сауда келiсiмшартының нөмірі және күнi: | 18. Келiсiлдi: | ||
19. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні: | |||
20. Рұқсаттың ерекше шарттары: | |||
21. Уәкiлеттi орган _________________________________________________ |