"Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 шiлдедегi № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 шiлдеде № 21017 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 308 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12197 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновация және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 22 шілдедегі
№ 410 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 384 бұйрығымен
бекітілген

Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өнімнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Эспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру" және өнімнің транзитіне рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Егер межелі елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөнінде міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынса, осы Қағидалардың күші қолданылмайды және өнімнің транзитіне рұқсат (бұдан әрі - Рұқсат) берілмейді.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, шет мемлекеттердiң және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне жол берiлмейдi.

      3. Рұқсат сыртқы сауда келiсiмшартында (шартта) өнімнің саны мен номенклатурасына қарамастан, кемінде он белгі деңгейінде кодын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодына сәйкес тауардың бір түріне беріледі.

      4. Рұқсат жеке және заңды тұлғаларға оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге беріледі.

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының және экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың қолданылу мерзімімен шектеледі.

      Егер өнімнің транзиті көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда рұқсат автоматты түрде жойылады.

      Берілген рұқстақа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.

      5. Берiлген рұқсат басқа заңды немесе жеке тұлғаға берiлмейдi.

      6. "Экспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушіге жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жүгінуі арқылы жүзеге асырылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) жүгінуі арқылы жүзеге асырылады.

      Шетелдік мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінеді.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізбесі осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынады.

      9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу үшін шетелдік мемлекеттік органдар кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынады, олардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай - ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызметті көрсету стандартында жазылған.

      12. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік мемлекеттік орган жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      14. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны портал арқылы тиісінше көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электронды құжат ретінде жібереді.

      Шетелдік мемлекеттік органға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту қағаз құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.

      Жеке басын куәландыратын құжат, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік мемлекеттік орган құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнімді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің алдын алу және жолын кесу мақсатында оларды "Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысымен көзделген тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

      Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.

      Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өнімнің транзитіне рұқсат беру келісілген болып есептеледі.

      16. Жауапты орындаушы құжаттарды қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - рұқсатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында жазылған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – қолма-қол;

      2) портал арқылы - электронды.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      20. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он жұмыс) күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Өнімнің транзитіне рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша

"Экспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал);
3) шетелдік мемлекеттік органдар үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өнімнің транзитіне рұқсат немесе "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.;
мемлекеттік қызмет электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;
3) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Бұл өтініш сондай-ақ электрондық түрде word немесе excel форматында ұсынылады;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) шетелдік заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат;
4) шетелдік жеке тұлға үшін ‒ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат;
5) өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген құжат;
6) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;
7) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;
8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жағдайда, тасымалдаудың нақты жағдайларына тексеру жүргізуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптауға және атқарушы органдардың басқа да қажетті іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру және/немесе жүкті экспорт мемлекетіне қайтару қажеттілігіне байланысты (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);
9) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хаты;
10) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
Ескертпе:
Көрсетілген құжаттар 3), 4), 5), 6) және 7) түп нұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерде ұсынылады.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
2. Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) шетелдік жеке тұлға үшін – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
4) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;
5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі;
6) сақтандыру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жағдайда, тасымалдаудың нақты жағдайларына тексеру жүргізуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптауға және атқарушы органдардың басқа да қажетті іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, , анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру және/немесе жүкті экспорт мемлекетіне қайтару қажеттілігіне байланысты (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);
8) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хатының электрондық көшірмесі;
9) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтерінің электрондық көшірмесі;
Осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерде ұсынылады.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
3) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хаты;);
5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
6) әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қаруы мен оқ-дәрілері туралы деректерді (маркасы (типі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарудың әрбір әкелінетін бірлігіне әскери қарауыл әскери (қосарлы) мақсаттағы өнімнің транзитімен ілесіп жүру кезінде әскери қарауыл туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімі және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (нұсқама, наряд, қорытынды) ұсынылады.
Ескертпе:
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген келісім-шарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, елдің заңнамасында көзделмеген құжаттың болмауы түсіндірме-хат ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік мемлекеттік орган ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының немесе шетелдік мемлекеттік органның және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға немесе шетелдік мемлекеттік органға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;
5) көрсетілетін қызметті алушыға немесе шетелдік мемлекеттік органға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған болса.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметі көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – www.miid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.miid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі интернет-ресурсында;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz. порталында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  "Экспорттық бақылауға
жататын, өнімнің транзитіне
рұқсат беру"
Мемлекеттік қызмет
стандартына
1-қосымша
  нысан

Өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш

1._____________________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)

2. Көрсетілетін қызметті алушы ________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі; заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрі, шетелдік заңды тұлғаның филиалының немесе өкілеттілігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда; елі, заңды мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы)

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

4. Баратын ел:

5. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

6. Тағайындау елі:

7. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті
- кіру:
- шығу:

9. Көлiк түрi:

10. Келiсiмшарттың валютасы:

11. Өнімнің атауы:

12. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды:

14. Өлшем бiрлiгi:

16. Өнімнің келісімшарт валютасындағы жалпы құны:

13. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

15. Саны:

17. Сыртқы сауда келiсiмшарты, нөмірі және күнi:

18. Осымен көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға рұқсатты беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің өтініш берілетін түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

19. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

20. Рұқсаттың ерекше шарттары:

21. Көрсетілетін қызметті алушыдан ___________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны* (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" _______________

22. Уәкілетті орган _______________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
20__жылғы "____"_________________
Өтініш қарауға алынды

  * Мемлекеттік корпорация
немесе көрсетілетін қызметті
берушінің кеңесі арқылы өтініш
берген жағдайда қол мөрмен
куәландырылады.
"Экспорттық бақылауға
жататын, өнімнің транзитіне
рұқсат беру"
Мемлекеттік қызмет
стандартына
2-қосымша
  нысан

Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер

Көрсеткіштер

Көрсеткіш мазмұны

Ескертпе

1

Жүктің толық атауы



2

Өлшем бірлігі



3

Саны



4

Қауіптілік сыныбы



5

БҰҰ коды



6

ҮЖН коды



7

ЕАЭО СЭҚ ТН коды



8

Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны



9

ҚР аумағы бойынша экспедитор ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

су көлігімен тасымалданған жағдайда талап етілмейді)

шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

10

Тасымалдаушының ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензиясы

лицензияның нөмiрi, берілген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы

ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау кезінде

11

Жүктерді күзету ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

(теміржол және су көлігімен тасымалдаған жағдайда талап етілмейді)

күзетілетін өнімнің номенклатурасы мен көлемін көрсете отырып шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

12

Жүкті физикалық қорғау жөніндегі ұйымының күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат

күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмiрi, берген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы


13

Көлік түрі

теміржол, автомобиль немесе су, немесе әуе

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде көлік құралының деректері қосымша көрсетіледі

14

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың нөмірі (1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде)


Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген, "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес көлік қауіптілігінің 1.4 кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде талап етілмейді

15

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (жүргізушіге қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) нөмірі

1.4 көлік қауіптілігінің кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде

куәліктің көшірмесі қоса беріледі

16

Жүк жөнелтушінің толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны



17

Жүк қабылдаушының толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны



18

Тасымалдау бағыты:



19

Жөнелтуші өткізу бекетінің атауы, елі



20

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кіру кезіндегі өткізу бекетінің атауы



21

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалу бағыты


темір жол көлігімен тасымалдау кезде толтырылмайды
1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде қозғалу бағыты арнайы рұқсатқа сәйкес көрсетіледі

22

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шығу кезіндегі өткізу бекетінің атауы



23

Жеткізілу өткізу бекетінің атауы, елі



24

Тасымалдау мерзімі күні, айы, жылы - күні, айы, жылы


өтініштің 8-бағанына сәйкес

25

Үшінші адамдарға және қоршаған ортаға келтірген зиянды өтеу жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы деректер

сақтандыру компаниясының атауы, заңды мекенжайы, телефондары, шартты жасау нөмірі және күні

сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі шарттың қолданылу мерзімімен сәйкес келеді

26

Авариялық карточканың нөмірі (қауіпті жүктердің транзиті кезінде)

автомобиль көлігімен 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат бар болған кезінде талап етілмейді

Көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған авариялық карточканың көшірмесі қоса беріледі

27

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты

"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты

Көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

      Көрсетілетін қызметті алушы _________________            ___________________

      лауазымы, қолы             (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Күні ______________

  Өнімнің транзитіне рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті алушының ұйымдары)

      __________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті

      (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін

      қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден жасалды.

      ТАӘ (бар болса) ("Азаматтарға арналған үкімет"

      Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: ТАӘ (бар болса) _________________

      Телефоны _________________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (бар болса)/қолы

      20__ ж. "___" _________

  Өнімнің транзитіне рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі



Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности"




Нұр-Сұлтан қ.


г. Нур-Султан




Нөмірі: [Құжат нөмірі]


Берілген күні: [берілген күні] жылы






[Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН / ЖСН]







ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ


"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесі, сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды:
[Бас тарту негіздемесі]




[Қол қоюшының лауазымы]


[Қол қоюшының Т.А.Ә.]






 

  Өнімнің транзитіне рұқсат беру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Өнім транзитіне берілетін рұқсат

1. Рұқсат №

2. Көрсетілетін қызметті алушы (толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны):

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi , заңды мекенжайы, телефоны):

4. Баратын ел:

5. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

6. Тағайындау елі:

7. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті
- кіру:
- шығу:

9. Көлiк түрi:

10. Келiсiмшарттың валютасы:

11. Өнімнің атауы:

12. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды:

14. Өлшем бiрлiгi:

16. Өнімнің келісімшарт валютасындағы жалпы құны:

13. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

15. Саны:

17. Сыртқы сауда келiсiмшартының нөмірі және күнi:

18. Келiсiлдi:

19. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

20. Рұқсаттың ерекше шарттары:

21. Уәкiлеттi орган _________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Берілген күні: _____ жылғы "___" _________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады