Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің
2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында
01 "Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер" сыныбында:
7 "Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша" ішкі сыныбында:
мынадай мазмұндағы 18-ерекшелікпен толықтырылсын:
"18 Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар";
5 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" санатында:
01 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" сыныбында:
1 "Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу" кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 21-ерекшелікпен толықтырылсын:
"21 Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу";
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:
381 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
002 "Жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткiзу" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
2) "Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында
01 "Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер" сыныбында:
7 "Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар" кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | 2 | 01 | 7 | 18 | 100 | 100 | 100 |
";
5 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" санатында
01 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" сыныбында:
1 "Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу" кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | 5 | 01 | 1 | 21 | 100 | 100 | 100 |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы Министрі | Б. Сұлтанов |