Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру техникасымен және мүлікімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 829 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қарашада № 12277 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру техникасымен және мүлікімен жабдықтау нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Бекітілген нормалар бойынша есептеу техникасы құралдарын сатып алу тиісті жылдарға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б.Т. Сұлтанов
      2015 жылғы 12 қазан

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 қазандағы
№ 829 бұйрығымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру
техникасымен және мүлкімен жабдықтау нормалары

      1. Есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарымен жабдықтау нормасы

р/с

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Норма бойынша тиесілі

Пайдалану мерзімі

Жабдықтау нормаларының таралу саласы

Жабдықтау нормаларының анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалары

1

2

3

4

5

6

7

1. Есептеу техникасы

1.

Жұмыс станциясы

жинақ

1

4 жыл

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының (бұдан әрі - ҰҰБҚ) бір штаттық бірлігіне; өңірлік қолбасшылық (бұдан әрі - ӨңҚ), құрама, бригада, әскери бөлім (бұдан әрі - ә/б), әскери оқу орны (бұдан әрі - ӘОО), әскери медициналық мекеме (бұдан әрі - ӘММ), жеке орналасқан бөлімше (бұдан әрі - ЖОБ) басқармаларының бір штаттық бірлігіне; дивизион, батальон, батарея, рота, взвод басшылығының (командир және оның орынбасарлары) бір штаттық бірлігіне; жиынтық жасақ, әскери жедел резерв (топ), комендатура, атыс алаңы, спорт командасы, оркестр, ансанбль жетекшілерінің бір штаттық бірлігіне; әскери-ғылыми орталық, қойма, сақтау базасы, кафедра (факультет), редакция, типография, бейнестудия, мұражай, мұрағат, торап, клуб, кітапхананың бір штаттық бірлігіне; шеберхана, зертхана, экипаж, аппараттық, станция бастықтарына; арнайы мақсаттағы бөлімшелердің офицерлік құрамының бір штаттық бірлігіне; дәрігерлер және әскери госпиталь, лазарет, емхана, медициналық пункт, әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі - ӘДК), санитарлық-эпидемиологиялық орталық (бұдан әрі - СЭО), дәріхананың орта медициналық қызметкерлерінің бір штаттық бірлігіне; ҰҰБҚ бойынша, ӨңҚ бойынша жедел кезекші және оның көмекшілерінің, құрама бойынша, бригада бойынша, ә/б бойынша, ӘОО бойынша, ЖОБ бойынша, бақылау-техникалық пункті (бұдан әрі - БТП) бойынша, бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі - БӨП) бойынша, байланыс бойынша, штаб бойынша кезекшілер мен олардың көмекшілерінің бір лауазымды тұлғасына және техникалық қолдау қызыметінің (бұдан әрі - ТҚҚ) операторларына

бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі - ҰҰ) ақпараттық жүйелерінде, басқа да мемлекеттік органдардың әртүрлі сервистерінде, электрондық почтамен жұмыс істеуге және басқа да қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені (дербес компьютер; моноблок; жіңішке клиент)

2.

Интернет желісінде жұмыс істеуге арналған жұмыс станциясы

жинақ

1

4 жыл

ҰҰБҚ, ӨңҚ, құрама, бригада, ә/б, ӘОО, ӘММ, ЖОБ қолбасшылығының (бірінші басшы және оның орынбасарлары) бір штаттық бірлігіне; басқарма бастықтары және оның орынбасарларына; бөлім, қызмет, ҰҰ мекемелері орталығының бастықтарына; сондай-ақ автоматандыру, мемлекеттік сатып алу, баспасөз қызметі, редакция, бейнестудия мамандарына және ҰҰБҚ бойынша, ӨңҚ бойынша жедел кезекшілеріне, құрама бойынша, бригада бойынша, ә/б бойынша, ӘОО бойынша кезекшілерінің бір лауазымды тұлғасына

бұл жедел ақпартты іздеуге, айырбастауға және жинауға әрі мемлекеттік сатып алу порталында, интернет желісіндегі электронды почтада жұмыс жасауға арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені (дербес компьютер; моноблок; жіңішке клиент)

3.

Тасымалданатын компьютер

дана

1

4 жыл

ҰҰБҚ, ӨңҚ, құрама, бригада, ә/б, ӘОО, ӘММ, ЖОБ қолбасшылығының (бірінші басшы және оның орынбасарлары) бір штаттық бірлігіне; басқарма бастықтары мен оның орынбасарларына; кафедра, бөлім, қызмет, ҰҰ мекемелері орталығының бастықтарына; автоматтандыру мамандарына; арнайы мақсаттағы бөлімшелердің офицерлік құрамдағы әскери қызметшілеріне; дивизион, батальон, батарея, рота, взвод қолбасшылығының бір штаттық бірлігіне; жиынтық жасақ, әскери жедел резерв (топ), ансанбль, клуб, бейнестудия, редакция жетекшілерінің бір штаттық бірлігіне; ҰҰБҚ бойынша, ӨңҚ бойынша жедел кезекші және оның көмекшілерінің, құрама бойынша, бригада бойынша, ә/б бойынша, ӘОО бойынша, ЖОБ бойынша кезекшілер мен олардың көмекшілерінің бір лауазымды тұлғасына

бұл ҰҰ ақпараттық жүйелерінде, электронды почтада, басқа да мемлекеттік органдардың әртүрлі сервистерінде, электрондық почтамен жұмыс жасауға және өзінің жұмыс орнынан тыс қызметтік -жауынгерлік және оқу үдерісінің басқа да міндеттерін орындауға арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені

2. Ұйымдастыру және офистік техника

4.

Монитор

дана

1

4 жыл

ҰҰБҚ, ӨңҚ, құрама, бригада, ә/б, ӘОО, ӘММ, ЖОБ қолбасшылығының (бірінші басшы және оның орынбасарлары) бір штаттық бірлігіне және автоматандыру мамандарына

жұмыс станциясының жинағына кірмейтін, жұмыс кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік беретін толықтырғыш болып табылады

5.

Жергiлiктi принтер

дана

1

4 жыл

ҰҰБҚ бір штаттық бірлігіне; ӨңҚ, құрама, бригада, ә/б, ӘОО, ӘММ, ЖОБ басқармаларының бір штаттық бірлігіне; дивизион, батальон, батарея, рота, взвод қолбасшылығының (командир және оның орынбасарлары) бір штаттық бірлігіне; жиынтық жасақ, әскери жедел резерв (топ), комендатура, атыс алаңы, спорт командасы, оркестр, ансанбль жетекшілерінің бір штаттық бірлігіне; әскери-ғылыми орталық, қойма, сақтау базасы, кафедра (факультет), редакция, типография, бейнестудия, мұражай, мұрағат, торап, клуб, кітапхананың бір штаттық бірлігіне; шеберхана, зертхана, экипаж, аппараттық, станция бастықтарына; арнайы мақсаттағы бөлімшелердің офицерлік құрамының бір штаттық бірлігіне; дәрігерлер және әскери госпиталь, лазарет, емхана, медициналық пункт, ӘДК, СЭО, дәріхананың орта медициналық қызметкерлерінің бір штаттық бірлігіне; ҰҰБҚ бойынша, ӨңҚ бойынша жедел кезекші мен оның көмекшілерінің, құрама бойынша, бригада бойынша, ә/б бойынша, ӘОО бойынша, ЖОБ бойынша, БТП бойынша, БӨП бойынша, байланыс бойынша, штаб бойынша кезекшілер мен олардың көмекшілерінің бір лауазымды тұлғасына және ТҚҚ операторларына

компьютерде сақталған мәтіндік немесе графикалық ақпаратты қағаз тасымалдағышқа басып шығаруға арналған. Желілік принтерге қосылмаған жағдайда ғана орнатылады

6.

Арнайы мақсаттағы принтер

дана

1

4 жыл

автоматтандыру және бейнестудиядың бір бөлімшесіне (басқарма, бөлім, бөлімше, қызмет, орталық, топ) бірден және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда), сондай-ақ қойма, сақтау базасының бастықтарына

кейін таңбалау үшін құрылғыға, сондай-ақ смарт-карталарға, қайта жазылмайтын ақпарат жинақтағышқа енгізілетін ақпаратты басып шығаруға арналған

7.

Желілік принтер
(бір үй-жайға)

дана

1

4 жыл

ҰҰ мекемелерінің бір бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, орталық, топ, кафедра, редакция, типография, бейнестудия, мұрағат) және бір арнайы мақсаттағы бөлімшеге (бөлім)

компьютерде сақталған мәтіндік немесе графикалық ақпаратты жергілікті есептеу желісі арқылы қағаз тасымалдағышқа басып шығаратын құрылғы. 3-10 қолданушыға орнатылады

8.

Түрлі-түсті принтер (желілік)

дана

1

4 жыл

ҰҰ мекемесі бөлімшелеріне (бөлім, қызмет, орталық, кафедра, редакция, типография, бейнестудия, мұражай, мұрағат) бірден және арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне (орталық, жасақ, жеке бөлімше) бірден

компьютерде сақталған мәтіндік немесе графикалық ақпаратты түрлі-түсті түрінде қағаз тасымалдағышқа басып шығаруға арналған

9.

2 кВт-тан және жоғары үздіксіз қоректендіру көзі

дана

1

4 жыл

бір серверге

мақсаты оған норма шегінде электр энергиясымен үздіксіз жабдықталатын серверлік жабдықты қосуды қамтамасыз ету болып табылатын қосалқы электрмен қоректендіру көзі, автоматты құрылғы

10.

2 кВт-қа дейінгі үздіксіз қоректендіру көзi

дана

1

4 жыл

бір жұмыс станциясына

мақсаты оған норма шегінде электр энергиясымен үздіксіз жабдықталатын есептеу техникасы құралдарын (бұдан әрі - ЕТҚ) қосуды қамтамасыз ету болып табылатын қосалқы электрмен қоректендіру көзі, автоматты құрылғы

11.

Сканер

дана

1

4 жыл

ҰҰ мекемелерінің бір бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, орталық, топ, кафедра, редакция, типография, бейнестудия, ананбль, оркестр, мұражай, мұрағат, қойма, сақтау базасы, кітапхана) және бір арнайы мақсаттағы бөлімшеге (бөлім)

объектіні (әдеттегі бейнені, мәтінді) талдай отырып, объекті бейнесінің цифрлы көшірмесін жасайтын құрылғы

12.

Арнайы мақсаттағы сканер

дана

1

4 жыл

Бір автоматтандыру бөлімшесіне (басқарма, бөлім, бөлімше, қызмет, орталық, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда), сондай-ақ қойма, сақтау базасының бастықтарына

құрылғыға түсірілген таңбаларды оқитын және құрылғы туралы ақпартты көрсететін немесе осы ақпаратты компьютерге беретін құрылғы

13.

Кең форматты принтер (плоттер)

дана

1

4 жыл

ҰҰ мекемелерінің бір бөлімшесіне (штаб, кафедра, күрделі құрылыс басқармасы, редакция, типография) және бір арнайы мақсаттағы бөлімшеге (орталық, жасақ, жеке бөлімше)

үлкен көлемді кестелерді, сызбаларды және карталады шығаруға арналған құрылы

14.

Ақпаратты көрсету құрылғысы

жинақ

1

4 жыл

ҰҰБҚ, ӨңҚ, құрама, бригада қолбасшылығының (бірінші басшы және оның орынбасарлары), ә/б және ЖОБ командирлерінің, ӘОО, ӘММ бастығы мен бірнші орынбасарының бір штаттық бірлігіне; ҰҰБҚ бойынша, ӨңҚ бойынша жедел кезекшілері мен оның көмекшілерінің, құрама бойынша, бригада бойынша, ә/б бойынша, ӘОО бойынша, ЖОБ бойынша, БТП бойынша, БӨП бойынша, байланыс бойынша, штаб бойынша кезекшілер мен олардың көмекшілерінің бір лауазымды тұлғасына және ТҚҚ операторларына; ҰҰ мекемелерінің бір бөлімшесіне (клуб, мұражай)

қажетті ақпаратты, басқарушы шешімді қабылдау үшін үздіксіз келіп түсетін ақпаратты жедел бақылауға, сондай-ақ қажетті ақпаратты жария көрсетуге арналған құрылғы

15.

Мультимедиапроектор

дана

1

4 жыл

ҰҰ мекемелерінің бір бөлімшесіне (штаб, кафедра, бейнестудия, клуб) және бір арнайы мақсаттағы бөлімшеге (орталық, жасақ, жеке бөлімше)

компьютермен, бейнекөздермен жұмыс істейтін, бейнені экранға шығаруға арналған құрылғы

16.

Интерактивтік жүйе (үстел, тақта)

дана

1

4 жыл

ҰҰБҚ, ӨңҚ, құрама, бригада қолбасшылығының (бірінші басшы және оның орынбасарлары), ә/б командирлерінің бір штаттық бірлігіне, ӘОО, ӘММ бастығы мен бірінші орынбасарына; бір басқармаға, кафедраға, ҰҰ мекемесіне; бір автоматандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, орталық, топ) және бір арнайы мақсаттағы бөлімшеге (орталық, жасақ, жеке бөлімше)

әртүрлі ақпараттық жүйелермен, интерактивтік карталармен берге қолдануға арналған құрылғы, құрамына географиялық мәліметтерді жинау, сақтау, талдау және графикалық көрсету және оған байланысты қажетті объектілер туралы ақпарат кіретін геоақпараттық жүйе арқылы бөлімшелерді басқаруға арналған, сондай-ақ пайдаланушыға жергілікті жердің цифрлық картасын, сондай-ақ объектілер туралы қосымша ақпаратты іздеуге, талдауға және редакциялауға мүмкіндік беретін құрал ретінде қолданылады

17.

Web/IP камера

дана

1

4 жыл

бір жұмыс станциясына

бейнені нақты уақыттағы белгілеуге және тікелей компьютерге немесе желі арқылы беруге қабілетті өлшемі шағын цифрлы бейне немесе фотокамера

18.

Гарнитура (микрафоны бар құлаққап)

дана

1

1 жыл

бір жұмыс станциясына және тасымалы компьютерге

дыбыстық ақпаратты дербес тыңдауға, сондай-ақ дыбыстық байланыс құралы бойынша сөйлесулерді жүргізуге арналған құрылғы

19.

Аккустикалық жүйе/колонкалар

дана

1

1 жыл

бір жұмыс станциясына

дыбысын шығаруға арналған құрылғы

20.

Қағаз жою машинкасы (шредер)

дана

1

10 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (басқарма, бөлім, бөлімше, қызмет, орталық, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

қағаздарды жолақтап немесе майдалап турауға арналған

21.

Сымсыз желiнің қолжетімді нүктесi

дана

1

4 жыл

әр бір 3-16 қолданушыға

цифрлы сымсыз байланысты ұйымдастыруға арналған құрылғы

22.

Желілік коммутатор/концентратор

дана

1

4 жыл

әр бір 2-8 қолданушыға

мекеменің ішінде цифрлы байланысты ұйымдастыруға арналған құрылғы

3. Өлшеу аспаптары

23.

Кәбілдік (оптикалық\LAN) тестер

дана

1

5 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

кәбілді немесе кәбілдік желіні тексеретін құрылғы

24.

Лазерлі қашықтық өлшегіш

дана

1

5 жыл

автоматтандырудың бір бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) бірден және әскери бөлімдегі бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

лазер сәулесін қолдану арқылы қашықтықты өлшейтін құрал

25.

Рефлектометр

жинақ

1

5 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

оптикалық кәбілдің тұтастығын тексеруге және үзілген жерін табуға арналған құрал

4. Қосалқы жабдықтар

26.

Автокөлiкке/темір жол вагонына арналған (трекер) спутниктiк жүйенің навигациялау құрылғысы

жинақ

1

4 жыл

әр бір автомобиль көлігіне және арнайы т/ж вагонына

орналасу орнын (географиялық координаталарды және биіктікті) және наты уақытты, сондай-ақ жерүсті, су және әуе объектілерінің қозғалу параметрлерін (қозғалу жылдамдығы мен бағыты және т.б.) белгілеуге арналған жабдық

27.

Ақпарат тасығыштарды сақтауға арналған металл шкаф (жәшік, сейф)

дана

1

10 жыл

автоматтандыру мамандарының бір штаттық бірлігіне және бір серверлік үй-жайға

материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтауға арналған мықты өртенбейтін металл шкаф

28.

ЕТҚ жөндеуге арналған аспаптар жинағы

жинақ

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

ЕТҚ монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған

29.

Желіні қалыпқа келтіруге арналған аспаптар жинағы

жинақ

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

жергілікті-есептеу желісімен монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған

30.

Оптикалық кәбілмен жұмыс істеуге арналған аспаптар жинағы

жинақ

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

оптикалық кәбілмен монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған

31.

Жерге қосуға арналған жинақ

жинақ

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

жабдықтарды жерге қосуды ұйымдастыруға арналған

32.

Электрмен монтаждау жұмыстарына арналған аспаптар жинағы

жинақ

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

электрмен монтаждау жұмыстарын орындауға арналған

33.

Перфоратор

дана

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

балға мен бұрғының жұмысын қоса атқаратын құрал (әдетте бетонмен жұмыс істеуге арналған). Кәбіл өнімін төсеуге арналған

34.

Бұрғы

дана

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

саңылау тесуге арналған бұрғы немесе басқа кесу құралын айналдыруға арналған құрал. Кәбіл өнімін төсеуге арналған

35.

Шуруповерт

дана

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

шуруп, саморез, винт, дюбель мен бекітпе бұйымдарының басқа да түрлерін бұрау және ағытуға, сондай-ақ саңылау тесуге арналған электр құрылғысы. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған

36.

Шаңсорғыш (компрессор)

дана

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

ауамен сору есебінен шаң жинау және беткі қабатты жинауға арналған құрылғы. Құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуге арналған

37.

Дәнекерлеу (Дәнекерлеу станциясы)

дана

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

бөлшектерді, флюсті қыздыруға, дәнекерлеу орнын балқытуға және бөлшектерді дәнекерлеу орнына келтіру үшін тазалау және дәнекерлеу кезінде қолданылатын қол аспап. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған

38.

Кондиционер, ауаны иондау құрылғысы
(бір үй-жайға)

дана

1

10 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б бір автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

автоматтандыру үй-жайларында оңтайлы климаттық ахуалды ұстап тұруға арналған құрылғы

39.

Проекциялық экран

дана

1

4 жыл

бір проекторға

проектор түсіретін бейнені көрсететін жазықтық (көрерменге жарық ағымын түсіру мақсатында)

40.

Тұғыр

дана

1

1 жыл

бір ақпаратты көрсету құрылғысына

ақпаратты көрсету құрылғыларының бірнеше түрлерін орналастыруға арналған құрылғы

41.

Бекітпе

дана

1

1 жыл

бір ақпаратты көрсету құрылғысына

Ақпаратты көрсету құралдарының әртүрлі типтерін бекітуге арналған әмбебап төбе (қабырға) бекітпесі

42.

Сөмке/қап/рюкзак

дана

1

1 жыл

бір тасымалы компьютер мен проекторға

алып жүретін құрылғыларды қауіпсіз тасымалдауға арналған

43.

Түйісу станциясы (ақпарат тасымалдағыштарға арналған)

дана

1

1 жыл

автоматтандыру мамандарының бір штаттық бірлігіне

әртүрлі қатты дискілерді жөндеуге немесе мәліметтерін қайта қалпына келтіру үшін оларды қауіпсіз қосуға арналған құрылғы

44.

Саты

дана

1

7 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

әртүрлі биіктікте жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін құрылғы

45.

Оптикалық талшықты дәнекерлеуге арналған құрылғы (аппарат)

жинақ

1

4 жыл

бір автоматтандыру бөлімшесіне (бөлім, бөлімше, қызмет, топ) және ә/б автоматтандыру маманына (бөлімше болмаған жағдайда)

дәнекерлеу ұштарын біріктіруден бастап біріктіруді қорғауға дейінгі оптикалық желілердің барлық дәнекерлеу кешенін жүзеге асыратын құрылғы

46.

Док-станциясы

дана

1

1 жыл

бір тасымалы компьютерге

электрмен қоректену, мәліметтерді, дауысты немесе мультимедиялық трафикті тарату кәбілдеріне біруақытта дереу қосуға қызметін атқаратын тасымалы компьютерлерге арналған ажыратқыштары бар стационарлық құрылғы

47.

Медиаконвертер

дана

2

1 жыл

бір байланыс арнасына

оптикалық желіден мысқа және кері сигнал түзуге арналған

48.

Оптикалық бокс

дана

2

1 жыл

бір байланыс арнасына

оптикалық желіні ұштауға арналған

49.

Телекоммуникациалық шкаф

дана

1

7 жыл

екі серверге

сервер жабдығын орналастыруға арналған

50.

KVM-консоль

дана

1

4 жыл

бір телекоммуникацилық шкафқа

KVM консоль – бұл монитордан, тачпадтан (тінтуірден) және пернетақтадан тұратын жабдық. Серверлерді басқаруға арналған

51.

Арнайы киім

дана

1

3 жыл

автоматтандыру мамандарының бір штаттық бірлігіне

жұмысшыны қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғауға және мамандарға қажетті – ыңғайлылықты, гигиеналықты, антистатикті қамтамасыз етуге арналған арнайы әзірленген киім (костюм, комбинезон, халат)

5. Шығын материалдары және қосалқы бөлшектер

52.

Кәбілдік арна (лотоктар)

метр

500


бір ғимарат/жылға

кәбілдерді төсеуге және қорғауға арналған

53.

Жергілікті-есептеу желісін төсеуге арналған кәбіл

метр

305


бір ғимарат/жылға

жергілікті-есептеу желісін тарату желілерін төсеу немесе ақауларын жөндеу үшін

54.

Коннектор

дана

2


бір байланыс арнасы/жылға

кәбілдік өнімді ұштандыру үшін

55.

Коннекторларға арналған қалпақша

дана

1


бір коннектор/жылға

коннекторды қорғау үшін

56.

RG 45 розеткасы

дана

1


бір байланыс арнасы/жылға

кабельдік өнімді ұштауға және оны жоғарыға бекітуге арналған

57.

Рatch cord

дана

1


бір құрылғының желілік ағытпасы/жылға

құрылымдық кәбіл жүйесінің құрамдас бөлшектерінің бірі. Бір электр құрылғысын екіншісіне қосу немесе сигналды белсенді емес жабдыққа беруге арналған электр немесе оптоталшықты кәбіл

58.

Еден люгі

дана

1


екі жұмыс станциясына

розеткаларды еденге орналастыруға арналған

59.

Пернетақта

дана

1


бір жұмыс станциясы және сервер/жылға

қандай да бір құрылғыны басқаруға немесе деректерді енгізуге арналған белгілі бір тәртіпте орналасқан түймелер жинағы. Компьютер мен сервердің жинақтаушысы болып табылады

60.

Тінтуір

дана

1


бір жұмыс станциясы, тасымалы компьютер мен сервер/жылға

қозғалысты басқару сигналына ауыстыратын манипулятор. Атап айтқанда сигнал курсорды позициялау немесе парақтарды айналдыруға арналған. Компьютер мен сервердің жинақтаушысы болып табылады

61.

Қашықтықтан басқару пульті (бұдан әрі - ҚБП)

дана

1


бір ақпаратты көрсету құрылғысына

ақпаратты көрсету құрылғысын қашықтықтан басқаруға арналған

62.

Желілік сүзгі

дана

1


бір жұмыс станциясы мен сервер/жылға

импульстік кедергілерді және жоғары жиіліктегі кедергілерді басу сүзгісі. Осындай компоненті бар жабдықты электрлік ұзартқыш деп атайды

63.

Оптикалық дискілер\кабельдерге арналған маркер

дана

1


бір автоматтандыру маманы/жылға

оптикалық тасымалдағыштарға жазуға арналған арнайы фломастер

64.

Есептеу техникасы құралдарына арналған тазалау құралы

орам

1


бір автоматтандыру маманы/жылға

компьютерлік техниканы саусақ іздерінен, шаң мен ластан тазартуға арналған арнайы құралдар мен материалдар

65.

Жапсырма

дана

1


бір құрылғыға

арнайы пломба салынған немесе өзі жойылатын қағаздың рұқсатсыз ашылуын бақылауға арналған және объектінің жылжымалы және статикалық бөліктерін біріктіреді, сондай-ақ құрылғыларды есепке алу үшін қолданылады, нөмірлік немесе штрих-кодтық персоналдауы бар

66.

RFiD белгісі

дана

1


Тауар-материалдық құндылықтың бір бірлігіне

объект, оның қасиеттері, сапасы, орналасу орны туралы ақпарат жазылатын және сақталатын құрал, құрылғыларды есепке алу үшін қолданылады

67.

ЕТҚ арналған ауыстырғыш

дана

1


бір құрылғыға

таратылатын деректерді біреуінен екіншісіне ауыстыратын аппараттық құрылғы немесе бағдарламалық компонент

68.

ЕТҚ арналған қосалқы бөлшектер

дана

1


бір құрылғы/жылға

ЕТҚ, перифериялық және серверлік жабдықты жөндеуге арналған бөлшек немесе блок

69.

«Тінтуірге» арналған кілемше

дана

1


бір тінтуірге

«Тінтуір» типті манипуляторға арналған жұмыс жазықтығы

70.

Қосу бауы

дана

3


бір құрылғыға

әртүрлі ажыратқыштарды біріктіруді жүзеге асыруға арналған және белсенді бауды ұзартуға мүмкіндік беретін кәбіл

71.

Батарея (аккумуляторлық)

жинақ

1


бір үздіксіз қоректендіру көзіне және сымсыз жабдыққа (пернетақта, тінтуір, ҚБП)

үздіксіз қоректендіру көзін және сымсыз жабдықты (пернетақта, тінтуір, ҚБП) электрмен қоректендіруге арналған бір мәртелік немесе көп мәртелік ток көзі

72.

Әмбебап зарядтау құрылғысы

дана

1


автоматтандыру мамандарының бір штаттық бірлігіне

электр аккумуляторларын сыртқы энергия көзінен зарядтауға арналған электр құрылғысы

73.

Бұрғы жинағы

жинақ

1


бір перфоратор және бұрғы/жылға

тұтас материал қабатында саңылау тесуге арналған кесудің айналу және берілістің осьтік қозғалысымен жұмыс істейтін бірнеше кесу аспабы

74.

Саптама жинағы

жинақ

1


бір перфоратор, бұрғы және шуруповерт/жылға

перфораторға, бұрғыға және шруповертке арналған әртүрлі нысандағы және мақсаттағы бірнеше аспап

75.

Принтер картриджі

жинақ

5


бір принтер/жылға

қорғаныс қаптағы бірнеше тораптар мен бөлшектерден, шығындау материалдарынан тұратын принтерге арналған тұтас және өзіндік дара ауыстырылатын блок

76.

Сымды принтерге (плоттерге) арналған басып шығарушы ине

жинақ

2


бір принтер (плоттер)/жылға

қорғаныс қаптағы бірнеше тораптар мен бөлшектерден тұратын сымды принтерге арналған тұтас және өзіндік дара ауыстырылатын блок

77.

Үздіксіз сия беру жүйесі

жинақ

1


бір принтерге

толықтырылып тұратын резервуардан басып шығарушы инеге сия беретін сымды принтерге арналған құрылғы

78.

Сия

жинақ

2


бір үздіксіз сия беру жүйесі/жылға

сияны үздіксіз беру жүйесіне шығындау материалы болып табылады

79.

Сыртқы жады құрылғысы (Flash Drive/ HDD)

дана

1


ҰҰБҚ бір штаттық бірлігіне; ӨңҚ, құрама, бригада, ә/б, ӘОО, ӘММ, ЖОБ басқармаларының бір штаттық бірлігіне; дивизион, батальон, батарея, рота, взвод қолбасшылығының бір штаттық бірлігіне; жиынтық жасақ, әскери жедел резерв (топ), комендатура, атыс алаңы, спорт командасы, оркестр, ансанбль жетекшілерінің бір штаттық бірлігіне; әскери-ғылыми орталық, қойма, сақтау базасы, кафедра (факультет), редакция, типография, бейнестудия, мұражай, мұрағат, торап, клуб, кітапхананың бір штаттық бірлігіне; шеберхана, зертхана, экипаж, аппараттық, станция бастықтарына; арнайы мақсаттағы бөлімшелердің офицерлік құрамының бір штаттық бірлігіне; дәрігерлер және әскери госпиталь, лазарет, емхана, медициналық пункт, ӘДК, СЭО, дәріхананың орта медициналық қызметкерлерінің бір штаттық бірлігіне; ҰҰБҚ бойынша, ӨңҚ бойынша жедел кезекшілер мен олардың көмекшілерінің, құрама бойынша, бригада бойынша, ә/б бойынша, ӘОО бойынша, ЖОБ бойынша, БТП бойынша, БӨП бойынша, байланыс бойынша, штаб бойынша кезекшілері мен олардың көмекшілерінің бір лауазымды тұлғасына және ТҚҚ операторларына

әртүрлі ақпаратпен жұмыс істеу үшін қолданылатын деректерді жазуға және сақтауға арналған

80.

Көшiрмелердi сақтауға арналған сыртқы ақпарат тасымалдағыш

дана

1


бір серверге

деректерді (резервті көшірмелерді) жазуға және сақтауға арналған

81.

Рұқсат ету құрылғысы (әрбір жүйеге)

дана

1


ҰҰБҚ бір штаттық бірлігіне; ӨңҚ басқармасы, құрама, бригада, ә/б, ӘОО, ӘММ, ЖОБ басқармаларының бір штаттық бірлігіне; дивизион, батальон, батарея, рота, взвод қолбасшылығының бір штаттық бірлігіне; жиынтық жасақ, әскери жедел резерв (топ), комендатура, атыс алаңы, спорт командасы, оркестр, ансанбль жетекшілерінің бір штаттық бірлігіне; әскери-ғылыми орталық, қойма, сақтау базасы, кафедра (факультет), редакция, типография, бейнестудия, мұражай, мұрағат, торап, клуб, кітапхана бір штаттық бірлігіне; шеберхана, зертхана, экипаж, аппараттық, станция бастықтарына; арнайы мақсаттағы бөлімшелердің офицерлік құрамының бір штаттық бірлігіне; дәрігерлер және әскери госпиталь, лазарет, емхана, медициналық пункт, ӘДК, СЭО, дәріхананың орта медициналық қызметкерлерінің бір штаттық бірлігіне; ҰҰБҚ бойынша, ӨңҚ бойынша жедел кезекшілер мен олардың көмекшілерінің, құрама бойынша, бригада бойынша, ә/б бойынша, ӘОО бойынша, ЖОБ бойынша, ТБП бойынша, БӨП бойынша, байланыс бойынша, штаб бойынша, кезекшілер мен олардың көмекшілерінің бір лауазымды тұлғасына және ТҚҚ операторларына.

негізгі ақпарат сақталатын жердегі пайдаланушыны сәйкестендіретін және ҰҰ ақпараттық жүйелері мен ресурстарында жұмыс істеуге қажетті құрал

82.

Оптикалық дискілер

дана

10


бір жұмыс станциясы, тасымалы компьютер/жылға

оптикалық сәулелену көмегімен оқылатын дискі түрінде орындалған ақпарат тасымалдағыш

83.

Оптикалық дискілерге арналған конверт/футляр

дана

1


бір дискіге

дискіні жарықтан, шаңнан, механикалық зақымданудан және ластанудан қорғауға қажетті

84.

Кең форматты құрылғыларға арналған қағаз

орам

20


бір принтер (плоттер)/жылға

минералды қоспалары бар талшықты материал. Принтерден шығаруға арналған рулон түрінде жасалған, кең жолақты принтерге (плотерге) арналған шығындау материалы

85.

Қағаз/фотоқағаз

байлам

12


бір принтер/жылға

минералды қоспалары бар талшықты материал. Принтерде басып шығаруға арналған парақ түрінде жасалған, принтердің шығындау материалы болып табылады

86.

Принтерге арналған термотрансферлік таспа

жинақ

12


бір арнайы принтер/жылға

термотрансферлік принтерлер этикеткаларға (қағаз және мата) арналған шығындау материалдары, онда термоине әсерінен бояу таспадан материалға жағылады

87.

Сигналды күшейткіш

дана

1


бір бейнеағытпаға

пайдалы сигналды күшейту деректерді алысқа беруге мүмкіндік береді

88.

Тармақтаушы

дана

1


бір құрылғы/жылға

бір корпуста арматурланған вилка мен көп ұялы розеткадан тұратын қосқыш, оның ұялы түйісулері вилканың штырлерімен электрмен қосылған (сплиттер, принтсервер, HUB)

89.

Ақпаратты оқу құрылғысы, сыртқы (FDD/CD/DVD/BD/
CardReader/смарт-карт)

дана

1


бір жұмыс станциясына, серверге

әртүрлі мақсаттағы ақпаратты тасымалдағыштардан ақпаратты оқуға арналған құрылғы

90.

Қорғаныс үлдірі

дана

1


тасымалы компьютердің бір дисплейіне

жіңішке полимерлік жалатылым, әдетте бір немесе екі жағынан желіммен (адгезивпен) қорғалатын бетке жапсырылатын желім құрамы жағылған. Тасымалы компьютердің дисплейі бетін уақытша қорғауға арналған

91.

Резеңкенi қалпына келтiруге және тазалауға арналған сұйықтық

килограмм

0,01


бір принтер/жылға

принтерлерге техникалық қызмет көрсету үшін қажет. Қағазды беру және тарту валиктерінің, роликтерінің, тежеу алаңшаларының, сепарациялық роликтер мен алаңшалардың барлық түрлеріндегі резеңке беттерін тазалау және қайта қалпына келтіруге арналған

92.

Машина майы

килограмм

0,002


бір компьютер/жылға

қозғалмалы бөліктердегі үйкелістерді азайту мақсатында қолданылатын майлау материалдары. Компьютерлер мен принтерлерге техникалық қызмет көрсету үшін қажет

93.

Радиаторларға арналған жылу өткiзгіш жақпа

килограмм

0,002


бір компьютер/жылға

электронды компоненттердің жұмысы кезінде бөлінетін жылуды таратуды қамтамасыз ететін май. Компьютерлерге техникалық қызмет көрсету үшін қажет

94.

Спирт

килограмм

0,01


бір компьютер/жылға

баспа платаларын флюспен дәнекерлегеннен және оптикалық талшықтарды гидрофобтық материалдан тазалағаннан кейін жууға қажетті тазалау құралы

      2. Серверлік жабдықтармен және бағдарламалық қамтыммен жабдықтау нормасы

р/с

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Пайдаланылу мерзімі

ҰҰБҚ (қамтамасыз ету бөлімшесі)

ӨңҚ
(қамтамасыз ету бөлімшесі)

Бригада\ құрама

ә/б

ӘОО

Оқу бригадасы/ құрамасы/ әскери бөлімі

ӘММ

ЖОБ

Жабдықтау нормаларының анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

6. Серверлік жабдық

95.

Деректер базасына арналған кластер
(деректер базасының әр басқару жүйесіне)

жинақ

4 жыл

1

1

1

1

1

1



деректер базасына қызмет көрсетуді және басқаруды жүзеге асыруға арналған және деректердің тұтастығы мен сақталуына жауап береді, сондай-ақ клиент ақпаратқа енген кезде кіру-шығу операциясын қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу кезінде қолданылады

96.

Домендерді бақылаушыларға аралған кластер (бір ғимаратқа)

жинақ

4 жыл

1

1

1

1

1

1

1

1

компьютерлік желіге (домен) ену деңгейін бақылауды жүзеге асыруға арналған

97.

Қосымшалар кластері
(әрбір қосымшаға)

жинақ

4 жыл

1

1

1

1

1

1



қосымшаларды тізуді қолдайтын процедураларды (бағдарламаларды, механикалық операцияларды, скрипттерді) тиімді орындауға арналған. Қосымшалар сервері АРІ арқылы бағдарламалық қамтымның әзірлеушісіне қол жетімді бөлшектер жинағы ретінде қызмет етеді

98.

Тестілеу сервері
(әрбір қосымшаға және деректер базасын басқару жүйесіне)

жинақ

4 жыл

1

1







жұмысқа қабілетінің тұрақтылығына арналған, деректер базасының жұмысын тексереді, есептеу техникасы немесе оның бөлігінің белгілі бір жүктемемен қаншалықты тез жұмыс істейтінін анықтайды. Масштабтау, сенімділік пен ресурстарды пайдалану сияқты жүйе сапасы атрибуттарын тексеру және растау үшін қызмет етеді

99.

Резервтік көшіру кластері

жинақ

4 жыл

1

1

1

1

1

1



түпнұсқалық немесе олар зақымдалған немесе бұзылған жағдайда жаңа ораналсу орнында деректерді қалпына келтіруге арналған тасымалдағышта (қатты дискіде, оптикалық дискіде) деректердің көшірмелерін құру үдерісін жүзеге асыруға арналған.

100.

Файлдық сервер

жинақ

4 жыл

4

2

2

1

4

2

1

1

файлдық кіріс-шығыс операцияларын және сақтаудағы кез келген түрдегі файлдарды орындауға арналған

101.

Электронды почта кластері

жинақ

4 жыл

1

1







электронды почта таратылымын ұйымдастыруға арналған.

102.

Коммуникациялар сервері

жинақ

4 жыл

2

2



2

1



шұғыл, онда болуының жай-күйі, аудио-, бейне- және веб-конференциялар жүйесі хабарламалармен алмасуға, бірлесіп жұмыс істеу және қашықтағы жұмыс орнын көрсетуге арналған

103.

Желілік инфрақұрылымға мониторинг жүргізу сервері

жинақ

4 жыл

2

1



1




желілік іс-әрекет пен желінің жоғары өндірісі мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге қажетті операциялар туралы деректерді қадағалауға арналған

104.

Жіңішке клиент жүйесіне арналған кластер
(әрбір 25 клиентке)

жинақ

4 жыл

1

1

1

1

1

1



жіңішке клиент жүйесіндегі жұмысты ұйымдастыруға арналған.

105.

Маршрутизатор/модем (әрбір байланыс арнасына)

жинақ

4 жыл

2

2

1

1

1

1

1

1

мекемелер арасында сандық байланысты ұйымдастыруға арналған.

106.

Желіаралық экран (әрбір байланыс арнасына)

жинақ

4 жыл

2

2

1

1

1

1

1

1

аппараттықтар мен бағдарламалық құралдар кешені, ол арқылы өтетін желілік пакеттерді берілген қағидаларға асәйкес бақылауды және сүзуді жүзеге асырады

107.

Сақтау желілерінің коммутаторы
(1 телекоммуникациялық шкафқа)

жинақ

4 жыл

2

2

1

1

1

1

1

1

деректерді сақтау орындары бар серверлердің жұмысын ұйымдастыруға арналған құрылғы

108.

Оптикалық коммутатор (ғимараттың бір қабатына)

жинақ

4 жыл

1

1

1

1

1

1

1

1

оптикалық желілер бойынша сандық байланысты ұйымдастыруға арналған құрылғы

109.

Ақпаратты сақтау жүйесі
(әрбір екі серверге)

жинақ

4 жыл

1

1

1

1

1

1

1

1

ақпараттық ресурстарды сенімді сақтауды ұйымдастыру және оларға кепілді қолжетімдікті ұсынуды ұйымдастыру жөніндегі кешенді бағдарламалық-аппараттық шешім

110.

Ақпаратты резервтік көшіру жүйесі
(1 телекоммуникациялық шкафқа)

жинақ

4 жыл

1

1

1

1

1

1

1

1

жүйелер мен деректерді резервтік көшіру үдерісін орындауға жауап береді

111.

Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық кешені (әрбір байланыс арнасына)

жинақ

4 жыл

1

1

1

1

1

1

1

1

байланыс арналары бойынша берілетін ақпаратты қорғауды орындау үшін бірлесіп жұмыс істейтін техникалық және бағдарламалық құралдар жинағы

112.

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі

жинақ


әрбір серверлікке біреу

ақпараттың немесе оны өңдеу құралдарының құпиялығын, тұтастығын, қолжетімдігін, жарамдығын, есепке алынуын, дәлме-дәлдігі мен шынайлығына қол жеткізу және қолдау арқылы объектінің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық-аппараттық техникалық құралдар жинағы. Құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

113.

Қолжетімдікті басқаруды бақылау жүйесі

жинақ


әрбір серверлікке біреу

"өту жолдары" арқылы белгіленген аумаққа объектілердің (адамдарды, көлікті) кіру-шығуын шектеу және тіркеу мақсатындағы бағдарламалық-аппараттық техникалық құралдар жинағы. Құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

114.

Бейне бақылау жүйесі

жинақ


әрбір серверлікке біреу

бейнебақылауды жүзеге асыруға арналған бағдарламалық-аппараттық құралдар жүйесі. Құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекіткен техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

115.

Өрт сөндіру жүйесі

жинақ


әрбір серверлікке біреу

күштер мен құралдардың әсер ету, өрт сөндіру әдістері мен тәсілдерін пайдалану үдерсін жүзеге асыратын бағдарламалық-аппараттық құралдар жүйесі. Құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

116.

Сигнализация жүйесі

жинақ


әрбір серверлікке біреу

серверлік үй-жайға рұқсатсыз кіруді белгілеу туралы ақпаратты диспетчерлік пультке беруге арналған техникалық құралдар кешені. Құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

117.

Ауаны салқындату және ионизациялау жүйесі

жинақ


әрбір серверлікке біреу

адамдар өздерін жайлы сезіну, технологиялық үдерісті жүргізу, құндылықтарды сақтау үшін барынша қолайлы метеорологиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жабық үй-жайлардағы ауаның (температура, салыстырмалы ылғалдылық, тазалығы, ауаның қозғалу жылдамдығы) барлық немесе жекелеген параметрлерін автоматты түрде қолдауға арналған бағдарламалық-аппараттық құралдар жүйесі. Құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

118.

Жергілікті есептеу желісі

жинақ


3

3

3

3

3

3

3

3

деректерді беруге қажетті компьютерлер немесе есептеу жабдығының (серверлер, маршрутизаторлар мен басқа да жабдық) байланыс жүйесі. Құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

7. Бағдарламалық қамтым

119.

Операциялық жүйе

дана


әрбір компьютер/серверге

есептеу құрылғысының ресурстарын басқаруға және пайдаланушымен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыруға арналған өзара байланысқан бағдарламалар кешені. Саны өндірушінің лицензиялау саясатына, тізбесі мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

120.

Қолданбалы бағдарламалық қамтым

дана


әрбір компьютер/серверге

бағдарлама белгібір міндеттерді орындауға арналған және пайдаланушымен тікелей байланыс жасасуға есептелген. Саны өндірушінің лицензиялау саясатына, тізбесі мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

121.

Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық қамтымы

дана


әрбір компьютер/серверге

бағдарлама ақпаратты қорғауды жүзеге асыруға арналған. Саны өндірушінің лицензиялау саясатына, тізбесі мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

8. Әртүрлі

122.

Интернет

нүкте


1

1

1

1

1

1

1

1

интернет желісімен байланыстыратын қолжетімдік нүктесі мекеме аумағында орналасқан

123.

Мобильді интернет

нүкте


4

2

1

1

1

1

1

1

пайдаланушылар Интернетпен кез келген жерден қосылуына қолжетімдік нүктесі

124.

Деректердi өңдеу орталығы

жинақ


2

1







бұл серверлік және желелік жабдықты орналастыруға және абоненттерді байланыс арналары арқылы ведомствоның басқа мекемелерінен қосуға арналған мамандандырылған үй-жай. Құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

125.

Серверлік

жинақ


3

2

1

1

1

1

1

1

бір мекеме шегінде серверлік және телекоммуникациялық жабдықты орналастыру және жұмыс істеуі үшін арнайы құрылған және ұсталатын шарттары бар бөлінген технологиялық үй-жай

126.

Компьютер сыныбына арналған ЕТҚ

жинақ


2

2

1

1

5

3

1

1

құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленетін компьютер сыныбының техникалық жабдықталуы. Компьютер сыныбының құрамына: жұмыс станциясы, интерактивті жүйе, құрамында: проектор, желілік принтер, сканер (ҰҰ БҚ және ӨңҚ үшін - 21 жұмыс орыннан аспайтын; ЖОО және оқу бөліміне / құрамаға/ ә/б - 25 жұмыс орыннан аспайтын, әскери бөлім, ӘММ, ЖОБ - 11 жұмыс орыннан аспайтын) кіреді

127.

Интернет сыныбына арналған ЕТҚ

жинақ


1

1

1

1

2

1

1


құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекіткен, белгіленген техникалық талаптарға сәйкес компьютерлік сыныптың техникалық жабдықталуы. Компьютерлік сынып құрамына: жұмыс станциясы (ноутбук), желілік принтер, сканер (ҰҰ БҚ және ӨңҚ үшін - 10 жұмыс орыннан аспайтын; ЖОО және оқу бөліміне / құрамаға/ ә/б - 20 жұмыс орыннан аспайтын, әскери бөлім, ӘММ, ЖОБ - 5 жұмыс орыннан аспайтын) кіреді

128.

Әскерді басқару орталығына арналған ЕТҚ

жинақ


1








әскерді басқару орталығын техникалық жарақтау, оның құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

129.

Жауынгерлік басқару орталығына арналған ЕТҚ

жинақ



1

1


1

1



әскерді басқару орталығын техникалық жарақтау, оның құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

130.

Командалық пунктке арналған ЕТҚ

жинақ





1





командалық пунктті техникалық жарақтау, оның құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

131.

Жылжымалы есептеу орталығы

жинақ


2

1







тұрақты орналасу пунктінен тыс қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ақпаратты жинаудың және өңдеудің автоматтандырылыған үдерістерін орындауға арналған. Құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін техникалық талаптарға сәйкес белгіленеді

      Ескертпе: жабдықтау нормаларында қолданылатын негізгі терминдер:
      1. Ғимарат - кемінде 15 жұмыс станциясы орналасқан құрылыс;
      2. Қосалқы бөлшек – қондырғыны құрылғыға орнату аяқталғаннан кейін есептен шығарылады;
      3. Құрылғы – ЕТҚ жататын белсенді құрылғы, перифериялық және серверлік жабдық және олардың бөлшектері;
      4. Шығындау материалдары – тікелей шығынмен еспептен шығарылады;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады