Азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 2 қарашадағы № 1030 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 желтоқсанда № 12357 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 2 қарашадағы
№ 1030 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-52) тармақшасына сәйкес әзірленген және азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын өндірістік-диспетчерлік қызметі функциялары мен міндеттерін айқындайды.

      2. Өндірістік-диспетчерлік қызметі өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, осы Ережені, сондай-ақ азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрықтарын басшылыққа алады.

      3. Өндірістік-диспетчерлік қызметі басшылық етуді азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысына тікелей бағынатын өндірістік-диспетчерлік қызметі бастығы жүзеге асырады.

      4. Өндірістік-диспетчерлік қызмет штаты азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

2. Өндірістік-диспетчерлік қызметі міндеттері

      5. Өндірістік-диспетчерлік қызметі міндеттері:

      1) әуежай мен авиакомпания, аэронавигация, метео қамтамасыз ету қызметтері және басқа ұйымдар, соның ішінде ұшудың тәуліктік жоспарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесіне қызмет көрсету кезіндегі арасындағы өзара іс-қимыл процесін жедел басқаруды жүзеге асыру;

      2) азаматтық авиация ұйымы қызметтерінің және бөлімшелерінің өзара іс-қимылын және ұшудың тәуліктік жоспарын қамтамасыз ету бойынша өндірістік қызметіне жедел басшылық етуді ұйымдастыру;

      3) азаматтық авиация ұйымының қызметтері мен бөлімшелерінің басшыларымен бірлесіп, істен шығу жағдайларын, рейстердің кідіруін болдырмау бойынша жедел шаралар қабылдау болып табылады.

3. Өндірістік-диспетчерлік қызметі функциялары

      6. Өндірістік-диспетчерлік қызметі функциялары мыналар болып табылады:

      1) ұшудың тәуліктік жоспарына өзгерістер мен толықтырулар бойынша жедел шешімдер қабылдау, ұшу тұрақтылығының бұзылуын талдау және болғызбау;

      2) ұшудың тәуліктік жоспарына сәйкес рейстерді орындайтын әуе кеменің ұшу алдындағы дайындық және ұшудан кейінгі қызмет көрсетудің технологиялық кестесінің орындалуын бақылауды, литерлік және бақылаудағы рейстерді дайындау және қызмет көрсетілуін бақылауды ұйымдастыру;

      3) әуе қозғалысының басқару, әуе қорғанысы желісі бойынша ұшуды жоспарлау және қамтамасыз ету;

      4) ұшуды орындау бойынша азаматтық авиация ұйымдары мен басқа да ұйымдардың қызметтерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      5) әуе кеменің жөнелтілу есебін және тұрақтылығын жасау;

      6) экипаждарды ұшуға дайындау барысын бақылау, әуе кеменің экипаждарын межелі және запастағы әуеайлақтардың техникалық жай-күйі, межелі әуеайлақтардағы және ұшу бағыты бойынша шектеулер мен тыйым салулар туралы қажетті ақпаратымен, ұшуға шешімдер қабылдау үшін басқа да қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      7) тиісті қызметтерге әуе кеменің отын құю бойынша өзгерістер туралы уақтылы хабарлау;

      8) тұрақтылық бұзылған кезде жолаушылар мен жүктерді жөнелтуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

      9) рейстерді біріге атқару және болдырмау бойынша, қосымша рейстерді және коммерциялық орындылықты және нақты қалыптасқан жағдайды негізге ала отырып, авиакомпания басшысымен келісім бойынша резервтік әуе кемелерін пайдаланып, қосымша қонатын рейстерді орындау бойынша шаралар қабылдау;

      10) ұшудың тәуліктік жоспарын түзетуді жүргізеді, оны азаматтық авиация ұйымының қызметтері мен келіседі;

      11) әуе кемелердің жөнелтілу кезінде жолаушыларға қызмет көрсету қызметімен бірлесіп, оның жүк көтергіштігі мен жолаушылар сыйымдылығының тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, әуе кемені толық емес коммерциялық тиеумен жөнелтілу себебін талдайды;

      12) кестеден тыс рейстерді орындау туралы шешім қабылдайды және оларды жоспарланған межелі әуежайда және қажет әуе кемелерді әуежай кәсіпорнына келуі туралы жоспарды алған кезде аралық қону әуежайларында қабылдауды ұйымдастырады;

      13) әуе кемелерді қабылдау және шығарудың орындылығы туралы, қабылдау және есептесу шарттары туралы шешім қабылдайды;

      14) технологиялық кестеге сәйкес ұшақтарды кезеңдік дайындау барысын жедел бақылауды және есепке алуды жүргізеді;

      15) қажетті ақпаратты жинауды, өңдеу мен беруді және әуе кемесінің қозғалысын, метео жағдайлар және басқа да себептер бойынша әуежайларды ашу мен жабуды қамтамасыз етеді;

      16) қызметтердің ішкі ақпарат табельдерін орындауын бақылайды;

      17) литерлік, бақылаудағы халықаралық рейстердің және шетелдік авиакомпаниялар ұшақтарының дайындығын бақылауды қамтамасыз етеді;

      18) әуе кемені жөнелтуді кідірту (болдырмау) себебін және оларға уақтылы қызмет көрсетілмеу себебін анықтайды және талдайды. Әуе кемелерді жөнелтулері тұрақтылығының жай-күйін және ақпараттық-анықтамалық жұмысты талдайды;

      19) әуежайдан әуе кемені жөнелту тұрақтылығына есеп жасайды;

      20) әуежайдағы барлық ұшу бойынша есептік құжаттаманың ресімделуін бақылауды ұйымдастырады;

      21) басқа қызметтермен бірге әуе кемелерді жөнелтулерін кідіртудің (болдырмаудың) алдын алу, әуе кемені ұшуға дайындаудың технологиялық процесін жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді;

      22) Қонатын әуежайда авиациялық отынның шектеулі қоры болған кезде тәуліктік жоспарға сәйкес ұшуды орындайтын әуе кемеге қосымша отын құю жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      23) тәуліктік жоспарға сәйкес ұшудың барлық тереңдігінде әуе кемелерді қозғалысын бақылайды;

      24) кәсіпорын қызметтерінің авиациялық жұмыстардың, тасымалдау және ұшу тұрақтылығының тәуліктік жоспарын қамтамасыз ету бойынша басшының нұсқауларын ұйымдастырады және бақылайды;

      25) өндірістік қажеттілік мақсатында азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының шешімі бойынша Өндірістік-диспетчерлік қызметі ұшудың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да міндеттер жүктелуі мүмкін;

      26) авариялық жағдай туындаған кезде авиациялық оқиғалар, оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезінде хабардар ету және байланыс жоспарына сәйкес азаматтық авиация ұйымының басшылығын және басқа ұйымдарды хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады