"Қазақстан Республикасындағы психиатриялық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 852 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 желтоқсанда № 12379 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.09.2018 № ҚР ДСМ-17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасындағы психиатриялық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6776 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы психиатриялық ұйымдардың қызметі туралы ережесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      11-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      1) міндетті бөлімшелерден басқа, психиатриялық ауруханаларға:

      стационарлық клиникалық бөлімшелер: жалпы психиатриялық, психотерапиялық, психосоматикалық, геронтологиялық, балалар, мамандандырылған (психотуберкулезді), сот-психиатриялық сараптамасы бөлімшесі, мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімше;

      қарқынды терапия палатасы;

      емдеу-еңбек шеберханасы;

      амбулаториялық-емханалық бөлімше;

      өңірлік қажеттілігіне қарай амбулаториялық-психиатриялық сараптама бөлімі (бөлімшесі);

      стационарды алмастыратын бөлімшелер: күндізгі стационар, түнгі стационарлар, мультитәртіптік бригадалар;

      ұйымдастыру-әдістемелік немесе статистикалық бөлім (кабинет);

      жедел мамандандырылған психиатриялық көмек кіреді.

      2) міндетті бөлімшелерден басқа, психиатриялық (психоневрологиялық) диспансерлерге:

      амбулаториялық-емханалық бөлімше;

      стационарды алмастыратын бөлімшелер: күндізгі стационарлар, түнгі стационарлар, мультитәртіптік бригадалар;

      амбулаториялық-психиатриялық сараптама бөлімі (бөлімшесі), өңірлік қажеттілігіне қарай;

      мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімше;

      ұйымдастыру-әдістемелік немесе статистикалық бөлім (кабинет);

      өңірлік қажеттілігіне қарай жедел мамандандырылған психиатриялық көмек кіреді;";

      16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бесінші топ (белсенді динамикалық байқау тобы) - әлеуметтік-қауіпті әрекеттерге бейім, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасау қаупі бар пациенттер, сондай-ақ жоғары суицидтік қауіптері бар адамдар. Қарап-тексеру жиілігі ай сайын (көрсетілімдері болған жағдайда - жиі).".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады