Сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 4-5/969 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12407 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.02.2021 № 44 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны сақтау шартының үлгі нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу шартының үлгі нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 16 қараша



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 3 қарашадағы
№ 4-5/969 бұйрығына
1-қосымша

Шитті мақтаны сақтау шартының үлгі нысаны

      ______________№ 20_ ж. "___"______________

      (елді мекен)

      Бұдан әрі "Иегер" деп аталатын,____________________негізінде әрекет

      ететін,______________________атынан__________________________________

      (шитті мақтаның иесі)

      және бұдан әрі "МӨҰ" деп аталатын,__________________негізінде әрекет

      ететін,________________________атынан,_______________________________

      (мақта өңдеу ұйымы)

      бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегі туралы осы шитті

      мақтаны сақтау жөніндегі өтелетін қызметтер көрсету шартын (бұдан әрі

      - Шарт) жасасты.

1. Шарттың нысанасы

      1. Осы Шартқа сәйкес және оның талаптарында МӨҰ-ның шитті мақтаны сақтау жөніндегі өтелетін қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетуі осы Шарттың нысанасы болып табылады.

      2. Сақтауға берілетін шитті мақтаның көлемі мен сандық-сапалық көрсеткіштерін Тараптар осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындайды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. МӨҰ:

      1) Иегерден осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген мақта қабылдау пункттерінде шитті мақтаны сақтауға қабылдауға және шитті мақта партиясын қалыптастырғаннан кейін, өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кеш емес мерзімде оның өтініміне сәйкес оған мақта қолхаттарын беруге;

      2) осы мақта қолхаттарын мақтаның кепілдік берілген көлеміне енгізу туралы өтінішпен Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына жазылған ілеспе хатты Иегерге беруге;

      3) шитті мақтаны қабылдаған кезде оның сапасын айқындауды Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалатын стандартқа сәйкес жүзеге асыруға;

      4) сақтауға қабылданған шитті мақтаның берілген мақта қолхаттарына сәйкес сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз етуге;

      5) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде, нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес шитті мақтаны сақтау жағдайларын сақтауға;

      6) Иегердің талабы бойынша МӨҰ көрсеткен қызметтер үшін берешегі болмаған кезде мақта қолхатының орнына шитті мақтаны босатуға Иегердің жазбаша өтінімі тіркелген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өтінімде көрсетілген шитті мақта көлемін босатуды (тиеп жөнелтуді) бастауға және "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағында және 35-бабының 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны тиеп жөнелту басталғаннан кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей аяқтауға;

      7) Иегердің талабы бойынша шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу үшін аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) өкілінің шитті мақта сынамаларын іріктеуін қамтамасыз етуге;

      8) сақтаудағы шитті мақтаны жоғалту немесе зиян келтіру қаупі туындаған жағдайларды қоспағанда, Иегердің келісімінсіз шитті мақтаны үшінші адамға сақтауға бермеуге. МӨҰ шитті мақтаны үшінші адамға сақтауға беру туралы дереу Иегерге хабарлауға міндетті. Бұл ретте шитті мақта сақтауға берілген үшінші тұлғаның әрекеттері үшін МӨҰ жауапты болады;

      9) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорымен жасалатын қатысу шарты негізінде мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу жолымен мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге;

      10) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны тоқтата тұру, одан айыру туралы, сондай-ақ МӨҰ-ны қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту туралы, банкроттық рәсімін қозғау, өз еркімен тарату туралы және уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және (немесе) жазбаша түрде, тиісті шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Иегерге хабарлауға міндеттенеді.

      4. МӨҰ:

      1) осы Шарттың 3-тарауына сәйкес Қызметтер үшін төлемақы талап етуге;

      2) Иегердің көрсетілген Қызметтерге ақы төлеу бойынша берешегі болса, шитті мақтаны босатудан (тиеп жөнелтуден) бас тартуға;

      3) шитті мақтаны босату (тиеп жөнелту) кезінде Иегермен бірлесе отырып, шитті мақтаны оның мақта қолхатында көрсетілген сандық-сапалық көрсеткіштерге сәйкестігіне тексеруге немесе шығыстарды өз есебінен өтей отырып, шитті мақтаға тәуелсіз сараптама жүргізуге құқылы.

      5. Иегер:

      1) МӨҰ Қызметтерін осы Шарттың 3-тарауында белгіленген тәртіппен және шарттарда уақтылы төлеуге;

      2) алда болатын шитті мақтаны тиеп жөнелту туралы МӨҰ-ға жазбаша өтінім беруге;

      3) мақта қолхатын немесе оның бөліктерін (қойма немесе кепіл куәлігі) жоғалтқан жағдайда ол туралы дереу жазбаша түрде МӨҰ-ға хабарлауға міндеттенеді.

      6. Иегер:

      1) МӨҰ-да сақталатын шитті мақтаның мақта қолхатында көрсетілген көлеміне иелік етуге;

      2) шитті мақтаны қабылдау кезінде оның сапасын осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалатын стандарт бойынша айқындауға;

      3) қабылдау және босату (тиеп жөнелту) кезінде шитті мақта салмағын өлшеуге қатысуға;

      4) шитті мақтаны сақтау орнын қарап тексеруді жүзеге асыруға және шитті мақтаның сынамаларын іріктеуді талап етуге;

      5) шитті мақтаны босату (тиеп жөнелту) кезінде оның мақта қолхатында көрсетілген сандық-сапалық көрсеткіштерге сәйкестігіне тексеру жүргізуге;

      6) шығындарды өз есебінен өтей отырып, шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу үшін шарттық негізде аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) жүгінуге құқылы.

3. Шарттың жалпы сомасы және есептесу тәртібі

      7. Шитті мақтаның бір тоннасын сақтау жөніндегі қызметтер үшін МӨҰ-ның сыйақы сомасы ________(_________) теңгені құрайды және ол МӨҰ-ның Қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді қамтиды және осы Шартқа 1-қосымшада айқындалады.

      8. Осы Шарттың жалпы сомасы _______(________) теңгені құрайды.

      9. МӨҰ-ның нарықта үстем жағдайға ие Қызметтерінің бағалары (тарифтері) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      10. МӨҰ-ның Қызметтеріне төлем жасау осы Шартқа сәйкес ақшалай немесе Иегердің мақта қолхатында индоссамент жасай отырып, МӨҰ-ға шитті мақтаның тиісті санын беру арқылы жүргізіледі.

      11. Қызметтерге төлем жасау мерзімдері Тараптардың келісімі бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.

4. Шарттың қолданылу мерзімі

      12. Осы Шарт МӨҰ-нің шитті мақтаны сақтауға қабылдағанын растау ретінде Иегерге берген мақта қолхаттарында белгіленген мерзімге жасалды және Тараптар өз міндеттемелерін толығымен орындаған кезде өзінің қолданылуын тоқтатады.

      13. Шарттың МӨҰ бастамасы бойынша бұзылуына жол берілмейді.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      14. Сақталудағы шитті мақта жоғалған, жетпеген, зақымдалған, бұзылған жағдайда МӨҰ Иегердің пайдасына жоғалған, жетпейтін, зақымдалған, бұзылған шитті мақтаның құнын төлейді.

      15. МӨҰ шитті мақтаны босату (тиеп жөнелту) мерзімін бұзған жағдайда МӨҰ Иегерге әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін әрбір уақтылы тиеп жөнелтілмеген шитті мақта партиясының құнынан __ % мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      16. Айыппұл санкцияларының сомасы, шитті мақтаның құнын өтеу, сондай-ақ МӨҰ-ның әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде Иегерге келтірілген шығындар сомасы өндіріп алу күніне қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша айқындалады. Нарықтық бағасын айқындау кезінде халықаралық мақта биржаларының ресми жарияланған бағаламалары назарға алынуы мүмкін.

      17. Иегер Тараптар айқындаған сыйақы төлеу мерзімін бұзған жағдайда, Иегер МӨҰ-ға әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін төленбеген сомадан ____% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      18. Тараптардың бірінің қабылдаған міндеттемелерді орындамауының немесе тиісті түрде орындамауының нәтижесінде екінші Тарапқа келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбынан тыс өтеледі.

      19. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

6. Форс-мажор

      20. Тараптар болжай алмаған, алдын ала алмайтын дүлей апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар жататын еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары туындау салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Тараптар жауапты болмайды. Бұл ретте осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы жағдайлардың әрекеті уақытына мөлшерлес мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      21. Еңсерілмейтін күш жағдайларына сілтеме жасаушы Тарап осындай жағдайлар туындаған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа ол туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органының тиісті құжатын беруге міндетті.

      22. Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарларының алдын алу немесе жеңілдету және жедел жою үшін қажетті күш салуға міндетті.

      23. Егер форс-мажорлық жағдайлар отыз күнтізбелік күннен артық уақытқа созылған жағдайда, Тараптар нақты көрсетілген Қызметтер үшін есептесуді жүргізе отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.

7. Дауларды қарау тәртібі

      24. Осы Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар туындаған дауларды соттан тыс шешу үшін барлық шараларды қабылдауға міндеттенеді.

      25. Туындаған даулар бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта қаралуы тиіс.

8. Өзге де талаптар

      26. Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер мақта қолхатында көрсетілген көлемде индоссамент жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-5/605 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12058 болып тіркелген) бекітілген мақта қолхаты бойынша құқықтарды берумен бір мезетте беріледі. Бұл ретте индоссат индоссамент жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде МӨҰ-ға мақта қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы хабарлайды.

      27. Шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып табылады және жазбаша түрде ресімделеді, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және мөрлермен бекітіледі.

      28. Осы Шартқа енгізілген кез келген өзгеріс мен толықтыру жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың осыған өкілеттік берген өкілдері тиісті түрде қол қойған жағдайда, жарамды болып табылады.

      29. Осы Шарт әрбір Тарап үшін бір данадан, бірдей заңды күшке ие 2 данада жасалған.

9. Тараптардың деректемелері мен қолдары

      Иегер: МӨҰ:

      Басшы: Басшы:

      ____________________ ______________________

      Мөр орны (бар болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда)

  Шитті мақтаны сақтау
шартының
үлгі нысанына
1-қосымша

      Нысан

20___ж. "___"_______________№____шартқа
шитті мақтаның сандық-сапалық көрсеткіштері және шитті
мақтаны сақтау жөніндегі қызметтердің құны

      20__ж. "___"_______________№____

      1. Сақтауға берілетін шитті мақтаның сандық-сапалық

      көрсеткіштері

Р/с

Партия

Стандарты

Типі

Селекциялық сорты

Өнеркәсіптік сорты

1

2

3

4

5

6








      кестенің жалғасы

Сыныбы

Нақты салмағы, кг

Арамшөп араласуы, %

Ылғалдығы, %

Кондициялық массасы, кг

Бактериялық-таз ауруларымен залалдануы, %

7

8

9

10

11

12








      2. Шитті мақтаны сақтау жөніндегі қызметтердің құны

Операцияның түрі

Қызметтер бағасы, теңге

Төлеу мерзімі

1

2

3

Шитті мақтаны қабылдау, тонна үшін теңге



Шитті мақтаны сақтау, айына тонна үшін теңге



Шитті мақтаны автокөлікпен тиеп жөнелту, тонна үшін теңге



Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тасымалдау, тонна үшін теңге




      оның ішінде ҚҚС____%.

      Иегер: МӨҰ:

      Басшы: Басшы:

      ____________________ ______________________

      Мөр орны (бар болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда)

  Шитті мақтаны сақтау
шартының
үлгі нысанына
2-қосымша

      Нысан

Мақта қабылдау пункттерінің тізілімі

Р/с №

Мақта қабылдау пунктінің атауы

Мақта қабылдау пунктінің орналасқан жері, ауылдық округтың атауы

Көмбелік алаңқайлар саны

Мақта қабылдау пунктінің мақта тазалау зауытынан алшақтығы, км

1

2

3

4

5

1





2





3






      Иегер: МӨҰ:

      Басшы: Басшы:

      ____________________ ______________________

      Мөр орны (бар болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 3 қарашадағы
№ 4-5/969 бұйрығына
2-қосымша

Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу
шартының үлгі нысаны

      ______________№ 20_ ж. "___"______________

      (елді мекен)

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын,_________________негізінде

      әрекет ететін,_________________атынан________________________________

      (шитті мақтаның иесі)

      және бұдан әрі "МӨҰ" деп аталатын,__________________негізінде әрекет

      ететін __________________________атынан______________________________

      (мақта өңдеу ұйымы)

      Бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегі туралы осы Шитті

      мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде өтелетін қызметтер

      көрсету шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Шарттың нысанасы

      1. Осы Шартқа және оның талаптарына сәйкес МӨҰ-ға шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу бойынша өтелетін қызметтер көрсету (бұдан әрі – Қызметтер) осы Шарттың нысанасы болып табылады.

      2. Бастапқы өңдеуге берілетін шитті мақтаның жалпы мөлшері кондициялық салмақтың _________(_________) тоннасын құрайды. Бастапқы өңдеуге берілетін шитті мақтаның сандық-сапалық көрсеткіштері, мақта талшығы мен мақта тұқымының сандық-сапалық көрсеткіштері осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленеді.

      3. Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

      1) мақта - шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;

      2) шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдері - мақта талшығы, тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлік және мамық бар);

      3) шитті мақтаны өңдеудің жанама өнімдері - тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлік және мамық бар).

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. МӨҰ:

      1) Тапсырыс берушіден осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес мақта қабылдау пункттері тізілімінде көрсетілген мақта қабылдау пунктерінде шитті мақтаны бастапқы өңдеуге қабылдауға және өтінім берген сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде, мақта партиясын қалыптастырғаннан кейін оның өтініміне сәйкес мақта қолхаттарын беруге;

      2) осы мақта қолхаттарын мақтаның кепілдік берілген көлеміне енгізу туралы өтінішпен мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына жазылған ілеспе хатты Тапсырыс берушіге беруге;

      3) Қызметтерді 20__ жылғы "___"________дейінгі мерзімде көрсетуге;

      4) шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерінің осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалатын нормативтерден төмен емес шығымын қамтамасыз етуге;

      5) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін бірінші жазбаша талап бойынша Тапсырыс берушіге немесе оның өкілетті тұлғасына "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағында және 35-бабының 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жазбаша талап жіберілген күннен бастап он екі күнтізбелік күннен кешіктірмей шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін беруге;

      6) шитті мақтаны мақта талшығы етіп сапалы бастапқы өңдеуді техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде, нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге;

      7) Тапсырыс беруші бастапқы өңдеуге берген шитті мақтаның, сондай-ақ оның бастапқы өңдеу өнімдерінің сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз етуге, мақта талшығының және мақта тұқымының сандық және/немесе сапалық көрсеткіштерінің Шартқа 1-қосымшада айқындалатын сандық және/немесе сапалық көрсеткіштерінен ауытқуы анықталған жағдайда, Тапсырыс берушіге мақта талшығының және мақта тұқымының жетпейтін көлемін (не олардың құнын), сондай-ақ сақтау нәтижесінде сапасы нашарлаған мақта талшығы мен мақта тұқымы құнындағы айырманы өтеуге;

      8) шитті мақтаны және оның бастапқы өңдеу өнімдерін жоғалту немесе зақым келтіру қаупі туындаған жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушінің келісімінсіз үшінші адамдарға мақтаны сақтау немесе бастапқы өңдеу үшін ауыстырмауға міндеттенеді. МӨҰ Тапсырыс берушіге үшінші адамға бергені туралы дереу хабарлауға міндетті. Бұл ретте МӨҰ шитті мақтаны және/немесе оның бастапқы өңдеу өнімдерін сақтауға немесе бастапқы өңдеуге берілген үшінші адамның әрекеттері үшін жауапты болады;

      9) Тапсырыс берушіге оның өтінімі бойынша бес жұмыс күні ішінде МӨҰ-ның техникалық мүмкіндіктері, Тапсырыс берушіге тиесілі шитті мақтаның және оны бастапқы өңдеу өнімдерінің бар-жоғы, қозғалысы және сапасы туралы ақпарат беруге;

      10) Тапсырыс берушіге шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны тоқтата тұру, жою, сондай-ақ МӨҰ-ны қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту туралы, банкроттық рәсімін қозғау, өз еркімен тарату туралы және уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және/немесе жазбаша түрде тиісті шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға;

      11) Тапсырыс берушінің талабы бойынша оның сапасын тексеру үшін мақта сынамаларын іріктеуді қамтамасыз етуге;

      12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-1/618 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12009 болып тіркелген) бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мақта талшығы сапасының сараптамасын жүргізуді және мақта талшығы сапасының паспортын алуды қамтамасыз етуге;

      13) мақта талшығының бумаларын байлау және таңбалау бойынша стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндеттенеді.

      5. Тапсырыс беруші:

      1) Қызметтердің ақысын осы Шартта белгіленген тәртіппен және жағдайларда уақтылы төлеуге;

      2) мақта қолхатын немесе оның бөліктерін (қойма немесе кепіл куәлігін) жоғалтқан жағдайда ол туралы дереу жазбаша нысанда МӨҰ-ға хабарлауға;

      3) осы Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін он екі жұмыс күнінен кешіктірмей өз есебінен шитті мақтаны өңдеудің жанама өнімдерін шығарып тастауға міндеттенеді.

      6. МӨҰ:

      1) осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызметтері үшін төлемақы талап етуге;

      2) осы Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін шитті мақтаның бастапқы өңдеу өнімдерін сақтау қызметтерін көрсеткені үшін күніне тоннасына_____теңге мөлшерінде төлемақы талап етуге құқылы.

      7. Тапсырыс беруші:

      1) МӨҰ-да сақталатын мақтаға мақта қолхатында немесе берілген басқа құжатта көрсетілген көлемде билік етуге;

      2) шитті мақтаны және оның бастапқы өңдеу өнімдерін қабылдау және босату (тиеп жөнелту) кезінде оларды өлшеуге қатысуға;

      3) шитті мақтаны және оның бастапқы өңдеу өнімдерін сақтау орындарын қарауды жүзеге асыруға және сапасын тексеру үшін мақта сынамаларын іріктеуді талап етуге;

      4) шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін босату (тиеп жөнелту) кезінде МӨҰ өкілімен бірлесіп, шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін олардың осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген сандық-сапалық көрсеткіштерге сәйкестігін тексеруге;

      5) Қағидаларға сәйкес мақта талшығы сапасының міндетті сараптамасын жүргізуге және мақта талшығы сапасының паспортын алуға;

      6) шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерінің сапасына сараптама жүргізу үшін қажет болған кезде шығыстарды өз есебінен өтей отырып, тәуелсіз сараптама ұйымына жүгінуге құқылы.

3. Шарттың жалпы сомасы және есептесу тәртібі

      8. Шитті мақтаның бір тоннасын бастапқы өңдегені үшін МӨҰ-ның сыйақы сомасы ___________(_________) теңгені құрайды және ол МӨҰ-ның Қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығыстарын (нормативтен асырып сақтауды қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдерді қамтиды.

      9. Осы Шарттың жалпы сомасы ________(_______) теңгені құрайды.

      10. Нарықта үстем жағдайға ие МӨҰ Қызметтерінің бағалары (тарифтері) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      11. МӨҰ қызметтерінің төлемі осы Шартқа сәйкес ақшалай не Тапсырыс берушінің мақта қолхатына индоссамент жасай отырып, МӨҰ-ның тиісті мақта санын беру жолымен жүргізіледі.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      12. Шитті мақта және оны өңдеу өнімдері жоғалған, жетпеген, зақымдалған, бұзылған жағдайда МӨҰ Тапсырыс берушінің пайдасына жоғалған, жетпейтін, зақымдалған, бұзылған шитті мақта және оны өңдеу өнімдерінің құнын төлейді немесе ұқсас шитті мақтадан алынған сапалы өңдеу өніміне қатысты оның сапасыз бастапқы өңдеу өнімдері құнындағы айырмасын өтейді.

      13. МӨҰ Шарттың 2.1.3-тармақшасында көзделген Қызметтер көрсету мерзімдерін бұзған жағдайда МӨҰ Тапсырыс берушіге әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін әрбір уақтылы өңделмеген шитті мақта партиясының құнынан __% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      14. МӨҰ мақта талшығын босату (тиеп жөнелту) мерзімін бұзған жағдайда Тапсырыс берушіге әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін әрбір уақтылы тиеп жөнелтілмеген мақта талшығы партиясының құнынан ___% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      15. Тапсырыс беруші Қызметтерді төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда МӨҰ-ға әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін төлемеген сомадан_____% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      16. Тараптардың бірі қабылдаған міндеттемелерді орындамауының немесе тиісінше орындамауының нәтижесінде екінші Тарапқа келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбынан тыс өтеледі.

      17. Айыппұл санкцияларының сомасы, шитті мақтаның және оны бастапқы өңдеу өнімдерінің құнын өтеу, сондай-ақ МӨҰ-ның әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде Тапсырыс берушіге келтірілген шығындар сомасы өндіріп алу күніне қалыптасқан нарық бағалары бойынша айқындалады.

      18. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

5. Форс-мажор

      19. Тараптар болжай алмаған, алдын ала алмайтын дүлей апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар жататын еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайларының туындауы салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар жауапты болмайды. Бұл ретте осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы жағдайлардың әрекеті уақытына мөлшерлес мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      20. Еңсерілмейтін күш жағдайларына сілтеме жасаушы Тарап осындай жағдайлар туындаған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа ол туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органының тиісті құжатын беруге міндетті.

      21. Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларының туындау салдарларының алдын алу немесе оны жеңілдету және жедел жою үшін қажетті күш салуға міндетті.

      22. Форс-мажорлық жағдайлар күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге созылған жағдайда, Тараптар нақты көрсетілген Қызметтер үшін есептесуді жүргізе отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.

6. Дауларды қарау тәртібі

      23. Осы Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар туындаған дауларды соттан тыс шешу жөніндегі барлық шараларды қабылдайды.

      24. Туындаған даулар бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта қаралуы тиіс.

7. Өзге де талаптар

      25. Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелер индоссамент жасау кезінде мақта қолхатында көрсетілген көлемде мақта қолхаты бойынша құқықтарды берумен бірге беріледі. Бұл ретте индоссат индоссамент жасаған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде МӨҰ-ға мақта қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы хабарлайды.

      26. Осы Шартты орындау үшін МӨҰ жұмысқа тартқан қызметкерлерді қоспағанда, МӨҰ осы Шарттың немесе Тапсырыс беруші ұсынған немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған оның қандай да бір ережелерінің бірінің, сондай-ақ техникалық құжаттаманың, үлгілердің немесе ақпараттың мазмұнын біреуге Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауы керек. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада ұсынылуы тиіс.

      27. МӨҰ Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін біреуге толығымен де, ішінара да бермеуі тиіс.

      28. Шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып табылады, жазбаша түрде ресімделуі, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюы және мөрлермен бекітілуі тиіс.

      29. Осы Шартқа енгізілген кез келген өзгеріс мен толықтыру жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың осыған өкілеттік берген өкілдері тиісті түрде қол қойған жағдайда жарамды болып табылады.

      30. Осы Шарт әрбір Тарап үшін бір данадан, бірдей заңды күшке ие 2 данада жасалған.

8. Тараптардың деректемелері мен қолдары

      Тапсырыс беруші МӨҰ

      Иегер: МӨҰ:

      Басшы: Басшы:

      ____________________ ______________________

      Мөр орны (бар болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда)

  Шитті мақтаны мақта талшығы етіп
бастапқы өңдеу шартының үлгі нысанына
1-қосымша

20__ж. "___"_______________№____шартқа
шитті мақта және шитті мақтаны бастапқы өңдеу
өнімдерінің сандық-сапалық көрсеткіштері, шитті мақтаны
бастапқы өңдеу өнімдерінің шығым нормативтері, шитті мақтаны
мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметтің құны

      20__ж. "___"_______________№____

      1. Бастапқы өңдеуге берілетін шитті мақтаның

      сандық-сапалық көрсеткіштері

Р/с №

Партия

Стандарты

Типі

Селекциялық сорты

Өнеркәсіптік сорты

1

2

3

4

5

6








      кестенің жалғасы

Сыныбы

Физикалық салмағы, кг

Арамшөп араласуы, %

Ылғалдығы, %

Кондициялық массасы, кг

Бактериялық-таз аурулары мен залалдануы, %

7

8

9

10

11

12








      2. Мақта талшығының сандық-сапалық көрсеткіштері

Р/с №

Стандарты

Типі

Селекциялық сорты

Өнеркәсіптік сорты

Сыныбы

1

2

3

4

5

6








      кестенің жалғасы

Штапельдік ұзындығы, кодпен

Микронейр көрсеткіші

Нақты салмағы, кг

Ылғалдылығы, %

Кондициялық массасы, кг

7

8

9

10

11







      3. Мақта тұқымының сандық-сапалық көрсеткіштері

Р/с №

Стандарты

Типі

Селекциялық сорты

Өнеркәсіптік сорты

Сыныбы

Нақты салмағы, кг

Ылғалдылығы, %

Кондициялық массасы, кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      4. Шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерінің шығым нормативтері

Шитті мақтаның сорты

Шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерінің шығымы, пайызбен

Мақта талшығы кемінде (нетто салмағы)

Линт артық (нетто салмағы)

Мақта тұқымы кемінде (нетто салмағы)

Талшықты қалдықтар, оның ішінде:

Бықсық, артық емес

құрамында үлік бар, артық емес

құрамында мамық бар, артық емес

1

2

3

4

5

6

7

I







II







III








      5. Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі

      қызметтердің құны

Операцияның түрі

Қызметтердің бағасы, теңге

Төлеу мерзімі

1

2

3

Шитті мақтаны қабылдау, тонна үшін теңге



Шитті мақтаны сақтау, айына тонна үшін теңге



Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тасымалдау, тонна үшін теңге



Шитті мақтаны тазалау, тонна үшін теңге



Мақта талшығын сақтау, айына тонна үшін теңге



Мақта тұқымын сақтау, айына тонна үшін теңге



Мақта талшығын автокөлікпен тиеп жөнелту, тонна үшін теңге



Мақта тұқымын автокөлікпен тиеп жөнелту, тонна үшін теңге




      оның ішінде ҚҚС____%.

      Иегер: МӨҰ:

      Басшы: Басшы:

      ____________________ ______________________

      Мөр орны (бар болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда)

  Шитті мақтаны мақта талшығы етіп
бастапқы өңдеу шартының үлгі нысанына
2-қосымша

Мақта қабылдау пункттерінің тізілімі

Р/c №

Мақта қабылдау пунктінің атауы

Мақта қабылдау пунктінің орналасқан жері, ауылдық округтің атауы

Көмбелік алаңқайлар саны

Мақта қабылдау пунктінің мақта тазалау зауытынан алшақтығы, км

1

2

3

4

5

1





2





3






      Иегер: МӨҰ:

      Басшы: Басшы:

      ____________________ ______________________

      Мөр орны (бар болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады