"Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 723 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12469 болып тіркелді

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Iшкi сауда қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
      2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
      3) асхана – тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі;
      4) аутлет орталық – елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымының азық–түлік емес тауарлар тобын (киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар және басқалар) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі;
      5) әмбебап сауда базары – әртүрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда орындары бар сауда базары;
      6) баға – тауар құнының ақшалай мәні;
      7) бар – тұтынушыларға тіске басар, десерттер және кондитерлік бұйымдарды, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
      8) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      9) гипермаркет – бірнеше сауда қызметі субъектілері ұсынған, атаулары (бірліктері) он бес мыннан бастап және одан да көп арнайы немесе тауарлардың аралас ассортиментін өткізетін, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін көтерме-бөлшек сауда объектісі;
      10) дәмхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, дайындалуы күрделі емес тағамдардың ассортиментін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
      11) дискаунт орталық – бір немесе бірнеше сауда қызметі субъектілері ұсынған эконом сыныбының, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін сауда объектісі; күнделікті сұраныстағы нарықтық бағадан төмен бағадағы азық–түлік тауарлырының (жалпы көлемнен жиырма пайыз тез бұзылатын азық – түлікті есепке алмағанда, негізінен «құрғақ» немесе терең мұздатылған өнім) және азық-түлік емес (жалпы көлемнен сексен пайыз тамақ өнімдері тұрмыстық химия және қосалқы тауарлар) ассортименті аз болады;
      12) дүкен – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілген тұрақты жұмыс істейтін күрделi құрылыс немесе оның бөлiгi;
      13) дүңгiршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс;
      14) жарамдылық мерзiмi – аяқталғаннан кейiн тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңi;
      15) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орналастырылатын, сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);
      16) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнімдерін өндірумен, қайта өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет;
      17) көтерме сауда – жеке, отбасылық, үйiшiнде және осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейiннен сатуға немесе өзге мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      18) көшпелi сауда – мамандандырылған немесе сауда үшін арнайы жабдықталған көлiк құралдарын, сондай-ақ тек көлік құралымен жиынтықта қолданылатын мобильді жабдықты пайдалана отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн бөлшек сауда желiсiнен тыс жүзеге асырылатын бөлшек сауда;
      19) мамандандырылған дүкен – ассортиментінің көлемі жиырма бес мың атауға (бірлікке) дейін болатын арнайы ассортименті бар (құрылыс мататериалдары, тұрмыстық электротехника, жиһаз және тағы басқа), сауда желісіне кіретін немесе кірмейтін, аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін сауда қызметінің көптеген субъектілері ұсынған сауда объектісі;
      20) мамандандырылған сауда базары – сауда базарының жалпы санынан олардың жетпіс және одан да көп пайызы бір сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары;
      21) мейрамхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды, сондай-ақ алкоголь өнімдерін қоса алғанда, дайындалуы күрделі тағамдар ассортиментін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
      22) сақтау мерзiмi – белгiленген сақтау шарттары сақталған жағдайда тауар нормативтiк құжаттарда көрсетiлген өзiнiң барлық қасиеттерiн сақтайтын кезең;
      23) сатушы – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сауда қызметiн жүзеге асырушы сауда қызметiнiң субъектiсі;
      24) сатып алушы – тауар сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
      25) сауда ақпараты – тауар, дайындаушы, сатушы туралы заңнамада көзделген және тауармен және оны пайдаланудың ерекшелiктерiмен таныстыру мақсатында сатушыға жеткiзiлетiн мәліметтер;
      26) сауда базары – аумақта шаруашылық қызметін көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен;
      27) сауда желiсi – сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бiрыңғай коммерциялық белгi және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;
      28) сауда залы – сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған сауда үй-жайының арнайы жабдықталған негiзгi бөлiгi;
      29) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
      30) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – сауда қызметі саласында мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      31) сауда мүкаммалы – сауда қызметін жүзеге асыруға арналған заттар;
      32) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
      33) сауда-ойын-сауық орталығы – ассортиментінің көлемі жиырма бес мыңан бастап одан көп атауды (бірлікті) қамтитын тауарларды, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық қызметтерін (фуд-корт, сұлулық салондары, ойын-сауық, кино театрлар және басқалар) қамтитын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағы шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңы бар сауда қызметінің көптеген субъектілері ұсынған сауда объектісі;
      34) сауда орталығы – ассортиментінің көлемі жиырма бес мыңнан бастап одан көп атауды (бірлікті) қамтитын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағы шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңы бар сауда қызметінің көптеген субъектілері ұсынған сауда объектісі;
      35) сауда орны – тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын;
      36) сауда үйi – бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген күрделi стационарлық құрылыс;
      37) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық біріктірілуінің) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыстырылмаған уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
      38) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланыстырылған және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық біріктірілген) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй жай);
      39) супермаркет – ассортиментінің көлемі бір мыңнан жиырма бес мыңға дейінгі атауды (бірлікті) қамтитын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағы шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңы бар тауардың арнайы немесе аралас ассортиментін өткізетін сауда қызметінің көптеген субъектілері ұсынған сауда объектісі;
      40) тауар – айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнiмi;
      41) тауардың ассортименті – қандай болмасын бiр немесе жиынтық белгiлері бойынша бiрiктiрiлген тауарлар жиыны;
      42) тауарлар сыныбы – функционалдық мақсаттағы ұқсастығы бар тауарлар жиынтығы;
      43) тауарлық көршiлiк – шикi және дайын өнiмдердi бiрге сақтауды және өткізуді, олардың ластануын және тауардың сапасына әсер ететiн бөгде иiстердiң сiңуiн болдырмайтын шарттар;
      44) тауар сапасы – тауардың тұтынушылық сипаттарының жиынтығы;
      45) тез бұзылатын тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелетiн мерзімдерде тасымалдаудың, сақтаудың және сатудың арнайы шарттарын талап ететiн тамақ өнiмдерi;
      46) үйдің қасындағы дүкен – негізінен сауда желілеріне кірмейтін бес мың атауға (бірлікке) дейін күнделікті қажетті тауарлардың арнай ассортиментін өткізетін сауда қызметінің бір субъектісі беретін сауда объектісі;
      47) шағын маркет – сауда қымзетінің бір немесе бірнеше субъектілері ұсынған, атауы (бірлігі) он мыңға дейінгі арнайы немесе аралас тауарлардың ассортиментін өткізетін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін сауда объектісі;
      48) шатыр (павильон) – құрастырмалы-жинамалы конструкциялардан, бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс;
      49) iшкі сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметі;
      50) электрондық сауда – ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Стационарлық сауда объектілері мыналарға бөлінеді:
      1-санат – сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, он мың шаршы метрден астам сауда алаңы бар сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтиды;
      2-санат – сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтиды;
      3-санат – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды;
      4-санат – сауда, қосалқы үй-жайлармен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды;
      5-санат - сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, бір жүз шаршы метрден аз сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1. Стационарлық сауда объектілерінің түрлері:
      сауда ойын-сауық орталығы;
      сауда орталығы;
      гипермаркет;
      аутлет орталығы;
      дискаунт орталығы;
      арнайы дүкен;
      сауда үйі;
      супермаркет;
      минимаркет;
      үйдің жанындағы дүкен.
      5-2. Стационарлық емес сауда объектілерінің түрлері:
      автодүкен;
      автомат;
      дүңгiршек;
      жылжымалы сөре;
      шатыр (павильон).
      Ескертпе. Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде арнайы көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Тауардың бағасын сауда қызметiнiң субъектiлерi дербес айқындайды.
      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағалары Заңның 9-бабына сәйкес реттеледі.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Стационарлық сауда объектілерінің қызметін қамтамасыз ету үшін:
      1) кіруге болатын ыңғайлы келу жолдарымен және жаяу жүргіншілер жолдарымен жабдықтау;
      2) анықтамалық–ақпараттық көрсеткіштерінің болуы;
      3) стационарлық сауда объектісіне іргеліс жатқан аумақты аббатандыру және тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру;
      4) дамыған көлік инфрақұрылымымен және жүк автокөлігін қоюға, маневр жасауына және орналастыруға ыңғайлы алаңдармен қамтамасыз етілуі қажет; стационарлық сауда объектілері автокөліктнің жүктерді түсіруі үшін тиеу-түсіру алаңдарымен немесе сырғыма баспалдақпен жабдықталады (5-санаттан басқа);
      5) сәулет-жоспарлу шешімдері мен ғимараттардың құрылыс элементтері және стационарлық сауда объектілерінің және пайдаланылатын техникалық жабдықтардың құрылыс нормаларына және сәулет-жоспарлау шешімдері қағидаларына және конструктивтік элементтеріне сәйкес келтіру;
      6) апаттық шығатын есіктерінің, сатыларының, апаттық жағдайдағы іс-қимылдар туралы нұсқаулықтарының, өрт қауіпін хабарлау жүйесі мен қорғану құралдарының, сондай-ақ сатып алушылардың әдеттегі уақытта және төтенше жағдайда еркін бағдарлануын қамтамасыз ететін ақпараттық көрсеткіштердің болуы;
      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болуы, оның ішінде қоғамдық тамақтанудың азық-түлік тауарларын және өнімдерін сататын сақтауға және сатуға арналған үй-жайлардағы температура мен ылғалдылық реттелетін режимдерінің болуы;
      8) стационарлық сауда объектілерінің құрамында жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану өнімдерін өндіру (жартылай фабрикаттар, кулинариялық өнімдер, тоқаш кондитерлік заттар мен тағамдар) цехтары қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес болуы;
      9) қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес болуы және қауіпсіздік техникасы талаптарына және сауда тоңазытқыш жабдықтарын дайындаушылардың пайдалану құжаттарына сәйкес қолданылуы;
      10) қоғамдық тамақтанудың азық-түлік тауарларын және өнімдерін сататын стационарлық сауда объектілері қызметкерлерінің санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес медициналық тексеруден өтуі;
      11) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға сауда қызметін көрсету үшін баспалдақтар, лифттер немесе пандустар бойынша орын ауыстыру мүмкіндігін және сауда залдары мен үй-жайларын пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық көрсеткіштердің болуы;
      12) көрсетілетін қызметтер мен сатылатын тауарлар туралы, оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті және шынайы ақпаратпен көрнекті және қолжетімді түрде сатып алушыларды хабардар ету;
      13) ұйымның фирмалық атауы, жұмыс режимі, орналасқан орны, заңды мекенжайы көрсетілген маңдайшаның болуы;
      14) сауда алаңы екі мың шаршы метрден астам стационарлық сауда объектілерінде мүгедіктер мен қозғалу мүмкіндігі шектеулі басқа да халық топтарына арналған арнайы дәретханалары бар сатып алушылар үшін жабдықталған қоғамдық дәретхана бөлмелерінің болуы;
      15) сауда объектілері әкімшіліктерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» қаулысыны ескере отырып маңдайшаларға, витриналарға, жарнамалық материалдарға, көрмелік жабдықтар мен түрлі қалыптағы және тұрпаттағы стационарлық сауда объектілері қызметкерлерінің сыртқы түріне қойылатын талаптарды айқындауы қажет.»;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады.
      Оқшауланған орындар болған жағдайда көкөніс және жеміс-көкөніс өнімдерін көлік құралдарынан көтерме саудамен сатуға жол беріледі.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде сауда қызметінің субъектілері мынадай талаптарды:
      1) тауарларды сату, сатып алу, сақтауды;
      2) көтерме сауданы жүргізуге арналған ұйымдық жағдайлар жасауды, сауда мәмілелерін жасасуды;
      3) сатылатын тауарлардың сапасын бақылауды қамтамасыз етуді және осы Қағидалардың талаптарын сақтауды;
      4) көтерме сауда субъектілерін салмақ өлшеу жабдығымен және басқа да қызмет түрлерімен қамтамасыз етуді;
      5) инженерлік инфрақұрылым құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, тоңазыту, сауда жабдығына және өзге жабдықтар мен тетіктерге техникалық қызмет көрсетуді;
      6) сауда объектісін күзету және көтерме сатып алу-сату жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:
      «50-1. Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.
      Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
      Заңының 12-бабының 5) тармағына сәйкес бөлшек сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан тыс жүзеге асыруға жол берілмейді.»;
      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «102. Сауда қызметінің субъектілері көшпелі сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырады.
      Көшпелі сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылады.
      Көшпелі сауданы жүзеге асыру кезінде сауда қызметінің субъектілері осы Қағидалардың нормаларын басшылыққа алады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы
      __________________ А. Рау
      2015 жылғы 26 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 27 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      __________________ Қ.Қасымов
      2015 жылғы 28 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады