"Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығына өзгеріс енгізу тралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 207 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 мамырда № 15094 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12503 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 207 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2015 жылғы
27 қарашадағы № 591
бұйрығымен
бекітілген

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдардың тізбесі

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы басшысының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметі басшысының орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;

      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;

      әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметінің басшысы;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас консультанты – мемлекеттік аудиторы.

      Ескертпе:

      Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолданылады, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттерін негізге ала отырып, өзге лауазымдар атаулары теңестіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады