Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12531 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Е.Ы.Байтұқбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерін ресми жариялауға баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сағыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы         А. Рау

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 30 қараша

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін 
атқарушының 2015 жылғы
26 қарашадағы   
№ 1103 бұйрығымен  
бекітілген    

Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы азаматтық
қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Бөлім Саты Лауазымдарының атауы

А блогы - Басқарушы персонал

А1

1

Республикалық маңызы бар ММ* басшы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ* басшының орынбасары

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ* Бас бухгалтері

2

Республикалық маңызы бар ММ* қызметінің (басқарманың) басшысы

А3

1

Республикалық маңызы бар ММ* бөлімшесінің (бөлімінің) басшысы

3

Республикалық маңызы бар ММ* жетекші инженері

3-1

Республикалық маңызы бар ММ* аға инженері

В блогы - Негізгі персонал

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санаттағы инженер

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы инженер

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы инженер

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ инженер, жүйе әкімшісі

С блогы – Әкімшілік персонал

С1


Мұрағат меңгерушісі, бас редактор, бас жүйе әкімшісі

С2


Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: кадрлар жөніндегі инспектор, заңгер, экономист, редактор, бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, аудармашы, әдіскер

С3


Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар: кадрлар жөніндегі инспектор, заң кеңесшісі, экономист, редактор, бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, әдіскер, шаруашылық меңгерушісі, қойма меңгерушісі

D блогы - Қосалқы персонал

D


Техникалық орындаушылар: хатшы, іс жүргізуші, мұрағатшы

      Ескертпе:
      * - ММ – мемлекеттік мекеме;

Геология және жер қойнауын  
пайдалану саласындағы азаматтық
қызметшілер лауазымдарының  
тізіліміне қосымша     

Басқару жауапкершілігінің дәрежесіне байланысты республикалық,
облыстық, аудандық маңызы бар ұйымдарда геология және жер
қойнауын пайдалану саласының мемлекеттік мекемелерінің таралуы

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі республикалық манызы бар мекемелерге жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады