Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12539 болып тіркелді

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы»
2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалсын.
      2. «Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын анықтау туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 392 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10948 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                  Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады