БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларының қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9522 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанында:
2-бөлімде:
2.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.5 Оңалту жоспарын*, оңалту жоспарына өзгертулерді және
толықтыруларды енгізіп* бекіту туралы сот ұйғарымы 20__ жылғы
«___»________________________________________ шығарылды.
(соттың атауы)
Оңалту жоспарын, оңалту жоспарына өзгертулерді және
толықтыруларды келісу туралы кредиторлар жиналысының 20___ жылғы
«___»_____________ № _____хаттамасы.»;
мынадай мазмұндағы 2.6-тармақпен толықтырылсын:
«2.6 Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және
оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімі 20__ жылғы
«___»_________________________________________________ шығарылды;
(соттың атауы)
Борышкер «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 95-1-бабына сәйкес банкроттық рәсімнен оңалту рәсіміне көшкен жағдайда 2.6-тармақ толтыруға жатады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысанында:
13-бөлім мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Егер, банкроттық рәсімін өткізу кезеңінде банкрот кәсіпорын сатуды жүзеге асырған жағдайда 1, 2, 3, 4, 5, 7 және 13-бөлімдер толтырылуға жатады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б.Сұлтанов