Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12562 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 5-тармағының 274) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      2015 жылғы



  Энергетика министрінің
Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 691 бұйрығымен
бекітілген

Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 251 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 5-тармағының 274) тармақшасына сәйкес әзірленді және жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалар электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілеріне қолданылады.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) диспетчер – төмен тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчеріне немесе электр энергетикасы субъектілерінің жедел персоналына тиісті диспетчерлік орталықтың операциялық аймағында электр энергетикасының режимі мен электр жабдығын, құрылғылары мен электр желілерін пайдаланудың жай-күйін басқару жөнінде диспетчерлік орталықтың атынан командалар мен өкімдер беруге уәкілетті қызметкер;

      2) диспетчерлік команда – жоғары тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчері байланыс арналары бойынша төмен тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчеріне немесе электр энергетикасы субъектілерінің жедел персоналына технологиялық жұмыс режимдері мен электр жабдығын, құрылғылары мен электр желілерін пайдалану жай-күйін басқару жөнінде нақты іс-қимыл (іс-қимылдар) жасауға (жасаудан қалыс қалуға) беретін нұсқауы;

      3) жедел басқару – көрсетілген жабдықтың, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйі тиісті диспетчерлік орталық диспетчерінің командасы бойынша ғана өзгертілетін электр жабдығын, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйін басқаруды ұйымдастыру;

      4) жедел жүргізу – көрсетілген жабдықпен, құрылғылармен және электр желілерімен операцияларды орындау кезінде көрсетілген жабдық пен құрылғы бар жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары тұрған диспетчерінің рұқсатымен жүргізілетін электр жабдығының, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйін басқаруды ұйымдастыру;

      5) жүйелік шектеулер – Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – Қазақстан БЭЖ-і) технологиялық жұмыс істеу параметрлерінің шекті рұқсат етілетін мәндері;

      6) Қазақстан БЭЖ-інің қалыпты жұмыс режимі – режимді жоспарлау кезінде көзделген электр энергетикасы жүйесінің барлық элементтері жұмыс істейтін және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес электр энергиясының барлық тұтынушыларын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін қалыптасқан жұмыс режимі;

      7) Қазақстан БЭЖ-інің авариядан кейінгі жұмыс режимі – электр энергетикасы жүйесінің зақымданған элементін авариялық ажыратудан кейін туындайтын және қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіргенге дейін жалғасатын қалыптасқан режим;

      8) Қазақстанның БЭЖ-і электр қуатының резерві – шартта көзделген талаптарға сәйкес келетін қажетті құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге дайындық дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;

      9) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – есепті кезеңде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін көрсететін жүйелік оператор жасаған құжат;

      10) орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару – жүйелік оператор жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;

      11) цифрлық майнинг – блокчейн арқылы ақпараттандыру объектілеріндегі деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлаудың және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік, энергетикалық қуаттарды пайдалана отырып, есептеу операцияларын жүргізу процесі;

      12) электр энергиясын сатып алу-сату шарты – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында белгіленген кезеңде оларды табиғи жеткізумен электр энергиясын сатып алуға-сатуға жасалатын келісім;

      13) электрмен жабдықтауды шектеу – тұтынушыға электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтату;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне шарт негізінде жүйелік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:

      1) ұлттық электр желiсi бойынша электр энергиясын беру бойынша;

      2) ұлттық электр желісін пайдалану бойынша;

      3) тұтынуды техникалық диспетчерлендiру бойынша;

      4) электр қуатын резервтеу жөніндегі;

      5) Қазақстан БЭЖ-інің электр энергиясын өндіру (тұтыну) теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету.

2-тарау. Жүйелік оператордың қызмет көрсету тәртібі

1-параграф. Жүйелік қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуі тәртібі

      5. Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтері:

      1) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 7-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға;

      2) Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілеріне;

      3) шартты тұтынушыларға, гибридті топ тұтынушыларына өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде;

      4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне;

      5) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарына беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жүйелік оператордың ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметіне ақы төлеу былай жүргізіледі:

      1) электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы нақты баланс деректері негізінде электр энергиясы экспортының нақты көлемі үшін;

      2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілері нақты теңгерім деректері негізінде электр энергиясы импортының нақты көлемі үшін;

      3) шартты тұтынушылар, гибридті топ тұтынушылар өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде шарттың талаптарына сәйкес айқындалған, сондай-ақ электр энергиясының жиынтық нақты көлемі үшін, есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) алынған қорытындылары бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығынан, оның ішінде тиісті есеп айырысу кезеңінде электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгерімінің деректері негізінде айқындалған теңгерім провайдерлері арқылы алынған электр энергиясын берудің нақты көлемі үшін;

      4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері – шарттың талаптарына сәйкес айқындалған электр энергиясын жеткізудің нақты көлемдері үшін;

      5) ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары – тиісті шарттарда айқындалған электр энергиясын берудің нақты көлемі үшін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде жүйелік оператор:

      1) жалғануға техникалық талаптарды орындаған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр қондырғыларын ұлттық электр желісіне қосуды қамтамасыз етеді;

      2) субъектінің электр энергиясын ұлттық электр желісіне шартта келісілген баланстық тиесілілікті бөлу шекараларында, есепке алу нүктелерінде, көлемі мен мерзімдерінде қабылдауды жүзеге асырады. Бұл ретте жасалатын шарттарда субъект электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының есеп айырысу орталығынан, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы сатып алған жағдайларда қабылдау нүктелері көрсетілмейді;

      3) шартта келісілген теңгерімді тиесілілік есепке алу нүктелеріндегі бөлу шекараларында, көлемде және мерзімде субъектінің электр энергиясын ұлттық электр желілерінен беруді жүзеге асырады;

      4) ұлттық электр желісін жұмысқа жарамды күйде ұстап тұрады;

      5) ұлттық электр желісінің ағымдағы дамуын, пайдаланылуы мен қызмет көрсетуін, ұлттық электр желісіне инвестициялар жоспарлауды жүзеге асырады;

      6) релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді, оларды пайдалану әзірлігінде ұстап тұру және дамытуды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан БЭЖ-дегi электр энергиясының стандартты жиiлiгін ұстап тұруға бағытталған шараларды орындайды;

      8) ұлттық электр желісі шегінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгерімін жасайды;

      9) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қолжетімділікті ұсынады;

      10) электр энергиясын генерация-тұтыну режимінің тәуліктік кестесін қалыптастыру үшін сатып алынатын электр энергиясының шарттық көлемдері бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен өтінімдер қабылдайды;

      11) электр энергиясын беру және тұтыну режимдерін жүргізу бойынша өкімдер береді.

      8. Жүйелік оператордан электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсетуді сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері:

      1) жүйелік операторға электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қолжетімділікті ұсынады;

      2) Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясының стандарттық жиілігін ұстап тұруға бағытталған нормативтік талаптарды орындайды;

      3) ток қабылдағыштардың және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті жай-күйін ұстап тұрады;

      4) жүйелік оператордың электр энергиясын беру және тұтыну режимін жүргізу жөніндегі өкімдерін орындайды;

      5) осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес бекітілетін нұсқаулықтардың ережелерін орындайды;

      6) жүйелік операторға электр энергиясын беруге арналған болжамды айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын), тоқсандық (тоқсан басталғанға дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын), жылдық (жыл басталғанға дейін күнтізбелік 150 (жүз елу) күн бұрын) өтінімдерді береді;

      7) шектес елдердің электр желілері арқылы электр энергиясының импорты, экспорты және (немесе) транзиті жағдайында қажетті кедендік рәсімдерді орындайды;

      8) энергия беруші ұйымдармен коммерциялық есепке алудың бірыңғай өлшемін сақтау, электр желілерінің теңгерімді тиесілігі шекарасында коммерциялық есепке алудың жүйелік оператордың автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесімен үйлесімдігі мәселелерін келіседі.

      9. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер Заңның 13-бабы 7-2-тармағына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде көрсетіледі.

      Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының басқа субъектілерін қоспағанда, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне олар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде көрсетілмейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі жүйелік оператордың қызметіне ақы төлеуді осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясының бірыңғай сатып алушысынан және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығынан, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы электр энергиясының осы көтерме сауда нарығының субъектісінің есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша алынған электр энергиясының жиынтық нақты көлемі үшін жүргізеді.

      11. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының есеп айырысу орталығынан, оның ішінде теңгерім провайдері арқылы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша алынған электр энергиясының жиынтық нақты көлемі тиісті есеп айырысу кезеңінде электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгерімінің деректері бойынша айқындалады.

      12. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметтер көрсету кезінде жүйелік оператор:

      1) бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының есеп айырысу орталығынан электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі сатып алған электр энергиясын ұлттық электр желісінен шартта келісілген теңгерімдік тиесілігін бөлу шекараларында, есепке алу нүктелері мен мерзімдерінде беруді жүзеге асырады;

      2) ұлттық электр желісін жұмыс күйінде ұстайды;

      3) ұлттық электр желісін ағымдағы дамытуды, пайдалануды және оған қызмет көрсетуді, ұлттық электр желісіне инвестицияларды жоспарлауды жүзеге асырады;

      4) релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді, пайдалану әзірлігін қолдауды және дамытуды жүзеге асырады;

      5) Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясының стандартты жиілігін қолдауға бағытталған шараларды орындайды;

      6) Ұлттық электр желісі шегінде электр энергиясының коммерциялық есебін қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгерімін жасайды;

      7) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      8) электр энергиясын генерация-тұтыну режимдерінің тәуліктік кестесін қалыптастыру үшін сатып алынатын электр энергиясының шарттық көлемі бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен өтінімдер қабылдайды;

      9) электр энергиясын беру және тұтыну режимдерін жүргізу жөнінде өкімдер береді.

      13. Жүйелік оператордан ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері:

      1) жүйелік операторға электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуді ұсынады;

      2) Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясының стандартты жиілігін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындайды;

      3) электр энергиясын коммерциялық есепке алу ток қабылдағыштары мен аспаптарының тиісті жай-күйін қолдайды;

      4) электр энергиясын тұтыну режимін жүргізу бойынша жүйелік оператордың өкімдерін орындайды;

      5) осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес бекітілетін нұсқаулықтардың ережелерін орындайды;

      6) энергия беруші ұйымдармен коммерциялық есептің өлшем бірлігін сақтау, коммерциялық есептің электр желілерінің теңгерімдік тиесілілігі шекарасындағы жүйелік оператордың коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесімен үйлесімділігі мәселелерін келіседі.

      14. Жүйелік оператор электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлеу қызметін энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы, энергия жеткізуші ұйымдарға және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден электр энергиясын жеткізуді (импорттауды), соның ішінде Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінен іргелес мемлекеттер территориясы арқылы электр энергиясын жеткізетін тұтынушыларға көрсетеді.

      15. Техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде жүйелік оператор:

      1) Заңға және осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфына сәйкес Қазақстан БЭЖ-інің құрамында электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр қондырғыларының жұмыс режимдерін үздіксіз орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды;

      2) жедел-диспетчерлік басқару, телемеханика және байланыс жабдықтары мен құрылғыларына, жедел-ақпараттық кешенге техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану әзірлігінде ұстауды;

      3) Қазақстан Республикасы БЭЖ-інде электр энергиясы сапасының стандарттарымен белгіленген көрсеткіштерін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауды;

      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10957 болып тіркелген) Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына және Заңға сәйкес белгіленген талаптарға жауап беретін электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз ету.

      16. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-ін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару процесінде:

      1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеу шарттарының талаптарын іске асыратын Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдерін басқаруды;

      2) мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының режимдерін басқаруды;

      3) Қазақстан БЭЖ-інде технологиялық бұзылуды болдырмауды, оқшаулау мен жоюды қамтамасыз етуді;

      4) Қазақстан БЭЖ-інде қуат резервтерін жедел басқаруды;

      5) Қазақстан БЭЖ-інің сенімді және орнықты жұмысын қамтамасыз ететін релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің құрылымын, қағидаттарын, орналасу орындарын, көлемдері мен орнатылуын айқындауды;

      6) Қазақстан Республикасының БЭЖ-інде электр энергиясын генерация-тұтынудың тәуліктік кестелерін қалыптастыруды және бекітуді;

      7) электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасауды жүзеге асырады.

      17. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру, беру мен тұтыну режимдерін басқаруды:

      1) станциялардың қуатын беру схемасын, ірі тұтынушылардың электр схемалары мен режимдері бөлігінде сыртқы электрмен жабдықтау схемаларын, релелік қорғанысты, аварияға қарсы автоматика мен диспетчерлік басқарудың автоматты жүйесін келісу;

      2) электр станциялары мен электр желілерінде, технологиялық басқару, релелік қорғау және автоматика жүйелерінің негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайларды жоспарлау және дайындау;

      3) электр энергиясының көтерме сауда нарығында жасалған шарттардың талаптарын бұзатын, сондай-ақ қатар электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету шартының талаптарын бұзатын электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілеріне шектеулер енгізу жөніндегі шараларды әзірлеу;

      4) шектес мемлекеттердің диспетчерлік орталықтарымен, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жедел-диспетчерлік құжаттарды әзірлеу;

      5) жедел-диспетчерлік басқару аймағына кіретін Қазақстан Республикасының шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенін электрмен жабдықтау жай-күйі туралы электр энергетикасы және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы мемлекеттік органдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      6) жедел-диспетчерлік басқару аймағына кіретін гидроэлектр станциялары мен су қоймаларын пайдалану режимдерін мониторингілеу;

      7) жүйелік оператордың құзыретіне кіретін нұсқаулық материалдарды әзірлеу және олармен орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару жүйесінің барлық құрылымдарын қамтамасыз ету;

      8) цифрлық майнингті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін квота мен тұтыну бейінін айқындау арқылы жүзеге асырады.18. Жүйелік оператор мемлекетаралық электр энергиясының ағындары режимімен басқаруды:

      1) шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмысты қамтамасыз етуге байланысты жасалған шарттар мен келісімдер талаптарының мониторингін жүргізу және оларды орындау;

      2) мемлекетаралық электр беру желілері бойынша электр энергиясын жеткізуге және беруге арналған шарттарға техникалық сараптама жүргізу және олардың талаптарының орындалуын бақылау;

      3) мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының келісілген мәндерінен ауытқуын реттеу арқылы жүзеге асырады.

      19. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару мынадай тәсілмен жасақталған көп деңгейлі құрылым негізінде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан БЭЖ-інде орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқарудың бірыңғай жүйесіндегі ең жоғарғы басқару деңгейі болып табылатын жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;

      2) орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде Қазақстанның жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығынан бағынатын жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтары;

      3) орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде Қазақстанның жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығына, жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына бағынатын өңірлік электр желілік компаниялардың, энергия өндіруші ұйымдардың, электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының диспетчерлік бөлімшелері.

      19-1. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ электр энергиясын сатып алу-сатудың нақты мәндерінің шектес энергия жүйелерімен шекарадағы жоспарланғаннан ауытқуын барынша азайту мақсатында, теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер бойынша жоғарылатуға немесе төмендетуге теңгерімдеу көлемдерінің жеткіліксіздігі жағдайында және (немесе) техникалық шектеулер салдарынан оларды іске қосу мүмкін болмаған кезде энергия өндіруші ұйымдарға генерацияны арттыруға Жүйелік оператордың диспетчерлік командаларын береді.

      Ескерту. 2-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Жүйелік оператор орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде технологиялық байланыс, релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика, телемеханика мен объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің, олардың жұмыс режимдерін бақылау, электр энергиясын есепке алу мен электр энергиясын тұтынуды басқару құралдарының құрылымын, дамуы мен пайдалануын ұйымдастыруды белгілейді.

      21. Орталықтандырылған-диспетчерлік басқарудың әрбір деңгейі үшін электр беру желілерін, жабдық пен құрылғыларды басқарудың екі санаты: жедел басқару мен жедел жүргізу белгіленеді.

      22. Жедел-диспетчерлік басқарудың тиісті деңгейіндегі диспетчердің жедел басқаруында олармен операциялар жүргізу бағыныстағы жедел-диспетчерлік персоналдың іс-қимылдары мен жедел бағыныстың түрлі деңгейіндегі бірнеше объектілерде келісілген өзгерістерді үйлестіруді талап ететін жабдық, электр беру желісі, релелік қорғау құрылғысы, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің аппаратуралары, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары болады.

      23. Диспетчердің жедел иелігінде жай-күйі мен режимі электр станциялары мен энергия жүйелерінің қуаты мен резервіне, желілердің режимі мен сенімділігіне, сондай-ақ аварияға қарсы автоматиканы ретке келтіруге әсер ететін жабдық, электр беру желілері, релелік қорғау құрылғылары, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің аппаратурасы, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары, жедел-ақпараттық кешендер болады.

      24. Барлық электр беру желілері, электр станциялары мен желілердің жабдықтары мен құрылғылары диспетчерлік басқару деңгейлері бойынша бөлінеді.

      25. Ұйымның кезекші диспетчерінің жедел басқаруындағы және иелігіндегі электр беру желілерінің, электр станциялары мен желілердің жабдығы мен құрылғыларының тізбесі жоғары тұрған жедел-диспетчерлік ұйымның немесе бөлімшенің шешіміне сәйкес жасалады және оны осы ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

      26. Жүйелік оператордың жедел иелігінде жай-күйі мен режимі өңірлік көтерме сауда тұтынушыларына ұлттық электр желісі бойынша қуатты беруге және аумақтармен ықпалдастырылған электр станцияларынан қуатты беруге әсер ететін электр беру желілері, жабдық, релелік қорғау және автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғылары, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары болады.

      27. Жабдық, релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғылары аталған жедел буында не жедел басқаруда, не жедел иелікте ғана болады. Желінің қандай да бір элементін ажырату үшін жұмыс істеп тұрған (сөндіру фактісі бойынша) релелік қорғау және автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғыларының жедел басқару шекарасы аталған элементті жедел басқарудың шекараларымен сәйкес келеді.

      28. Электр беру желілері, оларды іске қосу, қорғау, аварияға қарсы автоматика жүйелік оператордың, өңірлік электр желілік компанияның жедел басқаруында болады, бұл ретте желілерді қосу энергия объектілеріндегі кезекші персоналдың жедел басқаруында болады.

      29. Әрбір энергия объектісінде (электр станциялары, электр желілері) жабдықтарды тәулік бойы жедел басқару:

      1) жұмыстың талап етілетін режимін жүзеге асыру;

      2) ауыстырып қосуларды, іске қосулар мен тоқтатуларды жүргізу;

      3) технологиялық бұзылыстарды оқшаулау мен жұмыстың берілген режимін қалпына келтіру;

      4) жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындау жолдарымен ұйымдастырылады.

      30. Жедел-диспетчерлік басқару жедел схемалармен жинақталған диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарымен және бақылау жүйелерімен жабдықталған диспетчерлік пункттер мен басқару қалқандарынан жүзеге асырылады.

      31. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы № 247 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11066 болып тіркелген) Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларының 8-таруына сәйкес жедел-диспетчерлік басқарудың әрбір деңгейінде электр энергиясы нарығын ұйымдастыру ерекшелігі ескеріле отырып, жедел-диспетчерлік басқару, жедел келіссөздер мен жазбаларды жүргізу, ауыстырып қосу және авариялық режимдерді жою жөніндегі нұсқаулықтар әзірленеді.

      32. Жедел-диспетчерлік басқарудың түрлі деңгейлерінің өзара іс-қимыл жасауы жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары тұрған бөлімшесі бекітетін тиісті нұсқаулықтармен егламенттеледі. Нұсқаулықтарда мыналар:

      1) электр беру желілері мен жабдықтарды диспетчерлік басқару тәсілімен бөлу;

      2) электр станциялардың, электр беру желілері жұмысының берілген режимдерін жүргізу;

      3) электр энергиясы нарығындағы жедел-диспетчерлік басқару;

      4) байланыс пен телеөлшеулерді жеткізуді ұйымдастыру;

      5) жедел және технологиялық ақпараттарды беру;

      6) электр желілері жұмысының орнықтылығын және қалыпты режимдерін есептеу әдіснамасы;

      7) аварияға қарсы автоматика және релелік қорғау мен автоматика құрылғыларын ретке келтірудің негізгі өлшемдерін есептеу әдіснамасы;

      8) желілерді, жабдықтар мен аварияға қарсы автоматика және релелік қорғау мен автоматика құрылғыларын жөндеуге келісу;

      9) қатар жұмысты ұйымдастыру, ауыстырып қосуларды жүргізу, технологиялық бұзылыстарды жою мен релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын техникалық пайдалану мәселелері бойынша құжаттар әзірлеу және келісу;

      10) тәуліктік кестеде берілген режимді жасау және орындау;

      11) жиілік пен кернеуді реттеу;

      12) жедел ажыратып қосуларды жүргізу, сынақтар өткізу;

      13) жедел өтінімдерді беру;

      14) технологиялық бұзылыстарды жою;

      15) технологиялық бұзылыстар, жазатайым оқиғалар туралы ақпараттар беру;

      16) диспетчерлік басқару бойынша өздерінің негізгі функцияларын орындау кезіндегі құқықтар мен жауапкершіліктерді бөлу белгіленеді.

      33. Барлық деңгейлердегі жедел келіссөздер бірыңғай терминологияны, үлгілік өкімдерді, хабарламаларды қолдана отырып жүргізіледі және жедел-диспетчерлік құжаттамаға, сондай-ақ магнитофондық таспаға, компьютерге жазбалармен тіркеледі.

      34. Жедел диспетчерлік басқару субъектілері орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде Заңда және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында (бұдан әрі – Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары) белгіленген талаптарына сәйкес:

      1) орталықтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі нормаларының сақталуын, екі тәуелсіз бағыт бойынша өңірлік диспетчерлік орталықпен байланыстың болуын;

      2) электрмен жабдықтауға жасалған шарттар бойынша жүйелік оператор белгілеген режимдердің сақталуын;

      3) жүйелік операторды электр энергиясының нақты теңгерімдерін жасау үшін қажетті дұрыс және уақтылы ақпаратпен;

      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Электр желілік қағидаларына (бұдан әрі – Электр желілік қағидалары) сәйкес жүйелік оператордың жедел басқаруындағы Қазақстан Республикасының электр станциялары жабдықтарын жөндеу кестелерінің сақталуын;

      5) жүйелік оператордың жедел басқаруындағы, иелігіндегі релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика құрылғылары жұмыс режимдерінің және схемаларының сақталуын;

      6) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өкілетті орган белгілеген су қоймаларынан суды жіберуін орындау;

      7) аварияға қарсы автоматика жүйелері мен аспаптарын, автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі, релелік қорғау және автоматика құралдарын орналастыру және орнату жөнінде жүйелік оператордың нұсқауларының орындалуын және олардың тиісінше пайдаланылуын;

      8) диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының, соның ішінде жүйелік оператордың жедел-ақпараттық кешенімен біріздендірілген жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен, диспетчерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешенімен байланыс құралдарының болуын;

      9) берілудің тәуліктік кестелерін орындау үшін энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын қажетті көлемде сатып алуы арқылы авариялық істен шыққан қуаттарды алмастыруын қамтамасыз етеді;

      10) генерацияны арттыру үшін жүйелік оператордың диспетчерлік командаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Жедел-диспетчерлік басқару процесінде жүйелік оператор Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларында айқындалатын тәртіппен алдағы операциялық тәулікке күн сайын қалыптастырылатын тәуліктік кестені жасайды.

      36. Есептік кезеңнің нәтижелері бойынша жүйелік оператор осы Қағидаларға қосымшада ұсынылған нысан бойынша Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгерімін қалыптастырады. Электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгерімі облыстардың әкімшілік бөлінісіне, электр энергетикасының белгілі бір объектілерінің белгілі бір әкімшілік не қаржы ұйымдарына заңды тиесілігіне қарамастан энергия тораптары бөлінісінде қалыптастырылады. Көтерме сауда нарығы субъектілерімен өндіріс, беру, тұтыну көлемдерін салыстыру актілерінің көшірмелері, энергия беруші компаниялардың, оның ішінде өңірлік электр желілік компаниялардың электр энергиясын қабылдау-босатудың жиынтық нақты теңгерімдері, шекара маңындағы энергия жүйелерімен салыстыру актілерінің көшірмелері нақты теңгерімді жасау үшін есепті ақпарат болып табылады. Көтерме сауда нарығының субъектілері есепті ақпаратты жүйелік операторға есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін жібереді.

      37. Бірыңғай сатып алушымен және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен (-дармен) осы тұтынушымен адамдар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған шарттар шеңберінде электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің электр энергиясын сатып алу (сату) көлемі энергия көздері түзетулерді ескере отырып, мәлімделген көлемге теңестіріледі.

      Электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты шамаларының жоспарлыдан ауытқуы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында реттеледі.

      38. Жүйелік оператор өндіруші қуаттың тапшылығы туындаған жағдайларда қуатты резервтеу жөнінде көтерме сауда нарығының субъектілеріне қызмет көрсетеді және шартта келісілген көлемде және мерзімде резервтік қуаттың жеткізілуін жүзеге асырады.

      39. Жүйелік оператор қуатты резервтеу бойынша қызмет көрсету кезінде:

      1) шартта келісілген көлемде және мерзімде резервтік қуатты жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) резервтік қуатты жеткізуді күту режиміндегі қажетті шектерде ұлттық электр желісінің өткізу қабілетін қамтамасыз етеді;

      3) өндіруші қуаттың тапшылығы туындаған жағдайда резервтік қуатты сатып алудың, берудің және көтерме сауда нарығы субъектісіне жеткізудің шарттық талаптарын орындауды қамтамасыз етеді;

      4) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың болжамды теңгерімі негізінде қуатты резервтеу бойынша қызмет көрсетуге Қазақстан БЭЖ-інің қажеттілігін болжайды;

      5) Қазақстан БЭЖ-інде белгіленген электр энергиясының сапалық көрсеткіштерін қолдауға бағытталған шараларын "Электр энергиясы. Техникалық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігі. Жалпы мақсаттағы электрмен жабдықтау жүйелеріндегі электр энергиясы сапасының нормалары" 13109-97 МЕМС-на сәйкес орындайды.

      40. Электр энергиясын генерация-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер:

      1) энергия өндіруші ұйымдарға, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға;

      2) энергия беруші ұйымдарға;

      3) энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға;

      4) электр энергиясын тұтынушыларға;

      5) цифрлық кеншілерге;

      6) шартты тұтынушыларға, оның ішінде онымен бірге адамдардың бір тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушыларға және өнеркәсіптік кешендерге беріледі.

      41. Электр энергиясын генерация-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі жүйелік оператордың қызметіне ақы төлеу:

      1) энергия өндіруші ұйымдар энергия өндіруші ұйымдардың шиналарынан босатылған электр энергиясының нақты көлемдері үшін;

      2) электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алынған электр энергиясының нақты көлемі үшін энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен, тұтынушылармен және цифрлық кеншілермен;

      3) Өнеркәсіптік кешендерде меншік құқығында, жалға алу құқығында немесе генерациялайтын көздердің өзге де заттық құқығында олардың құрамындағы электр энергиясының нақты көлемдері, меншік құқығында, жалға алу құқығында немесе генерациялайтын көздердің өзге де заттық құқығында олардың құрамындағы электр энергиясының нақты көлемдері, сондай-ақ электр энергиясының нақты көлемдері, көтерме және теңгерімдеуші нарықтарда, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алынған электр энергиясының;

      4) өзімен бірге адамдардың бір тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында, оның ішінде олармен бірге адамдардың бір тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алынған электр энергиясының нақты көлемдері үшін электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушылар.

      42. Электр энергиясын генерация-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету кезінде жүйелік оператор Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген, Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) сәйкес функцияларды орындайды.

2-параграф. Қосалқы қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі

      43. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясының сенімділігі мен сапасының белгіленген нормаларын қамтамасыз ету үшін қосалқы қызметтерді шарттық негізде көтерме сауда нарығының субъектілерінен сатып алады.

      44. Қуатты (жиілікті) реттеу бойынша жүйелік операторға қосалқы қызмет көрсету кезінде бұл қызметтердің жеткізушілері:

      1) жүйелік операторға Қазақстан БЭЖ-де реттеуіш диапазонды құру үшін қажетті ақпаратты ұсынады;

      2) Заңға сәйкес өз жабдықтарының, реттеу жүйелерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етеді;

      3) жүйелік оператордың қосалқы қызметтер көрсету шарттарында белгіленген көлемдер мен мерзімдерге сәйкес электр энергиясы генерациясының (тұтыну) көлемін өзгерту өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      4) қосалқы қызметтер көрсету шарттарында белгіленген көлемдер мен мерзімдерге сәйкес электр энергиясы генерациясының көлемдерін өзгертуге жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесінің сигналдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте қуатты (жиілікті) реттеу бойынша қосалқы қызметтер көрсету үшін ең алдымен жиілік пен қуатты автоматты реттеуге жұмылдырылған және Электр желілік қағидаларына сәйкес Қазақстан БЭЖ-індегі жиілік және қуаттың сальдо-ағындарын реттеу бойынша электр станцияларына қойылатын талаптарға сай келетін қызмет жеткізушілері тартылады.

      45. Қуатты (жиілікті) реттеу бойынша қосалқы қызмет көрсету кезінде жүйелік оператор:

      1) қызмет көрсетушінің мәлімделген реттеу диапазонын ұсынуға дайындығына тестілеу жүргізеді;

      2) қосалқы қызмет көрсету шартында белгіленген көлем мен мерзімге сәйкес электр энергиясын өндіру (тұтыну) шамасының өзгеруіне, соның ішінде автоматты режимде, нұсқаулар береді. Қуатты (жиілікті) реттеу бойынша көрсетілген қызметтің нақты көлеміне шартта белгіленген тәртіппен ақы төленуге тиіс.

      46. Қуатты (жиілікті) реттеу бойынша қосалқы қызмет көрсетуге арналған шартта жүйелік операторға:

      1) қуатты (жиілікті) реттеу бойынша қызмет көрсетудің шартты көлемі;

      2) реттеудің кепілді ауқымы (МВт) және оны ұсыну тәртібі.

      47. Авариялық бұзылыстар жағдайларында оны жою үшін өндіруші агрегаттарды қосу (өшіру) немесе электр станциялары генераторларының белсенді жүктемесін өзгерту қажет болғанда, жүйелік оператор электр желісінің тиісті учаскесінде "авария" режимін енгізеді және Заңға сәйкес электр қуатының резервтерін қолданысқа енгізеді.

      48. Қазақстанның барлық электр станцияларының толық ажыратылуына әкелген авариялық бұзылыстар жағдайларында, жүйелік оператор шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шарттар, оның ішінде электр энергиясын сатып алу, қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетуге, авариялық өзара көмек туралы шарт негізінде энергия желілерін токтан ажыратылған күйден қосу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

      49. Қазақстанның БЭЖ-нің жекелеген бөліктерінің ажыратылуына әкелген авариялық бұзылыстар жағдайларында, жүйелік оператор электр қуаты резервтерін әзірлікте ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге, электр қуатын қалпына келтіру бойынша, қуатты реттеу бойынша қызмет көрсетуге, көтерме сауда нарығының субъектілерімен шарттарды қолдану арқылы токтан ажыратылған өңірде, электрлік қоректендіруді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

  Жүйелік оператордың қызмет
көрсету, жүйелік және қосалқы
көрсетілетін қызметтер нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
қосымша

Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___жылғы ______________

      Электр станцияларынан электр энергиясын жеткізу

      ( кВт. сағ)


Мәлімделген жеткізілім

Нақты жеткізілім

Өтінімнен ауытқу

Өтінімнен ауытқу %

Электр энергиясын жүйеге жалпы жіберу





Солтүстік Қазақстан (дәстүрлі энергия көздері)





Оңтүстік Қазақстан (дәстүрлі энергия көздері)





ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар (Солтүстік + Оңтүстік)





Батыс Қазақстан (дәстүрлі энергия көздері)





ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар (Батыс)





      Электр энергиясын жеткізу Солтүстік Қазақстан – Ресей Федерациясы

      20___жылғы___________

      (кВтсағ )

(Қазақстанға қатысты белгі, бірінші болып кімге сату жүзеге асырылатыны көрсетіледі)

Мәлімделген жеткізілім

Нақты жеткізілім

Өтінімнен ауытқу

Өтінімнен ауытқу %

Солтүстік Қазақстан-Ресей сальдо-ағыны






соның ішінде Солтүстік Қазақстанның экспорты барлығы:






















Солтүстік Қазақстанның импорты барлығы:


































Электр энергиясын жеткізу Батыс Қазақстан – Ресей Федерациясы

20___жылғы_____________








(кВтсағ )





Мәлімделген жеткізілім

Нақты жеткізілім

Өтінімнен ауытқу

Өтінімнен ауытқу %

(Қазақстанға қатысты белгі, бірінші болып кімге сату жүзеге асырылатыны көрсетіледі)


















Батыс Қазақстан – Ресей сальдо-ағыны






соның ішінде Батыс Қазақстанның экспорты
барлығы:














Батыс Қазақстанның импорты
барлығы:






































Орталық Азия БЭЖ-іне электр энергиясын жеткізу


20___жылғы_____________










( кВтсағ )





Мәлімделген жеткізілім

Нақты жеткізілім

Өтінімнен ауытқу

Өтінімнен ауытқу %













Орталық Азия БЭЖ-іне сальдо-ағын
барлығы:















соның ішінде Қазақстан экспорты барлығы:







Қазақстан импорты барлығы:






































Қазақстан Республикасының тұтынушыларына электр энергиясын жеткізу

20___жылғы_____________








( кВтсағ )


Мәлімделген жеткізілім

Жасыл электр энергиясының үлесі кВтсағ

Жасыл электр энергиясының үлесі %

Нақты жеткізілім

Тұтынушыларға электр энергиясын жиынтық жеткізу:





соның ішінде Солтүстік аймақтың тұтынушыларына жеткізу 





соның ішінде Павлодар энергия торабы 





Шығыс Қазақстан энергия торабы 





Абай энергия торабы 





Қарағанды энергия торабы 





Ұлытау энергия торабы 





Қостанай энергия торабы 





Ақмола энергия торабы 





Көкшетау энергия торабы





Солтүстік Қазақстан энергия торабы 





Ақтөбе энергия торабы





Оңтүстік аймақтың тұтынушыларына жеткізу





соның ішінде Жамбыл энергия торабы





Қызылорда энергия торабы





Түркістан энергия торабы





Алматы энергия торабы





Жетісу энергия торабы





Батыс аймақтың тұтынушыларына жеткізу





соның ішінде Батыс Қазақстан энергия торабы






Атырау энергия торабы





Маңғыстау энергия торабы













Қазақстан Республикасының энергия тораптары бойынша тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу

20___жылғы__________








( кВтсағ )





Бекітілген тәуліктік график, соның ішінде


Тұтынушылар

БСН

Теңгерім провайдері

Өнім беруші

Мәлімделген жеткізілім

Жасыл электр энергиясының үлесі

Жасыл электр энергиясының үлесі, %

Нақты жеткізілім

Павлодар энергия торабы

барлығы





1-тұтынушы








соның ішінде








оң теңгерімсіздік








теріс теңгерімсіздік








2-тұтынушы








соның ішінде








оң теңгерімсіздік








теріс теңгерімсіздік








……..








Шығыс Қазақстан энергия торабы

барлығы





1-тұтынушы








соның ішінде








оң теңгерімсіздік








теріс теңгерімсіздік








2-тұтынушы








соның ішінде








оң теңгерімсіздік








теріс теңгерімсіздік








……..








Абай энергия торабы

барлығы





….








Қарағанды энергия торабы

барлығы





….








Ұлытау энергия торабы

барлығы





…….








Қостанай энергия торабы

барлығы





…….








Ақмола энергия торабы

барлығы





…….








Көкшетау энергия торабы

барлығы





…….








Солтүстік Қазақстан энергия торабы

барлығы





…….








Алматы энергия торабы

барлығы





…….








Жетісу энергия торабы

барлығы





…….








Жамбыл энергия торабы

барлығы





…….








Түркістан энергия торабы

барлығы





…….








Қызылорда энергия торабы

барлығы





…….








Ақтөбе энергия торабы

барлығы





…….








Батыс Қазақстан энергия торабы

барлығы





…….








Атырау энергия торабы

барлығы





…….








Маңғыстау энергия торабы

барлығы





…….
























Электр станцияларының электр энергиясын жеткізу









соның ішінде





Нақты жеткізілім

Мәлімделген жеткізілім

оң теңгерімсіздік

теріс теңгерімсіздік





Желіге босату 1-станция





Электр энергиясын жеткізу





соның ішінде 1-тұтынушы





2-тұтынушы












Желіге босату 2-станция





Электр энергиясын жеткізу





соның ішінде 1-тұтынушы





2-тұтынушы












Желіге босату N-станция





Электр энергиясын жеткізу





соның ішінде 1-тұтынушы





2-тұтынушы












"KEGOC" АҚ электр энергиясын жеткізу







Мәлімделген жеткізілім

Нақты жеткізілім

Өтінімнен ауытқу

Өтінімнен ауытқу %





"KEGOC" АҚ электр энергиясын сатып алу 






Бірыңғай сатып алушыдан








"ИНТЕР РАО" ЖАҚ-дан (Мыңкөл, Уәлиханов)






"ИНТЕР РАО" ЖАҚ-дан (теңгерімдеуші нарық)






ЭТН Есеп айырысу орталығынан








соның ішінде "ИНТЕР РАО" ЖАҚ үшін
...






"KEGOC" АҚ теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу





Шығындарды өтеу үшін "KEGOC" АҚ электр энергиясын жеткізу





Солтүстік ЖЭТ








Шығыс ЖЭТ








Орталық ЖЭТ








Сарыбай ЖЭТ








Ақмола ЖЭТ








Алматы ЖЭТ








Оңтүстік ЖЭТ








Ақтөбе ЖЭТ








Батыс ЖЭТ








Шаруашылық қажеттіліктер








соның ішінде Солтүстік ЖЭТ








Шығыс ЖЭТ








Орталық ЖЭТ








Сарыбай ЖЭТ








Ақмола ЖЭТ








Алматы ЖЭТ








Оңтүстік ЖЭТ








Ақтөбе ЖЭТ








Батыс ЖЭТ








"ИНТЕР РАО" ЖАҚ үшін (теңгерімдеуші нарық)








ЭТН есеп айырысу орталығы үшін








соның ішінде "ИНТЕР РАО" ЖАҚ үшін








"KEGOC" АҚ теріс теңгерімсіздіктерін сату






















"Қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС электр энергиясын жеткізу (Бірыңғай сатып алушы)
















Бекітілген тәуліктік график

жасыл электр энергиясының үлесі

жасыл электр энергиясының үлесі
%

















Қазақстанның энергия көздерінен электр энергиясын сатып алу барлығы






Дәстүрлі энергия көздерінен электр энергиясын сатып алу (Солтүстік)






1-станция








2-станция








…………..








N станциясы








ЖЭК объектілерінен электр энергиясын сатып алу (Солтүстік)






1-станция








2-станция








…………..








N станциясы








Дәстүрлі энергия көздерінен электр энергиясын сатып алу (Оңтүстік)






1-станция








2-станция








…………..








N станциясы








ЖЭК объектілерінен электр энергиясын сатып алу (Оңтүстік)








1-станция








2-станция








…………..








N станциясы








Дәстүрлі энергия көздерінен электр энергиясын сатып алу (Солтүстік)






1-станция








2-станция








…………..








N станциясы








ЖЭК объектілерінен электр энергиясын сатып алу (Батыс)







1-станция








2-станция








…………..








N станциясы








Импорт сатып алу








ЭТН Есеп айырысу орталығы








Қазақстан тұтынушыларына электр энергиясын жеткізу барлығы






Тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу (Солтүстік)








1-тұтынушы








2-тұтынушы








……………..








N тұтынушы








Тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу (Оңтүстік)






1-тұтынушы








2-тұтынушы








……………..








N тұтынушы








Тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу (Батыс)






1-тұтынушы








2-тұтынушы








……………..








N тұтынушы








ЭТН Есеп айырысу орталығы
























Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының электр энергиясын жеткізуі









( кВтсағ )


Нақты жеткізілім

 Мәлімделген жеткізілім 

Теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу

Теріс теңгерімсіздіктерді сату

Оң теңгерімсіздіктерді сатып алу





Солтүстік аймақ тұтынушылары





соның ішінде 1-теңгерім провайдері







2-теңгерім провайдері







…………..







N теңгерім провайдері





Оңтүстік аймақтың тұтынушылары





соның ішінде 1-теңгерім провайдері





2-теңгерім провайдері





………………





Батыс аймақтың тұтынушылары





соның ішінде 1-теңгерім провайдері





2-теңгерім провайдері





………………





N теңгерім провайдері





Теріс теңгерімсіздіктерді сату





Солтүстік аймақ тұтынушылары





соның ішінде 1-теңгерім провайдері





2-теңгерім провайдері





………………





N теңгерім провайдері





Оңтүстік аймақтың тұтынушылары





соның ішінде 1-теңгерім провайдері





2-теңгерім провайдері





………………





N теңгерім провайдері





Батыс аймақтың тұтынушылары





соның ішінде 1-теңгерім провайдері





2-теңгерім провайдері





………………





N теңгерім провайдері






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады