Аралас тасымалдар қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12569 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Аралас тасымалдар қағидалары бекітілсін.
      2. «Тікелей аралас тасымалдар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 52-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3464 болып тіркелген, 2005 жылғы № 9-13, 37-құжат "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті (Д.Қ. Сәбитов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                       А. Рау

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________Б.Сұлтанов
      2015 жылғы 9 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________Е.Досаев
      2015 жылғы 8 желтоқсан

Қазақстан Республикасы   
Инвестициялар және даму  
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 қарашадағы  
№ 1104 бұйрығымен бекітілді

Аралас тасымалдар қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аралас тасымалдар қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді, аралас тасымалдарды жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын, аралас тасымалдың шарттарын жасасудың және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимылдың негізгі ережелері мен тәртібін, бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы аумағында аралас тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
      3. Осы Қағидаларда клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) ұғымында тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес, ал аралас тасымалдау кезінде жасалған аралас тасымалдау шартына сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға пайдаланылады.
      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Заңда белгіленген мағыналарда қолданылады.

2. Аралас тасымалдарды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары

      4. Аралас тасымалдар операторы (бұдан әрі – Оператор) аралас тасымалдардың ұйымдастырылуын жүзеге асырады және жүкті тасымалдау үшін клиентпен аралас тасымалдар шартын жасасады.
      5. Аралас тасымалды жүзеге асыру үшін оператор әртүрлі көлік түрлері тасымалдаушыларымен аралас тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимыл шартын жасасады.
      6. Егер аралас тасымалдар шартымен өзгеше белгіленбесе, оператор әрбір аралас тасымалдауға көлік түрін және тиімді маршрутты таңдайды.
      7. Қызмет көрсету және аралас тасымалдар шартын орындау оператор жүкті өзінің иелігіне қабылдағанын, сондай-ақ оның жүкті аралас тасымалдар шартына сәйкес жеткізу міндеттемелерін растайтын, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда рәсімделетін, бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) куәландырылады.
      8. Аралас тасымалдар шартына сәйкес клиент операторға жүк және оны тасымалдау шарттары туралы ақпаратты, сондай-ақ бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментті) толтыруға және тасымалдауды жүзеге асыруға қажетті өзге де ақпаратты береді.
      9. Клиент жүкті операторға бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаттың (бірыңғай коносаменттің) бірінші нұсқасын ұсынғанда береді.
      10. Жүкті өзінің иелігіне алған кезде оператор оны бірінші аралас тасымалдауға қатыстырылған тасымалдаушыға өзінің жол жүру кесіндісінде жүкті ілгерілету үшін береді.
      11. Соңғы тасымалдаушы межелі пунктке келгенде ол жеткізілген жүкті бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатта (бірыңғай коносаментте) көрсетілген, бұл туралы ол аралас тасымалдар шартына сәйкес уақтылы хабардар етілген тұлғаға береді.
      12. Клиент оператордан тасымалдаудың тоқтатылуын немесе жүктің қайтарылыуын талап етуі немесе аралас тасымалдар шартының ережелеріне сәйкес басқа да өкім беруі мүмкін.
      13. Клиент маршруттың, жеткізудің соңғы пунктінің өзгеруі, жүк алушыны ауыстыру туралы, жүк тасымалын тоқтата тұру немесе тасымалдың қосымша шығындарға әкеліп соқтырған алғашқы аралас тасымалдар шартының басқа да маңызды талаптарының өзгеруі туралы нұсқау берсе, онда бұл шығыстардың орнын клиент толтырады.
      14. Клиенттің аралас тасымалдар шартын өзгерту туралы барлық нұсқаулары жазбаша нысанда және аралас тасымалдар шартында белгіленген мерзім шегінде болуы тиіс.
      15. Тасымалдаушылар жүктерді оларды аралас тасымалдауға қабылдауды аяқтаудың жарияланған мерзімінен кейін қабылдаған жағдайда, тасымалдау шарттарының өзгеруі бойынша шығыстар (сақтау, қайта жіберу, кірепұлының артуы), егер аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартымен өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының есебінен жүзеге асырылады.
      16. Теңіз және өзен порттары навигацияның ашылу және жабылу кезеңінде оператормен және көліктің басқа түрлерінің тасымалдаушыларымен келісім бойынша, тасымалдаушылардан порттардың жүктерді қабылдауды бастау мен аяқтау мерзімін белгілейді. Оператор су көлігімен тасымалдаушының жүкті тасымалдауына навигация кезеңі жабылғаннан кейін рұқсат бермейді.
      17. Аралас тасымалдау және жүкті тиеу жұмыстары теміржол станциялары, порттар, автостанциялар, автовокзалдар, әуежайлар, көлік-логистика орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
      18. Жүкті тиеу кезінде жүкті тапсырған тасымалдаушы және жүкті қабылдаған тасымалдаушы немесе жүк алушы жүктің сақталуын және оның бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатындағы (бірыңғай коносаменттегі) мәліметтерге сәйкестігін тексереді.

3. Аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарының негізгі ережелері және жасасу тәртібі

      19. Аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жасалады.
      20. Аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарындағы негізгі ережелер Заңда көзделеді.
      21. Заңда осы Қағидаларда көзделмеген аралас тасымалдауды ұйымдастырудың ережелері аралас тасымалға қатысушылардың келісуі бойынша аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарында айқындалады.
      22. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты оператор мен клиент арасында аралас тасымалдар шарты жасалғаннан кейін оператор мен әртүрлі көлік түрлері тасымалдаушылары арасында жасалады.
      23. Тұрақты аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдауды, егер тиісті шарттар көзделген болса, бұрын жасалған аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарына сәйкес жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
      24. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты жасалған және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті жағдайлар болған кезде жасалған аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарының негізінде оператор аралас тасымалдар шартын жасауы мүмкін.
      25. Клиент операторға аралас тасымалды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін аралас тасымалдар шартына сәйкес ақысын төлейді.
      26. Оператор аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартына сәйкес аралас тасымалдаудың барлық қатысушыларымен есеп айрысуды қамтамасыз етеді.
      27. Жүкті тасымалдау, жүкті аралас тасымалдау кезінде туындайтын қосымша алымдар мен өзге де төлемдер аралас тасымалдар шартымен және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартымен айқындалады.

4. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) толтыру тәртібі

      28. Аралас тасымалдар кезінде жүкті тасымалдауға қабылдау пунктінде (жөнелту пункті) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) ресімделеді.
      29. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) төрт данада жасалады:
      бірінші дана клиентке ол қол қойған кезде аралас тасымалдау басталғанға дейін беріледі;
      екінші дана операторда ол қол қойғаннан кейін аралас тасымалдау басталғанға дейін қалдырылады;
      үшінші дана аралас тасымалдауды жүзеге асыратын бірінші тасымалдаушыға, кейін оны аралас тасымалдауды жүзеге асыратын келесі тасымалдаушыға беру үшін беріледі және тасымалдаушылардың және көлік түрлерінің санына қарамастан жүкпен бірге барлық жол жүру кезінде жүреді;
      төртінші дана үшінші данамен бірге ілесіп жүреді және жүк алушыға жүк жеткізілген сәтте ол қол қойған кезде беріледі.
      Оператор мен клиенттің шешімі бойынша бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) даналар саны өзгертілуі мүмкін.
      30. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) жазбаша нысанда жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) оператордың атауы мен оның мекенжайы;
      2) клиенттің атауы мен оның мекенжайы;
      3) жүк алушының атауы мен хабарландыру үшін оның мекенжайы;
      4) жүктің атауы, оны сәйкестендіру үшін қажетті жалпы сипаты, құны, таңбалауы (код), түрі, сипаттамасы, салмағы және габариттері;
      5) оператормен жүкті өз иелігіне қабылдау күні;
      6) жөнелту пункті (жүкті тиеу орны);
      7) межелі пункт (жүкті жеткізу орны);
      8) жеткізу орнына жүкті жеткізу мерзімі, егер ол тараптармен тікелей келісілсе;
      9) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатына (бірыңғай коносаментіне) қол қойылған, жүкті оператор өз иелігіне қабылдаған күні;
      10) клиент қоса беріп отырған ілеспе құжаттар тізбесі;
      11) пломбалардың саны мен белгісі (тасымалдауға қатыстырылған көліктің әрбір түрінде қабылданған қағидаларға сәйкес бар болған кезде);
      12) аралас тасымалдауға қатысушылардың қолы;
      13) тасымалдың болжамды маршруты және қолданылатын көлік түрлері;
      14) аралас тасымалдауға қатысушы тасымалдаушылардың атауы;
      15) егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатына (бірыңғай коносаментіне) аралас тасымалдауға қатысушылармен келісім бойынша енгізілуі мүмкін өзге де мәліметтер.
      31. Осы Қағидалардың 30-тармағының 1)-10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерден тұратын бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаментінің) алдыңғы бетін оператор толтырады, оператор мен клиент қол қояды, бұл жүктің олар алынғандығын куәландырады.
      32. Осы Қағидалардың 30-тармағының 11)-15) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерден тұратын бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) ішкі бетін оператор толтырады, аралас тасымалдауды жүзеге асыратын оператор және бірінші тасымалдаушы қол қояды, бұл жүкті олар қабылдағанын куәландырады.
      33. Қажет болған жағдайда жүру жолында тасымалдаушылар бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментін) толықтырады, ал бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) ішкі бетінде көрсетілген тасымалдаушылар саны, егер аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартымен өзгеше көзделмесе, өзгертілуі мүмкін.
      34. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатына (бірыңғай коносаментке) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын көлік түрі үшін белгіленген және жөнелту пунктінен тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің сол түрі үшін ресімделетін тасымалдау құжаты (тасымалдау құжатының жиынтығы) қоса ұсынылуы мүмкін.

5. Аралас тасымалдар кезіндегі залалдар және оларды анықтау тәртібі

      35. Жүкті жеткізу мерзімдері көліктің әрбір түрі бойынша жеке анықталады және аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарына сәйкес есептеледі.
      36. Егер жүкті мерзімінде жеткізуге мүмкіндік бермейтін мән-жайлар оператордың қателері немесе кемшіліктері салдарынан болған жағдайда, жүкті жеткізуден немесе жеткізуде мерзімін өткізіп алудан туындаған залалдарды оператор өтейді.
      37. Клиентте тасымалдаудың кідіруімен байланысты залалдар туындаған жағдайда жүк алушы мен оған жүкті тапсыратын тасымалдаушы тасымалдаудың кідіруімен байланысты залалдардың себептері туралы құжаттар дайындайды.
      38. Жүкті жеткізіп беруді кешіктіргенінен туындаған залалдарды клиентке немесе жүк алушыға оператормен, ал операторға – тасымалдаушы, клиенттің немесе жүк алушының үшінші тараппен жасалған шарттық міндеттемелерде анықталған мөлшерінде, келтірілген залалдарды, айырылып қалаған пайданы қоса алғанда, клиентпен немесе жүк алушымен растайтын құжаттар ұсынылғанда өтеледі.
      39. Тасымалдаудың кідіруімен байланысты залалдардың себептері туралы аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы бір жақты тәртіппен жасаған құжаттарды, дау жағдайында басқа құжаттармен қатар сот бағалауға тиiс.
      40. Егер, жүкті тасымалдаудың кідіруімен байланысты залалдар оның жоғалуына, жетіспеуіне немесе зақымдалуына алып келмесе, оператор клиентке, ал мерзімнің бұзылуына жол берген тасымалдаушы операторға жүкті жеткізу мерзімімен байланысты залалдарды аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарына сәйкес өтейді.
      41. Осы Қағидалармен реттелмеген бөлікте тасымалдау процесін басқару «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартына сәйкес жүзеге асырылады.

Аралас тасымалдар қағидаларына
қосымша           

Форма 
алдыңғы беті (мөлшері 148,5 х 210 мм)

Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты
(бірыңғай коносамент) №_____

Клиент _______________________ Жүк алушы ____________________
Мекенжай______________________ Мекенжай _____________________

Оператор_______________________
Мекенжай ______________________

Жүк туралы мәліметтер

Р/с №

Жүктің атауы

Таңбасы (код)

Саны мен түрі

Сипаттамасы, пломбалар туралы ақпарат

Брутто салмағы

Габариттік өлшемдер















Жиыны







Құны







Тасымалдаудың ерекше шарттары____________________________________
_________________________________________________________________

Қоса берілетін құжаттар тізбесі____________________________________
___________________________________________________________________

Сақтандыру туралы ақпарат
Қамтамасыз етілмеген
______________________________________ сәйкес қамтамасыз етілген

Жөнелту пункті______________ Межелі пункт_______________
Жеткізу мерзімі «___» _________ ____ж.

Клиент тапсырды             Оператор қабылдады
____________________        _________________________
Жүкті тапсыру күні          Жүкті қабылдау күні
«___» _________ ____ж       «___» _________ ____ж
Қолы                        Қолы
____________________        _________________________
м.о.                        м.о.

ішкі беті (мөлшері 148,5 х 210 мм)

Оператор бекіткен «___» _________ ____ж Қолы __________ м.о.

Аралас тасымалға тартылған тасымалдаушылардың жалпы саны __________

1-тасымалдаушы

Көлік құралдарының түрі мен сипаттамасы



Жүкті қабылдау пункті

Түсіру пункті



Жүкті жеткізу мерзімі

« » ж – « » ж

Ескертпе


Оператор тапсырды                  Тасымалдаушы қабылдады
Қолы_____________                  Қолы*_____________
м.о.                               м.о.

2-тасымалдаушы

Көлік құралдарының түрі мен сипаттамасы



Жүкті тиеу пункті

Түсіру пункті



Жүкті жеткізу мерзімі

« » ж – « » ж

Ескертпе


Тасымалдаушы тапсырды              Тасымалдаушы қабылдады
Қолы _____________                 Қолы* _____________
м.о.                               м.о.

3-тасымалдаушы

Көлік құралдарының түрі мен сипаттамасы



Жүкті тиеу пункті

Жеткізу пункті



Жүкті жеткізу мерзімі

« » ж – « » ж

Ескертпе


Тасымалдаушы тапсырды               Тасымалдаушы қабылдады
Қолы _____________                  Қолы _____________
м.о.                                м.о.

Тасымалдаушы тапсырды               Жүк алушы қабылдады
Қолы _____________                  Қолы _____________
м.о.                                м.о.

      * егер жүк автокөлік құралымен тасымалданса, жүкті қабылдау автокөлік құралы жүргізушісінің қолымен куәландырылады 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады