"Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12579 болып тіркелді

       "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларында:
      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "81. Жүкқұжат қағаз тасығышта немесе электрондық түрде рәсімделеді. Қағаз тасығышта рәсімдеу кезінде жүкқұжатқа жөнелтуші қол қойып, әуекомпанияға жүкпен бірге табысталады, ал электрондық түрде рәсімделген кезде, жүкқұжат әуекомпанияға байланыстың электрондық арналары арқылы жіберіледі.
      мынадай мазмұндағы 84-1, 84-2, 84-3 және 84-4-тармақтарымен толықтырылсын:
      "84-1. Электрондық жүкқұжаттының мынадай құрылымы бар:
      1) жүк тасымалдау туралы электрондық жазба — тасымалдаушының әуе тасымалдарын рәсімдейтін ақпараттық жүйесінде жүктің авиациялық тасымалы туралы электрондық-цифрлық ақпарат;
      2) жүк түбіртегі — мыналарды:
      электрондық жүкқұжатты пайдалана отырып, тасымалдаушы мен жөнелтуші арасындағы авиациялық жүк тасымалдау келісімшартын жасасуда;
      тасымалдаушының авиа тасымалына жүк жөнелтушіден жүкті қабылдауды куәландыратын мәтіндік құжат.
      3) жүк алушының жүкті алғаны туралы қолхаты — тасымалдаушының жүкті жүк алушыға бергенін растайтын құжат.
      Жүкті тасымалдау туралы электрондық жазба және жүк түбіртегі болмағанда электрондық түрде рәсімдеу кезінде, жүк тасымалына жол берілмейді.
      84-2. Жүк түбіртегі тасымалдаушының әуе тасымалдарын рәсімдейтін ақпараттық жүйеде "pdf" пішіміндегі мәтіндік файл түрінде жасалады немесе басып шығарылып, жөнелтушіге қағаз тасығышта беріледі немесе оған электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жолданады.
      84-3. Тасымалдаушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған және жөнелтушіге электрондық байланыс арналары арқылы жолданған жүк түбіртегі тасымалдаушының немесе оның агентінің жеке қолы қойылған және мөрі басылған қағаз тасығыштағы жүк түбіртегіне тең болып табылады.
      84-4. Жүк түбіртегі мынадай түрде рәсімделеді:
      1) әуе тасымалдарын рәсімдейтін ақпараттық жүйесінен үзінді. Әуе тасымалдарын рәсімдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйеден үзінді қатаң есептегі құжат болып
табылады;
      2) жүк қолхаты — жүкті сәйкестендіруге және тасымалдаушының әуе тасымалдарын рәсімдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің құралдары сақтайтын жазбадағы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін құжат. Жүк қолхаты қатаң есептегі құжатына болып табылмайды.".
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарынуа және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
      
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі
      __________________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 7 желтоқсанда
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      __________________ Е. Ыдырысов
      2015 жылғы 8 желтоқсанда
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
      __________________ Н. Әбіқаев
      2015 жылғы 9 желтоқсанда
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 10 желтоқсанда
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      __________________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 4 желтоқсанда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады