БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен анықталады»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға сыртқы жылу желілерінің, жылу торабының, есепке алу құралдарының» жылытудың ішкі жүйесінің жобаларын келісуге жібереді.
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жобаны ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде келіседі немесе дәлелді бас тарту жауабын береді.
Жоба объектіні жылу желілілеріне қосуға арналған техникалық шарттарға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеген жағдайда дәлелді бас тарту беріледі.
Осы тармақтың талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым мынадай жағдайларда:
1) жылумен жабдықтау шартында белгіленген мерзімдерде
пайдаланылған жылу энергиясы үшін төлем жүргізілмегенде, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда;
2) жылу желісіне жаңа қуаттар мен қосалқы тұтынушыларды өз бетімен қосқанда;
3) жылу тұтыну жүйелерін коммерциялық есепке алу құралдарына дейін қосқанда;
4) энергиямен жабдықтаушы ұйымның келісімінсіз шартта көрсетілген есептік жылу жүктемелері мен шарттық режимнен асыра қолданғанда;
5) егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шартта көзделген конденсат көлемінің 30 %-ынан кемін қайтарғанда;
6) жылу тұтыну жүйесіне қызмет көрсету үшін тиісті біліктілігімен персонал болмағанда (жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушыларды есептемегенде);
7) жергілікті атқарушы органдардың ұйғарымдарын белгіленген
мерзімдерде орындамағанда;
8) осы Қағидалардың техникалық талаптарын бұзғанда;
9) жылу тұтынатын жүйелерге және (немесе) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарына жергілікті атқарушы органдар мен энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілдерін жібермегенде;
10) апаттық жағдайда;
11) күзгі-қысқы кезең жұмысына тұтынушыны жылу желілері мен жылу тұтынушы қондырғыларға техникалық дайындығы актісі болмағанда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосқанда тұтынушыға жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады.
Бұл ретте энергия беруші ұйым жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара:
осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11) тармақшаларында көрсетілгендей бұзушылық анықталған жағдайда, егер шартпен өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын беруді тоқтатқанға немесе шектегенге дейін кемінде үш тәулік бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға жазбаша хабарлағаннан кейін (хабарлама ұсыну арқылы) немесе жылу энергиясын тұрмыстық қажеттілікке пайдаланбайтын тұтынушыларға электрондық почтаға, факсқа хаттама жолдау арқылы тоқтатады;
осы тармақтың 2), 3), 10) тармақшалары бойынша - ескертусіз дереу тоқтатады.»;
62-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ПМИК немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлі тігіс бойынша анықталады.»;
2) «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 мамырда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларында:
10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желілеріне рұқсат алу үшін техникалық шарттарды кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне береді.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен анықталады.
11. Тұтынушыға электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде беріледі.
Белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. «Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасының» мазмұны осы Қағидаларға 2-қосымша келтірілген. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасы желілерге қосу жоспарланған энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.
12. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшін
техникалық шарттарды мынадай жағдайларда:
1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;
2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;
3) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;
4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен
жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.
13. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:
қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі - кВт) дейінгі электр қондырғыларына - 5 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 200 кВт - 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына - 10 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына - 15 жұмыс күнінің ішінде.
Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.
Техникалық шарттар энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда беріледі.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына немесе жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.
Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне төмендегі мерзімде келісіледі:
қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына - 3 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 200 кВт - 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына - 7 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына - 12 жұмыс күнінің ішінде.
Техникалық шарттардан ауытқу анықталған жағдайда, техникалық шарттарды берген ұйым жобалық құжаттаманы дәлелденген негіздемесін қоса тұтынушыға пысықтау үшін қайтарады.
Осы тармақтың талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды»»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Сараптама ұйымы электр қондырғыларын пайдалануға енгізбес бұрын электр қондырғыларына энергетикалық сараптама жүргізеді.
Тұтынушының электр қондырғыларын салуға, қайта құруға немесе жаңғыртуға жобалық құжаттамасын әзірлеген сараптама ұйымының электр қондырғыларының энергетикалық сараптамасын жүргізуіне жол берілмейді.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Тұтынушыларда қондырылатын электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралы энергия беруші ұйымның ЭКЕАЖ-де тұтынылған электр энергиясының көлемі туралы деректерді тарату құрылғыларымен жабдықталады.
Жаңа салынып жатқан және қайта құрылатын объектілерде электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралын ЭКЕАЖ мақсатында орнату тұтынушының есебінен, ал электр энергиясын тұрмыстық қажеттілікке пайдаланатын тұтынушылардың бұрын қойылған коммерциялық есепке алу құралын ауыстыру, аталмыш норма электр энергиясы тарифінің ішіне кіретін жағдайда ғана энергия беруші ұйымның есебінен жүргізіледі.
Тұтынушыларға бұрын қойылған коммерциялық есепке алу құралын энергия беруші ұйымның ЭКЕАЖ-де тұтынылған электр энергиясының көлемі туралы деректерді тарату құрылғыларымен жабдықталған есепке алу құралына ауыстыру үшін энергия беруші ұйымдар өкілдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мынадай жағдайларда:
1) электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде электр
энергиясы үшін төлем жүргізілмегенде, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда;
2) электрмен жабдықтау шартында белгіленген электрді тұтыну режимі бұзылғанда;
3) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның осы Қағидалардың
бұзушылықтарын жою туралы талабы белгіленген мерзімде орындалмағанда
электр энергиясын толық немесе ішінара беруді тоқтатады.
Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтау тоқтатылғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын (электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушыларды - кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын) жазбаша (хабарлама ұсыну арқылы) немесе электр энергиясын тұрмыстық қажеттілікке пайдаланбайтын тұтынушыларға электрондық почтаға, факсқа хаттама жолдау арқылы ескертіп, электр энергиясымен жабдықтауды тоқтатады (шектейді).»;
Қағидаларға Қосымша осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес 2 Қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр
энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сонымен қатар Республикалық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі В. Школьник
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 4 қараша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 678 бұйрығына
1 қосымша
Электр энергиясын пайдалану
қағидаларына 1 қосымша
Өтінім білдіруші:
______________________
(Т.А.Ә.)
______________________
(қолы)
20 _____ж."___"_______
Нысан
Жалғауға өтінім
_______________________________________________________________
(объектінің толық атауы (қолданыстағы, қайта құрылатын) және
оның мекенжайы, орналасқан жері)
_______________________________________________________________
(электр энергиясымен уақытша жабдықтауға (құрылыс кезеңі),
электр энергиясымен тұрақты негізде ТШ беру қажеттілігін көрсету)
Өтінім берілген қуат:_________________ кВт/сағ.
_______________________________________________________________
(электр энергиясымен уақытша жабдықтауға (құрылыс кезеңі),
электр энергиясымен тұрақты негізде ТШ беру қажеттілігін көрсету)
Электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты:___________ (1, 2, 3)
Қосалқы тұтынушылардың және олардың электр қондырғылары
сипаттамаларының тізбесі:
_______________________________________________________________
Өтінімге төмендегі құжаттар қоса ұсынылады:
1) Жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе
жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмелері;
2) ситуациялық жоспар;
3) өздігімен немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы
орындалған өтінім берілетін электрлік қуатты есептеу-негіздемесі;
4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар;
тұтынушылар өтінімге жобалық қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар
мамандандырылған жобалық ұйым әзірлеген тұтынушыны электрмен сырттай
жабдықтау схемасын қоса ұсынады. Тұтынушыны электрмен сырттай
жабдықтау схемасы электрлік желілеріне жалғану жоспарланатын
энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 678 бұйрығына
2 қосымша
Электр энергиясын пайдалану
қағидаларына 2 қосымша
«Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасының» мазмұны
1) қолданыстағы электрмен жабдықтаудың жай-күйін шолу және 3(5)-10 жылға даму перспективасы;
2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оның өтеу көздері;
3) қуат және электр энергиясы балансы (қазіргі жай-күйі және 3(5)-10 жылға арналған перспективасы);
4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;
5) ұсынылған сыртқы электр жабдықтау схемасының негіздемесі;
6) қарастырылып жатқан ауданның іргелес электр желілерімен электр режимдерінің есептері (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер);
7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтары деңгейлерінің есептеуі;
8) релелік қорғаныс пен автоматика, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;
9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;
10) электр энергиясын есепке алу;
11) энергия үнемдеу бойынша жоспарланатын іс-шаралар;
12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнын ұлғайтып есептеу;
13) қорытындылар;
14) сызбалар: қағидатты схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электрлік режимдер есептерінің нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары.