"Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 647 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12616 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.03.2018 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11180 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      "1. Қоса беріліп отырған Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е.А. Досаев

      2015 жыл 18 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 647 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2015 жылғы 23 наурыздағы
№ 223 бұйрығымен бекітілген

Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге
асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және
тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер
учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына
мәліметтерді ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне қатысты "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабы 4-тармағына сәйкес жер салығының он есеге ұлғайтылған базалық мөлшерлемесін қолдану үшін жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      2) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      3) мәліметтер-объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мәліметтер.

2. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну тәртібі

      3. Уәкілетті орган өткен салық кезеңі (күнтізбелік жыл) үшін мәліметтерді жер учаскелері орналасқан жер бойынша мемлекеттік кірістер органына есепті жылдан кейінгі екінші айдың он бесінен кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Мәліметтер қағаз жеткізгіште электрондық нұсқасын (флеш-жады жеткізгіші ретінде пайдаланылатын есте сақтау құрылғысы арқылы, Microsoft Excel форматында) қоса бере отырып, екі данада қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады:

      1) бірінші данасы уәкiлеттi органда қалады;

      2) екінші данасы мемлекеттік кірістер органына жіберіледі.

      Мемлекеттік кірістер органына жіберілетін мәліметтерге уәкiлеттi органның басшысы не оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды және мөрмен куландырылады.

      Мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдауға жауапты қызметкері тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), лауазымын және алған күнін көрсете отырып мәліметтерді алғанын растап қол қояды.

  Жердiң пайдаланылуы мен
қорғалуына мемлекеттiк бақылауды
жүзеге асыратын уәкiлеттi органның
объектілер құрылысына арналған
және тиісті мақсаттарда
пайдаланылмайтын немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұза
отырып пайдаланылатын жер
учаскелері бойынша мемлекеттік
кірістер органдарына
мәліметтерді ұсыну қағидаларына
қосымша

      Нысан *

      Уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы

      _____________________________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)


      Облыс __________________________________ Қала _______________________

      Аудан ____________________________________ Мекенжай, телефон ________

      Кімге беріледі: _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      _____________________________________________________________________

20 ___ жылғы "__" __________ жағдай бойынша Объектілер
құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын
немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып
пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мәліметтер

Заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН/ЖСН

Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы бойынша коды **

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі Қазақстан Республикасының коды

Жер учаскесінің арналған мақсаты

Жер учаскесінің алаңы (ш.м)

Жер учаскесінің санаты

жер учаскесінің жалпы алаңы

оның ішінде: пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын алаң

1

2

3

4

5

6

7

8

9












Жердің аймақтық коэффициенті

Бонитет балы (елді мекендердің жерлерін қоспағанда)

Үлес алаңы (жалпы үлестік меншік болса), ш.м

Бұзушылық түрі

Тексеру актісінің күні мен нөмірі

Жазбаша ескертудің күні мен нөмірі

Жазбаша ескертуді табыс ету күні

Айқындалған бұзушылықты жою күні

10

11

12

13

14

15

16

17










      ____________________________________________________

      (уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы не оны

      ауыстыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты) ____________

      (қолы), МО)

      ____________________________________________________

      (Мәліметтерді жасау үшін жауапты лауазымды адамның

      тегі, аты, әкесінің аты ____________

      (қолы)

      Мәліметтер жасалған күн 20 __ жыл "___"________________ ____________

      Осы мәліметтерді қабылдап алған мемлекеттік

      кірістер органының қызметкері ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      ___________________________________

      (қолы)

      Мәліметтер қабылданған күн 20 __ жыл "___"______________ ____________

      *Нысан осы нысанға қосымшаға сәйкес толтырылуға жатады

  "Объектілер құрылысына арналған
және тиісті мақсаттарда
пайдаланылмайтын немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұза отырып
пайдаланылатын жер учаскелері
бойынша мәліметтер" нысанына
қосымша

"Объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда
пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мәліметтер"
нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мәліметтер" 1-нысаны былайша толтырылады:

      "№" деген 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі (Кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді бұзбауы тиіс);

      "Заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)" деген 2-бағанда жер учаскелерін меншік және жер пайдалану құқығына алған заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

      "БСН/ЖСН" деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның ЖСН-і көрсетіледі;

      "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды" деген 4-бағанда "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер учаскесі орналасқан жердің әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы бойынша коды көрсетіледі;

      "Жер учаскесінің орналасқан жері" деген 5-бағанда жер учаскесінің орналасқан жері көрсетіледі;

      "Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі" деген 6-бағанда жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі;

      "Жер учаскесінің арналған мақсаты" деген 7-бағанда жер учаскесінің арналған мақсаты көрсетіледі;

      "Жер учаскесінің алаңы (ш.м)" деген 8-бағанда шаршы метрмен жер учаскесінің алаңы көрсетіледі;

      "Жер учаскесінің санаты" деген 9-бағанда жер учаскесінің санаты көрсетіледі;

      "Жердің аймақтық коэффициенті" деген 10-бағанда жердің аймақтық коэффициенті көрсетіледі;

      "Бонитет балы (елді мекендердің жерлерін қоспағанда)" деген 11-бағанда елді мекендердің жерлерін қоспағанда, бонитет балы көрсетіледі;

      "Үлес алаңы (ортақ үлестік меншік болған кезде), ш.м" деген 12-бағанда шаршы метрде үлес алаңы көрсетіледі;

      "Бұзушылық түрі" деген 13-бағанда объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бұзушылықтың түрі көрсетіледі;

      "Тексеру актісінің күні мен нөмірі" деген 14-бағанда тексеру актісінің күні мен нөмірі көрсетіледі;

      "Жазбаша ескертудің күні мен нөмірі" деген 15-бағанда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға тапсырылған жазбаша ескертудің күні мен нөмірі көрсетіледі;

      "Жазбаша ескертуді табыс ету күні" деген 16-бағанда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға тапсырылған жазбаша ескертудің күні көрсетіледі;

      "Анықталған бұзушылықты жою күні" деген 17-бағанда анықталған бұзушылықты жою күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады