Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12653 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 4-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 16.01.2020 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына

      сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1157 бұйрығымен
бекітілген

Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік
ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі қағидалар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарының толық құқылы мүшелері болып табылатын Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің өкілдеріне қолданылмайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) мүдделі ұйымның өкілі – стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарының отырыстарына (жұмыс топтарына, кеңестеріне) қатысуға тартылған тұлға;

      2) Стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу бойынша Еуразиялық кеңесінің стандарттау жөніндегі техникалық комитеті – өңірлік стандарттарды әзірлеу үшін, сондай-ақ оларға бекітіп берілген стандарттау объектілері немесе салалары бойынша өңірлік стандарттау жөнінде дайындық және қосалқы жұмыстарды жүргізу үшін құрылған Стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу бойынша Еуразиялық кеңесінің жұмыс органы;

      3) стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының техникалық комитеті – өзіне бекітілген қызмет салаларында халықаралық стандарттарды әзірлеу үшін құрылған халықаралық ұйымның жұмыс органы;

      4) стандарттау бойынша өңірлік ұйым – қызметіне қатысу тек бір ғана – географиялық, экономикалық өңірдің тиісті стандарттау жөніндегі органдары үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;

      5) стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым – оған мүше болу әлемнің кез келген елінің тиісті ұлттық органы үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарының мүшесі болып табылатын осы стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарының стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің отырыстарына (жұмыс топтарына, кеңестеріне) қатысу үшін мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартуды жүзеге асырады.

2. Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі
техникалық комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық
және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту
жөніндегі

      4. Комитет өзінің ресми интернет-ресурсында алдағы стандарттау бойынша жөніндегі техникалық комитеттерінің, стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарының отырыстары (жұмыс топтары, кеңестері) туралы ақпаратты орналастырады.

      Ақпаратта отырыстарға (жұмыс топтарына, кеңестерге) өтінімдерді қабылдау және қабылдауды аяқтау күні, өткізілетін күні мен орны, отырысты (жұмыс тобын, кеңесті) ұйымдастырушы көрсетіледі.

      5. Мүдделі ұйым осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комитетке өтінімді алдағы отырысқа (жұмыс тобына, кеңеске) дейінгі 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде жолдайды.

      6. Комитет стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің, стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік стандарттау ұйымдарының отырыстарына (жұмыс топтарына, кеңестеріне) қатысу үшін отырыстың (жұмыс тобының, кеңестің) тақырыбына сәйкес келетін қызмет саласында тәжірибесі бар білікті мамандарды тартады.

      Қажет болған жағдайда, халықаралық іс-шараларға қатысу үшін шетел тілін білу ескеріледі.

      7. Өтінімді қарау нәтижелерінің негізінде Комитет өтінімді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде стандарттау жөніндегі техникалық комиттерінің, стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік стандарттау ұйымдарының тиісті отырыстарына (жұмыс топтарына, кеңестеріне) қатысу үшін мүдделі ұйымның өкілін тарту туралы шешім қабылдайды.

      8. Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін түскен өтінімдер қаралмайды және өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүдделі ұйымның өкіліне хабарламаны жолдау арқылы бас тартуға жатқызылады.

      9. Оң шешім қабылданған жағдайда Комитет шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүдделі ұйымға стандарттау жөніндегі техникалық комиттерінің, стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік стандарттау ұйымдарының тиісті отырыстарына (жұмыс топтарына, кеңестеріне) қатысу үшін осы ұйымның өкілін тарту туралы өз шешімін жолдайды.

      10. Мүдделі ұйымның өкілі стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің, халықаралық және өңірлік стандарттау ұйымдарының отырысы (жұмыс тобы, кеңесі) аяқталған соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке мыналарды:

      1) отырыс туралы ақпаратты;

      2) отырыстың хаттамасын (болған жағдайда);

      3) таныстыру материалдарын (болған жағдайда) қамтитын іс-сапар туралы ақпаратты ұсынады.

  Мүдделі ұйымдардың өкілдерін
стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттердің, стандарттау
жөніндегі халықаралық және өңірлік
ұйымдардың отырыстарына қатысу
үшін тарту жөніндегі қағидаларға
қосымша

      Нысан

Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік
ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі тартуға
өтінім

      Кімге:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік мекеменің толық атауы)

      Кімнен:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қатысушының Т.А.Ә.)

      Іс-шараның атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Іс-шараны өткізу күні

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Іс-шараны өткізген ел, қала

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ұйымдастырушы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қатысу мақсаты

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мүдделі ұйым өкілінің біліктілігі туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (білімі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы бар екені туралы

      құжат, салыстыру үшін түпнұсқасын ұсыну арқылы жеке басын

      куәландыратын құжаттың көшірмесі, еңбек қызметін растайтын құжат)

      Басшысы ____________________________________

      Қолы _________________________

      Өтінім берілген күн: _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады