Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12677 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабы 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.07.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 28 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 26 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№1-1/1069 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.07.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2.Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы (бұдан әрі – тексеру одағы) – коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған және оған кіретін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің ішкі аудитін, осы қызметті үйлестіруді, тексеру одағының мүшелеріне ішкі аудитке ілеспе қызметтер көрсетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, тексеру одағының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерікті бірлестігі;

      2) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3) өтінім – ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын өтеу үшін тексеру одақтарының субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;

      4) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      5) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      6) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісінде орналастырылған, СМАЖ-ға қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      8) ішкі аудит қорытындысы – кооператив мүшелеріне және кооперативтің бухгалтерлік есептілігін өзге де пайдаланушыларға арналған және тексеру одағының кооперативтің бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығы, кооперативтің бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібінің заңнамаға сәйкестігі, кооперативті басқару органдарының жарғының және заңнаманың ережелерін сақтауы туралы білдірген пікірін, сондай-ақ кооперативтің, кооперативтер одағының қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерінің нашарлауына немесе олардың дәрменсіздігіне (банкроттығына) әкеп соғуы мүмкін анықталған бұзушылықтар туралы деректерді қамтитын ресми құжат;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге тексеру одақтарының шығындарын субсидиялау жөніндегі жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталында орналастырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Субсидиялар алушылар

      4. Субсидиялар тексеру одақтарына ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын өтеу үшін төленеді.

3-тарау. Субсидияларды алу шарттары

      5. Субсидияларды алу шарттары:

      1) "PDF (Portable Document Format)" электронды форматындағы ішкі аудит қорытындысын (қол қойылған және тексеру одағының мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса бере отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру.

      "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      Жергілікті атқарушы орган Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне субсидиялар алу сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен СМАЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) СМАЖ-да өтінімнің тіркелуі;

      3) СМАЖ-да жеке шоттың болуы тексеру одағына өтінімді СМАЖ-да тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүнкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол тіркелген сәтінен бастап берілген болып есептеледі;

      4) СМАЖ бен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету фактісінің расталуы (тексеру одағының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      5) өзіне (өздеріне) қатысты өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативінің (-терінің) ішкі аудитін жүргізуге ағымдағы жылы субсидиялар төлеудің болмауы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      6. Субсидиялар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган туындаған жағдай туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін (бұдан әрі – Министрлік) дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      7. Ағымдағы жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің ішкі аудитін жүргізуге арналған өтінім тіркелген сәтке 130 (жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшердегі шығындар субсидиялауға жатады.

5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      8. Өтінімдерді қабылдау тексеру одағының аудиті жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайы бойынша) жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны (қоса есептегенде) аралығында, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      9. Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділікті беру үшін:

      1) тексеру одағында СМАЖ-да өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ-ы болады;

      2) жергілікті атқарушы орган жыл сайын Министрлікке ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Жеке кабинетте тіркелу үшін тексеру одағы мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

      3) екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, тексеру одағы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін өзгертеді.

      11. Өтінімді қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) СМАЖ осы Қағидалардың 5-тармағы 4) тармақшасының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім тексеру одағының ЭЦҚ-сын қою жолымен СМАЖ-да тіркеледі және жергілікті атқарушы органның Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Жергілікті атқарушы органның электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі.

      Тексеру одағы жергілікті атқарушы орган төлем шотын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректердің сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, тексеру одағы қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      12. Жергілікті атқарушы орган өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның қабылданғанын ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен растайды, тексеру одағының жеке кабинетіне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында субсидияларды аудару туралы хабарлама не осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді. Осы хабарлама және мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту тексеру одағының жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады:

      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тексеру одағы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

      2) тексеру одағының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      14. Жергілікті атқарушы орган Қаржыландыру жоспарына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталында "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлем шотын осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде қалыптастырады.

      Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асып түсетін өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

      14-1. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

6-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы орган басшысының, уәкілетті органның атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, жергілікті атқарушы орган оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Шағымды жергілікті атқарушы орган шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда жібермейді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      16. Тексеру одағының шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мыналар қарауы тиіс:

      жергілікті атқарушы орган, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      17. Жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге бара отырып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген тексеру одағына ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Облыстың республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың, жергілікті атқарушы
органның құрылымдық
бөлімшесіне
  (кімнен) ____________________
(заңды тұлғаның толық атауы)

Өтінім

      Ауыл шаруашылығы кооперативінің тексеру одағының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған ________ теңге сомасындағы шығындарын субсидиялауды сұраймын.

      1. Тексеру одағының деректері:

      Атауы ________________________________________________________________

      БСН __________________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________

      мекенжайы ____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ___________________________________________________

      2. Екінші деңгейлі банктегі тексеру одағының ағымдағы шотының мәліметтері:

      БСН __________________________________________________________________

      Кбе ___________________________________________________________________

      Банк деректемелері _____________________________________________________

      Банк атауы ____________________________________________________________

      БСК __________________________________________________________________

      ЖСК _________________________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізілгенін растайтын шот-фактура туралы мәліметтер:

      шот-фактура нөмірі _____________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________________

      4. Ішкі аудит қорытындысынан мәліметтер:

      Оған қатысты ішкі аудит жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН-сы

      ______________________________________________________________________;

      ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы __________________________________;

      қорытынды берілген күн _________________________________________________;

      Қорытындыдағы ішкі аудит пікірі (сөзсіз оң, шартты оң, теріс, пікір білдіруден бас тарту).

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" __________ сағат _ қол қойды және жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі

      БСК – банктік сәйкестендіру коды

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды

      ЭЦК – электрондық цифрлық қолтаңба

      Кбе – бенефициардың коды

  Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Субсидияларды аудару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, Заңның кодексі мен 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері өтінімдерді қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.gov.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидия алуға арналған өтінімді ұсынады.
Өтінімдер жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) қабылданады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті берушілер Қағидалар өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Субсидияларды аудару туралы хабарлама

      Құрметті

      __________________________________________________________________________

      (өтінім беруші)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметі көрсетілгенін және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

  Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

      Құрметті

      __________________________________________________________________________

      (өтінім беруші)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуден _______________________ __________________________________________ себепті бас тартылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады