"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 23 шiлдедегi № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 шiлдеде № 21024 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпаратттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабы 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 23 шілдедегі
№ 236 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№1-1/1069 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2.Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы (бұдан әрі – тексеру одағы) – коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған және оған кіретін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің ішкі аудитін, осы қызметті үйлестіруді, тексеру одағының мүшелеріне ішкі аудитке ілеспе қызметтер көрсетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, тексеру одағының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерікті бірлестігі;

      2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      3) өтінім – ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын өтеу үшін тексеру одақтарының субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;

      4) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрініс табатын өзге де мәліметтер;

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің субсидиялау талаптарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      8) ішкі аудит қорытындысы – кооператив мүшелеріне және кооперативтің бухгалтерлік есептілігін өзге де пайдаланушыларға арналған және тексеру одағының кооперативтің бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығы, кооперативтің бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібінің заңнамаға сәйкестігі, кооперативті басқару органдарының жарғының және заңнаманың ережелерін сақтауы туралы білдірген пікірін, сондай-ақ кооперативтің, кооперативтер одағының қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерінің нашарлауына немесе олардың дәрменсіздігіне (банкроттығына) әкеп соғуы мүмкін анықталған бұзушылықтар туралы деректерді қамтитын ресми құжат;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Жергілікті атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады.

2-тарау. Субсидиялар алушылар

      4. Субсидиялар тексеру одақтарына ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын өтеу үшін төленеді.

3-тарау. Субсидияларды алу шарттары

      5. Субсидияларды алудың шарттары мыналар болып табылады:

      1) "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматындағы ішкі аудит қорытындысын (қол қойылған және тексеру одағының мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса бере отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру.

      Субсидияларды беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2 - қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Жергілікті атқарушы орган субсидияларды алу сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді .

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімнің тіркелуі;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы тексеру одағына өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүнкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол тіркелген сәтінен бастап берілген болып есептеледі;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету фактісінің расталуы (тексеру одағының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      5) өзіне (өздеріне) қатысты өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативінің (-терінің) ішкі аудитін жүргізуге ағымдағы жылы субсидиялар төленбеген болуы.

      6. Субсидияларды беруге арналған қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, жергілікті атқарушы орган ақпараттық жүйеге қолжетілімділікті беретін көрсетілетін қызметті жеткізушіні туындаған жағдай туралы дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті жеткізуші туындаған ақауды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған жергілікті атқарушы орган қол қояды.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      7. Ағымдағы жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің ішкі аудитін жүргізуге арналған өтінім тіркелген сәтке 130 (жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшердегі шығындар субсидиялауға жатады.

5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      8. Өтінімдерді қабылдау тексеру одағының аудиті жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайы бойынша) жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны (қоса есептегенде) аралығында, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      9. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы тізім деректеріне қолжетімділік (бұдан әрі – Жеке кабинет) беру үшін:

      1) тексеру одағында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздігінен тіркелу үшін ЭЦҚ-сы болады;

      2) жергілікті атқарушы орган жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.

      10. Жеке кабинетте тіркелу үшін тексеру одағы мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

      3) екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, тексеру одағы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін өзгертеді.

      11. Жеке кабинетте өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің осы Қағидалардың 5-тармағы 4) тармақшасының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім оған тексеру одағының ЭЦҚ-сын қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және жергілікті атқарушы органның Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Жергілікті атқарушы органның электрондық мекенжайына өтінімнің қарастыруға келіп түскені туралы электрондық мәлімдеме жолданады.

      Тексеру одағы жергілікті атқарушы орган төлем шотын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректердің сәйкессіздігін анықтаса, тексеру одағының қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

      12. Жергілікті атқарушы орган өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның қабылданғанын ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен растайды, тексеру одағының жеке кабинетіне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында субсидияларды аудару туралы хабарлама не осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді. Осы хабарлама және мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту тексеру одағының жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады:

      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тексеру одағы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

      2) тексеру одағының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      14. Жергілікті атқарушы орган Қаржыландыру жоспарына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталында "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлем шотын осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде қалыптастырады.

      Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асып түсетін өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

6-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Субсидиялар алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы органы басшысына, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілеттік орган), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      16. Тексеру одағының шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мыналар қарауы тиіс:

      жергілікті атқарушы орган, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      17. Жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге бара отырып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген тексеру одағына ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      18. Тексеру одағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Облыстың республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың, жергілікті атқарушы
органның құрылымдық
бөлімшесіне
  (кімнен) ____________________
(заңды тұлғаның толық атауы)

Өтінім

      Ауыл шаруашылығы кооперативінің тексеру одағының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған ________ теңге сомасындағы шығындарын субсидиялауды сұраймын.

      1. Тексеру одағының деректері:

      Атауы ________________________________________________________________

      БСН __________________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________

      мекенжайы ____________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ___________________________________________________

      2. Екінші деңгейлі банктегі тексеру одағының ағымдағы шотының мәліметтері:

      БСН __________________________________________________________________

      Кбе ___________________________________________________________________

      Банк деректемелері _____________________________________________________

      Банк атауы ____________________________________________________________

      БСК __________________________________________________________________

      ЖСК _________________________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізілгенін растайтын шот-фактура туралы мәліметтер:

      шот-фактура нөмірі _____________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________________

      4. Ішкі аудит қорытындысынан мәліметтер:

      Оған қатысты ішкі аудит жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН-сы

      ______________________________________________________________________;

      ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы __________________________________;

      қорытынды берілген күн _________________________________________________;

      Қорытындыдағы ішкі аудит пікірі (сөзсіз оң, шартты оң, теріс, пікір білдіруден бас тарту).

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" __________ сағат _ қол қойды және жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі

      БСК – банктік сәйкестендіру коды

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды

      ЭЦК – электрондық цифрлық қолтаңба

      Кбе – бенефициардың коды

  Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидияларды аудару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Кодекске және Заңның 5-бабына сәйкес жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау немесе Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www. moa. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидия алуға өтінімді ұсынады.
Өтінімдер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) қабылданады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Субсидияларды аудару туралы хабарлама

      Құрметті

      __________________________________________________________________________

      (өтінім беруші)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметі көрсетілгенін және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

  Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

      Құрметті

      __________________________________________________________________________

      (өтінім беруші)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуден _______________________ __________________________________________ себепті бас тартылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады