Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 № 1424 (01.04.2019 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10314 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидалар жеке және заңды тұлғалардың этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау, сондай-ақ импорттау бойынша операцияларды жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ІЖҚ) ресімдеу және пайдалану тәртібін айқындайды.
Қағидаларда этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүзеге асыратын тұлға жеткізуші болып табылады (бұдан әрі – жеткізуші).
Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау, сондай-ақ импорттау бойынша операцияларды жеткізуші жүргізген кезде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алу бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға алушы болып табылады (бұдан әрі – алушы).
3. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргізген кезде жеткізушілер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІЖҚ ресімдейді.
Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде ІЖҚ-ны алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімдейді:
Еуразиялық экономикалық одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан - Еуразиялық экономикалық одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;
Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттер аумағынан - Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күнінен кешіктірмей.";
6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ІЖҚ-да мынадай деректер көрсетіледі:
1) нөмір (бағдарлама автоматты түрде береді);
2) ресімдеу күні және уақыты (бағдарлама автоматты түрде қояды);
3) операция коды (бағдарламаның анықтамалығынан таңдап алынады);
4) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) (жеткізуші енгізеді, ал импорт кезінде енгізілмейді);
5) жеткізушінің атауы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды, ал импорт кезінде - алушы енгізеді);
6) лицензияның нөмірі және жеткізушінің лицензияда көрсетілген мекенжайы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізу кезінде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады). Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің импорт кезінде импортаушы-ел көрсетіледі (бағдарлама көрсеткен тізімнен таңдап алынады);
7) жеткізушінің типі (бағдарлама көрсеткен тізімнен таңдап алынады);
8) алушының ЖСН немесе БСН жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
9) алушының атауы (осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды, экспорт кезінде жеткізуші енгізеді);
10) лицензия нөмірі және лицензияда көрсетілген алушының мекенжайы (этил спиртін медициналық мақсаттарға және техникалық мұқтаждықтарға алған алушыны қоспағанда, осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізу кезінде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады, экспорт кезінде жеткізуші енгізеді);
11) көліктің түрі (бағдарлама көрсеткен тізімнен таңдап алынады);
12) көлік құралы туралы мәліметті (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде) көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі) жеткізуші енгізеді. Басқа көліктің түрлері үшін бұл ашық жолды толтыру міндетті болып табылмайды.
13) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің көлемі (литрмен көрсетіледі), бұл ретте іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) спирттің көлемі тиісті ұяшықта көрсетіледі:
алкоголь өнімінің өндірісі үшін;
медициналық мұқтаждықтарға;
техникалық мұқтаждықтарға;
14) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің жалпы құны (теңгемен көрсетіледі), импорт кезінде баға шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциздерді төлеушілері үшін құн, ҚҚС және (немесе) акциздерді есепке ала отырып көрсетіледі. Аталған тармақша этил спиртін бір заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішінде өткізу кезінде толтырылмайды;
15) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының көлемі (литрмен көрсетіледі), бұл ретте тиеп жөнелтілетін шарап материалының көлемі тиісті ұяшықта көрсетіледі:
алкоголь өнімінің өндірісіне;
коньяк спиртінің өндірісіне;
16) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының жалпы құны (теңгемен көрсетіледі), импорт кезінде баға шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциздерді төлеушілері үшін құн, ҚҚС және (немесе) акциздерді есепке ала отырып көрсетіледі. Аталған тармақша шарап материалын бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішінде өткізу кезінде толтырылмайды;
17) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (сыраны және сыра сусынын қоспағанда) жалпы көлемі, осы тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген алкоголь өнімінің көлемін қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде литрмен қойылады;
18) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімдерінің (сыраны және сыра сусынын қоспағанда) жалпы құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген деректерді қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде қояды);
19) жолдың реттік нөмірі;
20) алкоголь өнімінің жеке сәйкестендіру нөмірі - коды (бұдан әрі - ЖСК) (бағдарламаның ЖСК-кодтарының анықтамалығынан таңдап алынады);
21) өнімнің түрі (ЖСК-кодын енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды);
22) өнімнің атауы (ЖСК-кодын енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды;
23) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСК-кодын енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды);
24) бөтелкенің санын жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
25) бір бөтелкенің бағасын (теңгемен көрсетіледі) жеткізуші енгізеді (импорт кезінде баға шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа, алушы енгізеді). Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциздерді төлеушілері үшін баға, ҚҚС және (немесе) акциздерді есепке ала отырып көрсетіледі. Аталған тармақша алкоголь өнімін (сыраны және сыра сусынын қоспағанда) бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішінде өткізу кезінде толтырылмайды;
26) құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 24) және 25) тармақшаларында көрсетілген деректерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде қояды);
27) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің көлемі (осы тармақтың 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген деректерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде литрмен қояды);
28) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (ал импорт кезінде алушы жазып берген) (алкоголь өнімін немесе оның бөлшектерін қайтару кезінде қажеттілік болған жағдайда толтырылады);
29) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның және сыра сусынының жалпы көлемі (осы тармақтың 37) тармақшасында көрсетілген сыра және сыра сусынының көлемін қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде литрмен көрсетеді);
30) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның және сыра сусынының жалпы құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 36) тармақшасында көрсетілген деректерді қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде қояды);
31) жолдың реттік нөмірі;
32) сыраның және сыра сусынының атауын жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
33) сыраға және сыра сусынына арналған ыдыстың сыйымдылығын (литрмен көрсетеді) жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
34) сыраға және сыра сусынына арналған ыдыстың, бөтелкенің, банканың, кег-бөшкенің санын жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
35) сыраға және сыра сусынына арналған бір ыдыстың, бөтелкенің, банканың, кег-бөшкенің бағасын (теңгемен көрсетіледі) жеткізуші енгізеді (импорт кезінде баға шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа, алушы енгізеді). Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциздерді төлеушілері үшін баға, ҚҚС және (немесе) акциздерді есепке ала отырып көрсетіледі. Аталған тармақша алкоголь өнімін (сыраны және сыра сусынын қоспағанда) бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішінде өткізу кезінде толтырылмайды;
36) құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 34) және 35) тармақшаларында көрсетілген деректерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде қояды);
37) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның және сыра сусынының көлемі (осы тармақтың 33) және 34) тармақшаларында көрсетілген деректерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде литрде қояды);
38) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (импорт кезінде алушы жазып берген) (сыраны және сыра сусынын немесе оның бөлшектерін қайтару кезінде қажеттілік болған жағдайда толтырылады);
39) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегін, атын, әкесінің атын жеткізуші толтырады (импорт кезінде алушы толтырады);
40) алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
7. ІЖҚ, уәкілетті органының бағдарламасында жөнелтілгеннен кейін, қағаз тасымалдағышында екі данада басып шығарылады, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының қолы қойылады және жеткізушінің мөрімен расталады (дара кәсіпкерлер үшін мөр бар болған жағдайда).
Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің импорты кезінде ІЖҚ қағаз тасымалдағышында бір данада басып шығарылады.
8. Межелі орнына дейін тасымалдау кезінде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз тасымалдағышында екі данада тасымалдаушыға (алушының өкіліне) беріледі. ІЖҚ бірінші данасы алышуға тапсырылады, екінші данасына алушы этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды және ІЖҚ тасымалдаушыға (алушының өкілі) қайтарады.
Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің импорты кезінде алушы этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды.
9. ІЖҚ екінші данасы этил спиртінің және алкоголь өнімінің жеткізушісінде сақталады (импорт кезінде ІЖҚ алушыда сақталады).";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген толық емес (және) дәйексіз мәліметтермен ІЖҚ ресімдеу, осындау ІЖҚ ресімдеу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жеткізуші (импорт кезінде - алушы) жойылуы тиіс.";
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай–ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 682 бұйрығына қосымша |
|
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Ілеспе жүкқұжаты
(1) Ілеспе жүкқұжаты № | |||||||||||||||||||||
(2) Рәсімделген күні және уақыты: (3) Операцияның коды _____________ 20__ ж. "__" _______ ___ сағ. ____ мин. | |||||||||||||||||||||
(4) Жеткізушінің ЖСН (БСН) _________________________________ (5) Жеткізушінің атауы _________________________________ _________________________________ (6) Лицензия нөмірі және лицензияда көрсетілген жеткізушінің мекен жайы (импорттау кезінде импортаушы - ел көрсетіледі) _________________________________ _________________________________ (7)Жеткізуші түрі _________________________________ | (8) Алушының ЖСН (БСН) _________________________________ (9) Алушының атауы _________________________________ (10) Лицензия нөмірі және лицензияда көрсетілген алушының мекен жайы _________________________________ _________________________________ | ||||||||||||||||||||
(11) Көліктүрі: Авто ТЖ ӘуеТеңіз немес еішкі суменБасқа____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (12) Көлік құралы туралы мәліметтер | |||||||||||||||||||||
(13) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің көлемі: __________ (литр), оның ішінде: Алкоголь өнімдерін өндіруге: __________________ (литр) Медициналық мақсатта: _____________________ (литр) Техникалық мақсатта: _______________________ (литр) (14) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің жалпы құны: ___________ (теңге) | |||||||||||||||||||||
(15) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының көлемі: __________ (литр), оның ішінде: Алкоголь өнімдерді өндіру үшін: ____________________ (литр) Коньяк спиртін өндіру үшін: _______________________ (литр) (16) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының жалпы құны: ___________ (теңге) | |||||||||||||||||||||
(17) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (сыраны және сыра сусыны қоспағанда) жалпы көлемі __________ (литр) (18) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (сыраны және сыра сусыны қоспағанда) жалпы құны __________ (теңге)
Барлығы: ___ жол | |||||||||||||||||||||
(29) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь сыраның және сыра сусының жалпы көлемі ______________ (литр) (30) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның және сыра сусының жалпы құны _______________________ (теңге)
Барлығы: ___ жол | |||||||||||||||||||||
(39) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты: _______________ ________________ (қолы) МО: (40) Алушының тегі, аты, әкесінің аты: ______________ ______________ (қолы) Алу күні (к.а.ж.)___________________________________________________ |