Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы тексеру парағының бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 834 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12690 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 31.10.2018 № 1517 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2018 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1983 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясының 1-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 961-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141, 143-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 96 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 53 "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде 2011 жылғы 28 наурызда № 6844 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 28 сәуірде № 141 жарияланған) күші жойылды деп танылсын;

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан

      Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы"

      шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
__________ Б. Имашев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ Е. Досаев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
Министрінің міндетін атқарушы
________________ М. Құсайынов


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің төрағасы

      __________________ С. Айтпаева

      2015 жылғы "___" _____________



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2015 жылғы
25 желтоқсандағы № 647 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 834 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Тексеру парағы

      ____________________________________________________ саласында

      (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің

      138және 139-баптарына сәйкес)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________

      _________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің)(ЖСН), БСН _________________

      _________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы

      _________________________________________________________________

Талап тізбесі

Қажет

Қажет емес

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1

Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын немесе араласып кеткен дәрежеге дейін олармен ұқсас белгілерді біртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты құқық иесінің рұқсаты бойынша азаматтық айналымға енгізу





2

Лицензиялық (сублицензиялық) шарттың бар болуы





3

Тауар белгісін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына азаматтық айналымға тікелей тауар белгісінің құқық иеленушісі заңды енгізген немесе оның келісімімен енгізілген тауарларға қатысты пайдалану






      Лауазымды тұлға (лар)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Тексеру субъектісінің

      басшысы:

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда, (бар болған жағдайда,

      ______________________

      лауазымы) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады