Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2015 № 647 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2015 № 834 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (Л.С. Стамбековаға):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 93 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 50 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6088 болып тіркелген, «Заң газеті» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 33 (1655)) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ә.Т. Аманбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму Әділет министрі
және сауда министрі
__________ Ж. Айтжанова __________ Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 16 наурыздағы № 53
және Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2011 жылғы 10 наурыздағы № 96
бірлескен бұйрығына 1-қосымша
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға
жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдері
1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдері) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын субъектілерге (бұдан әрі - субъектілер) жоспарлы тексеріс жүргізу үшін әзірленген.
2. Осы өлшемдерде келесі ұғым пайдаланылады:
тәуекел - субъектілердің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, тиесілі сыйақыларды төлемеу арқылы авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың және өзге құқық иеленушілердің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.
3. Субъектілер қызметінің тәуекелдерін бағалау, субъектінің салдардың ауырлығы тұрғысынан маңызы, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, келесі тәртіпте жүргізіледі:
1) субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша бірінші жатқызу субъектінің салдардың ауырлығы тұрғысынан маңызы ескеріле отырып, субъектілер қызметінің сандық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады;
2) субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша екінші жатқызу авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы және жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, субъектілер қызметінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Маңыздылығы бойынша субъектілерді бөлу:
1) жоғарғы тәуекел дәрежесімен маңыздылығы жоғары дәрежелі субъектілерге:
эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары мен спутникті теледидар операторлары жатады;
2) орташа тәуекел дәрежесімен маңыздылығы орташа дәрежелі субъектілерге:
театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар;
3) төмен тәуекел дәрежесімен маңыздылығы төмен дәрежелі субъектілерге:
мерзімдік баспасөз басылымдар, баспалар жатады.
5. Бірінші жоспарлы тексерістер кезектілігі:
1) жоғары тәуекел дәрежесі кезінде:
құқық иеленушімен не мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен шарттардың болмауы;
ең көп абонентер саны немесе қамту аумағы;
2) орташа тәуекел дәрежесі кезінде:
театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар және өзге субъектілер үшін:
құқық иеленушімен не мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен шарттардың болмауы;
ең көп отырғызу орындар саны;
3) төмен тәуекел дәрежесі кезінде:
ең көп таралым саны;
ең көп тарату аумағы ескеріле отырып, бекітіледі.
6. Субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша екінші жатқызу кезінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектілер қайта бөлінеді.
7. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдерін қолдану мақсатында, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері, сондай-ақ мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жасасқан лицензиялық шарттар туралы мәліметтері пайдаланылады.
8. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектілер жоғарғы, орташа немесе темен тәуекел дәрежесіне өтеді.
Тәуекел дәрежесінде орын ауыстыру үшін сапалық өлшемдер балдармен бағаланады:
1) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін құқық иеленушімен шарт жасаспай пайдалану - 3 балл;
2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындау, тарату, прокатқа беру, уақытша пайдалануға беруге, импорттау, жарнамалау, оларды пайда табу мақсатында пайдалану не қызмет көрсету - 2 балл;
3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру - 1 балл;
4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жою немесе өзгерту - 1 балл;
5) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығару, тарату, тарату мақсатында импорттау, көпшілік алдында орындау, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру, жалпы жұрттың назарына жеткізу - 1 балл.
9. 2 балдан астам жинаған субъектілер жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатады.
2 балды жинаған субъектілер орташа тәуекел дәрежесіне жатады.
1 балды жинаған субъектілер темен тәуекел дәрежесіне жатады.
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 16 наурыздағы № 53
және Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2011 жылғы 10 наурыздағы № 96
бірлескен бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға
жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған әділет органы ________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын бақылау субъектінің атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Заңнаманың талаптары |
Иә |
Жоқ |
Қажет емес |
Ескерту |
1 |
Құқық иеленушілермен шарттардың болуы |
||||
2 |
Сатып алу-сату шартының, жүкқұжаттың, түбіртектердің, авторларға және өзге де құқық иеленушілерге сыйақыны төлеуді растайтын құжаттардың болуы |
||||
3 |
Құқықтар берілген зияткерлік меншік объектілерінің атаулы тізбеге сәйкестігі (шарттың талаптарына байланысты шарттың қосымшалары немесе тауар жүкқұжаттары) |
||||
4 |
Зияткерлік меншік объектілерінін (даналарының) құқық иеленушінің талаптарына (шарт талаптарына байланысты) сәйкестігі |
Ескерту: Заң - «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Тексеру жүргізген лауазымды тұлға:
___________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А.)
___________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А.)
Бақылау субъектісі танысты:
___________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А.)