"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 718 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12691 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12402 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Хаттама) және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және баждардың төмендетілген ставкілері, сондай-ақ осындай ставкілердің мөлшері қолданылатын, атауы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Тізбеге енгізілген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін жүзеге асыруды нақтылайды:
      Есепке алу Тізбеге енгізілген мына тауарлар бойынша жүзеге асырылады:
      үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
      ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
      Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар:
      1) баждардың төмендетілген ставкасы - Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі - ЕАЭО БКТ) баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстан Республикасының міндеттемелерімен көзделген ставканың ең жоғары деңгейінде белгіленетін кедендік әкелу баж ставкасы;
      2) КААЖ - кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
      3) СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат - 2000 жылғы 30 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үкімет басшылары Кеңесінің шешімімен бекітілген, тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың нысаны;
      4) тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш (328.00-нысан) - салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін, тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш нысаны;
      5) Тізбе - оларға қатысты Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесі»;
      6) ЭШФ АЖ - электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Нұсқаулықта есепке алу жүйесін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - ЕАЭО мүше мемлекеттер) өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде, Тізбеге енгізілген тауарлардың өткізілуін есепке алуды:
      ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар бойынша КААЖ-да тіркеуге жататын тауарға арналған декларацияларды есепке алу;
      ЭШФ АЖ жазып беруге және тіркеуге жататын электронды шот- фактураларды тауарға ілеспе құжат ретінде есепке алу;
      нақты уақыт режимінде электронды нысанда ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу жүйесін енгізгенге дейін, тауарға ілеспе құжат ретінде тиісті құжаттарды куәландыру үшін ұсынылған өтініштерді есепке алу;
      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, аумақтық мемлекеттік кірістер органы нақты уақыт режимінде электронды нысанда ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу жүйесін енгізгенге дейін - осы Нұсқаулықтың 8, 9, 10, 10-1 және 10-2-тармақтарымен айқындалған тәртіпте тауарға ілеспе құжаттарды куәландыруы;
      ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына беру үшін, есепке алу жүйесінде қамтылған ақпараттарды өңдеу түріндегі жиынтығы деп түсіну керек.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тізбеге енгізілген тауарларды үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде, олар бойынша баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын, Тізбеге енгізілген тауарлар бойынша тауарға арналған декларация жеке (тауарлардың жеке декларациясы) ресімделеді.
      Декларант Тізбеге енгізілген, олар бойынша ЕАЭО БКТ белгілеген кедендік әкелу бажының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылған тауарларды және Тізбеге енгізілмеген тауарларды әкелген кезде бір тауарға арналған декларацияда декларациялауды жүргізеді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге әкетілетін, Тізбеге енгізілген тауарлар туралы мәліметтерді тауарлар туралы ақпаратпен салыстыру, көрсетілген тауарларды өткізу кезінде электрондық шот-фактурада:
      үшінші елден әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарды өткізген жағдайда - баждың төмендетілген мөлшерлемесі немесе ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша кедендік әкелу бажын төлегенін айқындайтын (осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес баждардың мөлшерлемелерін қолдану) белгісін;
      шығарылған елі Қазақстан Республикасы болып табылатын, Тізбеге енгізілген тауарды өткізген жағдайда - Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауардың өндірісін айқындайтын тауар белгісін;
      Тізбеге енгізілген тауарды, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда - Тізбеге енгізілген тауар, оның аумағына әкетілетін ЕАЭО мүше мемлекеттің әріптік кодын;
      Тізбеге енгізілген тауарды, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда - межелі пунктті;
      Тізбеге енгізілген тауардың атауын;
      бұрын үшінші елден немесе ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген жағдайда - Тізбеге енгізілген тауарлардың, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын;
      мөлшерінің (көлемінің) өлшем бірілігін көрсетіп, Тізбеге енгізілген тауарлардың мөлшерін (көлемін);
      бұрын үшінші елден немесе ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген жағдайда - тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу немесе тауарларды өткізу туралы өтініштің нөмірін;
      Қазақстан Республикасында өндірілген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген жағдайда - СТ-1 нысандағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың нөмірін;
      үшінші елден әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген жағдайда - тауарға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
      бұрын үшінші елден немесе ЕАЭО мүше мемлекеттен әкелінген тауарларды өткізген жағдайда - тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірін және декларацияланатын тауардың реттік нөмірін;
      жеткізушіден алынған, Тізбеге енгізілген тауарларды, оларды сатып алу кезінде электронды шот-фактураның нөмірін көрсеті арқылы жүзеге асырылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10423 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған), Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында белгіленген тәртіпте:
      бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;
      ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;
      мыналарды:
      бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;
      ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды;
      бір заңды тұлғаның шегінде тауарларды беруге байланысты, ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып береді.
      Бұл ретте бұл әкетілім Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған өткізу бойынша айналымға енгізілмейді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкеткен кезде МКО мөрімен куәландырылған тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың қағаз көшірмелері тауарға ілеспе құжат болып табылады.
      Салық төлеуші МКО-ға тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде растау туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, табыс етіледі.
      МКО табыс етілген өтініштің негізінде камеральдық бақылауды жүзеге асырады;
      үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барына растау;
      тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауардың ілеспе құжаты ретінде куәландыру туралы өтінішті растауға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің тауарлардың қалдығы бойынша мәліметтермен сәйкестігі.
      МКО өтінішті табыс еткен күннен кейінгі күнтізбелік бір күннен кешіктірмей табыс етілген құжаттардың көшірмелерін куәландырады не осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны куәландырудан бас тартады.»:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қазақстан Республикасының аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен және Хаттама күшіне енгенге дейін әкелген кезде, МКО мөрімен куәландырылған электрондық шот-фактуралардың және тауарға арналған декларациялардың қағаз көшірмелері тауарға ілеспе құжат болып табылады.
      Салық төлеуші МКО:
      тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде растау туралы өтінішті. Өтініш осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, олардың көшірмелерін қоса бере отырып табыс етіледі;
      Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығының барын және осы Хаттама күшіне енгенге дейін үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына осындай тауарларды әкелуін растау мақсатында салық тексеруін жүргізуге өтінішті. Өтініш Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. МКО табыс еткен өтініштердің негізінде салық тексеруін жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды:
      1) Хаттама күшіне енгенге дейін бұрын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге әкетуге арналған Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барына растығына;
      2) кедендік декларациялау Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу фактісіне;
      3) тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы растауға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің тауарлардың қалдығы бойынша мәліметтермен сәйкестігіне шаралар қабылдайды.
      Тауарға ілеспе құжат ретінде тауарға арналған декларациялар мен электрондық шот-фактуралардың көшірмелері салықтық тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей куәландырылады.
      Салықтық тексерудің нәтижелері бойынша осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген мәселелер расталмаған жағдайда, МКО тауарға арналған декларацияның және электронды шот-фактураның көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1. Тізбеге енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды әкеткен кезде СТ-1 нысанындағы тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқасы және МКО мөрімен куәландырылған электронды шот-фактураның қағаз көшірмесі тауарға ілеспе құжат болып табылады.
      Салық төлеуші аумақтық МКО осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың қосымшасымен электронды шот-фактураның көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтінішті табыс етеді.
      МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
      электронды шот-фактураның ақпараттық жүйесінде бар, электронды шот-фактураның табыс етілген электронды шот-фактураның көшірмесімен сәйкестігіне камералдық бақылауды жүзеге асырады;
      СТ-1 нысанында тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруді жүзеге асырған органға көрсетілген сертификаттың ұсынылған түпнұсқасының заңдастырылғандығын растауға сұрау салуды жолдайды.
      СТ-1 нысанында тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруді жүзеге асырған органнан ұсынылған сертификаттың заңдастырылғандығын растауды алған күннен кейінгі күнтізбелік бір күннен кешіктірмей ұсынылған электронды шот-фактуралардың көшірмелерін куәландырады не оларды куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.»;
      «10-2. Тізбеге енгізілген және бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды әкеткен кезде, МКО мөрімен куәландырылған, электронды шот-фактуралардың қағаз көшірмелері және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш (328.00-нысан) тауарға ілеспе құжат болып табылады.
      Салық төлеуші аумақтық МКО электронды шот-фактураның көшірмелерін және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті (328.00-нысан) тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген құжаттардың қосымшасымен ұсынылады.
      МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
      электронды шот-фактураның ақпараттық жүйесінде бар, электронды шот-фактураның табыс етілген электронды шот-фактураның көшірмесімен сәйкестігіне;
      МКО ақпараттық жүйесіндегі тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан) табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан) көшірмесімен сәйкестігіне камералдық бақылауды жүзеге асырады.
      МКО өтініш табыс етілген күннен кейінгі күнтізбелік бір күннен кешіктірмей, табыс етілген электронды шот-фактураның және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан) көшірмелерін куәландыру не оларды куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.»;
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 718 бұйрығына    
1-қосымша        

Еуразиялық экономикалық одаққа 
мүше мемлекеттердің өзара   
трансшекаралық саудасы шеңберінде
жекелеген тауарларды өткізу кезінде
оларды есепке алуды ұйымдастыру 
жөніндегі нұсқаулыққа     
4-қосымша            

Нысан

____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________
(салық төлеушінің А.Т.Ә. (бар
болса)/атауы)     
____________________________
ЖСН/БСН ____________________
20__ «___»_________    

Тауарға арналған декларациялар мен электрондық
шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде
куәландыру туралы өтініш
№___

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, Тізбеге
енгізілген тауарларды, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттің аумағына әкетуге байланысты - ___________________________
_____________________________________________________________________
                      мемлекетті көрсетіңіз)

      олар бойынша СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы
сертификаты бар электрондық шот-фактуралардың (ЭШТ) мынадай
көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде растауыңызды өтінем:

Құжат көшірмесінің түрі (ЭШТ) және СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат

ЭШТ тіркеу нөмірі және СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың нөмірі (тиісінше)

1



2



...



      Осымен алынған электрондық шот-фактуралардың және СТ-1
нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың
куәландырған көшірмелерін, түзетілген шот-фактураға қосымша
шот-фактураны жазып берген, сондай-ақ күші жойылған, кері қайтарылған
шот-фактураны пайдаланбауға міндеттенем.
      Ескертпе:
      *Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшірмесінің әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады

___________________________
Қолы және мөрі (бар болса)

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 718 бұйрығына    
2-қосымша        

Еуразиялық экономикалық одаққа 
мүше мемлекеттердің өзара   
трансшекаралық саудасы шеңберінде
жекелеген тауарларды өткізу кезінде
оларды есепке алуды ұйымдастыру 
жөніндегі нұсқаулыққа     
5-қосымша            

Нысан

____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________
(салық төлеушінің А.Т.Ә. (бар
болса)/атауы)     
____________________________
ЖСН/БСН ____________________
20__ «___»_________    

Электронды шот-фактураның және тауарларды әкелу және жанама
салықты төлеу туралы өтініштердің (328.00-нысан) көшірмелерін
тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтініш

      ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына
әкелінген ЕАЭО СЭҚ ТН коды атауы Тізбеге енгізілген тауарларды
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетуге
байланысты -_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                       (мемлекетті көрсетіңіз)

электронды шот-фактураның және тауарларды әкелу және жанама салықты
төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан) көшірмелерін тауарға ілеспе
құжат ретінде куәландыруды өтінем (Өтініш)

Құжат көшірмесінің түрі (ЭШФ) және Өтініш

ЭШТ тіркеу нөмірі және Өтініштің нөмірі (тиісінше)

1



2



...



      Осымен алынған электрондық шот-фактуралардың және тауарларды
әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан)
көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтініштің
куәландырған көшірмелерін, түзетілген шот-фактураға қосымша
шот-фактураны жазып берген, сондай-ақ күші жойылған, кері қайтарылған
шот- фактураны пайдаланбауға міндеттенем.
      Ескертпе:
      *Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшірмесінің әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады

___________________________
Қолы және мөрі (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады