РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 15.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылғы 15 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 20.03.2018 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Хаттама) және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және баждардың төмендетілген ставкалар, сондай-ақ осындай ставкалардың мөлшері қолданылатын тауарларды, атауы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алуды жүзеге асыруды нақтылайды.
Есепке алу мынадай:
Тізбеге енгізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар:
1) баждардың төмендетілген мөлшерлемесі – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) баж мөлшерлемесін салыстыру бойынша неғұрлым төмен, Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстан Республикасының міндеттемелерімен көзделген мөлшерлеменің ең жоғары деңгейінде белгіленетін, кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі;
2) ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлар – ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар;
3) тізбе – баждардың төмендетілген мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшері қолданылуы мүмкін, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың тізбесі;
4) тізбеге енгізілген тауарлар – баждардың төмендетілген мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшері қолданылуы мүмкін, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар;
5) тауардың ілеспе құжаттары – "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуді және олардың айналысының кейбір мәселелері туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 Шешімімен бекітілген құжаттар.
3. Есепке алу жүйесі осы Нұсқаулықта Тізбеге енгізілген тауарлардың өткізілуін есепке алу жиынтығы деп түсіну, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлардың мынадай түрінде:
ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) ақпараттық жүйесінде тіркеуге жататын Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №257 "Кеден декларацияларын және кеден декларациясының нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулық" шешімімен бекітілген (бұдан әрі – тауарларды декларациялау) тауарларға арналған декларацияларды есепке алу;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) жазып беруге және тіркеуге жататын электрондық шот-фактураларды тауарға ілеспе құжат ретінде есепке алу;
нақты уақыт режимінде электрондық нысанда ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу жүйесін енгізгенге дейін, тауарға ілеспе құжат ретінде тиісті құжаттарды куәландыру үшін ұсынылған өтініштерді есепке алу;
нақты уақыт режимінде электрондық нысанда жүйені енгізгенге дейін ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу – осы Нұсқаулықтың 8, 9, 10, 11, 12 және 13 тармақтарына сәйкес аумақтық мемлекеттік кірістер органының тасымалдау құжаттарын куәландыруы;
ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына беру үшін есепке алу жүйесіндегі ақпараттарды өңдеу.
2-тарау. Өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі тәртібі
4. Тізбеге енгізілген тауарларды үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде, олар бойынша баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын, Тізбеге енгізілген тауарлар бойынша тауарға арналған декларация жеке (тауарлардың жеке декларациясы) ресімделеді.
Декларант ЕАЭО БКТ белгілеген кедендік әкелу бажының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылған, Тізбеге енгізілген тауарларды және Тізбеге енгізілмеген тауарларды әкелген кезде декларациялауды тауарға арналған бір декларацияда жүргізеді.
5. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған, Тізбеге енгізілген тауарларды орналастырған кезде тауарлардың декларациясының тіркеу нөмірінің 3 элементінің бірінші саны мынадай тәртіпте толтырылуы тиіс:
0 – ЕАЭО БКТ мөлшерлемелері қолданылған тауарларға қатысты;
1 – олар бойынша баждың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылған тауарларға қатысты.
6. Тізбеге енгізілген тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды мен атауы Тізбеге енгізілген, ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге әкетілетін тауарлар туралы мәліметтердің тауарлар туралы ақпараттармен қатынасы көрсетілген тауарларды өткізу кезінде, "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) электрондық шот фактурада (бұдан әрі – электрондық шот-фактура):
электрондық шот-фактураның G бөлімінің 2-бағанында көрсетілген тауардың шығарылған жерінің белгісін;
үшінші елден әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірін және декларацияланатын тауардың реттік нөмірін;
үшінші елден әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің нөмірі, 2009 жылғы 11 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдары арасында жанама салықтардың төленген сомалары туралы ақпараттарды электрондық түрде алмасу туралы хаттамамен бекітілген (бұдан әрі – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірін;
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің 1-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
Қазақстан Республикасында өндірілген тауарды өткізген жағдайда – СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылу сертификатының тіркеу нөмірін;
аумағына тауар әкетілетін ЕАЭО мүше мемлекеттің әріптік кодын;
ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкеткен жағдайда – межелі пунктті;
тауардың атауын;
ЕАЭО СЭҚ ТН кодын;
санының (көлемінің) өлшем бірлігін көрсете отырып, тауарлардың санын (көлемін) көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Салық төлеуші:
бұрын үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;
импорт кезінде ЕАЭО БКТ баждарының ставкаларымен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен ставкалары қолданылатын, Тізбеден алынып тасталған тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;
бір заңды тұлға шегінде тауардың берілуіне байланысты:
бұрын үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен;
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды уақытша әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып береді.
Бұл ретте аталған әкету Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған өткізу бойынша айналымға енгізілмейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды әкету кезінде салық төлеуші МКО осы нұсқаулықтың 1, 3 және 4 қосымшасына сәйкес тауарға ілеспе құжаттарды куәландыру туралы өтінішті табыс етеді.
МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
Тізбеге енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған тауарлар қалдығы барының дұрыстығына;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған тауарлар қалдығы барының дұрыстығына;
Осы нұсқаулықтың 1, 3 және 4 қосымшасына сәйкес тауардың ілеспе құжаты ретінде куәландыру туралы өтінішті растауға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің тауарлардың қалдығы бойынша мәліметтермен сәйкестігіне камеральдық бақылауды жүзеге асырады.
МКО өтінішті табыс еткен күннен кейінгі күнтізбелік бір күннен кешіктірмей табыс етілген құжаттардың көшірмелерін куәландырады не оны куәландырудан бас тартады.
Қазақстан Республикасы және ЕАЭО заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда құжаттар куәландыруға жатпайды.
9. Бұрын үшінші елден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде МКО мөрімен куәландырылған электрондық шот-фактуралардың және тауарларға арналған декларациялардың көшірмелері тауарға ілеспе құжат болып табылады.
Салық төлеуші аумақтық МКО тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде растау туралы өтінішті осы Нұсқаулықтағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып табыс етіледі.
МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар, электрондық шот-фактуралардың табыс етілген электрондық шот-фактуралардың көшірмелерімен сәйкестігіне;
МКО ақпараттық жүйесінде бар тауарларға арналған декларациялардың табыс етілген тауарларға арналған декларациялардың көшірмелерімен сәйкестігіне камеральдық бақылауды жүзеге асырады.
МКО өтінішті табыс еткен күннен кейінгі күнтізбелік бір күннен кешіктірмей табыс етілген электрондық шот-фактуралар мен тауарларға арналған декларациялардың көшірмелерін куәландырады не куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
10. ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген және бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына әкеткен кезде, МКО мөрімен куәландырылған, электрондық шот-фактуралардың көшірмелері және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш тауарға ілеспе құжат болып табылады.
Салық төлеуші аумақтық МКО электрондық шот-фактураның көшірмелерін және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтінішті табыс етіп, осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген құжаттардың қосымшасымен ұсынылады.
МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар, электрондық шот-фактуралардың табыс етілген электрондық шот-фактуралардың көшірмелерімен сәйкестігіне;
МКО ақпараттық жүйесіндегі тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің көшірмесімен сәйкестігіне камералдық бақылауды жүзеге асырады.
МКО өтініш табыс етілген күннен кейінгі күнтізбелік бір күннен кешіктірмей, табыс етілген электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін куәландырады не оларды куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
11. ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде МКО мөрімен куәландырылған электрондық шот-фактуралардың көшірмелері тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат болып табылады.
Салық төлеуші аумақтық МКО-ға осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ретінде куәландыру туралы өтінішті табыс етеді.
МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар электрондық шот-фактуралардың табыс етілген электрондық шот-фактуралардың көшірмелерімен сәйкестігіне;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың барына;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар көрсетілген сертификаттардағы тауарлардың сипаттамасы туралы ақпараттардың "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкестігіне камералдық бақылауды жүзеге асырады.
МКО өтініш тіркелген сәттен бастап үш сағаттан кешіктірмей ұсынылған электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін куәландырады не оларды куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Қазақстан Республикасының аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен және Хаттама күшіне енгенге дейін әкелген (өндірген) кезде, МКО мөрімен куәландырылған тауарға ілеспе құжаттарының көшірмелері тауарға ілеспе құжат болып табылады.
Салық төлеуші МКО:
Осы нұсқаулықтың 1, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандардың біреуі бойынша тауарға ілеспе құжаттар ретінде растау туралы өтінішті;
Тізбеге енгізілген, Хаттама күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген не Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар қалдығының барын растау мақсатында салықтық тексеру жүргізуге өтінішті табыс етеді. Өтінішті осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.
13. МКО табыс еткен өтініштердің негізінде:
кедендік декларациялау Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу фактісіне;
Хаттама күшіне енгенге дейін бұрын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барына растығына;
ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу фактісіне;
Хаттама күшіне енгенге дейін бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барына растығына;
Хаттама күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барына растығына;
тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы растауға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің тауарлардың қалдығы бойынша мәліметтермен сәйкестігіне салықтық тексеру жүргізу жөніндегі шараларды қабылдайды.
Тауарға ілеспе құжаттарының көшірмелері салықтық тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей куәландырылады.
Салықтық тексерудің нәтижелері бойынша осы тармақта көрсетілген мәселелер расталмаған жағдайда, МКО тауарға ілеспе құжаттарын куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
14. Осы Нұсқаулықтың 8, 9, 10, 11 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларға сәйкес келмеген кезде электрондық шот-фактуралардың көшірмелері куәландырылмайды.
Ескерту. Нұсқаулық 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Тауарға арналған декларациялар мен электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжаттары ретінде куәландыру туралы өтініш №____
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.05.2020 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына
Тізбеге енгізілген тауарларды әкетуге байланысты
____________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
тауарлардың декларациялары (ТД) мен электрондық шот- фактуралардың (ЭШФ) мынадай көшірмелерін тауарлардың ілеспе құжаты ретінде растауыңызды өтінем:
№ | Құжат көшірмесінің түрі (ТД немесе ЭШФ) | ТД немесе ЭШФ құжатының тіркеу нөмірі (тиісінше) |
1 | ||
2 | ||
… |
Куәландырылған шот-фактураға түзетілген, қосымша шот-фактураларды жазу, тауарлардың декларациясына түзетулер берілген, сондай-ақ куәландырылған шот-фактура кері қайтарылған, күші жойылған жағдайда, электрондық шот-фактуралардың, тауарлар декларациясының алдында куәландырған көшірмелері қолдануға жатпайды.
Ескертпе:
* Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшiрмесiнiң әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады.
Тауарлар арналған ілеспе жүкқұжаттарын куәландырудан бас тарту
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы 4-тармағы негізінде
_____________________________________________________________ (аумақтық мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді _________________________________________________________ (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)/атауы)
_____________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру номері/бизнес-сәйкестендіру номері)
тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды куәландыру туралы Өтінішке қоса берілген мынадай көшірмелерді:
№ | Құжат көшірмесінің түрі | Тіркеу нөмірі |
1 | ||
2 | ||
… |
тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар ретінде куәландырудан бас тарту туралы хабарлайды.
Өтініштерді тіркеу журналындағы кіріс нөмірі _____________________
Мынадай себептер бойынша:
Тізбеге енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған тауарлар қалдығы барының дұрыс еместігі;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған тауарлар қалдығы барының дұрыс еместігі;
осы нұсқаулықтың 1, 3 және 4 қосымшасына сәйкес тауардың ілеспе құжаты ретінде куәландыру туралы өтінішті растауға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің тауарлардың қалдығы бойынша мәліметтермен сәйкес еместігі;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар, электрондық шот-фактуралардың табыс етілген электрондық шот-фактуралардың көшірмелерімен сәйкес еместігі;
МКО ақпараттық жүйесінде бар тауарларға арналған декларациялардың табыс етілген тауарларға арналған декларациялардың көшірмелерімен сәйкес еместігі;
МКО ақпараттық жүйесіндегі тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің көшірмесімен сәйкес еместігі;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың жоқтығы;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар көрсетілген сертификаттардағы тауарлардың сипаттамасы туралы ақпараттардың "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкес еместігі;
кедендік декларациялау Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу фактісінің жоқтығы;
Хаттама күшіне енгенге дейін бұрын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барының дұрыс еместігі;
ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу фактісінің жоқтығы;
Хаттама күшіне енгенге дейін бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барының дұрыс еместігі;
Хаттама күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барының дұрыс еместігі;
"Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуымен байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу және айналымының кейбір мәселелері туралы" Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 Шешімінің 2-тармағына сәйкес ілеспе құжаттардың болмауы табылады.
_____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
_____________________________________________________________ аумақтық мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі басшысының қолы
Электрондық шот-фактуралардың және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің көшірмелерін тауарға ілеспе құжаттар ретінде куәландыру туралы өтініш №___
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.05.2020 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының
аумағына әкелінген Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды
және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттің аумағына әкетуге байланысты
____________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) және тауарларды әкелу және жанама салықты
төлеу туралы өтініштің көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыруды
өтінем
№ | Құжат көшірмесінің түрі (ЭШФ) және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш | ЭШТ тіркеу нөмірі және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің нөмірі |
1 | ||
2 | ||
… |
Куәландырылған шот-фактураға түзетілген, қосымша шот-фактураларды жазу, тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті кері қайтарылған, сондай-ақ куәландырылған шот-фактура кері қайтарылған, күші жойылған жағдайда, электрондық шот-фактуралардың, тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің алдында куәландырған көшірмелері қолдануға жатпайды.
Ескертпе:
*Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшірмесінің әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады
Электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар ретінде куәландыру туралы өтініш №___
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, Тізбеге енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетуге байланысты
_____________________________________________________________________________ (мемлекетті көрсетіңіз)
тауарға ілеспе құжаттар ретінде СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттары бар электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) мынадай ұсынылған көшірмелерін куәландыруды сұраймын:
№ | ЭШФ тіркеу нөмірі | СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификатының нөмірі |
1 | ||
2 | ||
… |
Куәландырылған шот-фактураға түзетілген, қосымша шот-фактураларды жазу, сондай-ақ куәландырылған шот-фактура кері қайтарылған, күші жойылған жағдайда, электрондық шот-фактуралардың бұрын куәландырған көшірмелері қолдануға жатпайды.
Ескертпе:
* Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшірмесінің әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады.
Салықтық тексеру жүргізу туралы өтініш
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
I-бөлім. Салықтық тексеру жүргізу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Хаттама), Хаттама күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан әкелінген Тізбеге енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге байланысты салықтық тексеру жүргізуді сұраймын –
_____________________________________________________________________________ (мемлекетті көрсетіңіз)
II-бөлім. Салық төлеушінің келісімі
Біз (Мен) осы өтініштің шеңберiнде салықтық тексеру жүргізуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келiсiмдi беремiз (беремін).
III-бөлім. Салық төлеушінің жауапкершілігі
Біз (Мен) осы өтініште келтірілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікте боламыз (боламын).
____________________________________________________________
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші басшысының (уәкілетті өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы және мөрі
____________________________________________________________ Өтінішті табыс еткен күні
IV-бөлім. Мемлекеттік органның белгісі
____________________________________________________________ Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы
____________________________________________________________ Өтініштің кіріс нөмірі және қабылдау күні