"Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 719 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12692 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 12.05.2017 № 301 (01.10.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" атты ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 1-2-тармағына, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды (бұдан әрі - ЭШФ) жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық кодексінің 256, 263 және 264-баптарымен белгіленген талаптарға және осы Қағидаларда сәйкес жазып берілген және Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген ЭШФ қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіз болып табылады. Егер шот-фактура қағаз тасымалдағышында да, электрондық нысанда да жазып берілген жағдайда, онда электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.";

      4-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ЭШФ - ЭШФ АЖ арқылы электрондық нысанда жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін шот-фактура;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісім салық төлеушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      ЭШФ АЖ-ға қатысушыны авторландыру және ЭШФ АЖ-де электрондық құжаттарды куәландыру үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың (бұдан әрі - ҰКО) электрондық нысандағы тіркеу куәлігі қолданылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. ЭШФ АЖ құжат айналымы процесінде мынадай операциялар жүзеге асырылады:

      1) электрондық нысанда шот-фактураны құру - Салық кодексінің 263-бабында белгіленген талаптарға және осы Қағидаларға сәйкес нысанын толтыру;

      2) электрондық нысанда шот-фактураны куәландыру - электрондық цифрлық қолтанбамен ЭШФ қол қою;

      3) ЭШФ жөнелту - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру үшін құрылған және куәландырылған ЭШФ жөнелту;

      4) ЭШФ өңдеу - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру процесі;

      5) ЭШФ тіркеу - ЭШФ АЖ бірегей тіркеу нөмірін беру рәсімі. ЭШФ тіркеу өңдеу процесінде қатесі болмаған жағдайда жүргізіледі.

      6) ЭШФ жазып беру - бұл Салық кодексінің 263-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген және ЭШФ АЖ бірегей тіркеу нөмірі берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған ЭШФ құру;

      7) ЭШФ алу - ЭШФ АЖ-де тіркелгенн ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушіден тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушыға жеткізу;

      8) ЭШФ қарау - тіркелген ЭШФ көрсету;

      9) ЭШФ беру - импортталған ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушіден тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушыға жеткізу;

      10) ЭШФ кері қайтару - ЭШФ жарамсыз деп тану;

      11) электрондық нысанда шот-фактураны қабылдау - ЭШФ АЖ құралдарымен өңдеу және тіркеу үшін салық төлеушінің басқа есептік жүйелерінен құжаттың импорты;

      12) ЭШФ экспорты - тіркелген ЭШФ ЭШФ АЖ-дан сақтау, оның ішінде басқа есептік жүйелеріне жіберу.";

      12-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қате" - электрондық нысанда толтырылған, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігін тексеруден өтпеген және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушыға жіберілмеген шот-фактуралар;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ЭШФ АЖ бар электронды құжат ЭШФ АЖ арқылы шот-фактура жазылған жағдайда, ЖШФ түпнұсқасы (телнұсқасы) болып табылады.

      Бұл ретте, мазмұны ЭШФ мазмұнына қайшы келмейтін ЭШФ қағаз тасымалдағышында немесе электронды нысанда көшірмесі болуы мүмкін.";

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ЭШФ АЖ қатысушы электронды нысанда жазылатын шот-фактуралардың құжат айналымы мақсатында ЭШФ АЖ мынадай қосымшаларын пайдаланады:";

      31-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Жеткізуші" деген 7-жолда ЭШФ жазып беретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады):

      тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізуші болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілме) және (немесе) атауы;

      тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізуші болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде дәстүрге, оның ішінде іскерлік айналымдағы дәстүрге сәйкес аббревиатуралар қолданылуы мүмкін;";

      32-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "қосымша мәліметтер" деген 12-жолда:

      "БКТ" әріптері - егер ЕАЭО мүше мемлекеттері болып табылмайтын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген тауарды әкелу кезінде кедендік әкелу бажы ЕАЭО БКТ ставкасы бойынша төленген жағдайда;

      "ДСҰ" әріптері - егер ЕАЭО мүше мемлекеттері болып табылмайтын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген тауарды әкелу кезінде кедендік әкелу бажы төмендетілген ставканы қолданумен төленген жағдайда;

      "СТ-1" әріптері - егер Қазақстан Республикасында өндірілген Тізбеге енгізілген тауар іске асырылған жағдайда;

      "ТС" әріптері - егер ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасына бұрын әкелінген Тізбеге енгізілген тауар іске асырылған жағдайда көрсетіледі.

      Аталған жол тек мынадай:

      Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      Қазақстан Республикасында өндірілген Тізбеге енгізілген тауар іске асырылған;

      тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруге байланысты, Қазақстан Республикасының аумағынан басқа ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарды әкеткен;

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген;

      үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;

      ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жағдайларда ғана толтырылады.";

      33-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Алушы" деген 18-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атауы көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады):

      тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;

      тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген атауы. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бойынша дәстүрге, оның ішінде іскерлік айналымдағы дәстүрге сәйкес аббревиатуралар қолданылуы мүмкін;";

      "5) "Қосымша мәліметтер" деген 20-жолда Тізбеге енгізілген тауарлар әкетілетін аумақтағы ЕАЭО мүше мемлекеттің әріптік коды көрсетіледі:

      ARM - егер тауар Армения Республикасына әкетілген жағдайда;

      BLR - егер тауар Беларусь Республикасына әкетілген жағдайда;

      KGZ - егер тауар Қырғыз Республикасына әкетілген жағдайда;

      RUS - егер тауар Ресей Федерациясына әкетілген жағдайда.

      Аталған жол тек:

      бұрын Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО мүше мемлекеттерден немесе үшінші елдерден әкелінген Тізбеге енгізілген тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен;

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген Тізбеге енгізілген тауарды әкеткен;

      тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруге байланысты, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарды әкеткен жағдайларда ғана толтыруға жатады;";

      35-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Межелі пункті" деген 28-жолда ЕЭО мүше мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігі тауарларды жеткізу орны көрсетіледі.

      Аталған жол тек:

      тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруге байланысты, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарды әкеткен жағдайда ғана толтыруға жатады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген С бөлімінде:

      1) "Валюта коды" деген 33.1-жолда Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" деген 23-қосымшаға сәйкес валюта коды көрсетіледі (егер "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "экспорттаушы немесе ӨБК қатысушы" деген F ұяшық белгіленсе, жол толтырылады);

      2) "Валюта бағамы" деген 33.2-жолда:

      егер жеткізуші ол үшін Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағына сәйкес салық салу режимі көзделген жер қойнауын пайдаланушы болып табылған жағдайда - осы жолда өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес қолданылатын валюта бағамы көрсетіледі;

      өзге жағдайларда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру бойынша айналым жасау күнінде белгіленген валютаның нарықтық бағамы көрсетіледі.

      Егер "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "экспорттаушы немесе ӨБК қатысушы" деген F ұяшығы белгіленсе және "Валюта коды" деген 33.1-жолда "KZT"-ден өзгеше мән көрсетілсе, осы жол толтырылады;

      3) "Р\с №" деген 1-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

      4) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген 2-бағанда өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы көрсетіледі (жол міндетті толтыруға жатады). Бұрын Қазақстан Республикасына әкелінген тауарды іске асырған жағдайда атауы тауарларға арналған декларацияда немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште көрсетілген тауарлардың атауымен сәйкес келуі тиіс;

      5) "Тауар коды (СЭҚ ТН)" деген 3-бағанда Қазақстан Республикасына тауарлардың әкелуін ресімдеу кезінде тауарларға арналған декларацияның 33-жолында көрсетілген Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының жіктеуішіне сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.

      Аталған баған:

      бұрын Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарды, оның ішінде Тізбеге енгізілген тауарды іске асыру;

      егер мұндай тауарды сатып алу кезінде жазып берілген ЭШФ-тағы G бөлімінің 3-бағанында СЭҚ ТН коды көрсетілсе және мұндай тауар өзгеріссіз қалыпта іске асырылса, Тізбеге енгізілген тауарды іске асыру;

      Тізбеге енгізілген тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына әкету кезінде міндетті толтыруға жатады;

      6) "Өлшем бірлігі" деген 4-бағанда іске асырылатын тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өлшем бірлігі (шартты белгі) (ол болған кезде) көрсетіледі;

      7) "Саны (көлемі)" деген 5-бағанда осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ЭШФ бойынша өткізілетін, қабылданған өлшем бірліктеріне сүйене отырып саны (көлемі) (оларды көрсету мүмкін болған кезде) көрсетіледі;

      8) "Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігі үшін бағасы (тариф)" деген 6-бағанда ҚҚС пен акцизді есепке алмағандағы тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің шарт (келісімшарт) бойынша бірлігі үшін бағасы (тариф) (оны көрсету мүмкіндігі болған кезде) көрсетіледі;

      9) "Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны" деген 7-бағанда ҚҚС пен акцизді есепке алмағандағы ЭШФ бойынша тиеп жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);

      10) "Акциздің ставкасы" деген 8-бағанда акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда акциздің ставкасы көрсетіледі;

      11) "Акциз сомасы" деген 9-бағанда 8-бағанда көрсетілген ставка бойынша есептелген акцизделетін тауарлар бойынша сома көрсетіледі;

      12) "Өткізу бойынша айналымның (салық салынатын/салық салынбайтын айналым) мөлшері" деген 10-бағанда Салық кодексінің 238-бабына сәйкес айқындалған өткізу бойынша айналым мөлшері көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);

      13) "ҚҚС ставкасы" деген 11-бағанда ҚҚС ставкасы көрсетіледі. Салық салынбайтын айналымдар бойынша ЭШФ жазып берілген, сондай-ақ ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушіге ЭШФ жазып берілген жағдайда, "ҚҚС-сыз" түзету мүмкіндігінсіз белгісі көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);

      14) "ҚҚС сомасы" деген 12-бағанда осы тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген ставка бойынша есептелген ҚҚС сомасы көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);

      15) "Жанама салықтарды есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны" деген 13-бағанда ҚҚС пен акцизді есепке алғандағы ЭШФ бойынша тиеп жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);

      16) "КО шеңберінде өтініштің немесе Тауарларға арналған декларация нөмірі" деген 14-бағанда:

      бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды іске асырған жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің 18 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Бұл ретте тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің әртүрлі тіркеу нөмірі бойынша біртекті импортталған тауарлар осы бөлімнің жеке жолдарында көрсетіледі.

      Тауарларға арналған декларацияның 20 мәнді тіркеу нөмірі:

      бұрын Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарды, оның ішінде Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      егер мұндай тауарды сатып алу кезінде жазып берілген ЭШФ-тағы G бөлімінің 3-бағанында СЭҚ ТН коды көрсетілсе және мұндай тауар өзгеріссіз қалыпта іске асырылса, Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      Тізбеге енгізілген тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда көрсетіледі;

      17) "Қосымша деректер" деген 15-жолда тауарларға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген Тізбеге енгізілген тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      Аталған баған тек мынадай:

      бұрын Қазақстан Республикасының аумағына импортталған Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      егер мұндай тауарды сатып алу кезінде жазып берілген ЭШФ-тағы G бөлімінің 15-бағанында тауарларға арналған декларацияның реттік нөмірі көрсетілсе және мұндай тауар өзгеріссіз қалыпта іске асырылса, Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      Тізбеге енгізілген тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруге байланысты ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда міндетті толтыруға жатады;";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Құжат айналымы жұмысын қамтамасыз ету, жүйедегі сәйкестендіру, электрондық құжаттарға қол қою, электрондық құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін ЭШФ АЖ-де ҰКО электрондық нысандағы тіркеу куәліктерімен міндетті түрде қол қою көзделген.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1. Жекелеген жағдайларда электрондық шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

      51-1. Сатып алушыларға бақылау-касса машиналардың чектерін ұсына отырып жеке тұлғаларға Тізбеге енгізілген тауарларды қолма-қол есеп айырысқаны үшін іске асыру кезінде жеткізуші мұндай тауарларға "Алушының деректемелері" деген С бөлімде:

      "Алушы" деген 18-жолда - "жеке тұлға" деген сөздер көрсетілетін;

      "Орналасқан жерінің мекенжайы" деген 19-жолда - "бөлшек сауда" деген сөздер көрсетілетін;

      "F" деген ұяшықта - белгі қойылатын бір күн ішіндегі барлық айналымға бір ЭШФ жазып беріледі.";

      1-қосымшада:

      жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  Электрондық нысанда жазып
берілетін шот-фактуралардың құжат
айналымының қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ";

      1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "электрондық шот-фактура - ЭШФ АЖ арқылы электрондық нысанда жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін шот-фактура;";

      2-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  Электрондық нысанда жазып
берілетін шот-фактуралардың құжат
айналымының қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады