ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.08.2024 № 281 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 23.08.2024 № 67 (12.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 03.01.2019 № 1 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 08.01.2019 № 1 бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2023 № 223 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.06.2023 № 103 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) мыналарға:
осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субьектілерге;
осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субьектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 03.01.2019 № 1 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 08.01.2019 № 1 бірлескен бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
_______________С.Айтпаева
2015 жылғы 29 желтоқсан
Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2023 № 223 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.06.2023 № 103 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізу үшін органикалық өнім өндіру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге сәйкес келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
3) бақылау субъектісі (объектісі) – органикалық өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) болмашы бұзушылық – елеулі, өрескел бұзушылыққа жатқызылмаған, органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, оның ішінде тиісті қора-жайлармен және жануарларды жаю жағдайларымен қамтамасыз ету бойынша талаптарды бұзу;
5) елеулі бұзушылық – органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды өсімдіктерден және жануарлардан алынатын қалдықтарды және жанама өнімдерді кәдеге жарату бөлігінде бұзу;
6) өрескел бұзушылық – халық денсаулығының нашарлауына алып келуі мүмкін органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, атап айтқанда гендік түрлендірілген объектілерді қолдану, пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану, сондай-ақ ауру жануарлар мен залалданған өсімдіктерді, жануарлардан және өсімдіктерден алынған қауіпті өнім мен шикізатты пайдалану;
7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – органикалық өнім өндіру саласында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін ең төменгі ықтимал дәрежеде шектеу мақсатында кейін бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) мұндай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
11) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – органикалық өнім өндіру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес нақты мемлекеттік бақылау саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең кезеңмен жүзеге асырылатын (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
Бірінші кезеңде тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары бойынша бақылау субъектілері (объектілері) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады.
Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
4. Екінші кезеңде тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары бойынша бақылау субъектілері (объектілері) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады.
5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелілігіне, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.
Органикалық өнім өндіру саласындағы талаптардын бұзушылық дәрежесі осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес айқындалады.
6. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
7. Объективті өлшемшарттар бойынша органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекелі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) мыналар жатады:
1) органикалық өсімдік шаруашылығындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері);
2) органикалық мал шаруашылығындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері).
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
8. Субъективті өлшемшерттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) дерекқорларды қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
9. Бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері пайдаланылады.
10. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талдауға және бағалаула жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректер қалыптастырылады.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау әлеуетті тәуекелі ең жоғары бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабы 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне арналған тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды қосуға жол берілмейді.
11. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
3-параграф. Тәуекелдерді басқару
12. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) осы Өлшемшарттардың 19-тармағында белгіленген кезеңге субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізуден босатылады.
13. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі органикалық өнім өндіру саласында осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
14. Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 9-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқорды қалыптастырады.
15. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші мен субъективті өлшемшарттар бойынша айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC ,
мұнда:
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есептеу органикалық өнім өндіру саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте органикалық өнім өндіру саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктемелі жиынтықты (іріктемені) құрайды.
16. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы Өлшемшарттардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
17. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті xi өлшемшарты көрсеткішінің үлес салмағы
n – көрсеткіштер саны.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
18. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R –жекелеген бақылау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудың жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады, бірақ жылына екі реттен жиілетпеу керек.
20. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабы 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттардың атауы | Бұзушылық дәрежесі |
1 | 2 | 3 |
Органикалық өсімдік шаруашылығындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты | ||
1. | Тыңайтқыштар мен топырақты жақсартатын заттарды, өсімдіктерді қорғау құралдары ретінде қолданылатын жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын заттарды және агрохимикаттарды, зиянкестермен және аурулармен биологиялық күресу үшін пайдаланылатын микроорганизмдер мен жәндіктер және олар бөлетін заттарды, органикалық өнім өндіруде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізіміне сәйкес пайдалануға ұстағыштар мен тозаңдатқыштарда пайдалану үшін рұқсат етілген заттарды пайдалануға қойылатын талаптардың сақталмауы | өрескел |
2. | Органикалық өнімдерді органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек өндіруге қойылатын талаптардың сақталмауы | елеулі |
Органикалық мал шаруашылығындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты | ||
3. | Органикалық өнімдерді органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек өндіруге қойылатын талаптардың сақталмауы | елеулі |
4. |
Күйіс қайыратындар және жылқы тұқымдастар үшін күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтердің сақталмауы. Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң: | болмашы |
5. |
Сүтті сиырларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | болмашы |
6. |
Тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | болмашы |
7. |
Қойлар мен ешкілерді күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. Ересек мал: | болмашы |
8. |
40 күнге дейінгі торайлары бар торайлайтын шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | болмашы |
9. |
Шошқаларды бордақылауға арналған күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | болмашы |
10. |
Торайларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | болмашы |
11. |
Өсіруге арналған шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | болмашы |
12. |
Жұмыртқалағыш тауықтарды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | болмашы |
13. |
Үй құсын күтіп-бағу және бордақылау (тұрақты қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | болмашы |
14. |
Үй құсын күтіп-бағу және жемдеу (мобильді қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | болмашы |
15. |
Шарбақтарда өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығының сақталмауы: | болмашы |
16. |
Бассейндерде өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығының сақталмауы: | болмашы |
17. |
Тұйық циклді сумен жабдықталатын қондырғыларда өсірілетін ортаға балықтарды орналастыруды ең жоғары тығыздығының сақталмауы: | болмашы |
18. |
Бейімделген көлдер мен тоғандардағы өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығының сақталмауы: | болмашы |
Органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тексеру парағы тексеру парағы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2023 № 223 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.06.2023 № 103 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган____________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________________
__________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес- сәйкестендіру
нөмірі _______________________________________________
Орналасқан мекенжайы ____________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Тыңайтқыштар мен топырақты жақсартатын заттарды, өсімдіктерді қорғау құралдары ретінде қолданылатын жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын заттарды және агрохимикаттарды, зиянкестермен және аурулармен биологиялық күресу үшін пайдаланылатын микроорганизмдер мен жәндіктер және олар бөлетін заттарды, органикалық өнім өндіруде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізіміне сәйкес пайдалануға ұстағыштар мен тозаңдатқыштарда пайдалану үшін рұқсат етілген заттарды пайдалануға қойылатын талаптардың сақталмауы | ||
2. | Органикалық өнімдерді органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек қойылатын талаптардың сақталмауы |
Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _________________ _______________________
Лауазымы қолы
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тексеру парағы
Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 03.01.2019 № 1 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 08.01.2019 № 1; жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2023 № 223 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.06.2023 № 103 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_______________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _______________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Органикалық емес өнімдерді өндіруден бөлек органикалық өнімді өндіруге қойылатын талаптарды сақтамау | ||
2. |
Күйіс қайыратындар және жылқы тұқымдастар үшін күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтердің сақталмауы. Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң: | ||
3. |
Сүтті сиырларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | ||
4. |
Тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | ||
5. |
Қойлар мен ешкілерді күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. Ересек мал: | ||
6. |
40 күнге дейінгі торайлары бар торайлайтын шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | ||
7. |
Шошқаларды бордақылауға арналған күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | ||
8. |
Торайларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | ||
9. |
Өсіруге арналған шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | ||
10. |
Жұмыртқалағыш тауықтарды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | ||
11. |
Үй құсын күтіп-бағу және бордақылау (тұрақты қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | ||
12. |
Үй құсын күтіп-бағу және жемдеу (мобильді қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. | ||
13. |
Шарбақтарда өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығының сақталмауы: | ||
14. |
Бассейндерде өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығының сақталмауы: | ||
15. |
Тұйық циклді сумен жабдықталатын қондырғыларда өсірілетін ортаға балықтарды орналастыруды ең жоғары тығыздығының сақталмауы: | ||
16. |
Бейімделген көлдер мен тоғандардағы өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығының сақталмауы: |
Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _________________ __________________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі