Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12789 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы                           В. Жұмақанов

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының         
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 108 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының
азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің
қағидалары мен шарттары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 139-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарыныңаумақтық және өзге де органдарының, оқу орындарының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің және басқа ведомстволық бағынысты ұйымдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын анықтайды.
      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттау – олардың кәсіби және біліктілік даярлық деңгейін, іскерлік және тұлғалық қасиеттерін анықтау бойынша мерзімді жүзеге асырылатын рәсім.
      3. Қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті аттестаттау кезінде бағалаудың басты өлшемшарты болып табылады.
      4. Қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан кейін және бір жылдан кешіктірілмей аттестаттаудан өтетін жүкті әйелдерді, жүктілігі мен бала тууы бойынша демалыстардағы әйелдерді, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған және үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы қызметшілерді қоспағанда, ұлттық қауіпсіздік органдарының барлық қызметшілері аттестаттауға жатады.
      5. Сатылары (санаттары) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12757 болып тіркелген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 107 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес белгіленеді.
      6. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбір кезекті үш жыл өткен сайын аттестаттаудан өтеді, бұл ретте аттестаттау аталған мерзім басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде өткізілуі тиіс.
      7. Аттестаттау мынадай бірқатар сабақтас кезеңдерден тұрады:
      1) дайындық іс-шараларын жүргізу;
      2) аттестаттау комиссиясының қызметшімен әңгіме өткізу;
      3) аттестаттау комиссиясының отырысында аттестаттау материалдарын қарау және қорытындысы бойынша тұжырым мен ұсынымдарды анықтау.
      8. Қызметшіні лауазымы бойынша ауыстырғанда, ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылдағанда соңғы аттестаттау нәтижелері ескеріледі.
      9. Аттестаттау материалдарын даярлауға қатысатын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік бөлімшелері мен органдарының аттестаттау комиссияларының мүшелері осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін жеке жауапкершілікке тартылады.

2. Қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары

      10. Аттестаттауды өткізуді кадр бөлімшесі ұйымдастырады және мынадай іс-шараларды қамтиды:
      1) аттестатталушылардың қажетті құжаттарын дайындау;
      2) аттестаттауды өткізу кестесін әзірлеу;
      3) аттестаттауды өткізу мақсаты және тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
      11. Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылары кадр бөлімшелерінің ұсынысы бойынша жылына бір рет осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға қызметшілерді аттестаттаудан өткізу кестесін бекітеді.
      Қызметшілерді аттестаттау кестесі жыл сайын 15 желтоқсанға дейін жасалады және бекітіледі, сонымен қатар көшірмелері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаментіне жіберіледі.
      12. Кадр бөлімшесі аттестаттау кестесі бекітілгеннен кейін жиырма жұмыс күн ішінде қызметшілерді қол қойғызып, таныстырады.
      Қызметтік іссапарда, демалыста, емделуде немесе оқуда болған қызметшілер аттестаттау кестесімен жұмыс орнына қайтып келгеннен кейін таныстырылады.
      13. Қызметшілер алда болатын аттестаттау рәсіміне қызметтік міндеттерінен босатылмай дайындалады.
      14. Аттестаттауға жататын қызметшілердің тікелей бастығы аттестаттау кезеңіне жұмыс нәтижелері бойынша қызметтік мінездеме жазады, оның қорытынды бөлігінде аттестатталушыға алдын ала тұжырымдар мен ұсынымдарды көрсетіп, кадр бөлімшесіне жолдайды.
      15. Қызметтік мінездемеде аттестатталатын қызметшінің қызметтік іс-қимылы нәтижелеріне және кәсіби, жеке қасиеттеріне негізделген, объективті баға көрсетіледі.
      16. Кадр бөлімшесі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.
      17. Ұлттық қауіпсіздік органдарында қосымша жұмыс істейтін қызметшілер негізгі жұмыс орны бойынша аттестаттаудан өтеді.
      18. Аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес белгіленген мерзімде қызметтік іссапарларда, демалыстарда, емделуде немесе оқуда болған қызметшілер қызмет орнына қайтып келгеннен кейін бір ай ішінде аттестаттаудан өтеді.
      19. Кесте бойынша аттестаттауды өткізу алдында лауазымға тағайындалған қызметшілер жаңа жұмыс орны бойынша алты айдан соң және бір жылдан кешіктірілмей аттестаттаудан өтеді.
      20. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметшілерін аттестаттауды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін аттестаттауын қарайтын аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – аттестаттау комиссиясы) жүзеге асырады.
      21. Аттестаттау комиссиясының төрағасы:
      1) аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      2) аттестаттау комиссиясының басқа мүшелерімен бірге бағалаудың объективтілігін, тұжырымдар мен ұсынымдардың дұрыс болуын қамтамасыз етеді;
      3) ұлттық қауіпсіздік органының бірінші басшысына аттестаттау комиссиясы қарастырған аттестаттау материалдарын бекітуге ұсынады.
      22. Аттестаттау комиссиясының хатшысы:
      1) аттестаттау материалдарының уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;
      2) белгіленген мерзімге қарай аттестаттау парақтарын дайындайды, олардың дұрыс толтырылуына жауап береді;
      3) комиссия төрағасын және мүшелерін отырысты өткізу мерзімдері туралы хабардар етеді, олардың қарауына аттестатталатын қызметшілердің материалдарын ұсынады;
      4) аттестатталған қызметшілерге аттестаттау комиссияларының шешімін жеткізеді;
      5) комиссияның іс қағаздарын, осы жұмыс учаскесіндегі
ақпараттық-анықтамалық жұмыстарды жүргізеді.
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      23. Егер аттестаттау комиссиясы құрамының кемінде үштен екі мүшесі қатысса, отырыс заңды болып саналады.
      24. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Дауыс тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      25. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді.
      Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен келмеген жағдайда оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия белгілеген кейінгі мерзімге ауыстырылады.
      Аттестаттау комиссиясының отырысынан бас тартқан не дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда аттестаттау материалдары оның қатысуынсыз қаралуы мүмкін.
      26. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді, содан кейін аттестатталушы қызметшімен әңгімелесу өткізеді. Объективті, әдепті және тілектестік жағдайда әңгімелесу өткізу кезінде оның кәсiби және біліктілік даярлығына, алға қойған міндеттерді шешудегі құзыреттілігінің деңгейiне, сондай-ақ іскерлік және жеке қасиеттеріне баға беріледі.
      27. Ұсынылған материалдарды зерделеу және қызметшімен әңгімелесудің нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін шығарады:
      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес;
      2) атқарып отырған лауазымына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке кандидат ретінде зерделеуге ұсынылады;
      3) атқарып отырған лауазымына сәйкес емес.
      28. Атқарып отырған лауазымына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданған кезде комиссия қызметшінің тиісті сатысын (санатын) растайды не болмаса жаңасын белгілейді не болмаса оны белгілеу үшін негіз жоқтығын көрсетеді.
      29. Атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейтіні туралы тұжырымды шығаруға:
      1) аттестатталушы қызметшіге тікелей бастығы дайындаған аттестаттау бойынша алдын ала қорытындысы бар теріс қызметтік мінездеме;
      2) аттестатталушы қызметшінің бірнеше рет еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жазаларының бар болуы негіз болып табылады.
      30. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      31. Аттестаттау комиссиясының шешімдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған аттестаттау комиссиясының отырысына қатысқан комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
      Қажет болған жағдайда хаттамаға аттестаттау процесінде аттестатталушы қызметші жөнінде талқыланған кейбір мәселелер енгізіледі.
      32. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестаттау парақтарына енгізіледі.
      33. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін ұлттық қауіпсіздік органының басшысы бір ай мерзім ішінде бекітеді.
      34. Аттестаттау комиссияларының бекітілген тұжырымдары мен ұсынымдары бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей, қызметшіге қол қойғыза отырып, жарияланады.
      Қызметтік іссапарларда, демалыстарда, емделуде немесе оқуда болған қызметшілер аттестаттау комиссиясының тұжырымдарымен қызмет орнына қайтып келгеннен кейін таныстырылады.
      35. Тұжырымдар мен ұсынымдар жарияланғаннан кейін аттестатталатын қызметшілер аттестаттау парақтарынан онда жазылған ұсынымдарды орындау үшін қажетті үзінділер ала алады.
      36. Тұжырымдармен және ұсынымдармен келіспеген жағдайда аттестатталатын қызметші аттестаттау парағындағы «Аттестаттаумен таныстырылды» деген жолда «Тұжырымдармен (ұсынымдармен) келіспеймін» деп жазып, күнін көрсетіп, қолын қойып растайды.
      37. Аттестаттау бойынша наразылықтар ұлттық қауіпсіздік органы басшысының атына жазбаша баяндалады.
      Осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда қызметшіні аттестаттауды бекітетін уәкілетті басшы өткізілген аттестаттаудың нәтижелерін жоюға және оның қайта өткізілуін белгілеуге құқылы.
      38. Ұлттық қауіпсіздік органдары басшысының бекіткен аттестаттау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметшілер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жоғары аттестаттау комиссиясына аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша шағым беруге құқылы.
      39. Ұсынымдарды орындау қорытындылары келесі аттаестаттауды өткізу кезінде ескеріледі.
      40. Аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссияларының хатшылары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өткен қызметшілердің тізімін жасап, жариялайды.
      41. Атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қызметшімен еңбек қатынастарын тоқтатуға негіз болып табылады. Бұл ретте жұмыстан босату туралы тиісті бұйрыққа аттестатталушы аттестаттаудың бекітілген шешімімен танысқаннан кейін бір айдан кешіктірілмей қол қойылуы тиіс.
      42. Кадр бөлімшелері жыл сайын 25 желтоқсанға дейін тұжырымдар мен ұсынымдарды іске асыру, анықталған проблемалар мен осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша қажетті шаралар туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, өткен жылғы аттестаттау жұмысының нәтижелері туралы толық ақпаратты уәкілетті басшыларға баяндайды. Ақпараттың көшірмесі жинақтау және талдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаментіне жіберіледі.
      43. Аттестаттаудан өткен қызметшілердің аттестаттау парақтары жеке істе сақталады.
      44. Қызметшілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі құжаттық материалдар ұлттық қауіпсіздік органдары кадр бөлімшелерінің номенклатуралық істерінде сақталады.

Қазақстан Республикасы ұлттық    
қауіпсіздік органдарының азаматтық
қызметшілерін аттестаттаудан   
өткізудің қағидалары мен шарттарына
1-қосымша             

нысан

АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ

I. ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болса)


Лауазымның штат бойынша атауы, біліктілік санаты (разряд), тағайындалған күні


Туған күні


Ұлты


Білімі


Қандай оқу орнын бітірді


Білімі бойынша мамандығы


Шет тілдерін білуі


Соңғы аттестаттаудың бекітілген күні


Соңғы аттестаттау бойынша тұжырым


Соңғы аттестаттау бойынша ұсынымдар


Аттестаттау кезеңінде тәртіптік жазаларының бар болуы (күні, атауы), теріс қылықтарының қысқаша мазмұны


Еңбек өтілі


II. ҚЫЗМЕТТІК ІС-ҚИМЫЛЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

Тапсырылған жұмыс учаскесіндегі лауазымдық міндеттері

Қызметтік мінездеме

      Қызметтік мінездемені дайындаған бөлімше басшысы
      (лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні) __________ (қолы)____________
      20____ж. «___» _______________

III. Аттестаттау бойынша тұжырым:


IV. Аттестаттау бойынша берілген ұсынымдар:


Тізім бойынша аттестаттау комиссиясы мүшелерінің барлығы ____________
                                                       (саны жазбаша)
Дауыс берді: «ҚАРСЫ ЕМЕС»_____________, «ҚАРСЫ»______________________
                        (саны жазбаша)            (саны жазбаша)
Қалыс қалғандар _____________________________________________________
                                (саны жазбаша)

Аттестаттау комиссиясының төрағасы:
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні) ______________ (қолы) _____________
20 ____ж. «___» _______________

Аттестаттау комиссиясының хатшысы:
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні) ______________ (қолы) _____________
20 ____ж. «___» _______________

V. АТТЕСТАТТАУДЫ БЕКІТУШІНІҢ ШЕШІМІ

___________ аттестаттау бойынша тұжырымды және ұсынымдарды бекітемін.
(атағы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
(аттестаттауды бекітушінің лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні және қолы)
20___ ж. «____» _____________

Аттестаттаумен таныстым:_____________________________________________
                                 (аттестатталушының қолы)
20___ ж. «____» _____________

Қазақстан Республикасы ұлттық    
қауіпсіздік органдарының азаматтық
қызметшілерін аттестаттаудан   
өткізудің қағидалары мен шарттарына
2-қосымша             

нысан

Бекітемін             
Ұлттық қауіпсіздік органының бастығы
____________________________________
(атағы, қолы, тегі, аты-жөні)  
20___ ж. «____» ____________________

Қызметшілерді аттестаттаудан өткізу
КЕСТЕСІ

      20____ жылы____________________________________________________
                        (ұлттық қауіпсіздік органының атауы)


р\р

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Соңғы аттестаттаудың қаралған күні

Аттестаттау комиссиясы отырысының мерзімі

Танысқандығы туралы белгі

Ескерту

1

2

3

4

5

6







      Аттестаттау комиссиясының хатшысы
      _________________________________
        (атағы, қолы, тегі, аты-жөні)

      20___ ж. «____» _________________

Қазақстан Республикасы ұлттық    
қауіпсіздік органдарының азаматтық
қызметшілерін аттестаттаудан   
өткізудің қағидалары мен шарттарына
3-қосымша             

нысан

__________________________________________________
(ұлттық қауіпсіздік органының атауы)
аттестаттау комиссиясы отырысының
№_____ХАТТАМАСЫ

20___ ж. « » __________                         ______________ қаласы

Төрағалық еткен __________________________
Қатысқандар: _____________________________
             _____________________________

                               Күн тәртібі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясы келесі қызметкерлердің аттестаттау
материалдарын қарап, мынадай тұжырымдар мен ұсынымдарды анықтайды:


р/р

Аттестатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Тұжырымдар мен ұсынымдар

Дауысқа салу нәтижелері
(саны жазбаша)

«қарсы емес»

«қарсы»

«қалыс қалды»

1

2

3

4

5

6













      Аттестаттау комиссиясының отырысында мынадай мәселелер қосымша
қаралды және мынадай шешімдер қабылданды:____________________________
____________________________________________________________________.

Аттестаттау комиссиясының отырысында мына аттестатталушылар:
___________________________________________ себебі бойынша қатыспады.
Комиссия төрағасы: __________________________________________________
                             (атағы, қолы, тегі, аты-жөні)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
                             (атағы, қолы, тегі, аты-жөні)
                   __________________________________________________
                             (атағы, қолы, тегі, аты-жөні)
Комиссия хатшысы: ___________________________________________________
                             (атағы, қолы, тегі, аты-жөні)
20____ ж. «___»__________________

Қазақстан Республикасы ұлттық    
қауіпсіздік органдарының азаматтық
қызметшілерін аттестаттаудан   
өткізудің қағидалары мен шарттарына
4-қосымша             

нысан

20___ жылы __________________________________________________
(ұлттық қауіпсіздік органының, бөлімшесінің атауы)
қызметшілердің ТІЗІМІ


р/р

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Туған жылы, білімі, аттестатталушының лауазымда болу мерзімі

Соңғы аттестаттау күні

Аттестаттау бойынша тұжырымдарды іске асыру немесе тізімнен шығару туралы белгі

1

2

3

4

5

I. Атқарып отырған лауазымына сәйкес, ұсынымдар:

1.





2.





3.





II. Атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді, ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке кандидат ретінде зерделеу ұсынылады

1.





2.





3.





III. Атқарып отырған лауазымына сәйкес емес, ұсынымдар:

1.





2.





3.





Аттестаттау комиссиясының хатшысы:
_____________________________________________________________________
                   (атағы, қолы, тегі, аты-жөні)
20___ ж. «_____» ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады