2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қазандағы № 95 (2015 жылғы 8 желтоқсанда № 12368 Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Н. Әбіқаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 29 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 107 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі
Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 10.02.2021 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогы (басқарушы персонал) | ||
А1 | 1 | Республикалық мемлекеттік мекеменің (бұдан әрі – РММ) және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (бұдан әрі – РМҚК) басшысы |
1-1 | РММ және РМҚК басшысының орынбасары | |
А2 | 1 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ШҚ) Ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі |
1-1 |
РММ және РМҚК қызмет басшысының орынбасары | |
2 |
РММ және РМҚК басқарма басшысының орынбасары | |
А3 | 1 | Бас: хормейстер, балетмейстер, дыбыс режиссері, кадрлар жөніндегі инспектор, экономист |
1-1 |
Бөлім, бөлімше бастығы | |
3 |
Топ бастығы | |
В блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Бас ғылыми қызметкер, профессор |
2 |
Жетекші ғылыми қызметкер, доцент | |
3 |
Аға оқытушы | |
4 |
Кеңесші | |
5 |
Сарапшы | |
денсаулық сақтау саласында | ||
В2 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер | |
В3 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), психолог |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), психолог | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), психолог | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), психолог | |
В4 | 1 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист |
2 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар:, мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист | |
3 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист | |
4 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: мейірбике (мейірие), медициналық статистик, медициналық тіркеуші, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдәм бикесі, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист | |
білім беру саласында | ||
В3 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: тәрбиеші, зертханашы | |
В4 | 1 | Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы |
2 | Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы | |
3 | Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы | |
4 | Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: тәрбиеші, зертханашы | |
өзге де салаларда | ||
В2 | 1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) | |
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), авиация тасымалдарының диспетчері, хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері, барлық мамандықтар инженері (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог, ветеринариялық дәрігер | |
В3 | 1 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) |
2 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) | |
3 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) | |
4 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), авиация тасымалдарының диспетчері, хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері, инспектор (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), ветеринариялық фельдшер, эколог | |
С блогы (әкімшілік персонал) | ||
С1 |
Меңгеруші (басшы): электр шаруашылығының, жылу шаруашылығының, баспахананың, балабақшаның, дәріхананың, музейдің, асхананың, кітапхананың, зертхананың, өндірістің, архивтің, қазандықтың (жалпы жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ. жоғары), комбинаттың; | |
С2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: архивші, референт, бухгалтер, статистик, кітапханашы, экономист, дизайнер, суретші, барлық мамандықтар инженері, инспектор, нұсқаушы, менеджер, әдістемеші, бағдарламашы, аудармашы, технолог, редактор, заң кеңесшісі, психолог, музыкалық жетекші, мемлекеттік сатып алу менеджері, механик, жүйелік әкімші, аудитор (ревизор) | |
С3 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: архивші, бухгалтер, статистик, кітапханашы, экономист, дизайнер, шебер, суретші, барлық мамандықтар инженері, инспектор, нұсқаушы, менеджер, әдістемеші, механик, заң кеңесшісі, техник, жаттықтырушы, технолог, әскери есепке алу жөніндегі маман, музыкалық жетекші, бағдарламашы, режиссердің көмекшісі | |
D блогы (қосалқы персонал) | ||
D | Оператор, күзетші, іс жүргізуші, автомобильдік тасымалдау диспетчері, комендант, бақылаушы, рұқсаттама бюросының кезекшісі, кассир, курьер, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, есепші, сызушы, экспедитор, киномеханик, архивариус, мейірбикенің (мейірие) көмекшісі |