Өнеркәсіп саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1161 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 789 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12795 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 231 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 48 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 № 231 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 12.04.2023 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіп саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 139 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 126/ОД бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9517 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
___________ А. Рау

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
____________ Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      ________________ С. Айтпаева

      2015 жылғы 25 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы
4 желтоқсандағы № 1161 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 789 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Өнеркәсіп саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.11.2018 № 799 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.11.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану қызметіне қатысты

      __________________________________________________________________________

                  (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                                (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Қызметтiң лицензияланатын түрлерi мен кiшi түрлерiн (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентiнің болуы





2

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін (орналасқан орны); шарттың нөмірін және шартқа қол қою күнін, егер өзге заңды негіздер болса; шарт жасасылған ұйымның атауын қамтитын, мәлімденген кіші қызмет түрлеріне сәйкес меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздердегі өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы





3

Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу бойынша тарату жұмыстарын жүргізу үшін - инженерлік құрылғылар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процестің болуы





4

Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін:
1) жарылғыш қажетті заттарды сақтайтын қоймалары бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт немесе лицензия;
2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы





5

Ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін - тиісті технологиялық жабдықтардың болуы





6

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде химия өндірістерін пайдалану үшін:
1) тетіктер, технологиялық желілер, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар;
2) өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық талаптарына сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың болуы





7

Мыналарды:
1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
3) метрологиялық бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды ("химия өндірістерін пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын (тау-кен өндірісінің қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды) қорғауды қамтамасыз етуді;
6) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жауапты тұлғалардың немесе қызметтердің болуы





8

Тиісті білім деңгейіне сәйкес техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін - тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін - кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде үш жыл практикалық тәжірибесінің болуы





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

                                          (лауазымы)                   (қолы)

      ________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау

      субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

                                          (лауазымы)                   (қолы)

      _______________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады