Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 қаңтарда № 12823 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.09.2020 № 871 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 06.02.2016 ж бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.09.2020 № 871 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш.Тәжіяқов) заңнамада бекітілген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылдың 6 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 613 бұйрығымен
бекітілген

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.09.2020 № 871 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін оған қаражат төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) және қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – ҚМС) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жеке тұлғаға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.05.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өзінің және дербес табыс көздері жоқ оның отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Заңның 12-бабы 4-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Заңның 12-бабы 8-тармағында көзделген қаражатты алуға және Заңның 13-бабының 1-1-тармағына сәйкес оларға қатысты тыйым салу шаралары қолданылмайтын операцияларға құқығы бар.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы), асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары;

      2) тізбе – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі өзінің интернет-ресурсында жасайтын және орналастыратын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізімі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.05.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі

      4. Тізбеге енгізілген жеке тұлғаға еңбек демалысы немесе жалақы түріндегі ақшаны төлеу үшін ҚМС жұмыс орнынан жалақы мөлшері туралы анықтаманы және (немесе) демалыс ақысын төлегенін растайтын құжатты сұратады.

      Тізбеге енгізілген жеке тұлғаның еңбек демалысы және жалақы түрінде алынған ақшаны дербес табыс көздері жоқ отбасы мүшелеріне төлеу үшін ҚМС мынадай құжаттарды сұратады:

      1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәлігі;

      2) неке туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зайыбына (жұбайына) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама;

      3) отбасының әрбір жұмысқа жарамды кәмелетке толған мүшесіне жұмыссыздық туралы анықтама.

      5. ҚМС Тізбеге енгізілген тұлғаларға еңбек демалысы және (немесе) жалақы түріндегі ақшаны төлеу жөніндегі операцияларды Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын белгілері бойынша күдікті ретінде таниды және уәкілетті органға мұндай операция туралы оны электрондық тәсілмен жүргізгенге дейін бөлінген байланыс арналары арқылы қазақ тілінде немесе орыс тілінде дереу хабарлайды.

      Уәкілетті орган осы Қағиданың 5 тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алғаннан кейін оны алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде операция жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қазақ тілінде немесе орыс тілінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен ҚМС-ке жеткізеді.

      Күнтізбелік ай ішінде Заңның 12-бабының 8-тармағы 1) тармақшасында көзделген ақшаны қайталап алу бас тартуға негіз болып табылады.

      Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, шешім қабылдау мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі ең жақын жұмыс күні болып есептеледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.05.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. ҚМС Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес операцияларды жүргізу туралы уәкілетті органның шешімін алғаннан кейін Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген Тізбеге енгізілген жеке тұлғаға қаражат төлейді.

      7. Заңның 12-бабы 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды және Заңның 13-бабының қазақ тілінде немесе орыс тілінде 1-1-тармағына сәйкес тоқтатып қою жөніндегі шаралар қолданылмайтын операцияларды жүргізу туралы шешімді ҚМС дербес қабылдайды.

3-тарау. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаларға қаражат төлеу тәртібі

      8. Тізбеге енгізілген тұлға уәкілетті органға осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға Қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылатын шараларды ішінара немесе толық жою туралы жазбаша дәлелді өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.

      9. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Тізбеге енгізілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) ақшаны алу үшін пайдаланылатын банктік шоттың бар-жоғын куәландыратын құжаттың көшірмесі (деректеме).

      Тізбеге енгізілген тұлғаның дербес табыс көздері жоқ отбасы мүшелеріне ақшаны төлеу үшін мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәліктің көшірмесі;

      туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәліктің көшірмесін қоса алғанда, отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) неке туралы куәліктің көшірмесі немесе зайыбына (жұбайына) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама.

      10. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетіне (бұдан әрі – БҰҰ ҚК Комитеті) жіберу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – ҚР СІМ) жібереді.

      11. ҚР СІМ уәкілетті органнан өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарау және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы шешім қабылдау үшін БҰҰ ҚК тиісті Комитетіне жібереді.

      12. Уәкілетті орган ҚР СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алғаннан кейін дереу, бірақ оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Тізбеге енгізілген тұлғаны өтініш берушінің өтініш беру арнасы (жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйе) арқылы және тиісті ҚМС-ке қабылданған шешім туралы қазақ тілінде немесе орыс тілінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен жеткізеді.

      ҚР СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімін алған жағдайда, уәкілетті орган дереу, бірақ оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешім туралы Тізбеге енгізілген тұлғаны хабардар етеді.

      13. Уәкілетті орган Тізбеге енгізілген тұлғаға өтінішті қанағаттандырудан бас тартады, егер қанағаттандырудан бас тартуға мына жағдайлар:

      1) өтініш осы Қағиданың қосымшасы бойынша белгіленген нысанға сәйкес келмегенде;

      2) осы Қағиданың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда;

      3) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;

      4) БҰҰ ҚК комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі негіз болып табылады.

  Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы
  қосымша
  Қазақстан Республикасы Қаржылық
  мониторинг агенттігінің төрағасына
  ____________________________
азаматтан (азаматшадан)
  ____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмері)
  ____________________________
тұратын мекенжайы
  ____________________________

Өтініш Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы өтініш

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.05.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өзінің және дербес табыс көздері жоқ оның отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағида) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шараларды ішінара/толық жоюды.

      Ақшаны алу кезіндегі негізгі шығыстарды жабу үшін мақсаттар – (тамақ өнімдерін, тұрғын үйді немесе ипотекалық несиені, дәрі-дәрмектерді және медициналық емдеуді, салықтарды, сақтандыру жарналарын немесе коммуналдық қызметтерді төлеу немесе тек мамандарға арналған шығыстарды ақылға қонымды шекте төлеу және заң қызметтерін ұсынуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу үшін) теңге мөлшерінде (теңгеден) –

      ____________________________________________________________________

                              (сомасы цифрмен және жазумен)

      Қағидаларға сәйкес құжаттардың қоса берілген көшірмелері:

      1) _____________________

      2) _____________________

  (күні)
  (қолы) ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады