"Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 613 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 қаңтарда № 12825 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 № 1481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын 2-тармағын 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің "Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;";

      осы бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;";

      осы бұйрықтың 1-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;";

      осы бұйрықтың 1-тармағының 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес "Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;";

      осы бекітілген бұйрықтың 1, 2, 4 және 5-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

      Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрі

      ____________Ә. Исекешев

      20 __ жылғы "___" ________


      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін

      атқарушы

      ____________Ж. Қасымбек

      20 __ жылғы "___" _____


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Е. Досаев

      20 __ жылғы "___" ________


      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрінің міндетін

      атқарушы

      __________ М. Құсайынов

      2015 жылғы 30 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 613 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
1-қосымша

"Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне
құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттарды берген сәттен бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде:

      Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу ол жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысымен бірге жіберіледі. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.

      Портал арқылы өтініш берген кезде – айрықша құқықты басқаға беру туралы шарттың мемлекеттік тіркелгендігі туралы немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді анықтама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бекітілген бұйрыққа сәйкес, өтінімдерді қабылдау және сараптама жүргізу үшін "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстардың және қызметтердің бағаларына белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11225 болып тіркелген).

      Шарттарды тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшада көрсетілген.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Көрсетілетін кызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек куту тәртібімен көрсетіледі;

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

      2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.

      Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;

      5) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данадағы төлнұсқасының электрондық көшірмесі қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.

      Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      4) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімінің электрондық көшірмесін ұсынады.

      Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны құжат мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздеме болып табылады:

      1) оған қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорғау құжатының тіркеу қолданысын тоқтату;

      2) сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;

      3) тараптардың тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру шартын жасасуға қажетті құқықтарының болмауы;

      4) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстырудың себебі болуы.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Қажетті жағдайларда көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушінің көрсетілетін мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарға шағымды қоса тіркейді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы - 1414.

  "Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік
объектілеріне құқықтарды басқаға беру
туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Бенефициар – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

      Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.

      БСН – 081240013779

      ЖСК – KZ24070105KSN0000000

      БСК – KKMFKZ 2 A

      Бенефициар банкі – "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      КБЕ-11

      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118

      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін

      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

"Ұлттық зияткерлік меншік институты"

республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы,

Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, 1 корпус, № 1 кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

"Нұрбанк" Акционерлік қоғамы

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

  "Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік
объектілеріне құқықтарды басқаға беру
туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты"

      республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне
құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу туралы
ӨТІНІШ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау

      құжаттарына) құқықтарын басқаға беру шартты тіркеуді сұраймын.

      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және

      нөмірі (нөмірлері):

      _____________________________________________________________________

      3. Иесі (иелері):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)

      және телефондары:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Егер иесі бірнешеу болса, көрсету керек

      4. Құқықтық мирасқор (құқықтық мирасқорлар):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)

      және телефондары:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Егер құқықтық мирасқорлар бірнешеу болса, көрсету керек

      5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің

      өзге өкілі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)

      және телефондары:____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Хат алмасуға арналған мекенжайлар:

      _____________________________________________________________________

      8. Қосымшалар:

      Тіркелетін шарт ____ парақта (№№____қосымшалар ____парақта) ___

      данада;

      Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа өкілетті

      өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;

      Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету керек)

      _____________________________________________________________________

      Өтініш беруші

      _____________________________________________________(бар болса) М.О.

      (Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса), және қолы)

      Күні 20 _____ жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 613 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
2-қосымша

"Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттарды берген сәттен бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде:

      Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу ол жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысымен бірге жіберіледі. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.

      Портал арқылы өтініш берген кезде – лицензиялық шартты мемлекеттік тiркеу туралы немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді анықтама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бекітілген бұйрыққа сәйкес, өтінімдерді қабылдау және сараптама жүргізу үшін "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстардың және қызметтердің бағаларына белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11225 болып тіркелген).

      Шарттарды тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Көрсетілетін кызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

      2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.

      Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;

      5) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін лицензиарды (қосалқы лицензиарды) басқару органдарының шарт жасасу және заңды тұлға атынан өтініш берілген жағдайда кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данадағы төлнұсқасының электрондық көшірмесі қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.

      Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың нотариалды куәландырылған электрондық көшірмелері;

      4) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін лицензиарды (қосалқы лицензиарды) басқару органдарының шарт жасасу және заңды тұлға атынан өтініш берілген жағдайда оған кәсіпорын басшысының қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмелері.

      Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны құжат мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мыналар негіздеме болып табылады:

      1) оған қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорғау құжатының тіркеу қолданысын тоқтату;

      2) сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;

      3) тараптардың шарт жасасуға қажетті құқықтарының болмауы;

      4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шартты тіркеу туралы өкілеттігі болмауы және Министрлікте тіркелген лицензиялық шарт болмауы.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Қажетті жағдайларда қызметті алушы қызметті берушінің көрсетілетін мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарға шағымды қоса тіркейді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы - 1414.

  "Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Бенефициар – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

      Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.

      БСН – 081240013779

      ЖСК – KZ24070105KSN0000000

      БСК – KKMFKZ 2 A

      Бенефициар банкі – "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      КБЕ-11

      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118

      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін

      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

"Ұлттық зияткерлік меншік институты"

республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, 1-корпус, № 1 кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

"Нұрбанк" Акционерлік қоғамы

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

  "Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты"

      республикалық мемлекеттік кәсәпорны

Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы
ӨТІНІШ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау

      құжаттарына) қатысты лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шартты

      тіркеуді сұраймын.

      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және

      нөмірі (нөмірлері):

      _____________________________________________________________________

      3. Лицензиар (қосалқы лицензиар):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды

      тұлғаның атауы

      Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және

      телефондары

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек

      4. Лицензиат (қосалқы лицензиат):

      Жеке тұлғаның аты, тегі әкесінің аты (бар болса) немесе заңды

      тұлғаның атауы

      Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және

      телефондары

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек

      5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер немесе өтінім берушінің

      өзге өкілі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және

      телефондары

      6. Лицензия түрі

      _____________________________________________________________________

      7. Лицензиялық шартта көзделген пайдалану түрлерін ескерумен

      берілетін құқықтар көлемі

      _____________________________________________________________________

      8. Хат алысуға арналған мекенжайлар

      _____________________________________________________________________

      9. Қосымшалар:

      Тіркелетін шарт ____ парақ (№№ ____ қосымшалар ____ парақ) ____

      данада;

      Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа өкілетті

      өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;

      Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;

      Жалғастыруға арналған парақтар;

      Басқа құжат (көрсету керек)

      _____________________________________________________________________

      Өтініш беруші

      ____________________________________________________ (бар болса) М.О.

      Лауазымы, Т.А.Ә.(бар болса) және қолы

      Күні "____" ___________ 20 ____ жыл.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 613 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
4-қосымша

"Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 9 (тоғыз) ай ішінде:

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.

      Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсетумен электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі.

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бекітілген бұйрыққа сәйкес, өтінімдерді қабылдау және сараптама жүргізу үшін "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстардың және қызметтердің бағаларына белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11225 болып тіркелген).

      Тауар таңбасын тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметіне ақы төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      сараптама ұйымына:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінім (бұдан әрі – Өтінім);

      2) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;

      3) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;

      4) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, осы таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершілікті қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысын (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) (түпнұсқа салыстыру үшін беріледі);

      5) конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, белгіленген мөлшерде төлем төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі

      3) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхаттың электрондық көшірмесі;

      4) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, осы таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершілікті қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысының электрондық көшірмесі (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда);

      5) конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi.

      Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны құжат мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолдайды.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі мыналар болып табылады:

      1) тауар таңбалары ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын;

      тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;

      жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;

      тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн;

      дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;

      тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттық байланысы бар тауар таңбаларын тіркеуге жол берілмейді.

      2) мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық рәмiздердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi бейнелейтiн белгiлер;

      3) тауарға немесе оның жасаушысына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн белгiлердi, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiнiң атауларын;

      4) тауар шығарылған нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн;

      5) минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлердi, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлердi;

      6) өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге;

      7) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;

      тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен;

      бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен;

      егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер;

      8) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;

      9) өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi;

      10) осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасы тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, олар тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тiркелмейдi.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Қажетті жағдайларда қызметті алушы қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетуді растайтын, құжаттарға шағымды қоса тіркейді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағымда қызметті алушының қолы болуы тиіс.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының - 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы - 1414.

  "Тауар таңбасын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Бенефициар – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

      Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.

      БСН – 081240013779

      ЖСК – KZ24070105KSN0000000

      БСК – KKMFKZ 2 A

      Бенефициар банкі – "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      КБЕ-11

      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118

      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін

      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

"Ұлттық зияткерлік меншік институты"

республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы,

Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, 1-корпус, № 1 кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

"Нұрбанк" Акционерлік қоғамы

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

  "Тауар таңбасын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

      Нысан

ҰЗМИ РМК толтырылады

Түскен күні

Берілген күні

Өтінім N

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің


"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК

Тауар таңбасын тіркеуге арналған

ӨТІНІМ

010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8,

1 корпус, № 1, № 2 кіреберіс

Қазақстан Республикасында тауар таңбасы (қызмет көрсету белгісі) ретінде көрсетілген белгінің тіркелу сұратылады.


Ұжымдық тауар

таңбасы

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсетумен өтінім берушінің толық атауы (немесе егер өтінім беруші жеке тұлға болса, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса).

ДЗМҰ st. 3 стандарты бойынша елдің коды (егер орнатылған болса)



Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгендігі туралы мәлімет

(Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін) жеке тұлға үшін – жеке куәлік, құжат

Өтінім берушінің мекенжайы**, телефон, мобильді телефон, телефакс, E-mail

Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл

Хат-хабар алмасу мекенжайы, (адресатты көрсете отырып толық пошта мекенжай) телефон, мобильдік телефон, телефакс, E-mail


Бұрын берілген өтінім (өтінімдер) бойынша конвенциялық басымдық сұратылады

Бірінші өтінім нөмірі

Сұратылған басымдық күні

ST.3 бойынша берілген елдің коды


Көрмелік басымдық сұратылады Ашық көрсетілімнің басталу күні

Мәлімделетін белгі:




Стандартты қаріптік орындаудағы тауар таңбасы

Транслитерация

Аударма

Көлемді тауар таңбасы

Түсті белгідегі тауар таңбасы

Түстерді көрсету:

* Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін атауы қазақ және/немесе орыс тілдерінде толтырылады; **

Шетелдік өтінім берушілері үшін транслитерация орыс тілінде толтырылады;

ТҚХК сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбаларын қорғау сұратылатын тауарлар мен қызметтер

Мәлімделген белгі Қазақстанда неғұрлым ертерек тіркелген.

Тіркелу №___________

Қоса берілетін құжаттар тізбесі:


Дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат

Мәлімделетін белгінің бейнесі: ақ-қара саны_____, түрлі-түсті саны _____

Белгі сипаттамасы

Тауар/қызмет тізбесі (егер ол бланкке сыймай қалса)

Өтінім берушілер тізбесі (егер олар бірнешеу болса)

Төлем туралы құжат: есеп/төлем тапсырысы №___ _____________

Сенімхат

Бұрын берілген өтінім(дер)нің куәландырылған көшірмесі

Бұрын берілген өтінім аудармасының көшірмесі

Ұжымдық белгі туралы келісім

Басқа құжаттар (көрсету), соның ішінде белгіленгендер_____________

Барлығы __________________бет

_______Қоса берілетін құжаттар тізбесі

Мәлімделетін белгіні тіркеуге беру басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзбайтындығын растаймын

Қолы

Лауазымы (Т.А.Ә. (бар болса)

МО

Күні

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы Күні

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 613 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
5-қосымша

"Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 9 (тоғыз) ай ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы берілетін дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық, қағаз түрінде.

      Портал арқылы өтініш берген кезде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен орнын көрсетумен электрондық құжат нысанындағы хабарлама жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бекітілген бұйрыққа сәйкес, өтінімдерді қабылдау және сараптама жүргізу үшін "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстардың және қызметтердің бағаларына белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11225 болып тіркелген).

      Тауарлар шығарылған жердің атауларын тіркеу мен тауарлар шығарылған жердің атауларын пайдалану құқығын тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік бажды және сараптамалық ұйымның қызметіне төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Көрсетілетін кызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      сараптама ұйымы:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тауар шығарылған жердің атауын айрықша пайдалану құқығын тіркеуге және/немесе оны беруге өтінімді (бұдан әрі – Өтінім);

      2) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсетумен, атауға сараптама жүргiзу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтiнiш;

      3) мәлiмделетін белгi;

      4) тауардың түрi;

      5) тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасы;

      6) тауардың өндiрiлген жердің нұсқамасын (географиялық объектiнiң шекарасы) қамтуға тиiс;

      7) егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан болса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші айрықша қасиеттері, сапасы, беделі және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауарды өндіретіні туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы өтінімге қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тiркелген тауар шығарылған жердiң атауына айрықша құқық беруге арналған өтiнiмге уәкiлеттi органның осы географиялық объектiнiң шекарасында өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының тауарлардың шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген айрықша қасиеттерге ие тауарды өндiретiнi туралы уәкілетті органның қорытындысы қоса берiледi.

      Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан болса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжат өтiнiмге қоса берiледi.

      8) іс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда сенiмхат;

      9) сараптама ұйымының көрсеткен қызметтеріне төлемді растайтын элетрондық құжат.

      порталға өтініш берген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтініші;

      2) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсетумен атауға сараптама жүргiзу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтiнiш;

      3) мәлiмделген белгiнi;

      4) тауардың түрiн;

      5) тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын;

      6) тауар өндiрiлген жердің нұсқасымен (географиялық объектiнiң шекарасы) қамтуға тиiс;

      7) егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан болса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші айрықша қасиеттері, сапасы, беделін және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауарды өндіретіні туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы өтінімге қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тiркелген тауар шығарылған жердiң атауына айрықша құқық беруге арналған өтiнiмге уәкiлеттi органның осы географиялық объектiнiң шекарасында өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының тауарлардың шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген айрықша қасиеттерге ие тауарды өндiретiнi туралы уәкілетті органның қорытындысы қоса берiледi.

      Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжат өтiнiмге қоса берiледi.

      8) іс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда сенiмхаттың электрондық көшірмесі;

      9) сараптама ұйымының көрсеткен қызметтеріне төлемді растайтын электрондық құжат.

      Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны құжат мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсетумен, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі мыналар болып табылады:

      1) тауарға немесе оның жасаушысына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн белгiлерi, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiнiң атаулары;

      2) тауар шығарылған нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беру;

      3) минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн сәйкестендіретін географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлердi, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiлеу "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлердi;

      4) өзiнiң мазмұны жағынан қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлер.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметінің сапасыздығын растайтын құжаттарды шағымға қоса береді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының - 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы - 1414.

  "Тауар шығарылған жердiң атауын
пайдалану құқығын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Бенефициар – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

      Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi

      БСН – 081240013779

      ЖСК – KZ24070105KSN0000000

      БСК – KKMFKZ 2 A

      Бенефициар банкі – "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      КБЕ-11

      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118

      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін

      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Алушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

"Ұлттық зияткерлік меншік институты"

республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы

010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, 1-корпус, № 1 кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

"Нұрбанк" Акционерлік қоғамы

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

  "Тауар шығарылған жердiң атауын
пайдалану құқығын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

      Нысан

Түскен күні

(210) Берілген күні

(220) Өтінім №

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК

010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8,

1 корпус, № 1 кіреберіс

Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану

құқығын тіркеуге және беруге

ӨТІНІШІ

Төмендегі құжаттарды ұсына отырып, өтінімге көрсетілген белгіні тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуді және онымен пайдалану құқығын беруді сұраймын.

(711) Өтінім беруші:

ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды

(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы,

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер немесе,

егер өтінім беруші жеке тұлға болса, тегі, аты, әкесінің аты)

Өтінім берушінің толық мекенжайы:

Телефон:

Ұялы телефон: Факс: e-mail:

(750) Хат-хабар алмасу мекенжайы: (толық пошталық мекенжайы, аты немесе адресаттың атауы

Телефон:

Ұялы телефон: Факс: e-mail:

(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл (Т.А.Ә. (бар болса) тіркеу нөмірі) және өтінім берушінің өзге өкілі

(540) Мәлімделген белгі (бас әріптермен басып шығару)

Тауардың түрі немесе нақты тауар

Тауардың ерекше белгілерінің сипаттамасы

Тауар шығарылған (өндірілген) жердің орны (географиялық

объектінің шекараларын көрсету)

_____________________________________________

Қоса берілетін құжаттар тізбесі

1 данадағы парақтар саны

Даналар саны

төлем туралы құжат: шот/төлем тапсырмасы

құжат



құзыретті органның қорытындысы



құжаттардың мемлекеттік және орыс тіліне аудармасы



өкілдің уәкілеттігін куәландыратын сенімхат



өзге де құжат (көрсету)



барлық парақтар



Қолы

Лауазымы (Т.А.Ә.)

МО (бар болған жағдайда)

күні

Өтінім берушінің (егер өтінім беруші заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады) немесе і патенттік сенім білдірілген өкілінің қолы және күні:


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады