«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет);»;
көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшада:
«13. Үй-ұлттық иттердің тұқымдарының стандарты» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын.
«13. Иттері үй-ұлттық тұқымының тұқым стандарты
1. Қазақ «Тазысы»
№ |
Өлшемдері |
Стандарт сипаттамасы |
Кемшіліктері |
Ақаулары |
1. |
Жалпы түрі және дене бітімі типі |
Бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі 103. |
Дене бітімінің өте жеңілдігі, аяқтары шығыңқы, шамалы созылыңқы болуы (106-ға дейін). |
Дене бітімінің жетілмеуі, дене бітімінің дөрекілігі, бостығы, созылу индексі 100-ден кем немесе 106-дан жоғары болуы. |
2. |
Бойы |
Төбет шоқтығының биіктігі 60 сантиметрден 70 сантиметрге дейін, қаншықтың шоқтығы 55 сантиметрден 65 сантиметрге дейін. Бойының жоғарғы шектен асып кетуі пропорция және стандарттың талаптары сақталған жағдайда ақаулық немесе кемістік болып саналмайды. |
Шоқтығындағы бойы төмендегі стандартта көрсетілгеннен 2 сантиметрге төмен. |
Иттің алдыңғы жағының немесе артқы жағының едәуір жоғары болуы. |
3. |
Өңі |
Қара, ақ, түрлі реңкті ақшыл сарғыш, қызыл және сұр түстердің барлық түрлері. Барлық өңдер тұтас, сонымен ұатар теңбіл болуы мүмкін. Тұмсығында, құлағында, аяқтарының ұштарында қара дақтар болуы мүмкін. Күшіктер өсу, жыныстық жетілу барысында түсін және реңін өзгертуі мүмкін. |
Теңбіл рең, жирен дақтар. |
Теңбіл немесе мәрмәр реңдер, қара-жирен және қызғылт дақтар. |
4. |
Жүн жамылғысы |
Жүні жұмсақ, жібек тәрізді, тік, ұзындығы 4,5 сантиметрге (қыста) және 2,5 сантиметрге дейін (жазда) қысқа жүнді түбіті жақсы дамыған. Құлағының ұшынан 5-6 сантиметрге түсіп тұратын, бұйра, жұмсақ, ұзындай шашы жиналып ары қарай ұйпаланады, алдыңғы аяғының, жамбастарының артқы жағында ұзындау жүн түбіт шашқа айналады. Құйрығының төменгі жағында – қалың емес ілгек жүні (10 сантиметрге дейін) болады. Саусақтарының арасында қысқа және қатты шаш өседі. «Жарғақ құлақ», «тықыр тазы» сияқты тазының тегіс жүнді түрлеріне (ілгегі мен шашағы жоқ) рұқсат етіледі. Стандарттың басқа параметрлерін сақтаған жағдайда ақау немесе кемшілік болып саналмайды. |
Ұйпаның немесе бұйраның болмауы, бүкіл денесінде ұзын жүн (5 сантиметрден асатын), артқы аяқтарының бүйірінде ішінара ұзын жүн. |
Бұйраланған, қатты, толқынды жүн, басында айдарша, көкірегінде және ішінде ұзын жүн, оң жағында қалың аспа. |
5. |
Терісі, бұлшық еттері, сүйектері |
Терісі жұқа, созылғыш, қатпары жоқ. Бұлшық еттері жақсы дамыған, әсіресе белінде, жамбасында, сүйектері мықты, бірақ ауыр емес. |
Сүйегінің әлсіз және дөрекілігі, дұрыс дамымаған бұлшық еттері. |
Сүйек дөрекілігі, салбыраңқы немесе қатпарлы қалың тері. Төбеттер қаншық тұрпатында. Қаншықтар төбет тұрпатында. |
6. |
Басы |
Арық, сопақ, бас сүйегі біркелкі жалпақ болып келеді. Үстінен қарағанда сына тәрізді. Желкесі біркелкі, ал төбе сүйегі өте нашар дамыған. Маңдайынан тұмсығына өту әлсіз байқалады. Тұмсығы (кертік) құрғақ. Тұмсығы бас сүйегі бөлігінің ұзындығымен бірдей немесе сәл қысқа болып келеді және кішкене шамалы үшкір дөңесті немесе түзу, шұңқыры немесе салалары жоқ. Бас сүйегі үстінен тығыз келеді. Тұмсықтың сызығы бас сүйектің сызығымен параллельді немесе кішкене түсіңкі. Еріні жіңішке, тығыз жабысып тұрады. Жақ сүйектері түзу және өте ірі сау тістері болуы керек. |
Басы қысқа, артық дамыған қабағының үсті имектелген, бет сүйегі артық дамыған, маңдайдан тұмсыққа бірден ауысуы, еріннің тығыз жабылмауы. |
Дөрекі, дымқыл, сүйегі шығыңқы бас, шығыңқы бас-сүйек, таңқы тұмсық, тұмсығы бас сүйегінен ұзынырақ. Бастың сызығы жоғары иілген. Дымқыл салбыраңқы ерін. Астыңғы жақ сүйегі жоғарғы жақ сүйегінен қысқа (кем иек) және де ұзын (тістей тұру). |
7. |
Құлақтары |
Салбыраңқы, жұқа, шеміршектерде сәл көтеріңкі, көз сызығынан сәл жоғары немесе бірдей деңгейде орналасқан, толқынды, жұмсақ ит жүнімен жабылған, құлақ ұшынан 5-6 сантиметрге төмен. Құлақтың шашақсыз ұшы ернінің бұрышына жетуі керек. Өршу кезінде азырақ шеміршегі көтеріліп, құлақтары сырт жаққа қарай бұрылады. |
Қысқалау (2 сантиметрге дейін, ерінінің бұрышына жетпейді), шеміршектің артық көтерілуі. |
Қысқа (ерінінің бұрышына 2 сантиметрден астам жетпеуі), өте жоғары немесе өте төмен орналасқан, жартылай тұратын, құлағы тартылыңқы (раушан гүл тұрпатында) қозу жағдайында жуан, қозғалмайтын, алға қайырылмайды. |
8. |
Көздері |
Үлкен, қиғаш орналасқан, қой көз, күңгірт – қоңыр, кейде шығыңқы, көз қиығы – бадам дәні тәрізді, қабағы қара. |
Аса ірі емес, шүңірейген немесе бадырайған, ақшыл, қабағының шеті ақшыл. |
Кішкентай, шүңірейген, тура орналасқан, әр-түрлі көзді, сары немесе сұр түсті, қызғылт қабақты. |
9. |
Мұрнының ұшы |
Қара, ақшыл түстегі иттерге қоңыр түрі рұқсат етіледі. |
Аз реңденуі. |
Мұрнының ұшы қызғылт. |
10. |
Тістері |
Ірі, ақ, қайшы сияқты тістелінетін, 6 жастан кейін тегіс түрі рұқсат етіледі. |
Астыңғы жақ сүйегінде бірінші премолярдың (Р1) болмауы. |
Күрек тістері бір сызықта орналаспаған, бірінші премолярдан басқа (Р1) кез-келген тістің болмауы. |
11. |
Мойны |
Домалақ немесе бүйір жақтарынан азғана қысылған, орта немесе ұзын, кейде жоғары қарай біраз иілген (аққу мойындас). Орта, мықты, болғаны дұрыс. Жоғары орналасқан. |
Жетілмеген, қысқа. |
Өте қысқа, жүктелген, аспалы. |
12. |
Кеудесі |
Жұмырланған, кең, терең, егер итке алдынан қараса, барлық тұлғасы артқы аяқтарының арасында орналасуы қажет; оның төменгі беті алдыңғы аяқтары жанында шынтақ буындарының көлденең сызықтарына жетеді; кеуде қуысы қарынға қарай біршама тарылады. |
Тым тар, жаясынан жалпақ емес, жеткілікті терең емес, шынтағына 3 сантиметрге жетпейді. |
Қабырғалары тегіс, төс сүйегі алға шығыңқы кеуде қуысының қысқалығы, шынтағынан кеңімейді, шынтағына 3 сантиметр жетпейтін, кеудесінің кішкентай болуы. |
13. |
Шоқтығы |
Жота сызығынан болмашы білеуленуі, арқасында шоқтықтан |
Жақсы көрінбейтін шоқтық. |
Шоқтығының байқалмауы. |
14. |
Арқасы |
Жалпақ, серпінді, бұлшық еттері жақсы дамыған. Белдемесімен бірге жоғары бірқатар шүйірленген. |
Жіңішке, жұмсақ, әлсіз бұлшық еттер. |
Бүкір немесе салбырап қалған, нығыздалмаған. |
15. |
Белі |
Қысқа, дөңесті, бұдыр бұлшық еті бар. |
Тіке, әлсіз, жіңішке, ұзын, бұлшық еті дұрыс дамымаған. |
Жіңішке, тым дөңестеу, бұлшық еті дамымаған. |
16. |
Сауыры |
Жалпақ, ұзын аздап еңкіш, бұлшық еттері өте бедерлі, мықынының ені кемінде 7 сантиметр. |
Қысқалау, жіңішкелеу, артығырақ қисайған. |
Көлденең. |
17. |
Қарыны |
Өте жинаңқы. |
Әлсіз тартылған, кең белді. |
Салбырап кеткен қарын. |
18. |
Алдыңғы аяқтары |
Ұзын, тік және параллельді орналасқан, ішкі иық буындарының бұрылуы 90-100 градусты құрайды; табан сүйегі салыстырмалы ұзын, аздап еңкіш. |
Шынтақтары қайырылған немесе бұралған, жеңіл құлаштау орналасуы немесе қисық аяқтығы. Табан сүйегі, қысқа, әлсіз, артық еңкіштеу. Иық жауырындарының мүшелену бұрышы 110 градустан артық. |
Сүйектері жұмыр, аяқтары қисық, түзу иық, шынтақтары сыртқа немесе ішке кіріп кеткен айқын көрінетін аяқтарының талтақтығы немесе қисық аяқтығы. Табан сүйектері салбыраған немесе бүкіш тізе. |
19. |
Артқы аяқтары |
Біріңғай арық, сүйекті және иінтіректері ұзын. Мүшелену бұрыштары жақсы дамыған, артынан қарағанда түзу және параллельді. Секіру буындары айқын білінеді. Жай тұрысында жіліншік сүйектері артқа тіп-тік болып тартылып тұрады. Жіліншік сүйектері ұзын. Жамбасындағы бұлшық еттері өте жақсы дамыған. |
Мүшелену бұрыштары нашарлау дамыған; кең немесе тар тұрыс. Жіліншік сүйектері қысқа. Бұлшық еті нашар дамыған. Секіру буындары жазылыңқы немесе болмашы жанасқан. |
Мүшелену бұрыштары нашар дамыған, бұлшық еттері дамымаған, секіру буындары жақын қауысқан, ал табандары сыртқа айналып кеткен, яғни «сиыр» тұрыс немесе аяқтары күбі секілді «қисық». Қисық тырнақтары итті тұқымдықтан шеттетеді. |
20. |
Табандары |
Мықты, жұмыр, кесек болып жиналған. Саусақтары бір-біріне тығыз, тырнақтары жерге бағыттала орналасқан. |
Саусақтары аздап жазыңқы, тырнақтары жерге бағыттала орналаспаған. |
Табаны дөңгелек формада (мысық тәрізді) тегіс. Саусақтары өте жазыңқы. |
21. |
Құйрығы |
Жіңішке, қылыш тәрізді, толық жазылған түрінде секіру буындарына жетеді немесе сәл жетпейді, бірақ ұшы соңы ілмек сияқты иілген немесе кішкене дөңгелек сияқты орала орналасқан. Қозғалыс кезінде арқа сызығынан аздап жоғары көтеріліп тұрады. |
Құйрығы ұзын немесе қысқа; жуан құйрық; бүйір жағына түсіп тұратын, орақ тәрізді, ұшы ілмек немесе сақина тәрізді. |
Сақиналанып арқасына түскен, омыртқаларының соңы қосыла өскен, майысқан жерлері бар, соңы сақиналанбаған немесе иілмеген, құйрығын тікше ұстау. |
22. |
Қозғалысы |
Жеңіл жорту, аңды аңду кезінде – шапшаң жүгіру. |
Жорға жүріс. |
|
23. |
Мінез-құлқы |
Алғыр, қырағы, аңға өшпенді, төзімді және икемді. |
||
24. |
Дисквалификациялық ақаулары: адамдарға агрессия танытуы, қорқақтық, дұрыс тістемеушілік, күрек тістерінің, азу тістерінің премолярлардың (төменгі бірінші премолярдан басқа) және үстіңгі және/немесе төменгі жақ молярларының (егер жарақаттанғаны айқындалып анықталмаса) болмауы, көздері екі түрлі, көгілдір көздер, қоңыр реңді, артқы аяқтарында артық саусақтың болуы, криптархизм, дисплазия. |
1. Қазақтың «төбеті»
№ |
Өлшемдері |
Стандарт сипаттамасы |
Кемшіліктері |
Ақаулары |
1. |
Негізгі пропорциялары |
Шоқтығының биіктігі құйымшағындағы биіктікке тең. Басының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктің кемінде 40 пайызын құрайды. Дене тұрқының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктен шамамен 10 пайызға асып түседі, бұл ретте төбеттер қаншықтарға қарағанда біршама жинақы. Төбеттердің оңтайлы бойы 72 – 76 сантиметр, қаншықтардікі 68 – 72 сантиметр. |
Бітімінің жинақылығы, (тұрпаты шаршыға ұқсас); бұлшық еттерінің жеткілікті дамымауы, артқы жағының шамалы биік болуы; қаншықтарда жыныстық тұрпатқа сай келмеушілік (төбетке ұқсас болуы). |
Арық, етжеңді немесе жетілмей қалыптасу; аласа бойлы немесе шығым; тұрқының қысқалығы; бұлшық еттерінің дамымауы; төбеттерде жыныстық тұрпатқа сай келмеушілік (қаншықтарға ұқсас болуы), тұқымдықтарының жете дамымауы. |
2. |
Мінез-құлқы/ темпераменті: |
Күшті және төзімді. |
Сескеншектік, әлсіздік, шектен тыс қозғыштық. |
Қорқақтық, басқаруға келмейтін агрессияшылдық. |
3. |
Басы |
Ұзын трапецияны еске салатын дөңгелек нысанды созылыңқы, жақсүйектері жетілген, бірақ сыртқа шығыңқы емес. |
Тұмсығы қысқа (басының ұзындығының 1/3-нен кем) немесе ұзын (басының ұзындығы Ң-нен артық); жақ сүйектері шамадан тыс білінеді; қас үстіндегі доғалары шығыңқы; тұмсығы мен маңдай сызықтары қатарлас; түсі ашық болған кезде мұрнының ұшы қоңыр. |
Жалпы дене бітіміне сай емес (басы тым үлкен, жіңішке, қысқа, жеңіл); тым шығыңқы маңдай, бассүйегі күмбез тәрізді; маңдайынан тұмсығына ауысымы айқын көрінеді; желке төмпешігі айқын білінеді; қасының үстіңгі доғасы айқын байқалмайды; тұмсығы маңдайынан ұзын; көтеріңкі немесе үшкір; еріндері жұқа, тығыз жабылады. |
4. |
Жақтары/ |
Жақтары кең, мықты, күшті, жақсы жетілген, иектері жақсы байқалады. Тістелімі қайшы тәрізді. Үш жастан асқан иттерде тікелей тістелімнің болуына жол беріледі. Тістері толық, өте ірі, ақ, бір-біріне жымдаса біткен. Күрек тістерінің түптері бір қатарға тізілген. |
Тістерінің жасына сай келмейтін қажалуы; кішігірім сарғылт қақ немесе бұзылған эмаль (тістің үстіңгі жағының 1/3-не дейін); төменгі жақтағы күрек тістер түпнегізінде тізілмеген; тістері орташа мөлшерде; үш жасқа дейінгі тістелімі тік; төменгі жақтағы алғашқы премолярлардың болмауы; артық премолярлар. |
Ұсақ; сирек; сарғылт, тіс эмалі қатты бүлінген (үстіңгі жағының 1/3-і); жоғарғы жағында орналасқан күрек тістері бір қатарда емес; 3 жасқа дейінгі тістелімі тік; алғашқы премолярды қоспағанда, бір премолярдың немесе молярдың жетіспеуі; артық тістер. |
5. |
Көздері |
Үлкен емес, қиғаш, кең және терең орналасқан, қою қара-қоңыр. Өңі ашық болған кезде реңімен түстес болуға жол беріледі. Көз қиығы бадам тәрізді. Қабақтары – толық, үшінші қабағы анық көрінеді. Қабақтарының айналасы қою қара болғаны жөн. Көзқарасы онша байқалмайды, тұнжыраңқы әрі ауыр. |
Күңгірт; ашық-қоңыр. |
Тіке орналасқан, сопақ немесе дөңгелек қиықты; томпақ, өңіне қарағанда ашық түсті, бірдей түсті емес, сары, жасыл, көк, сұр көздер; шығыңқы, ашық, түссіз, сары, жасыл, сұр; көзқарасы қозғалмалы, тез қимылды; кірпіктері депигменттелген тым жетілмеген, жуан, салбыраңқы қабақ. |
6. |
Құлақтары |
Үлкен емес, салбыраңқы, пішіні үшбұрышты, көз деңгейінен сәл жоғары орналасқан. Ойық негізі үлкен емес. Күшік кезінде қысқа кесіліп, келтеленеді. |
Көз деңгейінде орналасқан. |
Төмен орналасқан; жартылай тіке тұратын дөңгелекше келген. |
7. |
Мойыны |
Басының ұзындығына тең, түпнегізі кең, қуатты, жонарқасына қатысты 35-45 градус бұрышпен орналасқан, өзіне тән, бірақ шамадан тыс болмайтындай тамақ асты қатпары бар. |
Жоғары орналасқан; бұлшық еті жеткілікті жетілмеген. |
Жоғары немесе төмен орналасқан; тамақ асты қатпарының болмауы немесе шектен тыс көрінуі. |
8. |
Тұрқы |
Еркін тұрыста ит өзін босаң ұстайды, бұл ретте жоғарғы сызығының өзіне тән кішігірім біркелкі иілген жері болады, оның төменгі нүктесі ауысымізі (диафрагмалық омыртқаның иіндік өсімінің кішігірім құламасы), ал биіктіктері – шоқтығы мен құйымшақтары болып табылады. Қозғалғанда немесе елегізіп тұрғанда жоғарғы желісі шоқтығынан тік, серіппелі, берік болып келеді. Бұлшық еттері қуатты, омыртқаның иіндік өсімінің биіктіктері білінбейді. |
Бұлшық еттері жеткілікті жетілмеген; шоқтығы әлсіз білінеді, арқасы тар; ауысымізі ерекше білінеді; белі тарлау, сәл шығыңқы; сауыры дөңестеу, қысқа немесе тым тайқы; кеудесі жете терең емес (шынтақ деңгейіне дейін 2-3 сантиметр жетпейтін), қабырғалары жеткілікті ауқымды емес, тым шығыңқы; қарыны шектен тыс тартылыңқы немесе түсіңкі. |
Төбелік желісі томпақ (жетілмеген), еркін тұрғанда да, елегізіп тұрғанда да және қозғалыс кезінде салбыраңқы (жұмсақ), бұлшық еті жетілмеген, шоқтығы байқалмайтын, тапал, тар, қысқа; арқасы салбыраңқы немесе бүкір; ауысымізі жоқ; белі тар, тым шығыңқы; сауыры тар, келте, тым қисайыңқы немесе көлбеу; кеудесі тайқы, ұсақ, жете дамымаған, бөшке тәрізді, шеткі қабырғасы тым қысқарыңқы; кеудесінің алды айқын білінеді; белі ұзын, ішке кіріңкі немесе шектен тыс шығыңқы; қарыны айқын көрінетін солыңқы. |
9. |
Құйрығы |
Жоғары көтерілген, жуан. Күшік кезінде қысқарып, келтеленеді (көбіне ұзындығының 1/3-ге жуығы қалады). Қысқарып келтеленбеген кезінде орақ тәрізді түсіңкі, секіру сүйектеріне дейін жетеді. |
Жіңішке. |
Құйрығы төмен орналасқан. |
10. |
Аяқтары |
Алдыңғы аяқтары: едәуір ұзын, мықты, бұлшық етті, алдынан қарағанда тік және бір-біріне параллель. Шынтағындағы биіктігі шоқтығындағы биіктікке тең немесе жартысынан біршама үлкен. |
Бұлшық еттері жеткілікті жетілмеген; аяқтарының орналасуы тар, жақын немесе кең; иық-жауырын қиылыстарының бұрышы жеткілікті емес; шынтақтары сәл сыртқа немесе ішке қарай бағытталған; табандары шектен тыс бүгіліңкі; азғана талтақтық немесе маймақтық. |
Қысқа; аяқтарының сүйектері қисайған, пішіні өзгерген; бұлшық еттері жетілмеген; жауырынның түсіңкі тұруы; шынтақтары тым сыртқа немесе ішке қарай қайырылған. |
11. |
Артқы аяқтары |
Бекем, бұлшық етті. Артынан қараған кезде тік және бір-біріне параллель, алдыңғыларымен мөлшерлес. Алдыңғыларына қарағанда біршама кең орналасқан. Барлық буын қиылыстарының бұрыштары жақсы білінеді. |
Буын қиылыстарының бұрыштары жеткілікті білінбейді; кең, жақындастырылған немесе тар тұрыс; қосалқы (қысқарып келтеленбеген) саусақтарының болуы; шамалы өсіңкі немесе біршама тығыздалған саусақтар. |
|
12. |
Жүрісі/ |
Үнемшіл, еркін, жеңіл. Жорғалағанда үстіңгі жағының сызығы бірдей және берік, алдыңғы және артқы аяқтарының буындары жеңіл бүгіледі, арқасы мен белі серпінді серіппелі. Өзіне тән жортуы – асықпай адымдаумен және жеңіл, із тастап жорғалаумен (табан іздерін бір-біріне сай келтіру) сипатталады. |
||
13. |
Терісі |
Жуан, тығыз, созылғыш тері асындағы клетчаткалары жақсы жетілген. Мойын тұсында өзіне тән қатпар құрайды. |
Созылғыш емес. |
|
14. |
Жүні |
Жүні қалың, ірі, тік, жүн астындағы түбіті жақсы өскен, бірақ ұзын емес (иін жүндерінен қысқа). Басында және үстіңгі алдыңғы жақ жүні қысқа, тік өскен, тығыздала жымдасқан. Мойынында неғұрлым ұзын жүн жабыны «жағалық» құрайды, әсіресе тобеттерде жақсы өседі, бөксесінің артқы жағы «шалбар» іспетті. Тамағында, мойынасты қатпар тұсында өте қалың әрі тығыз. Жүн жабыны (4-5 сантиметр) ұзын емес және босаң өскен онша ерекшеленбейтін болып келеді. |
Тығыздала жымдаспаған; жүн астындағы түбіті ұзын (ұзындығы бойынша иін жүндерімен бірдей немесе одан үлкен); саусақтары арасындағы жүн ұзын, қалың, және жұмсақ (саусақтарынан ұзын). |
|
15. |
Өңі |
Тарғыл немесе ірі түрлі-түсті дақтары басым болып келетін ала-құла, жирен түстің барлық өңдері, ақ. Бояма реңінде теңбілдақтардың болуына жол беріледі. |
Ала-құла дақтары бар (түрлі-түсті дақтардың үлесі 30 пайыздан аз), ақ, біртұтас. |
|
16. |
Мөлшері |
Төбеттер үшін – 66-78 сантиметр, қаншықтар үшін 64-74 сантиметр. Дене бітімінің тепе-теңдігі мен үйлесімділігі сақталса, шоқтығында биіктігінің асып кетуіне жол беріледі. Шоқтығындағы биіктік құйымшағындағы биіктіке тең немесе біршама үлкен. Салмағы бойына пропорционал және төбеттер үшін – 40-65 килограммды, қаншықтар үшін – 35-55 килограммды құрайды. |
||
17. |
Дисквалификациялық ақаулары: қорқақтық, жалтақтық, басқаруға келмейтін ашуқорлық; біржақты және толық криптохризм, жетілмеген тістелім, қалдықты артық тістелім; тістерінің толық еместігі (кез келген үйлесімде екеуден аса тістердің болмауы); көздерінің әртүрлілігі; барлық үйлесімдегі қоңыр (мұрнының сулығы, кірпіктері мен еріндерінің шеті қоңыр болған кезде) немесе көк (мұрнының сулығы, кірпіктері мен еріндерінің шеті көк болған кезде) боямалар толқынды жұмсақ жүн; буындардың босаң бекуі, теңгерімделмеген қозғалыстар; төбеттер қаншық тұрпатты. |
Ескертпе: Төбеттерде қалыпты жетілген, дорбалығына толық түскен екі тұқымдық болуға тиіс.».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 3-3/1119 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
13-қосымша
Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) бағалау бойынша нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және иттердің үй-ұлттық тұқымдарына бағалау жүргізуді нақтылайды.
2. Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын бағалауды бағалаушылар (сыныптаушылар)/сарапшы-кинологтар жүргізеді.
3. Ұлттық тұқымды иттермен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің басты мақсаты және міндеті оларды сақтау, таза тұқымды иттер санын арттыру, олардың жұмыстық және тұқымдық сапасын жоғарылату және жақсарту болып табылады.
Ит шаруашылығындағы асыл тұқымдық жұмыс ұрпақтарының сапасын, олардың өсіру аймағындағы жағдайларға жоғары бейімделуін жақсартуға, барынша жақсы пайдалануға бағытталған. Асыл тұқымдық жұмысты ұйымдастыру клубтардың, питомниктердің және басқа бөлімшелердің аражігін асыл тұқымдық жұмыс деңгейі және міндеттері бойынша ажырата, асыл тұқымдық ресурстарды тиімді құра және пайдалана, тұқымішілік құрылымды есепке ала отырып өсірудің неғұрлым мақсатқа сай әдістерін қолдана отырып, тұқымды толығымен қамтитын селекция принциптеріне негізделген.
4. Қызметтік және аңшылық ит шаруашылығы клубтарындағы асыл тұқымдық жұмыс мақсаты қызметтік және аңшылық ит тұқымдары ішінде асыл тұқымды иттерді арттыру, экстерьері мен конституциясы, жоғары жүйке қызметі (ЖЖҚ) типі, физикалық төзімділігі және иттердің басқа да қызметтік, аңшылық және жұмыс қасиеттерін тұқымда кезігетін кемістіктер мен жетіспеушіліктерді бір мезгілде түбегейлі жоя отырып үздіксіз жетілдіру болып табылады.
5. Әрбір ит тұқымымен жұмыс жасау оның тұқымішілік типтерін және басқа да өзіне тән қасиеттері мен биологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ онда неғұрлым жиі кезігетін кемшіліктерді білуге негізделеді. Әр асыл тұқымды иттің тұқымға тән жалпы сипаттарымен қатар, жеке ауытқушылықтарын және өзгешеліктерін айыра білу қажет.
6. Иттердің өсімін молайту біртекті, сол сияқты әртекті іріктеуді шығармашылық бағытта қолдана отырып таза тұқымдық (таза) өсіру әдісімен жүргізіледі.
7. Клубтар мен питомниктерде асыл тұқымды желілер жүргізуге жағдай жасайтын, асыл тұқымдық сапалары жоғары иттер саны жеткілікті болған жағдайда, желілер бойынша өсіру қолданылады.
8. Есепте тұрған барлық ересек ит:
1) асыл тұқымды иттер;
2) пайланылатын иттер болып екі санатқа бөлінеді.
9. Асыл тұқымдыларға бағалау сыныптылығын алған иттер жатады. Қалған иттер пайдаланылатын иттер санатына жатады.
10. Асыл тұқымды иттерді өсіру жоспарлы сипатта болады және:
1) осы Нұсқаулыққа;
2) клуб немесе питомник бес жылға жасайтын әр тұқым бойынша асыл тұқымдық жұмыстың перспективалық жоспарда сәйкес ұйымдастырылады. Перспективалық жоспардың бір данасы аккредиттелген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығына (бұдан әрі – Қауымдастық) түзету үшін ұсынылады;
3) клуб немесе питомник жыл сайын перспективалық жоспарда есепті жылға көзделген жеке міндеттерді есепке ала отырып жасайтын өсіру жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Өсіру жоспарын клуб немесе питомник (өсіру секциясы) жүргізілген селекциялық іс-шаралар нәтижелерін: көрмелер, жас иттерді шығару және сынау, асыл тұқымды ит иелерінің қалаулары және бағалауларын есепке ала отырып әзірлейді.
2. Асыл тұқымды иттерді іріктеу және таңдау. Өсіру жоспары
11. Өсіру жоспарына енгізу үшін:
қызметтік иттер тұқымын – конституциясы, экстерьері, шығу тегі, қызметтік сапалары бойынша және ұрпағының сапасы бойынша (ұрпақ берген иттер үшін);
аңшылық иттер тұқымын – конституциясы, экстерьері, шығу тегі, аңшылық сапалары бойынша және ұрпағының сапасы бойынша (ұрпақ берген иттер үшін) іріктейді.
12. Иттерді мына жастарында:
қаншықтарды бір жас алты айдан төмен емес жасында;
қызметтік-спорттық тұқымды төбеттерді екі жастан төмен емес және аңшылық тұқымды төбеттерді бір жас алты айдан төмен емес жасында ұйығуға жібереді.
Асыл тұқымды қаншықтардың ұйығуы жылына бір рет жүргізіледі. Аз күшіктеген (бес күшіктен кем) үш жастан жоғары жастағы қаншықтарды ұйығуға жылына екі рет жіберуге болады.
13. Қаншықтарға қарағанда, төбеттер ерекше қатаң іріктеледі: Төбеттердің саны және құрамы аталған жылдың өсіру жоспарына енгізілген қаншықтардың құрамына байланысты және олардан алынған ұрпақтарды есепке ала отырып жыл сайын анықталады.
14. Тұқым стандарты бойынша шеттетуге жататын кемістіктері бар, сондай-ақ он жастан асқан иттер өсіру жоспарына енгізілмейді.
15. Жұптарды таңдау екі серіктестің барлық жетістіктерін және кемшіліктерін есепке ала отырып міндетті түрде жеке жүргізіледі. Жұптарды жеке таңдау оң белгілерін және қасиеттерін орнықтыруды және жетілдіруді, кемшіліктерін жоюды және ұрпағының жалпы тұқымдылығын жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
16. Бірдей кемістіктері бар қаншықтар мен төбеттерді жұптастыруға жібермейді. Экстерьеріндегі немесе ұрпағының мінез-құлқындағы жекелеген кемістіктерді біркелкілеу үшін жұптарға кемістіктері жоқ, экстерьері дұрыс иттер таңдап алынады.
17. Алдыңғы күшіктеу кезінде жақсы ұрпақ берген қаншықты, өсіру талаптарына сәйкес келсе және осы қаншықтарға сай болса және осы клуб саны осындай комбинация нәтижесінде алынған иттерге толы болмаса, сол төбеттермен немесе оның жақын туыстарымен жұптастыру ұсынылады.
18. Жұптарды таңдау кезінде олардың жасы ескеріледі. Толық физикалық кемеліне жеткен тұқымдық иттерді шағылыстырған неғұрлым дұрыс. Жас иттерді (асыл тұқымдық пайдаланудың бірінші жылында) шағылыстырмаған дұрыс. Екі кәрі итті шағылыстырмаған дұрыс: жастарына байланысты олардың ұрпақтары әлсіреуі мүмкін.
19. Өсіру жоспары түсіндірме жазбадан және бекітілген нысандағы толтырылған таңдау кестесінен тұрады. Өсіру жоспарының құжаттарын мынадай тәртіппен таңдайды: Төбетке жасалған таңдау кестесіне онымен жұптастыру үшін бекітілген қаншықтарға жасалған барлық таңдау кестелері таңдалады. Осындай таңдау кестелерін жоспарда тек дублер ретінде пайдаланылатын төбеттер үшін де толтырады.
20. Түсіндірме жазбада өсіру жоспарына қосылған ит саны және олардың конституциясы және экстерьері бойынша (көрмедегі бағалары), қызметтік немесе жұмыс сапалары (сынақтар және жарыстардағы дипломдары), шығу тегі және ұрпағының сапасы бойынша бағалары көрсетілген асыл тұқымды иттерге егжей-тегжейлі шолу сондай-ақ, жоспардың негізіне алынған міндеттер және ұйғарымдарды мазмұндау қамтылады.
21. Өсіру жоспары екі данада жасалады. Жоспарды Клуб кеңесі немесе асыл тұқымды иттерді өсіретін питомниктер кеңесі Қауымдастық өкілдерінің қатысуымен бекітеді. Жоспардың бір данасы есепті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей Қауымдастыққа ұсынылады. Екінші данасы өсіру жұмысында басшылыққа алу үшін клубта қалады. Өсіру жоспары асыл тұқымды ит иелеріне мәлімет үшін беріледі.
22. Қауымдастық, клуб немесе питомниктен алынған өсіру жоспарын тексеріп, бір ай ішінде бар болған жағдайда өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жолдайды.
23. Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) Қауымдастықтың ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес дамыту жоспарына қажетті өзгерістер енгізеді.
24. Жоспарға енген төбетті ұйығу үшін пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда және жаңадан келген асыл тұқымды иттер болған жағдайда, өсіру жоспарына Клубтың немесе питомниктің (өсіру секциясы) кеңесі бекіткен түзетілімдер мен қосымшалар енгізіледі. Бұл жұмыстар жоспардағы жұмыс деп есептеледі.
3. Ұйығуларды, алынған ұялас күшіктерді тіркеу және есепке алу және күшіктерге арналған тұқым-тегі құжатын беру
25. Өсіру жоспары негізінде клуб немесе питомник (өсіру секциясы) ұйығуға бағыттама береді. Бұл ретте қаншықты міндетті түрде ветеринар дәрігер қарап, ол жөнінде иесіне тиісті анықтама береді.
26. Қайталама (бақылаушы) ұйығуды алғашқы ұйығудан 24-48 сағат өткен соң жүргізу ұсынылады.
27. Қайталама ұйығу төбеттің жай-күйіне байланысты іске аспаған жағдайда және байлаулы қаншық ұрпақ әкелмей жатса, қаншық иесіне дәл сол төбетпен келесі жұпты тегін өту мүмкіндігі беріледі.
28. Ұйығу ақысын және есеп айырысу тәртібін Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) кеңесі төбеттің сыныбы мен жергілікті жағдайды есепке ала отырып отырып белгілейді.
29. Жоспарланған ұйығуларды, күшіктеуді, әрбір клуб пен питомниктегі күшіктердің санын есептеу үшін тіркеу кітабы жүргізіледі.
30. Тіркеу кітабында тек қана клуб немесе питомник бағыты бойынша жүргізілген ұйығулар түгел тіркеледі.
31. Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) кеңесі 30 күнге толмаған күшіктерге қарау, қоғамдық бақылау жүргізу үшін жауапты адамды айқындайды.
32. Әрбір ұялас күшіктер екі реттен: туылғаннан кейінгі 3-4 және 29-30 күндері тексеріледі. Тексеруші қаншық иесіне күшікті қалай тамақтандыру керектігі мен тамақтандыратын қаншықты қалай күтіп-бағу керектігі және зерттеп-қарау процесінде туындаған басқа сұрақтар жайлы кеңес береді. Әрбір зерттеп-қарау кезінде күшіктердің салмағын өлшейді. Күшіктер отыз күнге толғанда олардың жалпы жай-күйі, салмағы, оларды күтіп-бағу сипаты және оны асыраушы қаншықтың жай-күйі негізінде баға беріледі.
33. Қаншықтардың жай-күйі нашар болса және күшіктер антисанитариялық жағдайда күтіп-бағылған жағдайда ұялас күшіктерге берілетін баға бір балға кемиді.
34. Ата-енесінің тұқым-тегі құжаттарының және ұйығуларды тіркеу кітабындағы жазбалардың негізінде әрбір жоспарлы ұялас күшіктерге жалпы карточка ашылады.
4. Күшіктер көрсетпелері
35. Күшіктердің көрсетпелерін, клуб немесе питомник (өсіру секциясы) қызметтік және аңшылық ит өсіру үшін жылына екі рет (күзде және көктемде) келесі мақсаттарда ұйымдастырады:
1) күшіктерді тұқымдылығы мен өсіру сапасына қарап бағалау;
2) күшіктердің иесіне оларды қалай өсіріп-бағу және тәрбиелеу бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар беру;
3) ата-енесін (төбеттер мен қаншықтар) олардың тұқымдары мен жұптасу нәтижелерін бағалау бойынша зерттеу.
36. Көрсетпе барысында күшіктерді тұқымдары бойынша бөлек қарайды. Бір төбеттен тарайтын күшіктердің барлығы бір мезетте және ұяластар бойынша қаралады.
37. Клубтың және питомниктың өсіру секциясы көрсетпе барысында 4-10 ай аралығындағы барлық күшіктер мен олардың ата-енесін қатыстыру үшін шаралар қабылдайды.
38. Күшіктерді қарап, бағалау үшін және өсіру жоспары бойынша жұптарды іріктеу нәтижелерін анықтау үшін сарапшылар мен қоғамдық нұсқаушылар, өсіру жоспарын түзуге қатысқан және осы тұқыммен асыл тұқымдық жұмыс жүргізетін өсіру секциясының дайындалған белсенділер шақырылады.
39. Көрсетпеге қатысқан әрбір күшікке анкета толтырылады. Төрт пен алты ай аралығындағы күшіктер үшін анкетада бойы, физикалық дамуы, иттің қоңдылығы, тістерінің және құлақтарының жай-күйі мен рахитпен ауырмағандығы қоса белгіленеді. Алты айдан жасы жоғары иттердің экстерьеріне сипаттама беріледі. Күшіктерді таразыға тартып, салмағын өлшейді.
40. Көрсетпе барысында қаралған күшіктер тұқымдылығы және өсіру сапасы бойынша, келесідей бағаларға ие болады:
тұқымды, үлгілі өсірілген;
тұқымды, дұрыс өсірілген;
тұқымды, орташа өсірілген;
тұқымды, нашар өсірілген;
әдеттегідей, үлгілі өсірілген;
әдеттегідей, дұрыс өсірілген;
әдеттегідей, орташа өсірілген;
әдеттегідей, нашар өсірілген.
41. Тұқымға тән емес күшіктер бағалауға жатпайды. Тістері дұрыс өспеген күшіктер әділ бағасын алып, иесіне берілген анықтамада тістегі кінәраты міндетті түрде жазылады. Бұл күшіктерге марапат берілмейді.
42. Тұқымның белгілері анық көрініп тұрған күшіктерге «Тұқымды» деген баға беріледі (жас ерекшеліктерін ескере отырып).
43. «Әдеттегідей» деген баға экстерьері тұқымның белгілеріне сәйкес келетін күшіктерге беріледі (жас ерекшеліктерін ескере отырып).
44. «Үлгілі өсірілген» деген баға, өз жасына сай бойы, жақсы дамыған сүйегі мен жеткілікті физикалық дамуы, қоңдылығы бар және экстерьері, мінез-құлқында кемістігі жоқ күшіктерге беріледі.
45. «Дұрыс өсірілген» деген баға өз жасына сай қалыпты бойы мен қатайған сүйегі, жеткілікті түрде физикалық тұрғыдан дамуы, қоңдылығы бар және қорқақтық белгіні білдірмейтін күшіктерге беріледі.
46. «Орташа өсірілген» деген атау келесідей кінәраттары бар күшіктерге беріледі:
бойы жеткілікті өспеген;
сүйегі жеңіл;
кеуде тұрқы нашар дамыған;
рахит немесе оның салдары;
омыртқа сүйегі майысқан;
аяқтары нашар дамыған.
47. «Нашар өсірілген» деген баға қарау көрмей қалжырап, физикалық тұрғыдан рахиттің ауыр түрлерімен ауыратын немесе оның ауыр салдары білінетін, ауырып, қорқақтық белгілері айқын білінетін күшіктерге беріледі.
48. Әрбір күшікті жекелеген қарау және бағалау аяқталған соң, барлық ұяластар және ата-енесі қаралып тексеріледі. Содан кейін ұяластарға және жұптардың дұрыс таңдалғанына да баға беріледі.
49. «Тұқымды және үлгілі өсірілген» деген бағаға ие болған үздік күшіктер, сондай-ақ үздік ұялас күшіктер көрсетпе барысында ата-енесімен бірге арнайы рингте көрсетіледі.
50. Көрсетпеде қарап тексеруден өткен күшіктердің иелеріне тиісті анықтамалар (экспоненттік қағаздары бар дипломдар) беріледі.
5. Асыл тұқымды иттерді іріктеу және бағалау (бонитирлеу)
51. Асыл тұқымды қызметтік және аңшылық иттер бастарын іріктеу мен бағалау (бонитирлеу) асыл тұқымдық жұмыстың негізгі іс-шараларының бірі болып табылады және ол иттерді конституциясы мен экстерьері, қызметтік және жұмыс сапасы, шығу тегі мен ұрпақтары бойынша кешенді бағалаудан тұрады.
52. Бонитирлеу бір-бірімен өзара байланысты сынақтарға және келесі іс-шараларға негізделген:
1) көрмелерге (көрсетпелерге), сынақтарға және жарыстарға;
2) иттердің асыл тұқымдық іс-қимылдары мен олардың ұрпақтарының сапасын бағалау туралы материалдарды зерделеуге;
3) иттердің ата-тегі кестелері бойынша шығу тегін бағалау. Бонитирлеуді клубтар мен питомниктерде (өсіру секцияларында) бір жыл ішінде Қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өсіру секциясы мүшелерінің ішінен Клуб немесе питомник кеңесі тағайындайтын комиссия өткізеді.
53. Клубтарда бонитирлеу жүргізуге арналған негізгі құжат болып иттің есептік карточкасы табылады, онда ата-тегі карточкасы көрме, сынақтар мен жарыстардан алынған дипломдар мен есеп берулер негізінде барлық қажетті деректер енгізіледі.
54. Бағалауға көрмелер мен көрсетпелерде мынадай бағалар алған иттер жатады:
«үздік» дегеннен төмен емес баға алған төбеттер;
«өте жақсыдан» төмен баға алған қаншықтар.
Мұндай иттерге көрмеден кейін бір ай ішінде клуб немесе питомник есеп карточкасын арнайды.
55. Бағалау бойынша сыныпқа кіруге жеткілікті ұпай жинаған иттер туралы мәліметтерді комиссия есеп карточкасынан ата-тегі карточкасының түпнұсқасына көшіреді және ол бағалау ведомосын құрады. Бағалау ведомосі бар ата-тегі карточкасы иттердің асыл тұқымдық кітабына енгізу және асыл тұқымдық аттестаттар беру үшін Қауымдастыққа жіберіледі.
56. Бағалау кезінде ит сыныптылығын анықтауды комиссия төрт көрсеткіш бойынша жүргізеді:
1) экстерьер мен конституциясын бағалау;
2) қызметтік немесе жұмыс сапаларын бағалау;
3 шығу тегін бағалау;
4) ұрпақтарын бағалау.
57. Иттердің қызметтік-спорттық тұқымдары балдарының минималды саны осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген.
Конституция, экстерьер: «үздік» – 40 балл; «өте жақсы» – 30 балл; «жақсы» – 20 балл.
Шығу тегі: ата-енесінің 1-қатары – бар болса: төбет – 2 балл, қаншық – 2 балл; экстерьер: төбет – 3 балл, қаншық ит – 3 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 3 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл; қаншық – 2 балл. Ата-енесінің 2-қатары – бар болса: 1 балл. Ата-енесінің 3-қатары – бар болса: 1/2 балл. Ата-енесінің 4-қатары – бар болса: 1/8 балл.
Ұрпақтары: жұмыс сапасы мен көрмелік баға қойылған дипломы бар әр ұрпақ үшін: «үздік»: төбет – 4 балл, қаншық – 6 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 4 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл, қаншық – 2 балл.
Жұмыс сапалары: Төбеттер: 1-дәрежелі диплом – 20 балл, 2-дәрежелі диплом – 10 балл, 3-дәрежелі диплом – 5 балл.
Қаншықтар: 1-дәрежелі диплом – 20 балл, 2-дәрежелі диплом – 15 балл, 3-дәрежелі диплом – 10 балл. «Элита» және 1 – асыл тұқымдық сыныбын беру үшін тек ашық сыныпта (ересек жас тобында) алынған көрмелік бағалар есепке алынады. Егер тұқымдық ұрпақтарының 30 пайызының «үздік» деген көрмелік бағасы бар болса, оған «Жеңімпаз» деген атақ беріледі.
58. Иттердің аңшылық тұқымдары балдарының ең төменгі саны осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген.
Конституция, экстерьер: «үздік» – 40 балл; «өте жақсы» – 30 балл; «жақсы» – 20 балл.
Шығу тегі: ата-енесінің 1-қатары – бар болса: төбет – 2 балл, қаншық – 2 балл; экстерьер «үздік»: төбет – 3 балл, қаншық – 3 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 3 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл; қаншық – 2 балл. Ата-енесінің 2-қатары – бар болса: 1 балл. Ата-енесінің 3-қатары – бар болса: 1/2 балл. Ата-енесінің 4-қатары – бар болса: 1/8 балл.
Ұрпақтары: жұмыс сапасы мен көрмелік баға қойылған дипломы бар әр ұрпақ үшін: «үздік»: төбет – 4 балл, қаншық – 6 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 4 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл, қаншық – 2 балл.
Жұмыс сапалары: жекелеген сынақтар – 1-дәрежелі диплом – 40 балл, 2-дәрежелі диплом – 35 балл, 3-дәрежелі диплом – 30 балл.
Жұптық сынақтар – 1-дәрежелі диплом – 20 балл, 2-дәрежелі диплом – 18 балл, 3-дәрежелі диплом – 15 балл.
6. Ұлттық қызметтік және аңшылық иттердің республикалық асыл тұқымдық есебі
59. Қауымдастықта тіркеуде тұрған ұлттық қызметтік және аңшылық иттердің асыл тұқымды басын есепке алу мен тіркеуді Қауымдастық асыл тұқымдық кітап және иттердің анықтамалық картотекасы арқылы жүзеге асырады.
Есепке алу мен тіркеу конституция мен экстерьердің, жұмыс сапаларының ерекшеліктерін, шығу тегін, және иттердің ұрпақтары сапасын зерделеу және айқындау мақсатында жүргізіледі. Алынған деректер клубтар мен қызметтік және аңшылық ит шаруашылығы питомниктерінің асыл тұқымдық жұмысында пайдаланылады.
60. Иттердің асыл тұқымдық кітабы клубтар мен питомниктер (өсіру секциялары) жіберетін түпнұсқалық тұқым-тегі карточкалары мен бағалау ведомостері негізінде жүргізіледі.
61. Анықтамалық картотекаға көрмеден өткен және «жақсыдан» кем емес баға алған иттер енгізіледі. Сонымен қатар оған шығу тегі, сынақтар мен жарыстар, бағалау нәтижелері енгізіледі.
62. Иттердің асыл тұқымдық кітабы тұқымдар бойынша бөлімдерге бөлінеді. Кітапқа бағалау кезінде екінші асыл тұқымдық сыныбынан жоғары сыныптылық алған иттер енгізіледі.
63. Бағалау кезінде баға алған барлық иттерге Қауымдастық тексеру үшін тұқым-тегі карточкасының түпнұсқасын тапсырады.
64. Асыл тұқымдық кітабына кіретін иттердің тұқым-тегі карточкасындағы жазбалар толықтай тексерілгеннен кейін барлық анықталған деректер иттердің асыл тұқымдық кітабының тиісті бөліміне көшіріледі.
65. Егер клуб немесе питомниктер жіберген иттердің деректері иттердің асыл тұқымдық кітабына кіріктірілмесе, онда клуб немесе питомникке қайтару себебі көрсетілген хабарлама жіберіліп, тұқым-тегі карточкасы қайтарылады.
66. Асыл тұқымдық кітабына жазылған әр итке нөмір беріледі. Иттерді нөмірлеу әр тұқым бойынша бөлек жүргізіледі.
67. Иттердің Республикалық тұқым-тегі картотекасының алдыңғы нөмірінен ажырату үшін иттерің асыл тұқымдық кітабында әр реттік нөмірдің алдына:
Төбеттер үшін «К» әрпі қойылады;
Қаншықтарға «С» әрпі қойылады.
68. Иттердің асыл тұқымдық кітабына жазылған иттерге аттестат толтырылып, иесіне тапсыру үшін клуб немесе питомникке жөнелтіледі.
69. Асыл тұқымдық кітабына жазылған иттерді сату мен беру кезінде, аттестат жаңа иесіне беріледі.
70. Бір жыл ішінде табылған, олардың сыныптылығы мен ұпайының өзгеруіне әсер ететін (көрмелер мен сынақтардағы анағұрлым жоғары көрсеткіштер) жаңа деректер, сонымен қатар экстерьерлі бағалар немесе сынақтарда дипломдар алған ұрпақтардың қосымша деректері Қауымдастыққа жөнелтіледі.
71. Аттестаттары жоқ иттердің сыныптылығы жоғарыласа, клубтар немесе питомниктер Қауымдастыққа ата-тегі карточкасының түпнұсқаларын асыл тұқымдық аттестаттармен алмастыру үшін жібереді.
72. Егер асыл тұқымды иттің иесі басқа қалаға қоныс аударса немесе итті сатса, клуб немесе питомник осы иттің есеп карточкасына тиісті белгі қойып, өзгеріс жайлы Қауымдастыққа хабарлайды. Бұл ит өлімі жағдайына да қатысты.
7. Иттерді белгілеу және асыл тұқымдық есебін жүргізу
73. Таңбалау мақсаты болып жануарды бірдейлендіру мүмкіндігі табылады. Әр итке жеке нөмір беріледі, ол жануардың денесіне татуировка әдісімен (клеймо) енгізіледі. Клеймо санының ішкі жағына, шапқа не иттің оң құлағына қойылады.
8. Жеке нөмірлерді (клеймоларды) бері тәртібі
74. Бастапқы есепке алу мен нөмір беруді Қауымдастық басшылығы жүзеге асырады. Тіркеу берілетін нөмірлерді бастапқы есепке алу соған сәйкес жүзеге асырылатын арнайы журналда жүргізіледі. Одан кейін, итке ата-тегі карточкасын алу кезінде оның жеке нөмірі бірыңғай компьютерлік деректер банкіне енгізіледі.
75. Итті есепке қою үшін және жеке нөмір алу үшін, иттің иесі Қауымдастыққа ұялас күшіктер туралы келесі деректерді хабарлайды:
1) тұқымы;
2) иттің иесі мүшесі болып табылатын клуб немесе питомниктің толық атауы;
3) ит иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы, телефон және электрондық почтасы.
4) питомниктің атауы (зауыттық қондырмасы) – болған жағдайда;
5) иттің ата-енесінің толық деректері – болған жағдайда;
6) иттің лақап аты, жынысы, реңкі.
76. Туылмаған жағдайда жеке нөмір берілмейді.
9. Есептілік
77. Таңбалау фактісі бойынша ұялас күшіктерді таңбалаған жауапты адам «Ұялас күшіктерді таңбалау картасы» нысанын толтырады, оның бір данасы зауытшыда қалады және жалпы ұяластар картасымен бірге клубқа немесе питомнике тапсырылады. Екінші данасы таңбалаушыда қалып, он күннен кешіктірілмей клуб немесе питомникке табыс етілуі тиіс.
78. Таңбалаушы жеке нөмірлерді жалпы ұяластар картасына жазады және онда ұяластарды таңбалағаны туралы белгі қояды.
79. Клуб немесе питомник төрағалары тоқсан сайын «Ұялас күшіктерді таңбалау картасының» екінші нұсқасын Қауымдастыққа тапсырып отыруы тиіс. Жалпы ұяластар картасына қосымша берілген даналарды да төрағалар барлық бағаналарды толтырып, Қауымдастыққа тапсырады.
80. Комиссия ұялас күшіктерді зерттеу актісіне барлық күшіктер таңбаланған жағдайда қол қояды.
81. Таңбалауға жергілікті кинологиялық ұйымда тіркелген адамдар жіберіледі.
82. Микрочиптеу өсірушінің арызы бойынша жүргізіледі.
10. Белгілеу регламенті
83. Таңбалауды регламенттеу Қауымдастықтың өңірлік өкілдіктері арқылы жүзеге асады.
84. Жүйе, нөмірлеу түрі, дененің қай тұсын таңбалау мәселесі (құлақ, қарын немесе санының ішкі жағы), таңбалауға жауаптыларды анықтау және оларды міндетті түрде оқыту, таңбалау уақыты мен өткізу орнын нақтылау, сондай-ақ таңбалардың нөмірлерін тұқым-тегі кітабына енгізу ерекше талқыланады.
85. Микрочип қоюды маман жүзеге асырады.
11. Шығу тегі туралы құжатты ресімдеу және беру тәртібі
86. Клуб пен питомниктің қызметкері ұялас күшіктерді зерттеу актісінің негізінде толтыратын және қол қоятын күшіктің карточкасы – шығу тегі туралы бастапқы құжат болып табылады.
87. Күшік карточкасы мынадай мәліметтерден тұрады: тұқымы, күшіктің лақап аты, жынысы, түсі, толық туған күні, таңбасының №, күшік иесінің аты-жөні және мекенжайы, шығу тегі жайлы мәліметтер (атасы-енесі, шығу тегінің нөмірі мен түсі).
88. Питомник (зауыттық қондырма) атауы онда туған барлық күшіктердің атауына қосылады және атауының алдына қойылады, ал егер атау «из», «от», «с», «со» – шылауларынан басталса, лақап атынан кейін қойылады. Питомник атауымен ұштастырылған бірдей лақап ат тек 20 жылдан кейін қайталануы мүмкін. Лақап аттағы белгілердің ең көп саны питомник атауын және бос орындарды қоса алғанда – 40 белгі.
89. Күшік картасы оны асыл тұқымдық мақсатта пайдалану құқығын бермейді және міндетті түрде көрмеден өткен ит он бес айдан асқан соң тұқым-тегі карточкасына ауыстыруға жатады.
90. Бірыңғай үлгідегі ата-тегі құжаты эмблемалардан тұрады және иттің шығу тегін куәландырады.
91. Ата-тегі құжатын ресімдеуді Қауымдастықтың өңірлік өкілдері мен Қауымдастықта аттесттаудан өткен аумақтық кинологиялық ұйымдар жүргізе алады.
Ата-тегі құжаты Қауымдастықта тіркеген бекітілген үлгідегі бланкілерде күшіктің карточкасы негізінде немесе Қауымдастықтың уәкілетті сарапшысы берген тиісті сипаттама негізінде негізінде ресімделеді.
Иттердің үй-ұлттық
тұқымдарын бағалау
бойынша нұсқаулыққа
1-қосымша
1. Қызметтік-спорттық тұқымдардың ең төменгі баллдарының саны
Сынып |
Жынысы |
Экстерьері |
Шығу тегі |
Жұмыс сапалары |
Ұрпақтары |
Баллдар жиыны |
элита |
төбет |
40 |
20 |
20 |
20 |
100 |
қаншық |
30 |
20 |
10 |
20 |
80 |
|
бірінші асыл тұқымды |
төбет |
40 |
18 |
10 |
20 |
88 |
қаншық |
30 |
18 |
10 |
20 |
78 |
|
екінші асыл тұқымды |
төбет |
30 |
16 |
10 |
20 |
76 |
қаншық |
20 |
16 |
10 |
20 |
66 |
Иттердің үй-ұлттық
тұқымдарын бағалау
бойынша нұсқаулыққа
2-қосымша
2. Аңшылық тұқымдас иттердің ең төменгі баллдары
Сынып |
Жыныс |
Экстерьері |
Шығу тегі |
Жұмыс сапалары |
Ұрпақтары |
Баллдар жиыны |
элита |
төбет |
40 |
20 |
40 |
20 |
120 |
қаншық |
30 |
20 |
30 |
20 |
100 |
|
бірінші асыл тұқымды |
төбет |
40 |
18 |
35 |
15 |
108 |
қаншық |
30 |
18 |
30 |
15 |
93 |
|
екінші асыл тұқымды |
төбет |
30 |
16 |
30 |
10 |
86 |
қаншық |
20 |
16 |
30 |
10 |
76 |