"Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-1/1122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12903 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7678 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846 (27917) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары бекітілсін.»;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 19-1/1122 бұйрығына  
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 18 сәуірдегі  
№ 19-02/183       
бұйрығымен бекітілген   

Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз
сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су
объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) халықты тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу тәртібін айқындайды.
      2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды халықты тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу тәртібі

      3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеуде халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау кезінде пайдаланылатын су объектісінің орналасу орны бойынша тиісті ЖАО жүргізеді.
      4. Тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөнінде қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ЖАО-ға мыналарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) куәліктің* көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік).
      * ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысы паспортының көшірмесі;
      4) өзінің өндірістік зертханасы болған кезде – бактериологиялық санитариялық-химиялық зерттеулер жүргізу бөлігінде санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық қызметке лицензияның көшірмесі;
      зертханалық зерттеулерді басқа зертханаларда жүргізген жағдайда – зертханалық зерттеулерді жүргізу шартының көшірмесі және көрсетілген қызмет түріне берілген зертхананың лицензиясының көшірмесі;
      5) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектісінің су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су алу орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысының көшірмесі.
      5. Өтініш иесі осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген барлық құжаттарды ұсынғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде ЖАО осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу журналына мәліметтерді енгізу арқылы тіркеуді жүзеге асырады. Журнал тігілуге, нөмірленуге, басшының қолымен және мөрмен расталуға тиіс.
      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда, өтініш қарауға қабылданбайды.
      7. ЖАО тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініштің көшірмесін тіркелген күнін көрсете отырып тиісті бассейндiк су шаруашылығы басқармасына жолдайды.

Халықты орталықтандырылмаған  
ауыз сумен және шаруашылық-ауыз 
сумен жабдықтау үшін      
пайдаланылатын жерүсті және   
жерасты су объектілеріне жеке және
заңды тұлғаларға берілетін халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық  
салауаттылығы саласындағы    
уәкілетті органның қорытындысын 
тіркеу қағидаларына      
1-қосымша           

Нысан

_____________________________________________________________________
                (мемлекеттік органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
                         заңды тұлғаның атауы)

                             ӨТІНІШ

      Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз
сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су
объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті
орган беретін қорытындыны тіркеуді сұраймын.
      Су объектісінің атауы және оның сипаттамасы ___________________
_____________________________________________________________________
      Су тұтынушылардың саны туралы мәліметтер ______________________
      Суды есепке алу аспаптарының түрлері мен саны, оларды тексеру
күні_________________________________________________________________

20___жылғы «____» _______________.
_____________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының қолы, тегі, аты,
                  әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

Өтініш «____»_______________20___жылы қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
    (өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
                           болған жағдайда)

Халықты орталықтандырылмаған  
ауыз сумен және шаруашылық-ауыз 
сумен жабдықтау үшін      
пайдаланылатын жерүсті және   
жерасты су объектілеріне жеке және
заңды тұлғаларға берілетін халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық  
салауаттылығы саласындағы    
уәкілетті органның қорытындысын 
тіркеу қағидаларына      
2-қосымша           

Нысан

   Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз
     сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты
су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың
     санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
             уәкілетті органның қорытындысын тіркеу
                             ЖУРНАЛЫ

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы

Су объектісінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысы

Тіркелген күні

1

2

3

4

5






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады