Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалды, орыс тіліндегі мәтіні өзгеретілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Рау |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________________ Е. Досаев
2015 жылғы 23 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1038 бұйрығымен бекітілген |
"Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі портал арқылы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 35 (отыз бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні мерзімінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 886 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жіберіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызмет ақылы және тегін негізде көрсетіледі.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
1) класына (санатына) байланысты әуеайлақтар бойынша:
А немесе Б немесе В класы/ санатталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 1349 айлық есептік көрсеткіш;
А немесе Б немесе В класы / І-санаты - алым төленетін күні қолданыстағы 1604 айлық есептік көрсеткіш;
А немесе Б немесе В класы / ІІ немесе ІІІ-санаты - алым төленетін күні қолданыстағы 2078 айлық есептік көрсеткіш;
Г класы/ санатталмаған - алым төленбейді;
Д класы/ санатталмаған - алым төленбейді;
Е класы/ санатталмаған - алым төленбейді;
2) класына (типіне) байланысты тікұшақ айлақтары бойынша:
жер беті деңгейінде орналасқан:
І, ІІ, ІІІ класы жабдықталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;
І, ІІ, ІІІ класы ішінара жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық есептік көрсеткіш;
І, ІІ, ІІІ класы жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 510 айлық есептік көрсеткіш;
жер бетіндегі:
І, ІІ, ІІІ класы жабдықталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;
І, ІІ, ІІІ класы ішінара жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық есептік көрсеткіш;
І, ІІ, ІІІ класы жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық есептік көрсеткіш;
палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы:
І, ІІ, ІІІ класы жабдықталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 255 айлық есептік көрсеткіш;
І, ІІ, ІІІ класы ішінара жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш;
І, ІІ, ІІІ класы жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау класы Г/ санатталмаған, класы Д /санатталмаған, класы Е /санатталмаған әуеайлақтардан басқа көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мынадай құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді:
1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен өзара іс-қимыл жасау және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қызметті сатып алған жағдайда) шарттарының көшірмелері;
2) ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу арқылы қолданыстағы тексеру актілерінің көшірмесі;
3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың көшірмесі, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспар;
4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан өтуін және кәсіптік деңгейін қолдауын өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 886 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 64-бабы 1-тармағында белгіленген талаптарға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.
Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 47 81, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
нысан
Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына
сертификаттауды жүргiзуге
ӨТIНIМ
1._____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Тегі, аты, әкесінің
аты (егер бар болса), оның мекенжайы)
атынан ______________________________________________________________
(әуеайлақтың атауы)
_____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
_____________________________________________________________________
(басшының лауазымы, Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
_____________________________________________________________________
(нормативтiк актiлердi көрсету және атауы) талаптарына сәйкес
келетiндiгiн мәлiмдейдi және осы объектiнiң сертификаттау талаптарына
сәйкестiгiне инспекциялық тексеру жүргiзудi сұрайды.
2. Қосымша ақпарат (әуеайлақ (тікұшақ айлағы) класы, қону
аспаптарын ескере отырып (көзбен шолу, аспаптар бойынша, нақты емес
немесе нақты кірулер) ұшу шарттары__________________________________
____________________________________________________________________
3. Қосымша____________________________________________________
Басшы _________________________________________ ______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)) (қолы)
М.О.
(егер бар болса) Күнi _______________
"Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
нысан
Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатына
өтiнiш берушiнiң мiндеттемесi
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 886 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.