"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 10.01.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011" сызбасы бойынша білім беру статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның | |
міндетін атқарушы | Б. Иманәлиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
_______________ А. Сәрінжіпов
"____"_________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндет атқарушының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 220 бұйрығымен бекітілген |
"Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011" сызбасы бойынша білім берудің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 10.01.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011" сызбасы бойынша білім берудің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар шеңберінде қалыптастырылатын білім беру статистикасы саласындағы көрсеткіштердің тізбесін белгілейді.
2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ББЖХС – білім беру бағдарламалары мен білім беру деңгейлері мен салалары бойынша тиісті біліктіліктерді ретке келтіруге арналған нұсқаулық болып табылатын халықаралық стандартты жіктелім;
2) ББЖХС-0 деңгейі – ББЖХС-1 деңгейіне түсу жасына толмаған және балаларды оқу қызметіне дайындау және бастауыш білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін қажетті кейбір дағдыларды дамытуға бағытталған кіші жастағы балалардың білімі;
3) ББЖХС-1 – деңгейі бастауыш білім беру, оқудың, жазудың және математиканың негізгі дағдыларына (яғни, сауаттылық пен санау) оқытуға және білімнің негізгі салаларын зерделеу мен түсіну үшін, тұлғаны дамыту үшін, орта білім берудің бірінші кезеңінде оқытуды дайындау үшін маңызды негіз жасауға бағытталған оқу және білім беру қызметі;
4) ББЖХС-2 деңгейі – бұл ББЖХС-1 базасында алынған білімді арттыруға бағытталған негізгі орта білім;
5) ББЖХС-3 деңгейі – бұл жалпы орта және техникалық кәсіптік білім беруден тұратын орта білім деңгейі, орта білім алу және үшінші білім алуға дайындық немесе одан әрі жұмысқа орналасу мақсатында әзірленеді;
6) ББЖХС-4 деңгейі – орта білімнен кейінгі үшіншілік емес білім беру, орта білім негізінде оқу тәжірибесін алуды, еңбек нарығына шығуға дайындықты және үшінші білім алуды анықтайды. Білім берудің бұл деңгейі орта білім берудің екінші кезеңін (ББЖХС-3 деңгейі) аяқтаған, бірақ еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді арттыруға немесе үшінші білім беру жүйесінде оқуды жалғастыруға ниет білдірген оқушыларға бағытталған;
7) ББЖХС-5 деңгейі – үшіншілік емес білім берудің қысқа циклі. Қатысушыларға кәсіби білім беруге және кәсіби дағдылар мен құзыреттерді дамытуға арналған. ББЖХС-5 деңгейіндегі бағдарламалар, әдетте, еңбек қызметіне дайындалуға арналған, сондай-ақ ББЖХС-6 немесе 7 деңгейлеріндегі бағдарламаларға өту үшін негіз болып табылады;
8) ББЖХС-6 деңгейі – бакалавриат немесе оның баламасы қатысушылардың бірінші дәрежелі немесе тең дәрежелі біліктілік тағайындауға әкелетін аралық академиялық және кәсіби білімді, дағдылар мен құзыреттерді алуына арналған. Бұл деңгейдегі бағдарламалар әдетте теориялық негізге ие, сондай-ақ практикалық компоненттерді қамтиды және зерттеудің жоғары деңгейімен және ең жақсы кәсіби тәжірибесімен сипатталады;
9) ББЖХС-7 деңгейі – магистратура немесе оның баламасы қатысушыларға кеңейтілген академиялық және кәсіби білім беруге, екінші дәреже немесе тең дәрежелі біліктілік тағайындауға әкелетін дағдылар мен құзыреттерді дамытуға арналған. Бұл деңгейдегі бағдарламалар айтарлықтай зерттеу компонентіне ие болуы мүмкін, бірақ әлі де ғылым докторы біліктілігін беруге жол бермейді;
10) ББЖХС-8 деңгейі – докторантура немесе оның баламасы, ең алдымен, ғылыми зерттеулер саласындағы озық біліктілікке келтіру үшін әзірленген. Осы деңгейіндегі бағдарламалар терең және тәуелсіз зерттеулерге арналған және әдетте тек ғылыми-зерттеу университеттері сияқты үшіншілік деңгейлі оқу орындарында ұсынылады;
3. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары, білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері білім беру процесі және халықтың білім деңгейі туралы ақпарат көздері болып табылады.
2-тарау. Білім беру деңгейлері бойынша негізгі көрсеткіштерді есептеу 1-параграф. Бір оқу орнына оқушылардың орташа санын есептеу
4. Аталған көрсеткіштің мақсаты елдегі оқу орындарының аумақтық бөлінісінің әркелкілік деңгейін – оқушы орындарын жетіспеушілігін артық болуын анықтау болып табылады. Аталған индикатор мектепке дейінгі білім беруден техникалық және кәсіптік білім беруге дейінгі деңгейлер бойынша есептеледі. Әсіресе бұл индикатор ауылдық жерлердегі оқу орындарының жобалық қуаттылығы қажеттілігін анықтау үшін қажет.
5. Есептеу әдіснамасы: білім беру мекемелерінің қуатты және пайдалану дәрежесі оқушылар саны мен орындар санының пайызы ретінде ББЖХС-0 – ББЖХС-5 бойынша білім беру деңгейіндегі білім беру мекемелеріндегі оқушылардың санын білім беру мекемелерінің жобалық қуатына (оқушылар орны) бөлу арқылы есептеледі.
Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
где:
– бір оқу орнына келетін оқушылардың орташа саны;
– ББЖХС бойынша аталған білім беру деңгейіндегі білім беру мекемелеріндегі оқушылар саны;
C1– білім беру мекемелерінің жобалық қуаты;
1 – ББЖХС-2011 бөлінісіне сәйкес білім беру деңгейлері.
2-параграф. Оқушылар мен оқытушылардың арақатынасы
6. Осы көрсеткіштің мақсаты мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер мен колледждердегі өндірістік оқыту шеберлерін қоса алғанда, ББЖХС-2011 сәйкес білім берудің барлық деңгейлері бойынша білім беру мекемелеріндегі оқытушылардың жетіспеушілік деңгейін айқындау болып табылады.
7. Есептеу әдіснамасы осы білім беру деңгейіндегі оқушылар санының осы оқу жылындағы тиісті білім беру деңгейіндегі оқытушылар санына қатынасы ретінде айқындалады. Көрсеткішті есептеу кезінде оқытушылардың жұмыс уақытының ұзақтығын ескеру қажет: толық немесе толық емес жұмыс күні.
Оқушылар мен оқытушылардың арақатынасы көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:
онда:
– t оқу жылындағы l білім деңгейіндегі оқушылар мен оқытушылардың арақатынасы;
– t оқу жылындағы l білім деңгейіндегі оқушылардың жалпы саны;
– t оқу жылындағы l білім деңгейіндегі жұмыс жүктемесін есепке алумен оқытушылардың жалпы саны;
1 – ББЖХС-2011 бөлуге сәйкес білім беру деңгейлері;
t – оқу жылы.
8. ББЖХС-0 деңгейі (кіші жастағы балалардың білім алуы) маусымдық болу балалар бақшасында жұмыс істейтін тәрбиешілерсіз, жұмыс жүктемесі күніне кемінде 2 сағат және бағдарламаның ұзақтығы жылына кемінде күнтізбелік 100 күн болатын білім беру қызметімен айналысатын тәрбиешілер енгізіледі;
ББЖХС-1 деңгейіне бастауыш сыныптарда (1-4 сынып) жұмыс істейтін мұғалімдер саны кіреді. Егер персонал ББЖХС -ның бір ғана деңгейіне тартылған болса, онда көрсеткішті есептеу кезінде жұмыс жүктемесі 100% ретінде есептеледі;
ББЖХС-2 – ББЖХС-8 деңгейлері. Қолда бар деректер оқытушы ББЖХС-ның әртүрлі деңгейлерінде жұмыс істеуіне байланысты оқушылар мен оқытушылардың арақатынасын әрбір деңгей үшін жеке есептеуге мүмкіндік бермейді. Педагог персоналының ішінара жұмыспен қамтылуы кезінде 0,5 коэффициенті пайдаланылады.
3-параграф. Қабылдау коэффициенті
9. Бұл көрсеткіш халықтың тиісті тобының санынан осы білім деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобында оқуға қабылданған оқушылардың үлесін білдіреді.
10. Қабылдау коэффициенті білім берудің осы деңгейіндегі білім беру мекемелеріне оқуға қабылданғандар санының білім берудің осы деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобындағы халық санына пайызбен көрсетілген қатынасы ретінде есептеледі.
Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
онда:
– ББЖХС-2011 бойынша білім берудің осы деңгейіндегі қабылдау коэффициенті; – ББЖХС-2011 бөлінісіне сәйкес білім берудің осы деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобындағы осы деңгейдегі бағдарламаларға қабылданған оқушылар саны; – берілген білім деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобындағы халық саны;
1 – ББЖХС-2011 бөлінуіне сәйкес білім беру деңгейлері;
a – ББЖХС-2011 деңгейіне сәйкес келетін жас топтары.
4-параграф. Қамтудың коэффициенті
11. Осы көрсеткіштің мақсаты білім берудің осы деңгейіне сәйкес келетін жас тобына жататын балалар мен жастардың білім берудің осы деңгейінде оқыту процесіне қатысу дәрежесін айқындау болып табылады. Білім берудің әрбір деңгейінде қамтудың таза коэффициенті тиісті оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметін көрсететін мемлекеттік, жеке меншік оқу орындарын қоса алғанда, мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының тіркеу туралы толық мәліметтерге негізделеді.
12. Қамтудың таза коэффициенті халықтың тиісті тобының санынан пайызбен көрсетілген білім берудің осы деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобындағы оқушылардың үлесін білдіреді. Осы білім беру деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобындағы оқушылардың (студенттердің) жалпы санын сол жас тобындағы халық санына бөлу және 100-ге көбейту арқылы есептеледі.
Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
онда:
– ББЖХС-2011 бойынша білім берудің осы деңгейіндегі таза қамту коэффициенті; – ББЖХС-2011 бөлінісіне сәйкес білім берудің осы деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобындағы осы деңгейдегі бағдарламаларға қабылданған оқушылар саны; – аталған білім беру деңгейі үшін ресми түрде белгіленген жас тобындағы халық саны;
1 – ББЖХС -2011 бөлінуіне сәйкес білім беру деңгейлері;
a – ББЖХС-2011 деңгейіне сәйкес келетін жас топтары.
5-параграф. Қамтудың жалпы коэффициенті
13. Бұл көрсеткіш білім беру жүйесінің белгілі бір жас тобындағы оқушыларды қамту қабілетін көрсетеді. Қамтудың жалпы коэффициенті осы оқу деңгейіне сәйкес жас санатынан жоғары немесе төмен оқушылардың қамтылу деңгейін көрсете отырып, қамтудың таза коэффициентін толықтырады.
Қамтудың жалпы коэффициенті осы жас тобындағы білім берудің осы деңгейі үшін халықаралық стандарттарда белгіленген халық санының пайызымен көрсетілген білім берудің белгілі бір деңгейіндегі оқушылардың (жасына қарамастан) үлесін білдіреді.
14. Үшіншілік білім беру үшін жас тобы орта білімнің екінші кезеңін аяқтаудың теориялық жасы басталғаннан кейінгі бес жылдық кезеңге сәйкес келеді. Жасына қарамастан белгілі бір білім беру деңгейіндегі оқушылардың (студенттердің) жалпы санын осы білім беру деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобындағы халық санына бөлу арқылы есептеледі және 100-ге көбейтіледі.
Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
онда:
K1– ББЖХС-2011 бойынша білім берудің осы деңгейіндегі қамтудың жалпы коэффициенті;
– жасына қарамастан ББЖХС осы деңгейінің бағдарламаларына қабылданған оқушылар саны; – белгілі бір білім деңгейі үшін ресми түрде құрылған жас тобындағы халық саны;1 – ББЖХС-2011 бөлінісіне сәйкес білім беру деңгейлері;
a – ББЖХС-2011 деңгейіне сәйкес келетін жас топтары.
6-параграф. Білім беру және оқыту жүйесінен шығу коэффициенті
15. Осы көрсеткіштің мақсаты тиісті біліктілікті (диплом, аттестат) алмай, білім беру жүйесінен шыққан оқушылар санын анықтау болып табылады.
16. Есептеу әдіснамасы осы оқу жылында оқу орнына белгілі бір білім беру бағдарламасына қабылданған, бірақ келесі оқу жылының басында осы оқу орнына бармайтын оқушылардың (түлектерді қоспағанда) үлесі ретінде айқындалады.
Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
онда:
– білім беру және оқыту жүйесінен шығу коэффиценті;
– ББЖХС-2011 тиісті деңгейінен оқу жылының соңына шыққан оқушылар саны; – алдыңғы оқу жылында ББЖХС-2011 тиісті деңгейінде оқитындардың жалпы саны; – ББЖХС-2011 тиісті деңгейін бітірген, t-1 және t оқу жылдары арасындағы түлектер саны;
– ББЖХС-2011 тиісті деңгейінің екінші жылдық саны;
1 – ББЖХС-2011 бөлінісіне сәйкес білім беру деңгейлері;
t – оқу жылы;
t-1 – алдыңғы оқу жылы.
7-параграф. Екінші жылдық деңгейі
17. Екінші жылдық деңгей ағымдағы оқу жылында осы оқу сыныбын қайталайтын белгілі бір оқу сыныбындағы студенттердің үлесін өткен жылы сол оқу сыныбына қатысқан балалардың жалпы санының пайызы ретінде өлшейді.
18. Екінші жылдық деңгей ағымдағы оқу жылындағы сол немесе басқа сыныптағы екінші курс студенттерінің саны ретінде есептеледі, өткен оқу жылындағы сол сыныптағы оқушылар санына бөлінеді:
онда:
DRgt – t уақыт кезеңінде ББЖХС-2011 деңгейінен кеткендердің коэффициенті ; Dgt – t - 1 уақыт кезеңіндегі оқушылардың (студенттердің) саны, t уақыт кезеңінде білім беру мекемесінде оқымайтындар саны; Sgt-1 – алдыңғы оқу жылында t - 1 ББЖХС-2011 тиісті деңгейінде оқитын оқушылар (студенттер) саны;
1 – ББЖХС-2011 бөлінісіне сәйкес білім беру деңгейлері.
8-параграф. Түлек коэффициенті
19. Түлек коэффициенті білім беру саласының жұмыс істеу нәтижелерін бағалау үшін пайдаланылады.
Бұл көрсеткіш халықтың тиісті тобының санынан халықтың осы білім деңгейі үшін белгіленген ресми жас тобындағы білім беру мекемелеріндегі түлек оқушылардың бітіру үлесін білдіреді.
20. Түлек коэффициенті білім берудің осы деңгейіндегі білім беру мекемелері түлектерінің осы білім деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобындағы халық санына пайызбен көрсетілген қатынасы ретінде есептеледі.
Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
онда:
– ББЖХС-2011 бойынша білім берудің осы деңгейіндегі түлек коэффициенті; – ББЖХС-2011 білім берудің осы деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобында бөлінуіне сәйкес осы деңгейдегі бағдарлама түлектерінің саны; – берілген білім деңгейі үшін ресми белгіленген жас тобындағы халық саны;
1 – ББЖХС-2011 бөлінуіне сәйкес білім беру деңгейлері;
a – ББЖХС-2011 деңгейіне сәйкес келетін жас топтары.
9-параграф. Түлектерді мақсатты жұмысқа орналастыру
21. Түлектерді мақсатты жұмысқа орналастыру білім беру мекемелерін аяқтаған және оқуды аяқтағандардың (түлектердің) жалпы санынан жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі ретінде айқындалады.
Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
онда:
E – түлектердің мақсатты жұмысқа орналастыру;
– оқу орындарын табысты бітірген және жұмысқа орналасқан түлектер саны;
Ng - оқуды табысты аяқтаған түлектер саны.
10-параграф. Оқудың күтілетін ұзақтығы
22. Оқытудың күтілетін ұзақтығы білім беру мекемелеріне түсудің ресми белгіленген жасына жеткен оқушының (студенттің) халықты білім берумен қамтудың қолда бар коэффициенттері сақталған жағдайда білім берудің барлық сатыларында оқуға жұмсай жыл санын көрсетеді.
23. Бұл көрсеткіш халықты біліммен қамту дәрежесін сипаттайды және ББЖХС-2011 бөлінісіне сәйкес білім берудің барлық деңгейлерінің қосындысына тең:
онда:
– оқытудың күтілетін ұзақтығы;
– t оқу жылындағы I жастағы оқушылар саны;
Tit – t оқу жылындағы I жастағы халық саны;
i – жасы;
t – оқу жылы;
a – ББЖХС-2011 деңгейіне сәйкес келетін жас топтары;
n – оқудың жоғарғы жас шегі.