Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12930 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 29.11.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның


міндетін атқарушы

Б. Иманәлиев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының міндетін
атқарушының
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 224 бұйрығымен
бекітілген

Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 29.11.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 5) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      Осы Әдістеме әкімшілік деректерді қолдана отырып, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың шеңберіндегі барлық санаттардағы мал мен құстың басы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы жылдық және ағымдағы статистикалық деректерді қалыптастыруға арналған негізгі тәсілдерді айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай негізгі анықтамалар қолданылады:

      1) адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады;

      2) ауылшаруашылық кәсіпорны – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

      4) ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны – есепті күнге шаруашылықтарда бар тірі мал мен құстың саны;

      5) жұртшылық шаруашылықтары – жеке қосалқы шаруашылықтар, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай телімдері. Жеке қосалқы шаруашылық – қызметі ауылды жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер телімдерін өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған жұртшылық шаруашылығы;

      6) мал мен құстың өнімділігі – малдың немесе құстың бір басына шаққандағы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін сипаттайтын көрсеткіш;

      7) мал мен құсты шаруашылықта сою немесе союға өткізу – тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару;

      8) мал шаруашылығының өнімін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнім мен шикізат өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері), мал мен құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімдері;

      9) өлім-жітім – аурулардың, апаттардың, қызметкерлердің немқұрайлы қарауы және осыған ұқсас себептер нәтижесінде өлген және амалсыздан сойылған ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны;

      10) төл – өлі туған төлді есепке алусыз, шаруашылыққа тиесілі аналықтардан туған тірі мал саны.

2-тарау. Мал шаруашылығы бойынша негізгі статистикалық көрсеткіштер

      3. Мал шаруашылығы статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру айлық және тоқсандық негізде жедел деректер бойынша (бұдан әрі – ағымдағы статистика, ағымдағы деректер) және жылдық негізде түпкілікті деректер бойынша (бұдан әрі – жылдық статистика, жылдық деректер) жүргізіледі. Ағымдағы статистика дискретті түрде айға қалыптастырылады. Тоқсан және жыл басындағы кезең бойынша деректер тоқсандағы/кезеңдегі айлардың сомасы ретінде, сондай-ақ өсу ретімен деректер негізінде есепті түрде айқындалады. Ағымдағы статистиканың бірқатар көрсеткіштері тек қана кезеңге өсу ретімен және айдың 1 күніне қалыптастырылады. Жылдық статистика жалпы жылға, 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылады.

      Мал шаруашылығы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру ауылшаруашылық өндірушілерінің (бұдан әрi – ауылшаруашылық өндiрушiлері) жекелеген санаттары деңгейінде жүргізіледі, олардың өңірлер бөлінісіндегі қатарында ауылшаруашылық кәсіпорындары, дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары, одан кейін деректер жалпы ел бойынша жекелеген көрсеткіштерге сәйкес деректерді алу үшін біріктіріледі.

      Мал шаруашылығы статистикасы көрсеткіштерінің жүйесі көрсеткіштердің екі негізгі тобын құрайды:

      мал басы көрсеткіштері – есепті күнге ауыл шаруашылығы малдарының және құстың саны, олардың жыныстық-жастық құрамы, мал басының қозғалысы;

      мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, соның ішінде ауыл шаруашылығы малдары өнімділігінің көрсеткіштері.

      4. Мал шаруашылығының ағымдағы статистикасында мал және құс саны көрсеткіші әрбір айдың 1-күніне қалыптастырылады. Қалыптастыру ауыл шаруашылығы малдарының (ірі қара мал, соның ішінде сиырлар, қойлар мен ешкілер, шошқалар, жылқылар, түйелер мен үй құсы) әрбір негізгі түрлері бойынша бөлек жүргізіледі. 1 қаңтарға жылдық деректерді қалыптастыру кезінде ағымдағы статистикада есепке алынатын ауыл шаруашылығы малдарының негізгі түрлерінен басқа, сондай-ақ бал арасы ұяларының саны, үй қояндарының, маралдардың, түрлері бойынша үй құстарының (үйректер, қаздар, күркетауықтар, мысыр тауықтары) басы, сонымен қатар фермаларда өсірілетін түйеқұстар, қырғауылдар және бөденелер есепке алынады.

      Мал мен құсты жастық-жыныстық белгілері бойынша нақтылау жылдық деректерді қалыптастыру кезінде ғана көзделген және мал шаруашылығының ағымдағы статистикасында қолданылмайды.

      5. Мал шаруашылығы және аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар ауылшаруашылық кәсіпорындарында, мал шаруашылығы және аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар, қызметкерлерінің саны 100 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында (бұдан әрі – ірі және орташа дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары) мал мен құстың болуы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы ағымдағы және жылдық деректерді қалыптастыру жаппай жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізінде жүзеге асырылады.

      6. Мал шаруашылығы және аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар, қызметкерлерінің саны 100 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында (бұдан әрі – шағын дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары) және жұртшылық шаруашылықтарында мал мен құстың саны туралы жылдық деректерді қалыптастыру үшін шаруашылық бойынша есепке алу деректері пайдаланылады. Шаруашылықтардың көрсетілген санаттарындағы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы жылдық деректер іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың нәтижесі бойынша қалыптастырылады.

      Шаруашылықтардың көрсетілген санаттарындағы мал мен құстың саны және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы ағымдағы деректер есепті түрде қалыптастырылады. Есептеуді аудан деңгейінде аумақтық статистика бөлімшелері жүргізеді, одан кейін деректер облыс, қалалар және республика деңгейінде біріктіріледі.

3-тарау. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы мал мен құстың саны туралы статистикалық деректерді қалыптастыру

      7. Ағымдағы статистикада шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарында мал мен құстың негізгі түрлерінің саны әрбір айдың 1 күніне есептеу арқылы анықталады және шаруашылық бойынша есепке алу есебінің деректері бойынша, ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру ақпараттық жүйесі және ауылшаруашылық санағы базасын қолданумен өзектендірілген Ауылшаруашылық статистикалық тіркелімінің деректері бойынша 1 қаңтар мен 1 шілдеге жылына екі рет нақтыланады (республикалық маңызы бар қалалардан басқа).

      Ауылшаруашылық өндірушілерінің көрсетілген санаттарындағы мал мен құстың санын анықтау үшін жыл бойы (әр айдың бірінші күні) малдың әрбір түрі бойынша ай сайын есепті түрде табын айналымы құрастырылады. Табын айналымы ауыл шаруашылығы малдарының өсуін сипаттайтын көрсеткіштердің жүйесін білдіреді және теңгерім түрінде құрастырылады, оның кіріс бөлігінде төлдің алынуы, басқа тараптан малдарды алу, өзге де түсімдер, шығыс бөлігінде малдарды союға өткізу, өлім-жітім, тірі малдарды басқа тарапқа сату және шығыстардың өзге түрлері көрсетіледі.

      Шаруашылықтардың көрсетілген санаттарында жыл ішінде табынның айналымын қалыптастыру кезінде шаруашылық бойынша есепке алу деректері, ветеринариялық қызметтердің ақпараты, ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру деректері, ауылшаруашылық кәсіпорындарының және орташа мен ірі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарының статистикалық деректері, сондай-ақ ағымдағы статистикада өткен жылдың сәйкес айларындағы ауылшаруашылық жануарларының қозғалыс динамикасы бойынша ақпараты пайдаланылады.

      8. Табын айналымын қалыптастыру мынадай сызба бойынша жүзеге асырылады:

      Kбасы + Ктөл + Ктүсім – Ксою – Көлім – Ккету = Ксоңы , (1)

      мұнда

      Kбасы – есепті айдың басына мал мен құстың саны;

      Ктөл – есепті айдың ішіндегі төлдің саны;

      Ктүсім – есепті айда басқа тараптан алынған тірі мал мен құстың саны;

      Ксою – есепті айда шаруашылықтарда сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың саны;

      Көлім – есепті айда өлген және амалсыздан сойылған мал мен құстың саны;

      Ккету – есепті айда өзге тарапқа сатылған және басқа себептермен шығып кеткен тірі мал мен құстың саны;

      Kсоңы – есепті айдың соңына мал мен құстың саны.

      9. Кезекті жылы ағымдағы табынның айналымын құру 1 қаңтардағы шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтарындағы және жұртшылық шаруашылықтарындағы мал мен құс басының саны туралы деректерден басталады. Қаңтарға арналған есептеуде көрсеткіш ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тиісті санаттарындағы мал мен құс басының саны туралы алдыңғы жылдың соңындағы жедел деректерге тең деп қабылданады. Ақпан айының соңында Ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімінде көрсетілген шаруашылықтың санаттарында мал мен құстың саны туралы соңғы жылдық деректер қалыптасуына байланысты мал басының ағымдағы және жылдық деректері арасындағы айырмашылық ақпандағы табын айналымын есептеуде ескеріледі. Түзету мал мен құсты басқа тараптан алу немесе басқа тарапқа кету баптарымен жүзеге асырылады. Есепті деректер мен 1 шілдедегі Ауылшаруашылық статистикалық тіркелімінің деректері арасындағы айырмашылық осыған ұқсас әдіспен тамыздағы табын айналымында түзетіледі.

      10. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтарындағы есепті айдағы төлдеу көрсетілген ауылшаруашылық өндірушілерінің әрбір санаттарындағы малдың орташа аналық санын 100 аналыққа шаққандағы төлдің орташа шығуына көбейту арқылы анықталады.

      Ағымдағы айдағы 100 аналыққа шаққандағы төлдің орташа шығуы өткен жылдың қалыптасқан динамикасы бойынша анықталады.

      Орташа аналық мал басы ай сайын мына формула бойынша анықталады:

      Сесеп = Салдың * I, (2)

      мұнда

      Сесеп – есепті айдағы орташа аналық мал басы;

      Салдың – өткен жылғы сәйкес айдағы орташа аналық мал басы;

      I – өткен жылғы сәйкес жартыжылдықтағы шаруашылық бойынша есепке алу деректері бойынша аналық мал санының өзгеру индексі.

      Аналық мал басының өзгеру индексі (I) қаңтар-маусымда есепті жылғы 1 қаңтарға шаруашылық бойынша есепке алу деректері бойынша аналық мал басын алдыңғы жылғы 1 қаңтарға аналық мал басына бөлу арқылы анықталады, шілде-желтоқсанда 1 шілдеге сәйкес деректер қолданылады.

      Есепті айда жоғарыда көрсетілген мал түрлерінің төлін анықтау кезінде оның маусымдылығы есепке алынады. Төл саны өңірлердің ерекшелігін ескере отырып: ірі қара мал басы бойынша – бірінші және екінші тоқсандарда, жылқылар бойынша – наурыз-шілде аралығында, қой мен ешкілер бойынша – наурыз-мамыр аралығында төлдеу науқаны кезінде ғана есептеледі.

      Бұзау төлінің жалпы санын есептегеннен кейін сүтті, етті және сүтті-етті табынның бұзаулар саны анықталады. Есептеу кезінде жалпы аналық мал басынан сүтті, етті және сүтті-етті сиырлардың үлесі пайдаланылады.

      Жұртшылық шаруашылықтарында және шағын дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында торай төлін есептеу кезінде мегежін жылына бір рет 5-7 бастан көп емес төл беретінін есепке алынады, қысыр қалғаны (шошқалардың сәтсіз жабыны) – 15%-ды және өлі туған төл (ығыс) 12%-ды құрайды. Шошқа шаруашылығында мегежіндердің торайлауында малдың қалған түрлерімен салыстырғанда маусымдылық байқалмайды, торайлау жыл бойы жүреді, сол себептен торайларды айлар бойынша біркелкі есептеледі.

      Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары бойынша үй құсының балапандауы есептелмейді.

      Әкімшілік дереккөздерде төл туралы қосымша ақпарат бар болған жағдайда төлдің есептік көрсеткіші әкімшілік деректерді пайдалану арқылы сарапшылық жолмен түзетіледі.

      11. Өз өңірінің шегінде шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары бойынша ауылшаруашылық малдарын сатып алу және сату жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша қалыптасатын ауылшаруашылық кәсіпорындарында және ірі дара кәсіпкерлерден және шаруа немесе фермер қожалықтарынан мал мен құсты сатып алу және сату туралы деректері негізінде анықталады.

      Егер есепті айда ауылшаруашылық өндірушілерінің осы санаты жұртшылық шаруашылықтарына, дара кәсіпкерлерге немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына мал мен құсты сатуды көрсетсе, онда жұртшылық шаруашылықтары, шағын дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша тиісті сатып алу көрсетіледі. Сату бойынша жағдай осыған ұқсас.

      Бұл ретте, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша сатып алу-сату бойынша есептен деректер нақтыланады және тек қана шағын дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты ақпарат пайдаланылады.

      Сатып алуды және сатуды есептеу кезінде сауда өңірлері ескеріледі, яғни талданып отырған аудан шегіндегі шаруашылықтар немесе басқа аудандар мен облыстардың шаруашылықтары арасында сатып алу-сату жүргізілгендігі анықталады және тиісті түзетулер жасалады.

      12. Шаруашылықтарда сойылған немесе союға өткізілген мал мен құс басының саны жалпы тоқсанға, әрі қарай айларға бөлу арқылы есептеледі. Есепті жылғы бірінші тоқсанда аталған көрсеткіш ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жекелеген мал басы түрін көрсетілген шаруашылық санаттарындағы іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша өткен жылғы 1 қаңтардағы жалпы мал басының санындағы өткен жылғы бірінші тоқсандағы союға өткізілген тиісті мал басының үлесіне көбейту арқылы анықталады. Алынған мал басының саны есепті тоқсандағы айларға өткен жылғы тоқсандық мал басының санындағы әр айдың үлесіне сәйкес бөлінеді.

      Сойылған және союға өткізілген ауыл шаруашылығы малдарының басы туралы әкімшілік дереккөздерде қосымша ақпарат бар болған жағдайда есептерге түзетулер енгізіледі.

      Наурызда ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жаңа деректері алынғаннан кейін, сойылған және союға өткізілген мал басының үлесі бойынша жаңартылған деректерді пайдалана отырып ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сойылған мал мен құстың нақтыланған басы есептеледі. Болжамды және нақтыланған мал басы арасындағы айырмашылық наурызда түзетіледі.

      Есепті жылдың қалған тоқсандарына есептеу осыған ұқсас түрде жасалады. Екінші тоқсанның болжамды және нақты мал басы арасындағы айырмашылық маусымда, үшінші тоқсанда қыркүйекте, төртінші тоқсанда желтоқсанда түзетіледі.

      13. Өлген және амалсыз сойылған мал басының саны өткен жылда қалыптасқан динамикасы бойынша осындай малдардың кезеңнің басындағы жалпы санының үлесі бойынша анықталады. Әкімшілік дереккөздерде өлім-жітім бойынша қосымша ақпарат бар болған жағдайда өлім-жітімнің есептік көрсеткіші әкімшілік деректерді пайдалану арқылы сарапшылық жолмен түзетіледі.

      14. Малдың жекелеген түрлері және ауылшаруашылық өндірушілерінің санаттары бойынша табынның қалыптастырылған айналымы барлық кіріс және шығыс баптары бойынша тексеріледі, анықталған қиыспаушылықтар жойылады. Атап айтқанда, табын айналымының дұрыс құрылуын тексеру үшін және жеке көрсеткіштерді талдау үшін өткен жылғы тиісті көрсеткіштермен салыстыру өткізіледі. Ағымдағы деректерді қалыптастыру кезінде мына жағдайдың сақталуы қамтамасыз етіледі: әр шаруашылық санаттарында жалпы және жеке есепті айдың басындағы мал мен құстың басы өткен жылдың соңындағы табын айналымындағы тиісті мал басы санына сәйкес келеді. Жылдық деректерді қалыптастыру кезінде мына жағдайдың сақталуы қамтамасыз етіледі: есепті жыл басындағы мал мен кұстың басы табын айналымындағы өткен жылдың соңындағы мал басының санына сәйкес келеді.

      Шаруашылықтардың барлық санаттарының қосындысы нәтижесінде алынған табын айналымы өзара келесі айналым баптары бойынша теңдіктерге тексерілуі қажет: кіріс баптарының қосындысы (ай басындағы мал басын қоса алғанда), шығыс баптарының қосындысына (ай соңындағы мал басын қоса алғанда) сәйкес келеді, өңір шегінде малдың барлық түрлері бойынша сатып алулар өңір шегінде малдың барлық түрлері бойынша сатуларға тең болады.

4-тарау. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру туралы статистикалық деректерді қалыптастыру 1-параграф. Ет өндірісінің көлемін есептеу

      15. Мал шаруашылығы статистикасында ет өндірісі тікелей шаруашылықтарда сойылған немесе союға өткізілген мал мен құс салмағының көрсеткішімен сипатталады. Көрсеткіш тірідей және сойыс салмақта қалыптастырылады. Ағымдағы статистикада көрсеткіш мал мен құстың негізгі түрлері: ірі қара мал, қойлар мен ешкілер, жылқылар, шошқалар, түйелер және үй құсы бойынша қалыптастырылады.

      16. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары бойынша ағымдағы есептеу ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда алынған тірі салмақтағы белгілі бір ет түрінің өндірісі туралы болжамды деректердің жыл басында қалыптасуымен басталады. Болжамды көлем бірінші тоқсанда шаруашылықтарда союға немесе союға өткізуге арналған ауылшаруашылық мал басының санын малдың бір басының орташа тірідей салмағына көбейту арқылы есептеледі.

      Шаруашылықтарда союға немесе союға өткізуге арналған ауылшаруашылық мал басының саны көрсеткішін қалыптастыру осы Әдістемеге 12-тармақта келтірілген.

      Сойылған немесе союға сатылған мал мен құстың бір басының орташа тірідей салмағы өткен жылдың бірінші тоқсанындағы шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтарындағы және жұртшылық шаруашылықтары бойынша іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) негізінде анықталады.

      Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      Vнег мал = Ксойыс * Mбас, (3)

      мұнда

      Vнег мал – есепті жылдың тоқсанында союға өткізілген мал мен құстың жекелеген түрлерінің жалпы болжамды тірідей салмағы;

      Ксойыс – есепті жылдың тоқсанында союға өткізілетін мал мен құстың жекелеген түрлерінің мал басының саны;

      Mбас – өткен жылдың тоқсанына сәйкес келетін союға өткізілген мал мен құстың жекелеген түрінің бір басының орташа тірідей салмағы.

      Алынған болжамды көлем өткен жылғы тоқсандық көлемде әр айдың үлес салмағына сәйкес есепті тоқсанның айлары бойынша бөлінеді.

      Мал мен құстың сойылғаны туралы белгіленген заңнамалық тәртіппен келісілген және бекітілген әкімшілік дереккөздер нысанында тіркелген қосымша ақпараттар бар болған жағдайда есептеулерге түзетулер енгізіледі.

      Наурызда ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жаңа деректерін алғаннан кейін союға өткізілген мал басының үлесі және орташа тірідей салмағы бойынша жаңартылған деректерді қолдану арқылы ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда тірідей салмақтағы ет өндірісінің нақтыланған көлемі есептеледі. Болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық наурызда түзетіледі.

      Есепті жылдың қалған тоқсандарына есептеу осыған ұқсас түрде жасалады. Екінші тоқсанның болжамды және нақты көлемдер арасындағы айырмашылық маусымда, үшінші тоқсанда қыркүйекте, төртінші тоқсанда желтоқсанда түзетіледі.

      Жұртшылық шаруашылықтарында ірі қара малдың тірідей салмақтағы еті өндірісінің ай сайынғы көлемін есептеу сызбасының үлгісі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      17. Шағын дара кәсіпкерлерінде, шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында малдың ет өнімділігін анықтау үшін сойыс салмақтағы ет өндірісінің көрсеткіші пайдаланылады. Сойыс салмақ килограммен өлшенген жаңа сойылған мал етінің толық өңдеуден кейінгі (терісіз, бассыз, ішкі құрылысынсыз және аяғынсыз) нақты массаны білдіреді.

      Сойыс салмағы тірі салмаққа сойыс шығысының коэффициенті арқылы анықталады. Ай сайынғы есептеу үшін ірі қара мал – 50-59% (жұртшылық шаруашылығы үшін – 50-54%), жылқылар – 48-53%, шошқалар – 66-75%, қой мен ешкі – 43-58%, түйе – 48-54%, үй құстары үшін 61%-дан 80%-ға дейін сойыс шығысы коэффициенті пайдаланылады.

      Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Vсойыс өткіз = Vтірі өткіз * Ксойыс шығ, (4)

      мұнда

      Vсойыс өткіз – есепті айда союға өткізілген мал мен құстың жекелеген түрлерінің жалпы сойыс салмағы;

      Vтірі өткіз – есепті айда союға өткізілген мал мен құстың жекелеген түрлерінің жалпы тірідей салмағы;

      Ксойыс шығ – сойыс шығыс коэффиценті.

      18. Шағын дара кәсіпкерлерінде, шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында еттің жылдық өндірісі шаруашылықтарда сойылған жалпы салмағының немесе союға өткізілген мал мен құстың (ірі қара мал, қой мен ешкі, шошқа, жылқы, түйе және үй құсы) негізгі түрлерінің ай сайынғы көлемінің сомасы ретінде, маралдар, қояндар, фермаларда өсірілетін түйеқұстар, қырғауылдар, бөденелер еті өндірісінің жылдық көлемдерін қосу арқылы есептеледі.

      Мал мен құстың келесі түрлері (маралдар, қояндар, күркетауықтар, қаздар, мысыр тауықтары, бөденелер, түйеқұстар и қырғауылдар) өндірісінің жылдық көлемін есептеу үшін сойылған мал мен құстың саны мен сойылған бір басының орташа тірі салмағы туралы деректер пайдаланылады. Сойылған мал мен құстың саны іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша жыл басындағы жалпы мал басының үлес салмағы бойынша анықталады. Алынған үлес салмақ мал мен құстың осы түрінің мал басына жыл басында дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары бойынша жеке таратылады, олар шаруашылық бойынша есепке алу деректері бойынша анықталады. Өзге де мал мен құстың сойылған немесе союға өткізілген бір басының орташа тірідей салмағы, шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары бойынша іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректерінің негізінде анықталады.

      Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Vөзге де мал= Ксойыс * Mбас, (5)

      мұнда

      Vөзге де мал – есепті жылы союға өткізілген мал мен құстың жекелеген түрінің жалпы тірідей салмағы;

      Ксойыс – есепті жылы союға өткізілген мал мен құстың жекелеген түрі басының саны;

      Mбас – есепті жылы союға өткізілген мал мен құстың жекелеген түрінің бір басының орташа тірідей салмағы.

      19. Шаруашылықтарда сойылған немесе союға өткізілген өзге малдың сойыс салмағы сойыс шығысының тірі салмақ коэффициенті арқылы анықталады. Есептеуге қояндар үшін 50%, маралдар үшін – 45-48%, фермаларда өсірілген өзге де құстар үшін – 80% сойыс шығысының коэффициенті қолданылады. Есептеу (4) формулаға сәйкес жүзеге асырылады.

2-параграф. Жалпы сауылған сүт көлемін есептеу және шикі сиыр сүтінің тауарлық өндірісі

      20. Жалпы сауылған сүт көлемінің көрсеткіші жас малға сүт беруге жұмсалған сүтті қоса, барлық нақты сауылған сүтті қамтиды.

      Сүттің жылдық өндірісі нақты сиыр, ешкі, қой, жылқы және түйеден нақты сауылған сүтпен сипатталады және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің әрбір санаттарында сауылған сүт көлемінің сомасы ретінде есептеледі. Ағымдағы мал шаруашылығы статистикасында тек сиырдан сауылатын шикі сүттің өндірісі ғана қадағаланады.

      21. Дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша ағымдағы есептеу ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда сиыр сүтінің жалпы сауылғаны туралы болжамды деректерді жыл басынан қалыптастырудан басталады. Есептеу малдың сүтті және сүтті-етті табыны бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады. Болжамды көлем бірінші тоқсанда сауылатын сүтті/сүтті-етті сиырлар табынының орташа басын бір сауылатын сиырдан алынатын орташа тоқсандық сүт сауымына көбейту арқылы есептеледі.

      Сауылатын сүтті/сүтті-етті табын сиырларының болжамды орташа саны өткен жылғы бірінші тоқсанда дара кәсіпкерлер, шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) жыл басына сиырдың жалпы санындағы үлес салмағы бойынша анықталады. Алынған үлес салмақ көрсетілген шаруашылықтар санаттарының әрбірінде жеке-жеке ағымдағы жылғы 1 қаңтарға сүтті және сүтті-етті бағыттағы өнімділігі бойынша жалпы сиыр басына таралады.

      Сүтті/сүтті-етті табынның бір сиырынан алынатын орташа сүт сауымы өткен жылғы сәйкес тоқсандағы дара кәсіпкерлері, шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша іріктемелі байқау деректері (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) бойынша қабылданады.

      Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Vсүт = Ксауын сиыр * U, (6)

      мұнда

      Vсүт – есепті жылдың тоқсанындағы жалпы сауылған сиыр сүтінің болжамды жалпы көлемі;

      Ксауын сиыр – есепті жылдың тоқсанындағы сауылатын сиырлардың орташа болжамды басы;

      U – өткен жылғы сәйкес тоқсандағы бір сиыр басынан сауылатын орташа сүт сауымы.

      Жалпы сауылған сиыр сүтінің жалпы болжамды көлемі сүтті және сүтті-етті табын сиырынан алынған жалпы сауылған сиыр сүтінің болжамды қосындысы ретінде анықталады.

      Алынған жалпы болжамды көлем өндірістің маусымдылығына сәйкес, яғни өткен жылдағы тоқсандық көлемде әрбір айдың үлес салмағы бойынша есепті тоқсанның айлары бойынша таралады.

      Ағымдағы жылы өндіріс маусымдылығындағы өзгерістер туралы климаттық ерекшеліктерге, жеммен қамтамасыз етілуіне байланысты белгіленген заңнамалық тәртіппен келісілген және бекітілген әкімшілік дереккөздер нысанында тіркелген қосымша ақпарат болған жағдайда есептеулерге түзетулер енгізіледі.

      Наурызда ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жаңа деректерін алғаннан кейін сиыр сүтінің орташа сауымы мен сауылатын сиырлардың үлесі бойынша жаңартылған деректерді қолдану арқылы ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы сиыр сүті өндірісінің нақтыланған көлемі есептеледі. Болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық наурызда түзетіледі.

      Есепті жылдың қалған тоқсандарына есептеу осыған ұқсас түрде жасалады. Екінші тоқсанның болжамды және нақты көлемдер арасындағы айырмашылық маусымда, үшінші тоқсанда қыркүйекте, төртінші тоқсанда желтоқсанда түзетіледі.

      Жұртшылық шаруашылықтарында сауылған сиыр сүтінің ай сайынғы көлемін есептеу сызбасының үлгісі осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

      22. Сиырдан сауылған шикі сүттің тауарлық өндірісінің көрсеткіші жалпы сиыр сүтінің сауылған көлемі мен бұзаулар мен торайларға сүт беруге жұмсалған сүт арасындағы айырмашылық ретінде ай сайын қалыптастырылады. Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      V тауар сүт = V жалпы сүт - Vсүт беру, (7)

      мұнда

      Vтауар сүт – есепті айда сиырдан сауылған шикі сүтінің тауарлық өндірісінің көлемі;

      Vжалпы сүт – есепті айда сауылған сиыр сүтінің жалпы көлемі;

      Vсүт беру – бұзаулар мен торайларға сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің көлемі;

      Бұзаулар мен торайларға сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің көлемі сүт берудің нормасына сәйкес есепті кезеңге бұзаулар мен торайлардың басына көбейту арқылы анықталады. Бұзауларға сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің көлемін есептеу кезінде сүтті және сүтті-етті табынның бір бұзауына сүт беру кезеңі 4 айды құрайтыны ескеріледі, бірінші айда сүт беру нормасы – 180 килограмм (бұдан әрі – кг), екінші айда – 140 кг, үшінші айда – 90 кг, төртінші айда 40 кг құрайды. Етті табын сиырларынан сауылған етті табын бұзауларына сүт беруге 100% сүт шығындалады. Жұртшылық шаруашылықтарында сүтті және сүтті-етті табынның бұзауларына сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің ай сайынғы көлемін есептеу сызбасының үлгісі осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.

      Торайларға сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің көлемін есептеу кезінде сүт беру нормасы бір торай үшін екі айға 5 кг тең деп қабылданады. Жұртшылық шаруашылықтарында торайларға сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің ай сайынғы көлемін есептеу сызбасының үлгісі осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.

      23. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы шикі сүттің барлық түрлерінің жылдық жалпы өндірісі жоғарыда келтірілген ұсынымдарға сәйкес есептелген, сонымен қатар сүттің келесі түрлерінің жылдық сауымы: қойлардың, ешкілердің, биенің және түйелердің, сиыр сүтінің ай сайынғы көлемдерінің қосындысы ретінде анықталады.

      Қойлардан, ешкілерден, биелерден және түйелерден сауылатын жылдық сүт көлемін есептеу үшін іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар деректерін (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) қолданылады.

      Сиырдан сауылатын шикі сүттің жылдық тауарлық өндірісінің көрсеткіші жалпы сауылған сиыр сүтінің жылдық көлемі мен бұзаулар мен торайларға сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің жылдық көлемі арасындағы айырмашылық ретінде есепті түрде қалыптастырылады.

      Сиырдың шикі сүтін тауарлық өндіру көлемін есептеу сызбасының үлгісі осы Әдістемеге 5-қосымшада келтірілген.

3-параграф. Алынған жұмыртқа санын есептеу

      24. Мал шаруашылығы статистикасында жұмыртқа өндірісі ауылшаруашылық өндірушілерінің барлық санаттарындағы үй құсының барлық түрлерінен нақты алынған жұмыртқамен сипатталады. Ағымдағы мал шаруашылығы статистикасында тек қана тауық жұмыртқасының өндірісі қадағаланады.

      25. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша ағымдағы есептеу жыл басында ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы тауық жұмыртқасының өндірісі туралы болжамды деректерді қалыптастырудан басталады. Болжамды көлем бірінші тоқсандағы болжамды орташа мекиен тауықтар санының бір мекиен тауықтың орташа тоқсандық жұмыртқалағыштығына көбейту арқылы есептеледі.

      Мекиен тауықтардың болжамды орташа басы өткен жылғы бірінші тоқсанда шағын дара кәсіпкерлері, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша іріктемелі байқау деректері бойынша (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) жыл басындағы тауықтардың жалпы санындағы олардың үлес салмағы бойынша анықталады. Алынған үлес салмақ шаруашылықтардың көрсетілген санаттарының әрқайсысында ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жалпы тауық басына жеке таралады.

      Өткен жылдың тиісті тоқсанындағы дара кәсіпкерлері, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) бір мекиен тауықтың орташа жұмыртқалағаштығы қабылданады.

      Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Vжұм = К мек тау * Y, (9)

      мұнда

      Vжұм – есепті жылдың тоқсанында алынған жұмыртқаның болжамды жалпы саны;

      Кмек тау – есепті жылдың тоқсанында мекиен тауықтар басының болжамды орташа саны;

      Y – өткен жылдың тиісті тоқсанындағы бір мекиен тауықтың орташа жұмыртқалағыштығы.

      Алынған болжамды көлем өндірістің маусымдылығына байланысты есепті тоқсанның айлары бойынша, яғни өткен жылдың тоқсандық көлеміндегі әрбір айдың үлес салмағы бойынша бөлінеді.

      Ағымдағы жылы тауық жұмыртқасын өндіру маусымдылығындағы өзгерістер туралы әкімшілік дереккөздерде жеммен қамтылғандығы, климаттық ерекшеліктері байланысты қосымша ақпарат болған жағдайда есептеулерге түзетулер енгізіледі.

      Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанға іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жаңа деректерін алғаннан кейін наурызда орташа жұмыртқалағыштығы және мекиен тауықтар үлесі бойынша жаңартылған деректерді қолдану арқылы ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы тауық жұмыртқасы өндірісінің нақтыланған көлемі есептеледі. Болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық наурызда түзетіледі.

      Есепті жылдың қалған тоқсандарына есептеу осыған ұқсас түрде жасалады. Екінші тоқсанның болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық маусымда, үшінші тоқсанда қыркүйекте, төртінші тоқсанда желтоқсанда түзетіледі.

      26. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарында жұмыртқаның барлық түрлерінің жыл ішіндегі жалпы өндірісі жоғарыда келтірілген ұсынымдарға сәйкес есептелген, алынған тауық жұмыртқасының ай сайынғы көлемінің, сондай-ақ үйрек, қаз, бөдене жұмыртқасы мен келесі жұмыртқа түрлері (мысыр тауықтарының, күркетауықтардың, түйеқұстардың жұмыртқалары) өндірісінің жылдық көлемдерінің қосындысы ретінде анықталады.

      Үйрек, қаз, бөдене жұмыртқасы мен келесі жұмыртқа түрлерінен (мысыр тауықтарының, күркетауықтардың, түйеқұстардың жұмыртқалары) алынған жылдық көлемді есептеу үшін жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) пайдаланылады.

4-параграф. Алынған жүн көлемін есептеу

      27. Мал шаруашылығы статистикасында жүн өндірісі көлемінде шаруашылықтардың барлық санаттарындағы тірі қой, ешкі мен түйелердің барлық нақты қырқылған жүні есепке алынады. Ағымдағы мал шаруашылығы статистикасында тек қана қой жүнінің өндірісі бақыланады.

      28. Қой жүнін өндірудің ағымдағы есептеуі тек жылдың екінші және үшінші тоқсандарында жүзеге асырылады.

      Дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша ағымдағы есептеу екінші тоқсан басында ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы қой жүнінің өндірісі туралы болжамды деректерді қалыптастырудан басталады. Болжамды көлем екінші тоқсанда қырқылуға тиіс болжамды қой басын бір қойдан қырқылатын орташа алғандағы тоқсандық жүнге көбейту арқылы есептеледі.

      Екінші тоқсанда қырқылуға тиіс болжамды қой басы өткен жылдың екінші тоқсанындағы шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарында жеке іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) тоқсан басындағы жалпы қой басының санындағы олардың үлес салмағы бойынша анықталады. Алынған үлес салмақ шаруашылықтардың әрбіреуінде көрсетілген санаттарының жеке ағымдағы жылғы 1 қаңтарға қой басының жалпы санына бөлінеді.

      Бір қойдан орташа қырқылған жүн шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) санаттардың әрбіреуінен жеке өткен жылдың тиісті тоқсанындағы деректер бойынша қабылданады. Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      Vжүн = Кқырқ қой * N, (11)

      мұнда

      Vжүн – есепті жылдың тоқсанындағы алынған жүннің жалпы болжамды көлемі;

      Кқырқ қой – есепті жылдың тоқсанындағы қырқылатын болжамды қой басы;

      N – өткен жылдың тиісті тоқсанындағы бір қойдан алынған орташа жүн қырқымы.

      Алынған болжамды көлем өндірістің маусымдылығына байланысты есепті тоқсанның айлары бойынша, яғни өткен жылдың тоқсандық көлеміндегі әрбір айдың үлес салмағы бойынша бөлінеді.

      Ағымдағы жылғы екінші тоқсанға іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жаңа деректерін алғаннан кейін маусымда бір қой басынан және қырқуға жататын қой үлесінен орташа қырқылатын жүн қырқымы бойынша жаңартылған деректерді қолдану арқылы ағымдағы жылғы екінші тоқсандағы қой жүні өндірісінің нақтыланған көлемі есептеледі. Болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық маусымда түзетіледі.

      Есепті жылдың үшінші тоқсанына есептеу осыған ұқсас түрде жасалады. Үшінші тоқсанның болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық қыркүйекте түзетіледі.

      29. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы бір жылдағы жүннің барлық түрлерінің жалпы өндірісі қой жүнінің алынған ай сайынғы көлемдерінің қосындысы ретінде ешкі және түйе жүні сияқты келесі жүн түрлері қырқымының жылдық көлемдерін қосу арқылы анықталады.

      Ешкі мен түйе жүнінің қырқылған жылдық көлемін есептеу үшін жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) пайдаланылады.

5-параграф. Алынған терілер санын анықтау

      30. Салмағына байланысты терілер екі топқа бөлінеді: ірі және ұсақ. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша алынған тері санын есептеу кезінде ересек жылқылардың, ірі қара малдың, бұғылардың, түйелердің терілері ірі терілерге жатады. Қойлар мен ешкілердің терісі ұсақ теріге жатады. Ірі және ұсақ терілерден басқа мал шаруашылығы статистикасында қозының елтірі терісі жеке есептеледі, оларға туылмаған қозылардан және туғанынан бастап үш күн болғанда сойылған туған қозылардан алынатын қаракөл, аралас және елтірі тұқымдас қойлардың терілері жатады.

      31. Алынған терілер саны сойылған мал басын есептеумен қатар анықталады. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша ағымдағы есептеу терілерді өңдіру туралы ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы болжамды деректерді қалыптастырудан басталады. Бірінші тоқсанда союға немесе союға өткізуге арналған ауылшаруашылық малдарының болжамды саны өткен жылдың тиісті тоқсанындағы сойылған мал басы терісінің шығу коэффициентіне көбейту арқылы есептеледі.

      Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда союға немесе союға өткізуге арналған мал басын есептеу осы Әдістеменің 12-тармағында сипатталған. Сойылған мал басынан терінің шығу коэффициенті алынған тері санын өткен жылдың тиісті тоқсанына шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша тиісті етке сойылған жалпы мал басына бөлу арқылы пайызбен анықталады. Ірі терілердің шығу коэффициентін есептеу үшін сойылған ірі қара мал, жылқылар, түйелер мен бұғылардың қосынды саны қолданылады, ұсақ терілер мен елтірі қозылар терісінің шығу коэффициентін есептеу үшін сойылған қой мен ешкінің саны қолданылады.

      Алынған болжамды көлем өткен жылғы тиісті мал түрінің сою маусымдылығына сәйкес есепті тоқсанның айлары бойынша бөлінеді.

      Наурызда ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жаңа деректерін алғаннан кейін, ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда терінің шығуы мен мал сойымы коэффициенті бойынша жаңартылған деректерді қолдану арқылы тері өндірісінің нақтыланған көлемі есептеледі. Болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық наурызда түзетіледі.

      Есепті жылдың қалған тоқсандарына есептеу осыған ұқсас түрде жасалады. Екінші тоқсанның болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық маусымда, үшінші тоқсанда қыркүйекте, төртінші тоқсанда желтоқсанда түзетіледі.

      32. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша терінің жылдық өндірісі әрбір ай үшін есептелген терілер санының қосындысы ретінде анықталады.

6-параграф. Ара шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін анықтау

      33. Алынған балдың жылдық көлемі ауыл шаруашылығы өндірушілерінің әрбір санатындағы бал өндірісі туралы деректерді біріктіру арқылы анықталады.

      Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша алынған балдың жылдық көлемін есептеу үшін жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері (республикалық маңызы бар қалалардан басқа) пайдаланылады.

5-тарау. Республикалық маңызы бар қалалардағы шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бойынша мал шаруашылығы көрсеткіштерін қалыптастыру

      34. Шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарында мал мен құстың негізгі түрлерінің саны әрбір айдың 1 күніне және жылдың басына әкімшілік деректері (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру ақпараттық жүйесі) және ауылшаруашылық санағы базасы бойынша анықталады.

      35. Республикалық маңызы бар қалалардағы шағын дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарында келесі көрсеткіштерді есептеу кезінде басқа облыстардың шекаралас аудандарының мал шаруашылығы өнімділігінің орташа көрсеткіштері қолданылады:

      1) сойылған немесе союға сатылған мал мен құстың бір басының орташа тірідей салмағы;

      2) сүтті/сүтті-етті табынның бір сиырынан алынатын орташа сүт сауымы;

      3) бір мекиен тауықтың орташа жұмыртқалағаштығы;

      4) бір қойдан орташа қырқылған жүн.

      Сауылатын сүтті/сүтті-етті табын сиырларының болжамды орташа санын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      Vорташа саны = Ксиыр * Pорташа пайыз % (12)

      мұнда

      Vорташа саны – сауылатын сүтті/сүтті-етті табын сиырларының болжамды орташа саны;

      Ксиыр – есепті кезеңнің басындағы сиыр басының саны;

      Pорташа пайыз% – сауылатын сүтті/сүтті-етті табын сиырлар басының орташа пайызы.

      Республикалық маңызы бар қалалар үшін сауылатын сүтті/сүтті-етті табын сиырлар басының орташа пайызы 60%-ға тең.

      Мекиен тауықтардың болжамды орташа басын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      Vорташа саны = Ктауық * Pорташа пайыз % (13)

      мұнда

      Vорташа саны – мекиен тауықтардың болжамды орташа басы;

      Ктауық – есепті кезеңнің басындағы тауық басының саны;

      Pорташа пайыз% – мекиен тауықтары орташа басының орташа пайызы.

      Республикалық маңызы бар қалалар үшін мекиен тауықтары орташа басының орташа пайызы 50%-ға тең.

      Қырқылуға тиіс болжамды қой басын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      Vорташа саны = Кқой * Pорташа пайыз% (14)

      мұнда

      Vорташа саны – қырқылуға тиіс болжамды қой басы;

      Кқой – есепті кезеңнің басындағы қой басының саны;

      Pорташа пайыз% – қырқылуға тиіс қой басының орташа пайызы.

      Республикалық маңызы бар қалалар үшін қырқылуға тиіс қой басының орташа пайызы 80%-ға тең.

      Қойлардан, ешкілерден, биелерден және түйелерден сауылатын жылдық сүт көлемін; үйрек, қаз, бөдене жұмыртқасы мен басқа да жұмыртқа түрлерінен алынған көлемі; ешкі мен түйе жүнінің қырқылған көлемі; алынған балдың көлемі тек қана әкімшілік деректер (болған жағдайда) бойынша есептеледі.

  Мал шаруашылығы
бойынша статистикалық
көрсеткіштерді қалыптастыру
әдістемесіне 1-қосымша

Жұртшылық шаруашылықтарында ірі қара малдың тірідей салмақтағы еті өндірісінің ай сайынғы көлемін есептеу сызбасының үлгісі



  Мал шаруашылығы
бойынша статистикалық
көрсеткіштерді қалыптастыру
әдістемесіне 2-қосымша

Жұртшылық шаруашылықтарында сауылған сиыр сүтінің ай сайынғы көлемін есептеу сызбасының үлгісі



  Мал шаруашылығы
бойынша статистикалық
көрсеткіштерді қалыптастыру
әдістемесіне 3-қосымша

Жұртшылық шаруашылықтарында сүтті және сүтті-етті табын бұзауларына сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің ай сайынғы көлемін есептеу сызбасының үлгісі


Сүтпен қоректенетін бұзаулардың саны, бас

Нормаларға сәйкес бұзауларға сүт беруге жұмсалған сүт мөлшері, тонна

Есепті айда бұзауларға сүт беруге жұмсалған жалпы сиыр сүтінің көлемі, тонна

есепті айдағы төл (бір айлық бұзаулар)

екі айлық бұзаулар

үш айлық бұзаулар

төрт айлық бұзаулар

бір айлық төл

екі айлық бұзаулар

үш айлық бұзаулар

төрт айлық бұзаулар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9


есепті деректер




1-баған *180кг/1000

.2-баған *140кг/1000

.3-баған *90кг/1000

4-баған *40кг/1000

5-8 –бағандар қосындысы

Өткен жыл










қазан

324









қараша

612

324








желтоқсан

1374

612

324







Есепті жыл










қаңтар

1098

1374

612

324

197,6

192,4

55,1

13,0

458,0

ақпан

2145

1098

1374

612

386,1

153,7

123,7

24,5

688,0

наурыз

2800

2145

1098

1374

504,0

300,3

98,8

55,0

958,1

сәуір

2550

2800

2145

1098

459,0

392,0

193,1

43,9

1088,0

мамыр

1848

2550

2800

2145

332,6

357,0

252,0

85,8

1027,4

маусым

810

1848

2550

2800

145,8

258,7

229,5

112,0

746,0

шілде

108

810

1848

2550

19,4

113,4

166,3

102,0

401,2

тамыз

96

108

810

1848

17,3

15,1

72,9

73,9

179,2

қыркүйек

180

96

108

810

32,4

13,4

9,7

32,4

88,0

қазан

324

180

96

108

58,3

25,2

8,6

4,3

96,5

қараша

492

324

180

96

88,6

45,4

16,2

3,8

154,0

желтоқсан

150

492

324

180

27,0

68,9

29,2

7,2

132,2

Есепті жылға қорытынды

6016,5

  Мал шаруашылығы
бойынша статистикалық
көрсеткіштерді қалыптастыру
әдістемесіне 4-қосымша

Жұртшылық шаруашылықтарында торайларға сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің ай сайынғы көлемін есептеу сызбасының үлгісі


Сүтпен қоректенетін торайлардың саны, бас

Нормаларға сәйкес торайларға сүт беруге жұмсалған сүт мөлшері, тонна

Есепті айда торайларға сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің көлемі, тонна

бір айлық торайлар (есепті айдағы төл)

екі айлық торайлар (өткен айдағы төл)

бір айлық торайлар

екі айлық торайлар

А

1

2

3

4

5


есепті деректер

есепті деректер

1-баған*2,5кг/1000

2-баған*2,5кг/1000

3-4-бағандар қосындысы

Өткен жыл






желтоқсан

337





Есепті жыл






қаңтар

155

337

0,4

0,8

1,2

ақпан

163

155

0,4

0,4

0,8

наурыз

219

163

0,5

0,4

1,0

сәуір

199

219

0,5

0,5

1,0

мамыр

255

199

0,6

0,5

1,1

маусым

214

255

0,5

0,6

1,2

шілде

105

214

0,3

0,5

0,8

тамыз

195

105

0,5

0,3

0,8

қыркүйек

184

195

0,5

0,5

0,9

қазан

213

184

0,5

0,5

1,0

қараша

252

213

0,6

0,5

1,2

желтоқсан

347

252

0,9

0,6

1,5

Есепті жылға қорытынды

12,5

  Мал шаруашылығы
бойынша статистикалық
көрсеткіштерді қалыптастыру
әдістемесіне 5-қосымша

Сиырдың шикі сүтін тауарлық өндіру көлемін есептеу сызбасының үлгісі


Код жолы

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

жыл қорытындысы

Сауылған сиыр сүтінің жалпы көлемі, тонна

01

22805,3

44963,5

41726,9

23086,4

132582,1

Сүтті табын бұзауларына сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің көлемі, тонна

02

2104,1

2861,4

668,3

382,7

6016,5

Сүтті-етті табын бұзауларына сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің көлемі, тонна

03

2104,1

2861,4

668,3

382,7

6016,5

Торайларға сүт беруге жұмсалған сиыр сүтінің көлемі, тонна

04

3,0

3,4

2,5

3,7

12,5

Сиырдың шикі сүті тауарлық өндірісінің көлемі, тонна
05-жол = 01-жол-02-жол-03-жол-04-жол

05

14930,9

29740,9

30456,6

17666,5

92794,9



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады