"Атом энергиясын пайдалану cаласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі м.а. 2015 жылғы 21 қарашадағы № 658 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 12934 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН: 
      1. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
      «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

2

мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажет ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес машиналардың, механизмдердің және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша объектіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген қорытындының көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

»; 

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

13

иондаушы сәуле шығару көздерi мен радиоактивтi қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма

объектіні орналастыру жоспар-схемасының көшірмесі;
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

»;

      «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке» деген 2-бөлімде:
      реттiк нөмiрлерi 2, 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

2

мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажет ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес машиналардың, тетіктердің және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша объектіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі


3

радиациялық қауіпсіздік қызметтері

радиациялық қауіпсіздік қызметін құру туралы, қызмет басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері; осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; қызмет туралы ереженің көшірмесі; өндірістік радиациялық бақылаудың өлшем жүргізу әдістемесі мен кестесінің көшірмелері; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері


4

ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау бойынша қызмет

ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау қызметін құру туралы, қызмет басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері; осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; қызмет туралы ереженің көшірмесі; ядролық материалдарды есепке алу және бақылау нұсқаулығы мен әдістемесінің көшірмелері


»;

      реттiк нөмiрлерi 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

9

тиiстi бiлiмi, дайындығы бар әрі мәлімделетін жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылармен, мамандардың бiлiктiлік құрамы

мәлімделген жұмыстарды жүзеге асыруға персоналға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмесі; осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес мамандардың білікті құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


10

меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі радиоактивтi қалдықтарды сақтауға арналған қойма

қойманың жоспар-схемасының көшірмесі, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі


»;

      «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке» деген 3-бөлімде:
      реттiк нөмiрлерi 1, 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

1

мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар

үй-жайлардың жоспар-схемасының немесе техникалық паспорттарының көшірмесі, осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу актісінің көшірмесі

бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді;

2

мәлімденген жұмыстар бойынша тиісті білімі және арнайы дайындығы бар және мәлімделген жұмыстарды жүзеге асыруға жіберілген мамандардың білікті құрамы

мәлімделген жұмыстарды жүзеге асыруға персоналға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмесі; білімі, арнайы дайындығы туралы құжаттардың көшірмелері және осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес мамандардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді

3

радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды есепке алу және бақылау жөніндегі қызметтер немесе жауапты тұлға

радиациялық қауіпсіздік, радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылау бойынша қызмет (немесе жауапты тұлға) құру туралы, қызмет басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері; осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; қызмет туралы ереженің (немесе жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмесі


»; 

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

9

радиоактивті заттарды, аспаптарды және қондырғыларды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма

қойманың жоспар-схемасының көшірмесі; «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелері

егер құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар аралық немесе уақытша жеке сақтауды қажет етпейтін болса және әрдайым пайдалану және қайта зарядтау барысында жұмыс орнында болса, онда бұл тармақты орындау талап етілмейді

»;

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

11

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану құқығына ақпараттық карталар

«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына ақпараттық карталар көшірмесі

бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді

»;

      «Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеу жөніндегі қызметке» деген 4-бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1

мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі арнайы үй-жайлар

арнайы үй-жайлардың жоспар-схемасының көшірмесі немесе техникалық паспорттарының үзінді көшірмесі;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша объектіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген қорытындының көшірмесі

егер өтініш беруші иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғылардың иесі болмаса (меншік немесе жалға алу құқығында) және жұмыстарды тапсырыс берушінің аумағында жүргізсе, онда бұл тармақты орындау талап етілмейді

»;

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

3

жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

меншікті радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда кесте мен соңғы радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының көшірмелері; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері; немесе осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға және құжаттар тізбесіне сәйкес қызмет көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


»;  

      реттiк нөмiрлерi 8, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

8

мәлімделетін жұмыстар бойынша тиісті білімі, арнайы дайындығы бар және мәлімделетін жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген мамандардың бiлiктi құрамы

білімі, арнайы дайындығы туралы құжаттардың көшірмелері және осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес мамандардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


9

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы құжаттамалар

осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға және құжаттар тізбесіне сәйкес қызмет көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе техникалық қызмет көрсету, жөндеу бойынша меншікті қызметі болған жағдайда осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға және құжаттар тізбесіне сәйкес мамандардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптар мен қондырғыларды және қол жүгі мен багажды тексеруге арналған жабдықтарды пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты

10

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу құқығына ақпараттық карта

«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына ақпараттық карталар көшірмесі


»;

      «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке» деген 5-бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1

мәлімделетін жұмыстар бойынша тиісті білімі, арнайы дайындығы және жұмыс тәжірибесі (немесе кемінде 1 ай тағылымдамасы) бар мәлімделетін жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген мамандардың бiлiктiлік құрамы

мәлімделген жұмыстарды жүзеге асыруға персоналға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмесі;
мәлімделген жұмыстар бойынша мамандардың білімі, арнайы дайындығы (дайындау бағдарламасымен қоса) және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелері;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес мамандардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


»;

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

3

қызмет немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға

қызмет туралы (немесе жауапты тұлға) бұйрықтың көшірмесі;
осы біліктілік талаптары мен
құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ персоналды жеке дозиметрлік бақылау жөніндегі қызметтің кіші түріне қатысты емес

»;

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8

мәлімденген жұмыстарды орындауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар
 

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
мамандандырылған үй-жайлардың, зертханалардың жоспар-схемасының көшірмесі, осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің
мөлшерін анықтау; персоналды дозиметрлік жеке бақылау бойынша қызметтердің кіші түрлеріне ғана қатысты

»;

      «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке» деген 6-бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1

мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі арнайы үй-жайлар мен жабдықтар

үй-жайлардың жоспар-схемасының немесе техникалық паспорттарының көшірмесі, осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес машиналардың, тетіктердің және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; 
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша объектіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі


»;

      реттiк нөмiрлерi 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

8

меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі радиоактивті қалдықтарға арналған қоймалар

қойманың жоспар-схемасының көшірмесі;
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі

бұл тармақ радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты

9

радиоактивті қалдықтарға арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі

бұл тармақ радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты

»;

      «Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау жөніндегі қызметке» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

2

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет немесе жауапты тұлға

қызмет (немесе жауапты тұлға) туралы бұйрықтың көшірмесі;
қызмет (немесе жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы) туралы ереженің көшірмесі;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


»;

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7

ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар құралдар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі


»;

      реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;
      «Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке» деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1

мәлiмделген қызметтi жүргiзу болжанған аумақтың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі


».

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрінің
      міндетін атқарушы                                  Ұ.Қарабалин

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы
      _______________ А. Рау
      2015 жылғы 25 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 25 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады