Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 698 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 ақпанда № 12971 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кадр қызметі департаменті (Омарова Г.) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялануға оның жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға қатысты таралады.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму Министрінің
      міндетін атқарушы
      ______________ Е.Біртанов
      2015 жылғы 31 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 698 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің
         азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілімге өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2016 № 447 бұйрығымен.

                  А БЛОКГЫ - БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛ

Буыны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы

А1

1

«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің басшысы

А1

1-1

«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары

А3

1

«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі бөлімінің басшысы

                   В БЛОГЫ – НЕГІЗГІ ПЕРСОНАЛ

Буыны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы

В1

5

«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің сарапшы-талдаушы

                  С БЛОГЫ - ӘКІМШІЛІК ПЕРСОНАЛ

Буыны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы

С1


Шаруашылық бөлімшенің меңгерушісі: қойманы, шаруашылықты, гаражды

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, кадр жөніндегі инспектор, ветеринарлық дәірігер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы

С3


Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, кадр жөніндегі инспектор, ветеринарлық фельдшер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы, зертханашы.

                 D БЛОГЫ - КӨМЕКШІ ПЕРСОНАЛ

Буыны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы

D


Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, іс жүргізуші, комендант, оператор (компьютерлік техника, көшірме машиналар, компьютерлік құрылымдарға, байланыс жүйелеріне қызмет көрсету), кассир, хатшы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады