"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 698 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 447 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 20 қазанда № 14348 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 698 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12971 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімінде:
      мына:

«

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: ветеринарлық дәірігер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы

С3


Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар: ветеринарлық фельдшер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы, зертханашы

                                                                 »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, кадр жөніндегі инспектор, ветеринарлық дәірігер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы

С3


Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, кадр жөніндегі инспектор, ветеринарлық фельдшер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы, зертханашы.

                                                                  ».

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кадр қызметі департаменті (Омарова Г.А.) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа шығарылымға және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жіберілуді;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                           Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ______________ Т.Дүйсенова
      2016 жылғы 20 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады