Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.07.2019 № 500 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасын және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген және 2011 жылы 18 қазанда № 332 (26723) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидалары мен кезеңділігін бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидалары мен кезеңділігі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасы және кезеңділігі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті
ұсыну қағидалары мен кезеңділігі
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және арнайы экономикалық аймақтың басқару органының арнайы экономикалық аймақтың және қатысушыларының қызмет нәтижелері туралы есептілікті ұсынудың тәртібін және кезеңділігін айқындайды.
2. Арнайы экономикалық аймақтың және қатысушыларының қызмет нәтижелері туралы есептілікті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы құрастырады және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі мен таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығына (бұдан әрі – Бірыңғай үйлестіру орталығы) жібереді.
3. Арнайы экономикалық аймақтың қызмет нәтижелері туралы есептілік уәкілетті органға және Бірыңғай үйлестіру орталығына тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынылады және мыналарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі ақпарат;
2) мыналарды көрсете отырып, қолданыстағы жобалар тізбесін:
өндірілетін өнім атауы;
жоба құны (млн. теңге);
тұрақты жұмыс орындарының саны;
өндіріс объектісінің пайдалануға берілетін күні;
алынған учаске (га);
жоба өндірісінің жалпы көлемі (нақты және ақшалай мәнде);
өндірістің жоба қуаттылығындағы ағымдағы үлесі (%);
үлесін көрсете отырып жобадағы шетелдік қатысу (егер болса);
3) мыналарды көрсете отырып, іске асырылу кезеңінде тұрған жобалар тізбесін:
өндірілетін өнім атауы;
жоба құны (млн. теңге);
жұмыс орындарының саны (құрылыс кезеңі мен пайдалануға берілу кезеңіндегі);
жобаны іске асыру мерзімі (құрылыстың басталуы мен пайдалануға берудің жоспарланған күні);
алынған учаске (га);
өндірістің жоспарланған көлемі (нақты мәнде);
үлесін көрсете отырып жобадағы шетелдік қатысу (егер болса);
жобаның ағымдағы мәртебесі (құрылыс кезеңі, құрылыс мерзімінің бұзылуы, қаржыландыру проблемалары және т.б.);
4) бюджет қаражатын бөлу (бюджеттік бағдарлама мен әкімшісін көрсету (РБ/ЖБ) және олардың нақты игерілуі (салынып жатқан/салынған объектілер бойынша бөліп көрсету), оның ішінде:
инфрақұрылым объектісінің атауы мен құны мың теңге (ЭТЖ, ӘТК, жолдар және т.б.);
қаржыландыру объектісі (инфрақұрылым объектісінің қуатын/техникалық сипаттамасын көрсету (кВт, м3 және т.б.));
құрылыс кезеңі (ТЭН/ЖСҚ/ҚМЖ);
инфрақұрылымға бөлінген жер учаскелерінің ауданы;
инфрақұрылым дайындығы (%);
құрылыс кестесіне сәйкес пайдалануға беру күні;
инфрақұрылымның теңгерімде ұстаушысы;
үш жылдық кезеңге мың теңгемен инфрақұрылымға салынатын инвестицияның жоспарланған жиыны (жылдар бойынша бөлу);
5) ауытқу болған жағдайда ауытқу себептерін көрсете отырып қол жеткізілген нәтижелерді (нақты деректерді) жоспарланғандармен салыстыру;
6) жинақтау әдісі мен көздерін, сондай-ақ пайдаланылған ақпаратты өңдеу және талдау әдістерін көрсету;
7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың орындалу мониторингі;
8) арнайы экономикалық аймақтың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар.
4. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының қызмет нәтижелері туралы есептілік уәкілетті органға және Бірыңғай үйлестіру орталығына жыл сайын есептік жылдан кейінгі айдың 10-күніне ұсынылады және арнайы экономикалық қатысушылары қызметіне байланысты мынадай деректерді қамтиды:
1) нақты салынған инвестициялар көлемі, оның ішінде шетелдік көздерден (млрд. теңге);
2) тауарлар өндіру және көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі (млрд. теңге);
3) тұрақты жұмыс орындарының саны;
4) шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндіріске инвестициялар көлемі (млрд. теңге);
5) өндірістің жалпы көлемінен экспорт үлесі.
5. Толық емес есептілік ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган және (немесе) Бірыңғай үйлестіруші орталық есептілікті алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органына ескертулерді көрсетіп, қайтарады. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы уәкілетті органның және (немесе) Бірыңғай үйлестіруші орталықтың ескертулерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пысықталған есептілікті жібереді.